Жалпы лексикографияның зерттелуі


Айны. Аяқ астынан өзгеру, бұрынғы бағыт-бағдарын бұзу. Айнымас үміт



бет18/24
Дата10.03.2023
өлшемі110,86 Kb.
#171818
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Айны. Аяқ астынан өзгеру, бұрынғы бағыт-бағдарын бұзу.
Айнымас үміт. Окказ. Өзгермес, тұрақты үміт. Жеттім-ау, Жеттім-ау шөлдедім, Шөлдедім, сен неге келмедің? Өміріме еш тағат таптырмас Айнымас үмітім сен бе едің? («Жол ұзақ...»). Айнымас үмітім: 50.
Айран. Сиырдың, қойдың, ешкінің сүтіне мәйек, ашытқы қосылып ұйытатын сүттен жасалған қышқыл дәмді ұлттық тағам. Су сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем! Қарғаның валетіндей едірейіп, Қасыңа мына біреу қайдан келген («Қайран жеңгем»). Айран: 128.
Айт. 1. Сөзбен ой-пікірді білдіру, ауызша сөйлеу. Не айтам саған, жаным-ай, не айтам саған, Кете бердім жолменен шайтан салған. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ», Қиын екен қосылып, қайта аңсаған («Не айтам саған...» ). Айтушы: 65; айт: 66, 100; айтпа: 59; айтшы: 41, 65, 81; айтты: 96; айтса: 79; айта: 51, 53, 59, 71, 94; айтам: 10 (2), 75 (2), 101; айтасың: 70, 107; айтайын: 94; айтып: 63, 97; айтыпсың-ау: 80; айтқандарын: 94. 2. Ауыс. Тапсыру, сұрау. Ұрпағыңа айт. Әкеңнен басталғасын, Әрі қарай жалғасын, тасталмасын! «Әулие кеп түнеген орын» емес, Алып бір масақ болсын, тас болмасын! Ұрпағыңа айт... аяқсыз тасталмасын... («Масақ»). Айт: 110.
Айта алмады. Ауызы бармады; жеткізе алмады. Мен жатырмын жырларымның бір шумағын айта алмай, Ал, тіршілік өтіп жатыр, өтіп жатыр байқалмай («Түс»). Айта алман: 53, 71; айта алмай: 16, 94.
Ашық айтқан сөз. Жасырмай, бүкпей айтылған сөз . Окказ. Тура қара көзіме, тура қара, Тура қара көзіме, тура қара, Ашық айтқан сөзімді бұрмалама. Ақиқаттың алдында бүгежектеп, Тағатысыз байталдайын сырғанама («Тура қара көзіме, тура қара»). Ашық айтқан сөзімді: 35.
Пікір айтты. Өз ойын білдірді. Картинадан көзге қораш еш кемшілік таппадық, Сегізіміз сегіз түрлі пікір айтып, мақтадық («Бөз орамал»). Пікір айтып: 96.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет