Жалпы лексикографияның зерттелуі



бет20/24
Дата10.03.2023
өлшемі110,86 Kb.
#171818
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
3 иөж, Еуразия экономикалық одақ, Диссертационная работа Кумганбаева Ж.Ж, 10 сынып.Оқу жаттығуы Зертханалық жұмыс №2 «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»
Айып тақты [қойды]. Кінәлады, жазғырды, қылмысты деп санады. Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын, Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын. Адалсың ба, қолыңды бер, сенен тәлім алайын, Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын! («Міне, тағы ашу келіп алқымыма тығылды»). Айып тағайын: 79.
Айыпта. Кінәлау, сөгу, жазғыру, қаралау. Картинада өмір, өлім, қауіп-қатер, оқ ұшқын, Құдіретті емес, жауыздығын айыптап тұр соғыстың («Бөз орамал»). Айыптасаң: 117; айыптап: 96.
Айыр. Бүтін нәрсені екіге бөлу. Дірілдеп біраз тұрды да, Гүрілдеп ала жөнелді. Аспанды құдай ұрды ма? Айырар ма екен төбемді! («Таудағы нөсер»). Айырар:136.
Айыр. Қос тармақты, екі ашалы, екіге жарылған. Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың? Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым? Оралдың ба тағы да өзің өскен ұяға, Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың? («Қарлығашым»). Айыр: 59.
Айырбаста. Бір заттың орнына баспа-бас екінші затты алмастырып алу. Шаруаның баласы болғасын ба, Шаруамен айналдым он жасымда. Майдандағы әкеме оқ жібердім, Айырбастап күлшемді қорғасынға («Отыз бесінші көктемім»). Айырбастап: 52, 67.
Айыру. Айыр етістігінің қимыл атауы. Танып білу, ажырату, анықтау; сырын ұғу, түсіну. Алдымда менің адасып кеткен тұр арман, Айыру қиын бейнесін сұрғылт мұнардан. Жетілмей жатып жемісін мұның кім алған? Алдымда менің ағаш тұр көктей қуарған («Жырласам ба екен»). Айыру: 85.
Айырыл. 1. Жыртылып кету, сөгілу. Иісі танауыңнан таңдайға ұрып, Табақта ет, қазы жатыр қарны айрылып. Бес минутсіз он екі, әлі отырмыз, Атақты көк мойынға салмай құрық («Жыл әкелген жыр»). Айрылып: 89. 2. Бір нәрсені қолдан шығарып алу, қол үзу, ажырап қалу. Апта жүріп, ай жүріп, Аңызаққа ұрынбан. Ат-тұрманнан айрылып, Айдалада жығылман. Әр ауылға қайрылып, сусын іздеп бұрылман («Самұрыққа міндім бе...»). Айрылып: 113.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет