Жалпы лексикографияның зерттелуі



бет22/24
Дата10.03.2023
өлшемі110,86 Kb.
#171818
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
3 иөж, Еуразия экономикалық одақ, Диссертационная работа Кумганбаева Ж.Ж, 10 сынып.Оқу жаттығуы Зертханалық жұмыс №2 «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»
Ақ жаулық желпіген. Окказ. Ақ жаулық бұлғап шақырған. Жол ұзақ, Шаршадым, шөлдедім, Қимайды үп еткен жел лебін. Ғарышта қалықтап бұлт болып, Ақ жаулық желпіген сен бе едің? («Жол ұзақ...»). Ақ жаулық желпіген: 50.
Ақ қар. Жаңа түскен қар. Жапсаң жап тауды, қыратты, Жаусаң жау, ақ қар, үш апта! Бұйығып жатқан бұлақты Бұрқана келіп құшақта («Қабағы таудың қатулы»). Ақ қар: 59, 115.
Ақ-қараның арасын ажыратты. Окказ. Шынын көрсетті, ақиқатын анықтады. Тұяғында тұлпардың жатқан арын Ажыратар арасын ақ, қараның. Қайтсін жұрттың қармана даттағанын, Шүу, жануар, тұлпарым Ақтабаным! («Шүу, жануар»). Ажыратар арасын ақ, қараның: 47.
Ақ көбік. Өзен, көл, теніз суларының толқып, тасу кезінде пайда болатын көпіршік. Тау өзені тентек қой, тасып жатыр, Ақ көбігін аспанға шашып жатыр. Арғы жаққа отарын өткізе алмай, Бала шопан айғайға басып жатыр («Тау өзені...»). Ақ көбігін: 72.
Ақ маңдай. Окказ. Аяулы, ардақты, қадірлі. Картинада қанды соғыс, қанға бояп жатқандай, Қан майданның ортасында қазақ жатыр ақ маңдай («Бөз орамал»). Ақ маңдай: 53, 95.
Ақ нөсер. Ағыл-тегіл жауған жаңбыр. Армандап Адам сұрады, Ақ таулар – іштен тынады, Азан сап тұрып ақ бұлттар, Ағыл да тегіл жылады. Ақ нөсер, бар ма арманың?.. («Арманың бар ма?»). Ақ нөсер: 135.
Ақ өзен. Ақ толқын, ақ көбік болып аққан тау өзені. Шыланып суға шыршалар тұрса қапталда, Шыпшадан өріп киіктер шықса шатқалға. Арнасын керіп, аңырап жатса ақ өзен, Еңіреп бұлттар жер ауып бара жатқанда («Мотордың дауысын есіте-есіте шаршадым»). Ақ өзен: 122.
Ақпен жуды. Окказ. Мерекені, қуанышты арақ құйып мерекеледі. Өмірің түлкі емес қой атпен қуған, Алда, ұлым, ойын-күлкің, бақ пен думан. Жылдарың ақ қой өзі кір шалмаған Жақсы ендеше ақ затты ақпен жуған («Жыл әкелген жыр»). Ақпен жуған: 90.
Ақтай солды. Окказ. Жастай қартайды, жүдеді, талды. Біздер жеңдік: анамыз ақтай солды. Мамық төсек қайғыдан тақтай болды. Майдансыз біз шайнаған бір түйір нан, Кеудемізге қадалған оқтай болды («Біздер жеңдік»). Ақтай солды: 119.
Ақ ұлпа. Жапалақ қар. Тұрғызбастай тұмшалап қаралықты, Жердің бетін ақ ұлпа қар алыпты. Кеше біздер жылатып тастап кеткен, Ойнатып жүр сәбилер балалықты («Оспанхан Әубәкіровке»). Ақ ұлпа: 83.
Ақ шаш. Үлкейіп қартайған кездегі ағарған шаш. Мен ұлымын, сен болсаң немересің, Азабыңнан басқа сен не бересің? Ақ шашты әулиеңді өкпелетсең, қайда барып, мұрынбоқ, көгересің («Ескерту»). Ақ шашты: 41.
Ақ шашты әулие. Окказ. Ақын бұл жерде ардақты ана мағынасында қолданған. Мен ұлымын, сен болсаң немересің, Азабыңнан басқа сен не бересің? Ақ шашты әулиеңді өкпелетсең, Қайда барып, мұрынбоқ, күн көресің? («Ескерту»). Ақ шашты әулиеңді: 41.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет