Жалпы лексикографияның зерттелуі



бет19/24
Дата10.03.2023
өлшемі110,86 Kb.
#171818
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
3 иөж, Еуразия экономикалық одақ, Диссертационная работа Кумганбаева Ж.Ж, 10 сынып.Оқу жаттығуы Зертханалық жұмыс №2 «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»
    Бұл бет үшін навигация:
  • Айту.
Хабар айтты. Сәлем жолдады, жеткізді, білдірді. Айдың да кеткісі жоқ көк бетінен, Табандап жатып апты етпетінен. Күн түнге таңнан хабар айтып еді, Жұлдыздар үркіп кетті бет-бетімен («Таң алдында»). Хабар айтып: 83.
Айтақта. Ит қосу, «айтақ-айтақ» деп итті өшіктіру. Жаз болса, жорға мініп жайтақтаған, Күз болса, қойшы жаны жәй таппаған. Отырған іркес-тіркес қойлы ауылдан, Қым-қиғаш үн шығады айтақтаған («Қойлы ауылда»). Айтақтаған: 75.
Айту. Айт етістігінің қимыл атауы. Көп айтушы едің тұнықты. Тұнықты нағыз көр енді. Алдында бұлақ тұрыпты, Батыра көрме денеңді («Жүр...»). Айтушы: 65.
Айтыл. Көңілдегі ой пікірдің сыртқа шығарылуы, сөйленуі, білінуі. Жылдарым менің, жылдарым Жазылмай қалған жырларым. Айтылмай жүрген сырларым, Ақтармай жүрген мұңдарым, Жылдарым, қайран, жылдарым («Жылдарым менің, жылдарым»). Айтылды: 134; айтылар: 10, 16; айтылмай: 16; айтылмаған: 101.
Айтыс. Қарсы сөйлеу, дауласу, пікір таластыру; тартысу. Айтыстық та. Жазғандарын көбінесе сынадық. Сегіз ақын біріктік те бір суретші құрадық! («Бөз орамал»). Айтыстық: 95.
Айтысу. Айтыс етістігінің қимыл атауы; сөз сайысына түсу. Ақындықты кемсінді ме, қалдық біздер өкпелеп, Айтысуға даяр тұрмыз суретшімен жекпе-жек («Бөз орамал»). Айтысуға: 95.
Айшылық. Өте алыс, шалғай деген мағынадағы қашықтық өлшемі. Айшылық жол... Шөлдейсің, зарығасың, Армандайсың, аңсайсың, сағынасың. Жол азабын көресің, көресің де, Ашынасың, біресе бағынасың («Өлең деген...»). Айшылық: 63.
Айық. Ауыс. Сейілу, сергу. Аймалап жатса, ашынып барған баласын, Айығып, сергіп, басылып бір сәт қаласың. Ағытып қойып, адамгершілік жағасын, Ағасың тынбай, ағасың , Жайық, ағасың («Ата Жайық»). Айығып: 127.
Айыл. Ер-тоқым ауып кетпес үшін көліктің бауырынан, шабынан тартып қоятын құр не жалпақ қайыс тартпа. Аймалап жатса, айдының аппақ нұр сеуіп, Сауығып қалам, сақалыңа анау бүркеніп. Айылымды алып пенделік дейтін мәстектен, Жоғалттым көзін, бүйірден мықтап бір теуіп («Ата Жайық»). Айылымды: 127.
Айып. Жазық, кінә. Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын, Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын. Адалсың ба, қолыңды бер, сенен тәлім алайын, Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын! («Міне, тағы ашу келіп алқымыма тығылды»). Айып: 79, 133; айыбын: 129.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет