Жалпы лексикографияның зерттелуі



бет23/24
Дата10.03.2023
өлшемі110,86 Kb.
#171818
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
3 иөж, Еуразия экономикалық одақ, Диссертационная работа Кумганбаева Ж.Ж, 10 сынып.Оқу жаттығуы Зертханалық жұмыс №2 «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»
Самайын ақ шалмасын. Окказ. Қартаймасын, шашы ағармасын. Арулардың самайын ақ шалмасын, Асыл мұра – махаббат тапталмасын! Ер-тоқымын шопанның тышқан тонап, Диқаншының күрегі таттанбасын! («Солдат сөзі»). Самайын ақ шалмасын: 66.
Сүттен ақ, судан таза. Кінәсіз, жазықсыз. Сандал тау, сайдан соққан самалым-ай! Ой-санам құлайды деп саған ұдай. Әлдеқандай күн кешіп жүр екенсің, Сүттен ақ, судан таза, адалым-ай! («Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем...»). Сүттен ақ, судан таза: 105.
Ақ2. 1. Судың өз арнасымен төмен қарай жылжуы, бір орында тұрмай ілгері қозғалып отыруы. Баяғыша сулар да жатыр ағып, Баяғыдай найзағай атылады. ...Туған жердің сен басқан топырағы, Әлдекімді жоқтайды шақырады. Сен жүрген жер сол қалпы жатыр әлі... («Қажығұмар Қуандықовқа»). Аға: 101; ағасың: 127 (3); ағады: 101 (2); ағып: 125; аққан: 133; аққаны: 107. 2. Су, жас, тер, қан, сілекей, сияқты сұйық заттардың сорғалауы, құйылуы, сорғалауы. Адамдар дос . Досты кеп дос атпасын. Оқ сындырып егіннің масақ басын. Сәбилерді бесікте қырау шалып, Кемпір- шалдың көзінен жас ақпасын («Бесік басында»). Ақпасын: 65, 66; ақты: 93; ағызып: 40; ағып: 123. 3. Тез, жылдам жүру, зулау, жылдамдығына көз ілеспеу. Күйіне домбырамды келтіремін, Күйінген күйінішті өлтіремін! Қуаныш - ғұмырымның кенті менің, Өмірге мен келгенде сен тұр едің, Сен неге сеңдей ағып мөңкімедің?! Енемнен жаратылған еркін едім, Енді мен серпілемін, серпілемін! («Шүу, жануар»). Ағады: 58; ағып: 47, 48 (2), 105.
Көзімнен жас ағызып. Окказ. Жылатып, еңіретіп. Аумалы мінезім бар аса қызық (Мінезге қолдан қорған орнатпаймын), Рас, кейде көзімнен жас ағызып, Көбінесе еркелеп шолжақтаймын («Мінезім»). Көзімнен жас ағызып: 40.
Көзінен жас ақпасын. Окказ. Жылап-еңіремесін, етегі жасқа толмасын деген мағынада. Адамдар дос. Досты кеп дос атпасын! Оқ сындырып егіннің масақ басын. Сәбилерді бесікте қырау шалып, Кемпір-шалдың көзінен жас ақпасын! («Солдат сөзі»). Көзінен жас ақпасын: 66.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет