Жалпы лексикографияның зерттелуі



бет16/24
Дата10.03.2023
өлшемі110,86 Kb.
#171818
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
3 иөж, Еуразия экономикалық одақ, Диссертационная работа Кумганбаева Ж.Ж, 10 сынып.Оқу жаттығуы Зертханалық жұмыс №2 «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»
Айғайға басты. Окказ. Үсті-үстіне айғайлады, барынша қатты дауыстады. Тау өзені тентек қой, тасып жатыр, Ақ көбігін аспанға шашып жатыр. Арғы жаққа отарын өткізе алмай, Бала шопан айғайға басып жатыр («Тау өзені...»). Айғайға басып: 72.
Айғыз-айғыз. Тілім-тілім, шимай-шимай. "Жол деген көп далада да, қия белде, жондарда Адаспа, ұлып, андап басқын, ұрынбағын орларға", - Деп соқпақпен ғазиз анам аттандырған мені үйден, Бетіндегі әжіміңдей айғыз-айғыз жолдарға («Соқпақ»). Айғыз-айғыз: 80.
Айғыр. Үйірге түсетін еркек жылқы. Бір шиша зәһар бұйым ба, тәйірі, ақпанда, Соқпаған аңдып, сотқарлау қыстың жолының, Сорлаған айғыр баса алмай тұрса солығын. Қызулау қосшы саусағын үрлеп қолының, Жүрдік деп енді жағасын түрсе тонының («Бір шиша зәһар бұйым ба...»). Айғыр: 105 (2).
Айда. Малды алдына салып жүргізу. Астыңа дүлдүл ат беріп, Қиямен тауға айдайын. Қияннан, кәне, ат келіп, Алдыңа биік байлайын («Жүр...»). Айдайын: 64; айдады: 82; айдаған: 107.
Айдала. 1. Құла түз, елсіз дала. Апта жүріп, ай жүріп, Аңызаққа ұрынбан. Ат-тұрманнан айрылып, Айдалада жығылман. Әр ауылға қайрылып, сусын іздеп бұрылман («Самұрыққа міндім бе...»). Айдалада: 113. 2. Оқшау, алыстау жер. Міне, осылай өлеңің кілті деген, Құйттай жүйкең қалмайды сілкімеген. Аттанам деп алысқа, айдалада Адаспаса болғай-ды шіркін өлең («Өлең деген...»). Айдалада: 63.
Айдын. Жайылып, шалқып жатқан су алабы, үлкен көл. Ақ көлің айдын төсін шимайлаған, Сұлулар жатыр сені қимай далам. Аққу боп неге ғана жаралмадым, Адам боп өзіме-өзім сыймай барам («Аққулар, қош болыңдар»). Айдын: 124, айдында: 131; айдының: 127.
Айқара. Шалқайта, кеңінен. Қайырлы түн, Ақ аспан! Боз көрпеңді айқара жап иыққа, Сенің нұрың тыныштықпен жарасқан, Қайырлы түн, ұйықта! («Қайырлы түн»). Айқара: 74.
Айқыш-ұйқыш. Ерсілі-қарсылы , бірін-бірі қиып өткен шым-шытырық, айқасып жатқан, ілік-шатыс. Секектеп желетін де сен мемес пе ең, Төпектеп еклетін де сен емес пе ең, Ақ бұлт пен қара бұлттың арасында, Алапат айқыш-ұйқыш төбелес пе ең! Сен солай болмағанда елемес ем, Сені мен найзағайға теңемес ем («Шау тартып қалыпсың-ау...»). Айқыш-ұйқыш: 62.
Айла. Амал, тәсіл, әдіс, қулық, ылаж, шара.Тірі жансың айлаң бар, шалымың бар, Көрсетші қанша сенің қарымың бар. Адалдық ақиқаттан сомдап соққан, Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар (« Тура қара көзіме»). Айла: 60; айлаң: 35.
Аймақ. Әкімшілік аумақтық бөлініс, өлке, өңір, атырап. Таныс маң, таныс аймақ, таныс мекен, Оңаша ойымменен алыс кетем. Со бір жылы неліктен аңғармаған, Отары қарияның алыста екен («Жыл әкелген жыр»). Аймақ: 88.
Аймала. Құшақтау, құшып сүю, сипалау, иіскеу. Аймалайсың жанымды күлкіңменен, Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген. Недейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем, Қытықтаған жүректі бір тілменен? («Бесік басында»). Аймалаймын: 94; аймалайсың: 65; аймалайды: 91, 99; аймаласа: 88; аймалап: 127 (2) ; аймалаған: 122.
Айна. Ауыс. Жарқын бейне, көрініс. Ақ қыздар, айна қыздар қайда маған?! Жас арманым жастықта жәйнамаған. Қолаң қара шаштарым, қош болыңдар, Ынжық емес, пысықтар аймалаған!.. («Ақ қыздар, арым таза алдарыңда»). Айна: 122.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет