Жалпы лексикографияның зерттелуі



бет12/24
Дата10.03.2023
өлшемі110,86 Kb.
#171818
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
3 иөж, Еуразия экономикалық одақ, Диссертационная работа Кумганбаева Ж.Ж, 10 сынып.Оқу жаттығуы Зертханалық жұмыс №2 «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»
Адалдық. Ізгілік, тазалық, имандылық қасиет. Алла- ақиқат. Аллаға сеніп өтем, Адалдық пен ақиқат серігі екен. Адаспаймын, Аллама сеніп өтем, Арамдыққа баспаймын- жолы бөтен! («Сатқан емен»). Адалдық: 35, 40, 79; адалдығына:111; адалдықты: 79.
Адам. 1. Адамзат өкілі, кісі. Таулар, Сулар, Аралдар.Ағайын-туған адамдар. Қамыстар, Шилер, Бейіттер. Қажыған күйлер, кейіптер («Менің Отаным»). Адам: 38, 39, 62, 65, 68, 71 (3), 84, 106 (2), 111 (2), 135; адамның: 68, 73, 110 (2), 129; адамға: 67, 106;адамды: 62, 69, 74, 106; адаммен: 74; адамдар: 9, 66, 71 (2), 119; адамдардың: 106; адамдарға: 36; адамдардан: 123; адамбыз: 74. 2. Ауыс. Халық, жұрт, көпшілік. Неге жыламасын?! Бәрі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам («Неге жыламасын?!»). Адам: 57, 71, 89, 109 (2). 3. Кім болса да, қайсыбір, қандай да бір кісі. Еденді сырлап, іргені сырлап, қалаған, Шатырын жауып, орнатып газды жаңадан. Терезе салып, асфальт төсеп аулаға , Екі-үш жыл бойы сіңірді-ау еңбек сан адам («Тарту»). Адам: 73, 102; адамға: 128. 4. Өзіндік мінез-құлқы, ой-өрісі, түр-тұрпаты бар ерекше жеке тұлға. Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін, Алдымда тұрған адамды мынау кім деймін?! Алдымда менің адасып кеткен арман тұр. Жылатсам ба екен, жұбатсам ба екен, білмеймін?! («Жырласам ба екен»). Адам: 60, 124; адамды: 85.
Момын адам. Есерлігі жоқ, ешкімге соқтықпайтын, салмақты, жуас кісі. Кес-кестеп кісі жолын торымаған, Осында тірлік еткен момын адам. Қаншама тырбанса да шаруаның, Дәулеті бір-біріне қорымаған («Бұзылған үй»). Момын адам: 114.
Тірі адам. Окказ. Барша адам деген мағынада. Неге жыламасын?! Бәрі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам («Неге жыламасын?!»). Тірі адам: 57


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет