Мас болып қанға желікті.Қанға тоймады, жауыздықты жаны сүйді, аяушылық таныту дегенді білмеді. Соғыстан соғыс... Соғыстың, досым, неліктен? Сөзіне ердің фашистің Мас болып қанға желіккен! Алдады фашист сені де, Әкелді қайғы еліңе («Неміс жұмысшыларына хат»). Мас болып қанға желіккен: 12.
Мағынасы күңгірт, жеке қолданылмайтын сөзден кейін қос нүкте қойылады да, одан кейін фразатіркес кіші әріппен, қарайтылған қаріп түрінде берілді:
Ар2: ар жақ. Қарсы жақ, арғы бет. ...Түсімде қызым мені шақырады, Өзеннің ар жағында отыр, әні... Ғафу, балам, ғафу ет бара алмаймын, Мен деген жер бетінің «ақымағы» («Майгүлге»). Ар жағында: 15, 101.
Фразеологиялық тіркестің құрамындағы белгілі бір сөзді оның мәндес, синонимдес түрімен ауыстырылатын жағдайда, мәндес сөз тік жақшаға алынады:
Амал [қане, бар ма, не, нешік] қанша.Қолдан келер шара, лаж жоқ. Менің де әкем келер еді алпысқа, Амал нешік, жоқ боп кетті тартыста. Амал нешік, селдір сақал қарт ұста, Ауылында жүрер еді балта ұстап («Алпысқа келдіңіздер»). Амал қанша: 48 (2), 96, 104; амал не: 12, 73, 83; амалым не: 124; амал нешік: 48, 69 (2), 9.
Фразеологиялық тіркестің құрамындағы етістік басыңқы сыңар болған жағдайда етістік сыңары ашық рай қалпына келтіріліп енгізіледі. Ал, ақын шығармаларында қолданылған, бірақ ашық рай түріне түсіруге көнбейтін кейбір етістік формалары сол қалыптасқан күйінде берілді. Мысалы:
Құлағын кесіп ал.Окказ. Қарсы қайрат істеп көр. Жойқын дейді... Жойқын болса, несі бар?! Жойқын күштің жомарттығын есіңе ал. Жойқын дария, әне, тасып барады, Мықты болсаң, ал, құлағын кесіп ал...(« Жойқын дейді?!»). Құлағын кесіп ал: 107.
Иллюстрациялық материалдар Реестр сөздің әрқайсысына, омонимдердің, фразеологизмдердің бас-басына Мұқағали Мақатаев шығармаларынан мысалдар келтірілді.
Келтірілген мысалдар мынадай тәртіппен беріледі:
Алынған мысалдар 2012 жылы Б. Айдарова мен К. Ботайдың құрастыруымен шыққан жыр кітабында қалай берілсе, солай алынды, яғни сол формасы сақталып жазылады.
Мұқағали Мақатаев прозаларынан алынған мысалдар тым ұзақ болып келген жағдайда текст қысқартылып алынады.
Егер сөйлем текстінің басынан емес, орта шенінен қысқартылған жағдайда, қалдырылған сөздердің орнына көп ноқат қойылады.
Ақынның өлеңдері сөздікте өлең үлгілерімен емес, қара сөздің жазылу тәртібімен алынады. Бірақ өлеңнің әрбір жолы бас әріппен беріліп отырады.
Алынған әрбір мысалдан кейін ақынның нысанадағы жыр жинағының беті көрсетіліп отырады. Мысалы: Аждаһа: 118; аждаһалар: 119; аждаһаны: 118.