Жалпы лексикографияның зерттелуі



бет6/24
Дата10.03.2023
өлшемі110,86 Kb.
#171818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Сөздіктің құрылысы
Мұқағали тілінің сөздігі 2012 жылы Б. Айдарова мен К. Ботайдың құрастыруымен шыққан жыр кітабы, ақынның «Күнделігі» мен «Қош махаббат» драмалық пьесасы бойынша жасалынбақшы. Сөздікке түсіндірілетін әрбір реестр сөз болып ақын шығармаларында кездесетін дербес мағыналы сөздермен қатар кісі аттары, жер-су атаулары, халық және ру аттарын білдіретін жалқы есімдер де енеді. Кейбір өлеңдеріне тақырып етіп алынған кісі аттары (мысалы: Төлегенге, Зейнолла Шүкіровке, Есенин-Маяковский т.б) шығарма текстінде кездеспейтіндіктен, сөздікке реестр ретінде алынбайды.


Лұғаттық мақала
Әрбір сөздің өзіндік формасы және барлық мағынасы тұтас қамтылып, алфавиттік тәртіпке салынып беріледі.
Зат есім негізгі және туынды түбір күйінде, бірікккен сөздер сол кездегі біріккен қалпында алынады. Сын есім де атау тұлғаның жекеше түрі формасында беріледі де, шырай формалары толықтай қамтылады. Сан есім мен есімдіктердің де өзіне тән қалыптасқан формалары алынады. Етістіктер түбір, туынды түбір ретінде де алынды. Болымсыз тұлғадағы етістіктер кедескен жағдайда реестр етіп болымды түрі берілді.
Сондай-ақ -дай; -дей; -ша; -ше формалы сөздер қай сөз табына жаьаьындығына қарамастан реестрге алынады.
Сөздікте омонимдер араб цифрымен сөздің шекесіне қойылған белгілер арқылы ажыратылады. Мысалы: Ақ1, Ақ2.
Лұғаттық мақала, негізінен, мынадай тәртіппен құрылуы тиіс деп жоспарлануда: 1) реестр сөз; 2) сөздің неше рет қолданылған саны (сөздік толықтай жасалып бітпейінше қойылмайды); 3) сөздің мағыналарына берілетін анықтамалар; 4) сөз мағыналарына келтірілген иллюстрациялық мысалдар және оларға қажетті мысалдар; 5) Мұқағали қолданысындағы әр түрлі грамматикалық формалардың берілген жинақтың қай бетінде кездесетіні нұсқалған тізім; 6) әр түрлі тұрақты сөз тіркестері мен лексикалық тіркестері және оларға қажетті мысалдар; 7) Мұқағали қолданысындағы әр түрлі грамматикалық формалардың берілген жинақтың қай бетінде кездесетіні нұсқалған тізімі (тұрақты сөз тіркестеріне қатысты).
Ажырат. Бөліп алу, жіктеу, айыру. Тіл күрмеулі. Тірісің деп жұбатамын көңілімді, Құшағымнан ажыратпай ала кеттім өмірімді («Түс»). Ажырата: 116; ажыратпай: 94. Ақ-қарасын ажыратты. Құтқарды, босатты.Тұяғында тұлпардың жатқан арын Ажыратар арасын ақ, қараның. Қайтсын жұрттың қармана даттағанын, Шүу, жануар, тұлпарым Ақтабаным! («Шүу, жануар»). Ажыратар: 47.
Тақырыптық сөздің мағыналары бірнешеу болған жағдайда әр мағынаны араб цифрымен көрсетіледі. Белгілі бір мағынаға тән әртүрлі реңктер көлбеу қос сызық белгісі (//) арқылы ажыратылады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет