Аждаһа. Айдаһар. Ауыс. Обыр, озбыр, қорқау, жауыз. Біздер жеңдік! жоқ болып, жаралы боп. Біз қуандық алдымен қаралы боп. Қарсы тұрдық аждаһа алдында біз, Туған жердің аязы, бораны боп («Біздер жеңдік»). Аждаһа: 118; аждаһаны: 118; аждаһалар: 119.
Ажырат. Бөліп алу, жіктеу, айыру. Тіл күрмеулі. Тірісің деп жұбатамын көңілімді, Құшағымнан ажыратпай ала кеттім өмірімді («Түс»). Ажырата: 116; ажыратпай: 94.
Ақ-қарасын ажыратты. Құтқарды, босатты. Тұяғында тұлпардың жатқан арын Ажыратар арасын ақ, қараның. Қайтсын жұрттың қармана даттағанын, Шүу, жануар, тұлпарым Ақтабаным! («Шүу, жануар»). Ажыратар: 47.
Ажырату. Ажырат етістігінің қимыл атауы; айырылу, айырылып қалу. Інім айтса, бас изедім; ағам айтса, көш көрдім. Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім. Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма, Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің («Міне, тағы ашу келіп алқымыма тығылды»). Ажырату: 79.
Азалы. Уілдеп соққан өкпек (жел). Әжем есімде. Әрнеге қозбайтұғын, Әріден көп әңгіме қозғайтұғын. Темір керней есімде... Боран үрсе, Азалы үнін аңыратып боздайтұғын («Отыз бесінші көктемім»). Азалы: 52.
Азамат. Кәмелетке толып ер жеткен адам, жігіт. –Ал, енді сен азаматсың!,- деп маған, Арбасына ортырды да кетті ағам, Тағы да бір қайырылмас па екен деп, Тозаңдатқан қара жолды бетке алам («Неге жыламасын?!»). Азамат: 106; азаматсың: 58.
Азан. Мұсылмандарды тәуліктегі бес уақыт намазға ерекше мақаммен дауыстап шақыру рәсімі.
Азан салды. Айқай салды, шатақ шығарды, жылады. Армандап Адам сұрады, Ақ таулар – іштен тынады, Азан сап тұрып ақ бұлттар, Ағыл да тегіл жылады. Ақ нөсер, бар ма арманың?.. («Арманың бар ма?»). Азан сап: 135.
Азан-қазан. У-шу, айқай-ұйқай. Қажып тұрмын, несіне жасырайын, Әкелші, ата, бар болса насыбайың. Азан-қазан шулаған қапақ бастан, Құрып кеткір даң-дұңды қашырайын («Жұмыстан соң»). Азан-қазан: 81.
Достарыңызбен бөлісу: |