Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Қазақ тілі мен әдебиеті » пәнінен 2-тоқсан бойынша



бет44/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
«Қазақ тілі мен әдебиеті » пәнінен 2-тоқсан бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары


1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Тұңғыш рет жастарға арналған заманауи жаңа радио жұмысын бастады. Күніңіздің шуақты, көтеріңкі көңіл күйге толы болуына кепілдік беретін радио еліміздің 18 қаласында хабар тарататын болады.
Жастар сұранысын толыққанды қанағаттандыра алатын жаңа радионың аты – «Жұлдыз FM». Жаңа толқындағы жаңа радионың ұстанымы немесе «Әнұраны» ретінде Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған, туған ел» әні таңдап алынған. Осы орайда, жастарды жаңа бағытқа жетелейтін «Жұлдыз FM» радиосы жобасын жүзеге асырғалы отырған азаматтармен тілдесудің сәті де түскен-ді.
Мәдина Өмірбекова, «Жұлдыз FM» радиосының директоры:
- Радиоорталықты құру үшін біраз уақыт кетті, біраз еңбектендік. Әсіресе, техникалық тұрғыдан жасақтау оңай болған жоқ. Соның барлығын артта қалдырып, бүгін біз өз хабарымызды тарата бастадық. Радио атауын да таңдау оңай болған жоқ. Алдымызда бірнеше нұсқалар болды. Бірақ, жастарға арналғандықтан, оларға бағыт-бағдар болатын шоқжұлдыздай болсын деп, жастар жүрегіне жақындау атау ретінде «Жұлдыз» деп атауды шештік. Қазіргі таңда алыс шалғайдағы кей жерлерге ғаламтор немесе газеттің өзі жетпей жатады. Ал радио болса, өз толқынымен таралып тұрады. Ән арқылы, бағдарламалар арқылы адам жанын достыққа, бауырмалдылыққа, адамгершілікке жетелейтін дүниелер ұсынылады. Әзіл-қалжың бағдарламалары, үздік әндер шеруі ұсынылады. Сонымен қатар, көңілді әрі замануи әндер көпшіліктің көңілінен шығады деген сенімдемін.Біз де осы «Жұлдыз FM» арқылы жастарға қызықты, пайдалы дүниелерді тарту етуге бар күшімізді салатын боламыз. (194 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/22284/

1.Сіздің ойыңызша, мәтін кімдерге арналған? Себебін көрсетіңіз.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Қай қатар мәтінніңнегізгіидеясынажатпайды?


А. Жастарға қызықты, пайдалы дүниелерді тарату
В. Бауырмалдылыққа, адамгершілікке жетелейтін дүниелер ұсыну
С. жастар жүрегіне жақындау бағдарламалар қарастыру
Д. «Жұлдыз FM» жастардың басқа радиоға қызығушылығын өзгерту
3. Автор көзқарасы қай қатарда көрініс табады?
А. Бұл радионың заманауилығы мен ең алғашқы жастар толқыны екеніне назар аудартады.
В. Жұлдыз ҒМ» жобасының бағыты, мақсаты туралы айтылатынынан хабардар
етпейді
С. Өзге елдерде бұл әлдеқашан жолға қойылған.
Д.Қазақстанда жастарға арналған қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдары жақсы дамыған

4. Перифраздалған сөйлемдерден мәтінде айтылған 2 дұрыс мәліметті анықтаңыз. [√] белгісін қойыңыз.


1. «Жұлдыз FM» радиосының «Әнұраны» ретінде Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған, туған ел» әні таңдап алынған.
2. Күніңіздің шуақты, көтеріңкі көңіл күйге толы болуына радио кепілдік бере алмайды.
3. МәдинаӨмірбекова «Жұлдыз FM» радиосының директоры.
4. Ақпараттың озығын да , тозығын да сараптап, керегіңізге жарату өз еркіңізде.
5. Радио адамзатты тәрбиелеу құралына айналғанымен кейде оның зиянды жақтары да бар.
Оқылым
Тәуке ханның заңы
Қазақ халқының ел басқаруы мен заң шығару, сот ісін әділ жүргізуі ерте замандардан қалыптасқан. Сот билігі- қазақ даласында кең тараған дамыған мемлекеттік биліктің формасы. Қазақ қоғамында сот билігі хан билігінен жоғары тұрды. Алғашқы қазақ мемлекетінің негізін қалаған Керей мен Жәнібек сұлтандар еді. Осы негізі қаланған қазақ мемлекетін одан әрі дамытып, ішкі, сыртқы саясатын шебер жүргізіп, әлеуметтік, саяси , экономикалық жүйені реттеп отыратын жарғылар қабылдап, елдің салт-дәстүрін сақтаған қазақ хандарының бірі – Қасым хан есімі тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заңдар жинағымен белгілі. «Қасым ханның қасқа жолына» бір ғасырдан кейін тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, Есім ханның тұсында «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңдық жүйе өмірге келді. Аталған екі заң жүйесі еш өзгеріссіз XVII ғасырдың аяғы немесе XVIII ғасырдың басына дейін қазақ жұртының игілігіне қызмет етті. Тәуке хандық құрған XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басында «Қасқа жол» мен «Ескі жол» заңдарын толықтырып, елеулі өзгерістер енгізіп, дамытқан Тәуке хан бұрынғы бес тарауға тағы да екі тарау қосып, «Жеті жарғы» деп атады. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді. «Жеті жарғыны» қазақ халқы негізінде XIX ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Қазақша «жарғы» - әділдік деген ұғымды білдіреді. (194 сөз)
https://abai.kz/post/40464
1. Мәтінде көтерілген мәселе қандай?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Мәтін мазмұны бойынша сіздің көзқарасыңыз қандай?


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Кестені толтырыңыз



Мәтіннің қай тұсы әсер етті?

Неге?





4.Үзіндіні оқығаннан кейін қандай қорытындыға келуге болады?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жазылым
Берілген үш тақырыптың бірін таңдап, берілген тапсырмаларды орындаңыз.

[10]
Заң – қоғамның тірегі


Құқық сабағында мұғалім «Мемлекеттік заңды білу – сол елдің әрбір азаматының міндеті. Алайда заңды толық білмей өмір сүру мүмкін бе?» деген тақырыпта эссе жазуды тапсырды. Берілген сұрақ бойынша аргументативті эссе жазыңыз. Эссеңізде тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазыңыз.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы
Тұңғыш Президент апталығы аясында мектебіңізде көптеген іс-шара өткізілді делік. Шаралардың өтуі, қатысушылар туралы қысқаша шолу жазыңыз. Шолуыңызда мезгіл, мекен үстеулерін қолданыңыз.


Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары
Мектеп сайтынан қызықты мақала оқыдыңыз. Сол мақала негізінде аннотация жазыңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Айтылым
Төменде берілге тақырыптың біріне таңдау жасап, сол тақырып бойынша 9-12 сөйлемнен тұратын монолог дайындаңыз.Тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрап айтыңыз.
[10]
Ұсынылатын тақырыптар:



  1. Заң қоғамға не үшінқажет?

  2. Еліміз үшін Конституцияның маңызықандай?

  3. Тұңғыш Президентімізден қандай үлгі алар едіңіз?

4. Қазіргі БАҚ жастардың тәрбиесіне қалай әсер етеді (оң/теріс)?
5. Қазақстандығы БАҚ-тың сапасын қалай бағалар едің?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет