Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Қазақ тілі мен әдебиеті » пәнінен 2-тоқсан бойынша



бет43/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
«Қазақ тілі мен әдебиеті » пәнінен 2-тоқсан бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым


Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Тұңғыш рет жастарға арналған заманауи жаңа радио жұмысын бастады. Күніңіздің шуақты, көтеріңкі көңіл күйге толы болуына кепілдік беретін радио еліміздің 18 қаласында хабар тарататын болады.
Жастар сұранысын толыққанды қанағаттандыра алатын жаңа радионың аты – «Жұлдыз FM». Жаңа толқындағы жаңа радионың ұстанымы немесе «Әнұраны» ретінде Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған, туған ел» әні таңдап алынған. Осы орайда, жастарды жаңа бағытқа жетелейтін «Жұлдыз FM» радиосы жобасын жүзеге асырғалы отырған азаматтармен тілдесудің сәті де түскен-ді.
Мәдина Өмірбекова, «Жұлдыз FM» радиосының директоры:
- Радиоорталықты құру үшін біраз уақыт кетті, біраз еңбектендік. Әсіресе, техникалық тұрғыдан жасақтау оңай болған жоқ. Соның барлығын артта қалдырып, бүгін біз өз хабарымызды тарата бастадық. Радио атауын да таңдау оңай болған жоқ. Алдымызда бірнеше нұсқалар болды. Бірақ, жастарға арналғандықтан, оларға бағыт-бағдар болатын шоқжұлдыздай болсын деп, жастар жүрегіне жақындау атау ретінде «Жұлдыз» деп атауды шештік. Қазіргі таңда алыс шалғайдағы кей жерлерге ғаламтор немесе газеттің өзі жетпей жатады. Ал радио болса, өз толқынымен таралып тұрады. Ән арқылы, бағдарламалар арқылы адам жанын достыққа, бауырмалдылыққа, адамгершілікке жетелейтін дүниелер ұсынылады. Әзіл-қалжың бағдарламалары, үздік әндер шеруі ұсынылады. Сонымен қатар, көңілді әрі замануи әндер көпшіліктің көңілінен шығады деген сенімдемін.
Біз де осы «Жұлдыз FM» арқылы жастарға қызықты, пайдалы дүниелерді тарту етуге бар күшімізді салатын боламыз. 

1.Сіздің ойыңызша, мәтін кімдерге арналған? Себебін көрсетіңіз.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1
2.Қай қатар мәтіннің негізгі идеясына жатпайды?

А. Жастарға қызықты, пайдалы дүниелерді тарату


В. Бауырмалдылыққа, адамгершілікке жетелейтін дүниелер ұсыну
С. жастар жүрегіне жақындау бағдарламалар қарастыру
Д. «Жұлдыз FM» жастардың басқа радиоға қызығушылығын өзгерту
1

3.Автор көзқарасы қай қатарда көрініс табады?


А. Бұл радионың заманауилығы мен ең алғашқы жастар толқыны екеніне назар аудартады.
В. Жұлдыз ҒМ» жобасының бағыты, мақсаты туралы айтылатынынан хабардар
етпейді.
С. Өзге елдерде бұл әлдеқашан жолға қойылған.
Д.Қазақстанда жастарға арналған қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдары жақсы дамыған
1

4.Перифраздалған сөйлемдерден мәтінде айтылған 2 дұрыс мәліметті анықтаңыз. [√] белгісін қойыңыз.


1.«Жұлдыз FM» радиосының «Әнұраны» ретінде Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған, туған ел» әні таңдап алынған.
2. Күніңіздің шуақты, көтеріңкі көңіл күйге толы болуына радио кепілдік бере алмайды.
3. Мәдина Өмірбекова «Жұлдыз FM» радиосының директоры.
4. Ақпараттың озығын да , тозығын да сараптап, керегіңізге жарату өз еркіңізде.
5. Радио адамзатты тәрбиелеу құралына айналғанымен кейде оның зиянды жақтары да бар.
2


Оқылым

Теміртау- көшбасшылар ұстаханасы.


1960 жылдың 3 шілдесі Қазақстан магниткасының туған күні деп есептеледі. Дәл осы күні №1 домна пешінің науасынан тұңғыш Қазақстандық шойын селі тасқындап, Теміртаудың жаңа тарихының беттері жазылды. Айтулы оқиғаға байланысты өткен салтанатқа Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.Қонаев қатысып, теміртаулықтарды тамаша еңбек табысымен құттықтады. Алғашқы шойын алу вахтасына жас металлург, болашақ Елбасы Н.Ә.Назарбаев та тұрды. Ол №1 домна пешінің шойыншысы еді. 1958 жылы Днепродзержинск қаласындағы техникалық училищеде өзімен бірге барған 70 шақты қазақ жастарымен бірге Днепр металлургия зауытында тағылымдамадан өткен. Басына киіз қалпақ киіп, күлімдеп тұрған және бір топ домнашылармен түскен тарихи суреттер Н.Ә.Назарбаев донна цехінің горновойы болып жүргенде түсірілген. Еңбек жолын қарапайым металлургтен бастаған Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Магниткасының от-жалынды цехтарында құрыштай шыңдалды, өндірістік және қайраткерлік жолдан өтті. Ол кейін ағынан жарыла: «Теміртау мен үшін – алтын бесік. Магнитканың тарихы, Теміртаудың тарихы, оның адамдарының тағдыры менің тағдырыммен ажыратылмас. Егер менің өмірімде Магнитка мен Теміртау болмаса, мен ешқашан Президент болмас едім»,- деп жазды.


Бү­гін­­гі таңда Қарағанды металлургия ком­­бинаты республикадағы толық ме­тал­лургиялық айналымдағы аса ірі кә­сіпорынға жатады. кәсіпорында жаңа цехтар мен өндіріс­тер пайдалануға беріліп, ескілері жаңғыр­тылып, заман талабына сай өзгертілуде. (175сөз )
https://firstpresident.kz/k-rme-zaldary/t-l-any-eren-abileti/

1. Мәтінде көтерілген мәселе қандай?


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Мәтін мазмұны бойынша сіздің көзқарасыңызқандай?


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Кестені толтырыңыз





Үзіндінің қай тұсы әсер етті?

Неге?





4.Үзіндіні оқығаннан кейін қандай қорытындыға келугеболады?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жазылым
Берілген үш тақырыптың бірін таңдап, берілген тапсырмаларды орындаңыз.

[10]
Заң – қоғамның тірегі


Құқық сабағында мұғалім «Мемлекеттік заңды білу – сол елдің әрбір азаматының міндеті. Алайда заңды толық білмей өмір сүру мүмкін бе?» деген тақырыпта эссе жазуды тапсырды. Берілген сұрақ бойынша аргументативті эссе жазыңыз. Эссеңізде тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазыңыз.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы
Тұңғыш Президент апталығы аясында мектебіңізде көптеген іс-шара өткізілді делік. Шаралардың өтуі, қатысушылар туралы қысқаша шолу жазыңыз. Шолуыңызда мезгіл, мекен үстеулерін қолданыңыз.


Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары
Мектеп сайтынан қызықты мақала оқыдыңыз. Сол мақала негізінде аннотация жазыңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Айтылым

Төменде берілге тақырыптың біріне таңдау жасап, сол тақырып бойынша 9-12 сөйлемнен тұратын монолог дайындаңыз.Тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрап айтыңыз.


[10]
Ұсынылатын тақырыптар:

1. Заң қоғамға не үшін қажет?


2. Еліміз үшін Конституцияның маңызы қандай?
3. Тұңғыш Президентімізден қандай үлгі алар едіңіз?
4. Қазіргі БАҚ жастардың тәрбиесіне қалай әсер етеді (оң/теріс)?
5. Қазақстандығы БАҚ-тың сапасын қалай бағалар едің?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет