8.3.2.1 Публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;
8.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа
байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну.
Бағалаукритерийі
Білімалушы Мәтіндегі жанрға қатысты ерекшеліктіанықтайды.
Эссе құрылымын сақтайды, мәселенің шешу жолдарын ұсынады.
Ойлаудағдыларыныңдеңгейі
Жоғары деңгей дағдылары.
Орындаууақыты
15-20 минут
Мәтінді мұқият оқып, мәтіннің жанрын анықтаңыз.
«Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады. Мысалы: Бамбук ағашының қалай өсетініне назар аударайық. Алдымен топыраққа бамбук ағашының тұқымы егіліп, бес жылға дейін суарылып, ықыласпен күтіледі. Алайда алтыншы жылға қараған кезде ғана сабағы өсе бастайды. Бір қызығы, бұл сабақтың алты аптаның ішінде 27 метрге дейін өсіп, бес жылдың ішінде өскен ағаштармен теңесуі. Сонда бамбук ағашы бес жылдың ішінде өседі ме, әлде алты аптаның ішінде өседі ме?- деген сұраққа өсірген адамдар «Алты аптаның ішінде»,- десе, ал сырт көзбен қарайтындар үшін бес жылдың ішінде өсіп жетілетіні айдан анық. Дегенмен топыраққа тұқым егіліп, оны ықыласпен суарып тұру, күн көзінен, жаңбыр және желден қорғау сияқты ұзақ уақытқа созылған қажырлы еңбек пен үлкен сабырлылықтың арқасында ғана бамбук ағашы өсіп жетілуде. Міне, сондықтан да жұмсалған еңбектің бостан-босқа кетпейтініне және сабыр түбі – сары алтын екендігіне сенуіміз керек. Ал сенімсіздікпен жасалған іс
ешқашан да алға баспайды.
Әңгіме
Интервью
Мақала
Очерк
Сұхбат
1
Публицистикалық стильге тән тілдік ерекшеліктерді табыңыз.
2. Эссе құрылымын (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) сақтай отырып ,
«Суды үнемдеп қолдану үшін не істеу керек?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсына отырып, 2 аргумент келтіріңіз.
[5]