Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)


Эукориотты редуценттердің классификациясы



Pdf көрінісі
бет14/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
Байланысты:
кітап 2

2.4 Эукориотты редуценттердің классификациясы 
ж
ән
е сипаттамасы 
Эукариоттық клетка, прокариоттық клеткадан шығу 
ықтималдығын ескерсек, олармен салыстырғанда 
әл
деқайда 
күрделі ұйымдасқан.
Эукариоттық 
клеткалардан 
көптеген 
әр
түрлі 
организмдер дамиды: олар жоғары сатыдағы өсімдіктер, көп 
клеткалы жануарлар, саңырауқұлақтар ж
ән
е бір клеткалы 
амебалар. Клетка плазмалық мембранаға кигізілген, ал 
өсімдіктер клеткасында осы мембрананың сыртында 
целлюлозадан 
жән
е басқа материалдан жасалған сыртқы 
қабықшасы болады.
Гендерде мембранамен қоршалған ядроның ішінде, 
күрделі нуклеопротеидтер – хромосомаларда жиналған. 
Олардың саны
әр
бір түрге 70 мөлшерде (мысалы, адамның 
ә
рбір диплоидтық клеткасында – 46 хромосомдар, ал қойда - 
54). Митохондриялар углеводтар ж
ән
е майлардың химиялық 
энергиясын, клетканың басқа бөлшектерінің қажет кезінде 
қолдануына 
жарамды 
көлемде 
синтездеп 
тұрады. 
Цитоплазманың мембраналық жүйесі – эндоплазмалық 
ретикулум (тор), Гольджи аппараты клетка құрылысына ж
ән
е 


40 
оның қызметінен қажетті макромолекулаларды синтездеумен, 
хаттаумен айналысады. Жасыл өсімдіктер клеткалары ішкі 
құрылымы бірнеше қабаттан тұратын –хлоропластардан 
тұрады. Оларда мембранамен қоршалған, күн 
сәу
лесінің 
энергиясын қабылдайды, ж
ә
не оны углеводтардың 
энергиясына айналдырып, ал кейде осы күйде ұзақ сақтауға 
тырысады. Эукариоттық клеткалардың тіршілігінде басқа да 
қызметтер атқаратын вакуольдер (лат. «vacuum» -кеңістік, 
қуыстар), лизосомалар (лат. «lisis» - еріту) 
жән
е 
пероксисомаларда мембранамен қоршалған. Тек қана 
рибосомаларда, хромосомаларда, микротүтікшелерде 
жән
е 
микрофибриллаларда мембрана жоқ. Мембраналардың ж
ән
е 
мембраналық құрылымдардың энергиясын өзгертудегі үлесі 
ақиқат, дегенмен, хромосомадан өзге құрылымдар да бұл 
процестерге қатынасады. Тіпті хромосомаларда ақпараттың 
тасымалдаушысы бола тұра, клеткадағы энергия өзгерістеріне 
қатысы бар, 
әр
ине тікелей емес, кейбір алыстағы 
басқарушылар ретінде.
Эукариоттық клеткаларда ядро болады. Клеткадағы 
ДНҚ-ның көп мөлшері қос қабат мембранамен қоршалған 
ядроның ішінде. Сөйтіп, құрамында ДНҚ бар компартмент 
көптеген зат алмасу реакциялары өтетін клетканың басқа 
бөлігі – цитоплазмадан бөлінген.
Саңырауқұлақтар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің 
ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі 
кездеседі.Басқа 
өсімдіктер 
типтерінен 
басты 
айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар 
дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген 
гетеретрофты өсімдіктер. Түрлері бойынша жейтін 
саңырауқұлақтар 
жән
е жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар 
болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып 
матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар 
бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын 
саңырауқұлақтың денесін құрайды. Гифарлардың жуандығы 
1-ден 10 кейде 20 микронға дейін барады. Олардың көбісінің 
мицелийлері субстраттың ішінде жатады. Субстраттың 
бетінде жемісті денелері немесе спора тасушы органдары 


41 
орналасады. Олардың пішіндері шар 
тәр
ізді, таға, қабық 
сияқты, қалпақты түбірге ұқсас 
жән
е басқаша түрлі болып 
келеді. Гифалар төбе жасушалары арқылы ұзарып өседі ж
ән
е 
моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі 
мицелийлерге ұқсайды. Тек паразит саңырауқұлақтардың 
көбісі иесінің жасушасының ішіне еніп жататын бүйірлік 
мицелийлері 
әр
і қарай өспейді, жасуша ішінде шар, алмұрт, 
немесе тарамдалған гаусторияға айналады, сөйтіп иесінің 
жасушасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді [24]. 
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде 
мицелий болмайды, вегетативтік денесі жалаңаш не 
қабықшасы 
бар 
протоплазмадан 
тұрады. 
Мұндай 
саңырауқұлақтардың жасушаларынан тарамдалған, өте 
жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер өседі, оны 
ризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны 
болып есептелінеді.Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың 
мицелийлері - көлденең перделерге бөлінбеген, көп 
жасушалы. Олардың перделерінде жасушаларды бір-бірімен 
байланыстырып тұратын өте ұсақ поралары болады. 
Саңырауқұлақтардың жасуша қабығы құрамында насекомдар 
қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты ж
ән
е 
полисахаридтер болады. Олардың жасушасы протоплазмадан, 
бір, екі, кейде одан да көп ядродан 
жән
е вакуолядан тұрады. 
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп 
ядролы, ал жоғары сатыда орналасқан саңырауқұлақтар 
бірнеше ядродан тұрады. 
Жасуша ядролары саңырауқұлақтардың көпшілігінде өте 
кішкентай 1-3 микрондай болады. Ірі ядролар жыныс 
процесімен байланысқан органдарда ғана болады да, кейде 
олардың мөлшері 10 микронға жетеді. Ірі ядроларда 
ядрошықтардың бар екендігі байқалады. Протоплазма жас 
жасушалардың – гифалардың ұштарын толтырып тұрады. 
Бояп қарағанда олардан ұсақ дөңгелек көпіршік 
тәр
ізді 
вакуолялар көрінеді. Ересек жасушаларда протоплазма 
жасушаның қабығына қарай жақын орналасады. Клетканың 
ортаңғы бөлімін ірі вакуоля алып жатады. Одан жасушаның 
жан-жағында жіңішке протоплазма жіпшелері тарайды. 


42 
Вакуоля жасуша шырынына толы болады. Клетка шырыны 
түссіз, тек ағзадан саңырауқұлақтарда антоциан пигментінің 
болуына байланысты, қызғылт тартып тұрады. Саңырауқұлақ 
жасушаларында қор заты ретінде еш уақытта крахмал 
жиналмайды, май тамшылары мен гликолен, ал біраз 
саңырауқұлақтарда волютин жиналады. 
Кейбір саңырауқұлақтарда 
ә
р түрлі улы заттардың 
жиналуы да жиі кездеседі. Саңырауқұлақтардың түсі – 
жасуша қабығында, протоплазмада, вакуоляда болатын 
пигменттерге байланысты. Пигменттер 
әр
түрлі химиялық 
процесстер 
н
әти
жесінде 
түзіледі.Саңырауқұлақтардың 
жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей нағыз талшықтар 
болмайды. Алайда жалған талшықтар жиі кездеседі, олар өз 
ара матасып жататын, бірақ плазмодесмамен жалғаспайтын 
гифалардан құралады. Жалған ұлпа гифалардың құрылысы 
әр
түрлі болады ж
ән
е түрліше орайласып келеді, демек олардың 
физиологиялық маңызы да өзгеше. Оларды кейде жалған 
түзуші, жабындық, механикалық, өткізгіш тканьдер деп 
бөледі. Кейбір саңырауқұлақтардың ризоморфтар деп 
аталатын. Мицелийлердің матасуынан құралған, жуандығы 
бірнеше миллиметрге жетіп, ұзындығы бірнеше метрге дейін 
баратын суды өткізу қызметін атқаратын ұзын қоңыр түсті 
жуан жіптері болады. Эндогенді мицеллилер табиғатта жиі 
тараған, олар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан 
жақсы қорғалады 
жән
е қоректік заттармен мол қамтамасыз 
етіледі. Мицелийлер субстраттың ішіндегі эндогендік 
тіршілігіне байланысты, көп жылға дейін паразиттік не 
сапрофиттік тіршілік етеді. Саңырауқұлақтар де вегетативтік, 
жыныссыз ж
ән
е жынысты жолдармен көбейеді. Бұлардың 
көбею органдарының құрылысы алуан түрлі, осыған негіздей 
отырып, оларды классификациялайды. Саңырауқұлақтар 
мицелийлерінің жеке бөліктерге ж
ән
е жасушаларға бөлінуі 
арқылы 
вегетативтік 
жолмен 
көбейеді. 
Ашытқы 
саңырауқұлақтары жасушаның бүршіктенуі, ал басқа 
саңырауқұлақтар 
артроспоралар 
(оидия) 
ж
ә
не 
хламидоспоралар арқылы да вегетативтік көбейеді. 
Артроспора арқылы көбейгенде мицелийлер жұқа қабығы бар 


43 
жасушаларға ыдыраса, хламидоспора арқылы көбейгенде, 
қалың қоңыр түсті қабығы бар жасушаларға ыдырайды. 
Қаракүйе саңырауқұлағының белгілі даму сатысында 
хламидоспора шартты түрде болып отырады. Бұлар – 
қолайсыз жағдайларға жақсы бейімделген, қор заттармен 
қамтамасыз етілген споралар. 
Әр
түрлі спора тасушы органдарының құрылуы арқылы 
саңырауқұлақтар жыныссыз жолмен жиі көбейеді. Бұл 
споралар өздерінің шығу тегі жағынан эндогендік (ішкі) ж
ә
не 
экзогендік (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Барлық төменгі 
сатыдағы саңырауқұлақтар эндогендік споралар арқылы 
көбейеді. Олар гифаларының ұшынан өсетін спорангияларда 
түзіледі. Кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың 
споралары балдырлардың зооспораларына ұқсас, қозғалғыш 
келеді, оны зооспора деп атайды, олар зооспорангияларда көп 
мөлшерде түзіледі. Зооспоралар суда талшығы арқылы еркін 
қозғалады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың көпшілігі 
зооспоралармен көбеймей, қозғалмайтын қалың қабығы бар 
споралар арқылы көбейеді. Мұндай споралар, спорангии 
сағағы деп аталатын ерекше мийелийлердің ұшынан дамитын 
спорангийлердің ішінде өседі.Экзогендік спораларды 
конидия деп атайды. Бұлар моншақ 
тәр
ізді тізбектеліп келіп, 
ерекше тарамдалған конидия сағағы деп аталатын 
мицелийлердің ұштарында дамиды. Саңырауқұлақтарды 
конидиялардың пішіндерінің 
ә
р түрлі болуына 
жә
не олардың 
ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен ажыратады. Жыныссызға 
қарағанда, жынысты көбею
әр
түрлі болып келеді. Қарапайым 
саңырауқұлақтар хологамия, изогамия ж
ән
е гетерогамия 
жолдарымен көбейсе құрылысы күрделілерді оогамия ж
ән
е 
тіркеспелі балдырлардың коньюгациясы сияқты, зигогамиялы 
жолмен 
де 
көбейеді. 
Барлық 
төменгі 
сатыдағы 
саңырауқұлақтарда зигота біраз уақыт тыныштық күйде 
болады. Ол өсер алдында редукциялы бөлінеді. Зиготадан не 
зооспорангииі, не спорангиі, не конидиялары бар қысқа 
гифалар түзіледі, олардың 
әр
қайсысынан өздеріне 
тән
споралар піседі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың 


44 
барлық тіршілік жағдайы гаплоидты, ал диплоидты болып тек 
зигота есептеледі [25]. 
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың көбісі жеке 
гаметангияларға бөлінбеген, сыртқы құрылысы жағынан 
әр
түрлі жыныс органдарының ұрықтануы қозғалмайтын 
спермациялар арқылы болады. Олар несекомдармен немесе 
ауаның 
ағынымен 
таралады. 
Жоғары 
сатыдағы 
саңырауқұлақтардың біраз түрлерінде нағыз жыныс 
процесінің жойылғаны байқалады. Ұрықтану көпшілік 
жағдайда бір вегетативтік клетканың протопласты екінші бір 
жасушаға жылжып барып құйылуы, яғни соматогамия 
арқылы болады. Мұнда ядролар бір-біріне бірден 
қосылмайды, олар тек жұп-жұбымен жақындасып, дикарион 
түзіледі. Содан кейін 
әр
түрлі жынысты ядролар бір-бірмен 
қосылып, диплоидты ядро - кариогамияға ауысады. Ядролар 
жынысты жолмен қосылғаннан кейін, тыныштық кезеңінен 
өтпей-ақ, редукциялы жолмен бөлініп, гаплоидты жынысты 
көбею спорасына айналады. Сонымен көпшілік жоғары 
сатыдағы саңырауқұлақтардың даму циклында гаплоидты, 
дикарионды 
жән
е диплоидты үш фаза алмасып отырады. 
Диплоидты фаза аз уақыт, ал гаплоидты ж
әне
дикарионды 
фазалардың ұзақтығы саңырауқұлақ топтарына байланысты 
әр
түрлі болады.Жыныс процесінің н
әти
жесінде пайда болған 
споралар 
біреулерінде 
эндогенді 
жолмен 
ерекше 
қалталарының ішінде 8-ден түзілсе, екінші біреулерінде 
базидия деп аталатын жасушалардың үстінде 4-тен экзогенді 
споралар түзеді. Эндогендік спораларды аскоспора, ал 
экзогендік спораларды базидиоспоралар деп атайды. 
Жынысты ж
ән
е жыныссыз көбеюлер саңырауқұлақтардың 
даму циклында заңды түрде ауысып отырады да, жынысты 
көбею 
арқылы 
даму 
циклы 
аяқталады. 
Біраз 
саңырауқұлақтарда бір-бірінен айырмашылықтары бар 
бірнеше жыныссыз спора түзу органдары болады. Ондай 
саңырауқұлақтар спора түзу кезінде сыртқы түрін өзгертіп 
жібереді, егер оның генетикалық байлынысын білмесе, оны 
басқа саңырауқұлақ деп ойлауға болады. Сөйтіп, 
саңырауқұлақтардың плеоморфизмдік қасиетінің бар екендігі, 


45 
яғни бір түрге жататын өсімдіктің 
ә
р түрлі болып пішінін 
өзгерте алатына байқалады. Саңырауқұлақтар хлорофилі 
болмағандықтан сапрофитті, не паразитті жолмен тіршілік 
етеді. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі субстраттар мен 
органикалық 
қалдықтарға 
шоғырланады. 
Паразитті 
саңырауқұлақтар кейбір пішімдері де табиғатта кең таралған. 
Олар көбінесе шірінтінділерде көп кездеседі ж
ә
не тірі 
ағзалардың өмірімен байланыста болып, ол қашан иесі 
тіршілігін жойып, қурап біткенге дейін онымен бірге тіршілік 
ете береді. Саңырауқұлақтардың өсіп-өнуі үшін, қолайлы 
ылғалды субстрат қажет. Субстраттың ылғалды болуы 
мицелийдің түзілуіне, ал құрғақ болуы – спора құру 
органдарының өсіп дамуына себеп тигізеді. Олардың 
көпшілігі оптималды температураны +20-250С, ең төменгі 
+1-50 
температураны 
да 
жақсы 
көтереді. 
Біраз 
саңырауқұлақтарда бір-бірінен айырмашылықтары бар 
бірнеше жыныссыз спора түзу органдары болады. Ондай 
саңырауқұлақтар спора түзу кезінде сыртқы түрін өзгертіп 
жібереді, егер оның генетикалық байланысын білмесе, оны 
басқа саңырауқұлақ деп ойлауға болады. Ертеде мұндай 
әр
түрлі жаныссыз көбею органы бар саңырауқұлақты 
әр
түрге, тіпті кейде 
әр
туысқа жатқызған. Сөйтіп, 
саңырауқұлақтардың плеоморфизмдік қасиетінің бар екені, 
яғни бір түрге жататын өсімдіктің 
ә
р түрлі болып пішінін 
өзгерте алатыны байқалады. 
Жоғарыда 
айтып 
кеткендей, 
клавициалды 
саңырауқұлақтар 
қалталы 
саңырауқұлақтар 
класына 
жатқызылады. Бұлардың басты ерекшелігі - көп жасушалы 
мицелийдің ж
ән
е жыныс процесінің н
әти
жесінде түзілетін 
қалталарының (аскаларының) болуында. Олардың ішінде 
қалыпты жағдайда 8 эндогенді спора түзіледі, оларды 
аскоспоралар деп атайды. Аскомицеттердің жынысты 
көбеюімен бірге конидиялар арқылы жыныссыз көбею де көп 
таралған [26]. Мұнда конидия споралары экзогенді жағдайда 
конидия сағағының үстінде түзіледі. Жыныссыз процесс 
қалталы саңырауқұлақтарда көбеюдің негізгі 
тәс
ілі болып 
есептеледі, оның себебі жынысты қалта құру процесі даму 


46 
циклінің аяғында, қолайсыз жағдайлар туғанда ғана 
болады.Мицелийлері көп түрлерінде субстраттың ішіне еніп 
жатады, ал оның үстінде спора тасушы органдары түзіледі. 
Конидиялар субстарттың бетінде ұлпа, қатпар, нүкте, дақ 
ж
ән
е басқа пішінді болып келеді. Кейбір түрлерінде қалталы 
спора тасушы органдар шашылып жатса, ал көбісінде - 
ә
р 
түрлі пішіні бар жемісті дене түрінде болады. Жыныс процесі 
әр
түрлі топтарда, тіпті бір топтың өз ішінде де 
ә
р түрлі 
жағдайда өтеді. Мұнда мицелийлердің 2 жасушасы қосылады, 
сөйтіп ядролары бірігіп зигота түзіледі. Ол тыныштық күйге 
көшпей-ақ қосылған ядро редукциялы жолмен 3 рет бөлініп, 
гаплоиды 8 ядро түзеді. Ядроның айналасындағы 
протоплазмалардың бір бөлімі қатайып спора қабығында, ал 
зигота қабығы қалтаға айналады. Сөйтіп, гаплоидты ядродан 
қалталы 8 аскоспора түзіледі. Бұл жағдайда зиготадан бір 
ғана қалта дамиды. Мұнда геметаларға бөлінбеген екі жыныс 
органдарының жасуша ішіндегі заттары бір-біріне құйылады. 
Жыныс органдары дамыған мицелийлердің бір бөлімі оның 
айналасына тоқылып жеміс денесінің тканін түзеді, одан 
пішіні 
әр
түрлі жеміс денесі өсіп жетіледі. Сөйтіп, олардың 
жемісті денесі мицелийдің үстінде немесе строма деп 
аталатын тығыздалып өрімделген гифалардың ішінде 
дамиды. Клавициалды саңырауқұлақтар табиғатта кеңінен 
таралған. Ботаника ғылымының қалыптасуыннан-ақ бастап 
бұл саңырауқұлақтар ботаниктер мен энтомологтар сияқты 
зерттеушілердің көмегімен ажыратылды. Орманға барғанда 
қалпақшалы саңырауқұлақтардың белгілі бір ағаштардың 
түбінде өсіп тұрғанын байқаймыз. Мысалы ақ саңырауқұлақ 
тек қайың, қарағай, шырша маңында өссе, көктерек 
саңырауқұлағы көктеректің түбінде, арышқұлақтар қарағай 
мен шырша ормандарында өседі. Бұл жай кездейсоқтық емес. 
Көптеген 
қалпақшалы 
саңырауқұлақтар 
ағштардың 
тамырымен 
селбесіп, 
микориза 
(грекше"микос" 

саңырауқұлақ, "ризос" - тамыры) түзеді. Саңырауқұлақтың 
жіпшелері ағаштың тамырын айнала қоршап алады. Осындай 
екі ағзаның пайдалы селбесуін (селбесу) дейді. Тамырында 
микоризасы жоқ ағаштар өте баяу дамып, түрлі аурулармен 


47 
тез зақымданады. Қалпақшалы саңырауқұлақтар спора 
арқылы көбейеді. Споралары өте майда ж
ә
не ол 
қалпақшаларының астында жетіледі. Олар ауа толқыны, жел 
арқылы ұшып таралады. Саңырауқұлақтардың споралары 
суыққа, құрғақшылыққа өте төзімді. Топырақта бірнеше 
ондаған жылдар бойы өнгіштігін жоғалтпай сақталады. 
Қолайлы жағдайд
а әр
бір спорадан жіпшелер өседі. Жіпшелері 
ұзарып, тарамдалып, жіпшумаққа айналады. Жіпшумақтардан 
жемісті дене жетіледі. Саңырауқұлақтар тайгада, тундрада, 
далалы жерлерде, тау ормандарында, шалғындықта, батпақта, 
қоймаларда, құрылыстарда кездеседі [27]. Сөйтіп табиғатта 
зат айналымына қатысады. Бактериялар мен топырақта 
болатын басқа да майда саңырауқұлақтар бірлесіп, өсімдіктер 
мен жануарлардың, саңырауқұлақ қалдықтарын (өсімдіктің 
құраған бөліктері, жануарлардың, майда бунақденелілердің 
өлекселері) ыдыратып, шірітеді. Сөйтіп топырақты ағзалық 
заттармен байытып, құнарлылығын арттырады. Өсімдіктер 
мен жануарлардың қалдықтары ыдырамай, өңделмей, 
топырақта жата берсе, 
әр
түрлі жұқпалы аурулардың 
таралуына себепші болар еді. Саңырауқұлақтардың 
қалдықтарды ыдыратуы топырақтың тазаруына, аурулардың 
таралмауына көп пайдасын тигізеді. Қалың ағашты 
ормандардың жапырақтары жыл сайын жаппай түсетіні 
белгілі. 
Ағаштардың 
түбінде 
өсетін 
қалпақшалы 
саңырауқұлақтар 
жапырақтарды 
ыдыратып, 
оларды 
бактериялар қара топыраққа айналдырады. Сондықтан орман 
арасындағы топырақтың құрамы өсімдіктерге қажетті 
минералды тұздарға өте бай болады. Саңырауқұлақтардың 
құрамы ферменттерге бай. Ферменттерді 
әр
түрлі салаға 
пайдаланады, олар: жеміс шырынының түсін өзгертеді; 
шикізаттарды (мал азығын, қағаз қалдықтарын) өңдейді; 
н
әр
уыздарды, крахмалды сүйылтады. Зең саңырауқұлағынан 
пенициллин антибиотигі алынады. Аспергилден лимон 
қышқылы өндіріліп, медицинада, өнерк
әсіп
те кеңінен 
қолданылады.Жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақтар 
мен ашытқы саңырауқұлақтары тағамға пайдаланылады. 
Тутанхомон фараонының қорымын ашуға қатысқан 21 адам 


48 
аспергилл 
саңырауқұлағының 
споралары 
өкпені 
зақымдағандықтан, өмірден озды. Оны кейін басқа египет 
қорымдарындағы адам мүдделеріне қаптал өскен аспергилдер 
арқылы анықтаған. 
Саңырауқұлақтар 
мен 
бактериялар 
топырақ 
құрамындағы кейбір зиянды бактериялардың көбейіп 
кетпеуіне ықпал етеді. Өздерікен арнайы зат бөліп, зиянды 
бактериялардың өсуін тежейді. Оларды антибиотиктер деп 
атайды. Ондай антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін 
стрептомицин, тетрациклин ж
ән
е саңырауқұлақтардан 
алынатын пенициллин жатады. Бұл антибиотиктерді 
өндірісте жасанды жолмен алу жолға қойылған. Адам баласы 
бұл д
әр
ілерді күнделікті пайдаланады. Соңғы кезде 
медицинада жүректі, бүйректі операция жасап ауыстырғанда 
пайдаланылатын д
әр
іні топырақтағы саңырауқұлақтан бөліп 
алды. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат - гибереллин, 
зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын боверинде 
саңырауқұлақтардан алынады. Саңырауқұлақтардың пайдалы 
жақтары толық анықтауды қажет етеді.Жылдан - жылға 
халық саны өсіп келеді. Адам баласын тағаммен қамтамасыз 
ету 

кезек 
күттірмейтін 
м
әсел
е. 
Сондықтан 
саңырауқұлақтарды тек д
әр
і алу үшін ғана емес, тамаққа 
пайдалану үшін де қолдан өсіреді. Арнайы орындарда 
қарашірік топыраққа жылқы тезегін қосып, қозықұйрықтың 
спораларын себеді. Сонда ғана ол ұзақ жылдар түсім береді. 
Қазір 70 елде қозықұйрық, жазғы түбіртек егу жолға 
қойылған. Одан жылына 14 млрд доллар қосымша табыс 
түседі. Қазақстанда да қозықұйрық пен жазғы түбіртекті 
қолдан өсіру жүзеге асырылуда. Саңырауқұлақтар табиғатта 
зат айналымына қатысады, 
әр
түрлі қалдықтарды ыдыратып, 
шірітіп топырақ құнарлылығын арттырады. Сондай-ақ қауіпті 
аурулардың 
таралмауына 
пайдасын 
тигізеді. 
Саңырауқұлақтардың құрамы ферментке бай. Жеуге жарамды 
саңырауқұлақтар құрамында 80-90% су, 2-4%-ға жуық 
н
әр
уыз, 1%-ға жуық май болады. Демек олар тағамға 
пайдаланылады. Өте қажетті д
әр
і өндіруде де маңызы зор 
[28]. Зиянды бактериялардың өсуін тежейтін д
әр
ілер 


49 
антибиотиктер деп аталады. Саңырауқұлақтардан өсімдікті 
тез өсіретін белсенді зат гибереллин алынады. Қыналар соңғы 
уақытқа дейін төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатқызылып 
келді. Алайда олардың құрылысы ж
ән
е тіршілік 
әр
екеті 
ерекше болғандықтан, соңғы кезде саңырауқұлақтар 
дүниесінің бөлімі ретінде өз алдына жеке қарастырылатын 
болды. Қыналар - денесі екі құрамбөліктен (балдыр ж
ән
е 
саңырауқұлақ) құралған, селбесіп тіршілік ететін ағзалар 
тобы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет