Бел омыртқалары - vertebrae lumbalis.
Өте жақсы жетілген көлденең, буын, біркелкі дамыған жоталық өсінділері және денесінде тегіс келген басы мен шұңқыры болады. Бұл құрылыс белінің беріктігі мен қозғалмалылығын қамтамасыз етеді. Ірі қара малда -6, жылқыларда 5-6, шошқаларда 5-7 және иттерде -7 бел омыртқасы бар. Бел бөлімінде қабырғалар қысқартылған және олардың дорсальды ұштары көлденең өсіндісімен тұтас болып келеді.
Сурет-6. Бел омыртқасы. А – жылқы, Б – ірі қара мал; В – шошқа, Г – ит. 1 – білікті өсінді, 2 – көлденең қабырға өсіндісі, 3 – краниальды және 4 – каудальды буын өсіндісі, 5 – емізікше өсіндісі, 6 – қосымша өсіндік.
Ерекшеліктері: жылқыларда бірінші омыртқаның денесі үш қырлы және онда вентральды жотасы орналасқан, қылтықты өсіндісінің биіктігі енінен гөрі аса түседі. Шошқалардың қраниальды буынды өсіндісіндегі өсінділер емізікше, ал каудальдыда олар цилиндр тәріздес. Мұнда ветральды жоталар да бар. Көлденең өсінділер доға тәріздес, негіздемесінде дорсо-вентральды тесіктері бар. Иттерде буынды өсінділердегі өсінділер тегіс. Каудальды буын өсіндінің қасында қосымша өсінді -processus accessorius орналасқан. Омыртқа денесіндегі вентральды жотасы жоқ. Қылтықты өсінділері ұзын.
Құйымшақ омыртқалары.
Құйымшақ омыртқасы - vertebrae sacralis - бір-бірімен бірігіп құйымшақ сүйекті - os sacrum түзеді. Сиыр мен жылқыда құйымшақ сүйегі 5 омыртқаны түзеді, шошқаларда – 4, иттерде – 3. Құйымшақ сүйегіндегі қылтықты өсінділері -processus spinosus құйымшақ жотасымен - crista sacralis бірге бірігеді, ал доға аралық шұңқыр - foramen interacularis тек жылқыларда ғана болады. Көлденең – қабырғалы өсінділер шетпен бірге тұтасып, құйымшақ сүйегінің қанатын - ala ossis sacri құрайды. Қанатта құлақша тәріздес буын беттері -facies auricularis орналасқан, ол жамбаспен мүшелену үшін қызметін атқарады. Құйымшақ сүйегінің вентральды беті ішке қарай иілген. Ал омыртқа аралық шұңқыры дорсальды және вентральды тесіктер - foramen dorsalis, foramen ventralis қатарына айналды. Құйымшақ сүйегіндегі жота негізінің краниальды ұшында құйымшақ сүйегінің басы - caput vertebrae және сол бастың шеттерінен краниальды буын өсінділері - processus articularis cranialis мен каудальды ұшында каудальды буын өсінділері - processus articularis caudalis орналасқан.
Сурет-7. Құйымшақ омыртқасы. А – жылқы; Б – ит; В – ірі қара мал; Г – шошқа. 1 – омыртқа басы, 2 – буын өсінділері, 3 – орталық жота, 4 – шеткі бөлімі, 4 1 - қаңаттары, 5 – құлақша беті, 6 – дорсальды құйымшақ тесіктері, 7 – бүйірлік құйымшақ жотасы, 8 –краниальды буынды өсінді.
Ерекшеліктері:жылқыларда үстіндегі қылтықты өсінділер бірге оңашаланып орналасқан, бос ұштары жуан, кейбір кезде екіге бөлінген. Құйымшақ сүйегінің қанаттары үш қырлы пирамида тәріздес болып келеді. Краниальды буын өсінділері жақсы дамыған. Шошқаларда қылтықты өсінділері жоқ, доға аралық тесігі үлкен. Құйымшақ омыртқасы жарты жыл жасында бірге тұтасып өсіп кетеді. Иттерде қылтықты өсінділері сүйектің негізінде бірге қосылып тұтастанады. 6 ай жасында омыртқалары бірге тұтасып өсіп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |