Қабырға - costa.
Қабырғаның екі ұшын айырады, үстіңгі , оны вертебральды дейді, яғни омыртқамен байланысқан, екінші ұшы стернальды, кеудемен қосылған. Сиырларда қабырға саны 13 жұп, жылқыларда 17,18,19, шошқаларда 14-17, иттерде 13 жұп айырады. Нағыз және жалған қабырға деп ажыратады. Нағыз қабырғалар төс сүйектің шеміршегімен жалғасады. Жалған қабырғалар төс сүйекке дейін жетпейді, олар алдыңда орналасқан қабырға шеміршектерімен қосылады да, соңында ақтық қабырғамен қабырға доғасын түзеді - arcus costarum. Сиырларда нағыз қабырғалар – 8, жалған – 5 болып келеді.
Омыртқа соңында қабырғаның басы орналасқан - capitulum costae, бастан әрі қарай қабырғаның төмпешегі - tuberculum costae орналасқан. Бастан төмен қабырға мойыны -collum costae. Төмпешектің артына қарай қабырғаның бұрышы -angulus costae шығып тұр. Қабырғаның денесі – corpuлы сай s costales. Қабырғаның алдыңғы шетінде, сыртында - бұлшықты сай sulcus muscularis орналасқан. Артқы шеті бойынша, яғни қабырғаның ішкі жағында тамырлы сай - sulcus vascularis орналасқан. Бұл тамыр мен жүйке-жүйенің өтуіне қарай орналасқан. Қабырға шеміршектері - cartilagines costarum қабырғамен жанасу үшін үсті буынды болып келеді.
Сурет-3. Қабырғалар. І – сиырда; ІІ – жылқыда; ІІІ – қабырғаның омыртқа ұшы; 1 – қабырғаның басы, 2 – қабырғаның төмпешігі, 3 – қабырғаның мойыны, 4 – қабырғаның бұрышы, 5 – қабырғаның денесі, 6 – буынды емізік, 7 – бұлшықетті емізік.
Төс сүйек немесе төс - sternum.
Сиырларда төс сүйек 7 сүйек сегментінен тұрады, онда тұтқа, денесі мен семсерше өсіндісін ажыратады. Төс сүйек тұтқасы -manubrium sterni қабырға шеміршектерінің бірінші жұбы үшін екі шұңқыры бар. Төс сүйек денесі - corpus sterni. Төс сүйектің екі шетінде 7 жұпты буынды шұңқыр - foveae articularis costales орналасқан. Семсерше өсіндісі - processus xiphoidea семсерше шеміршекпен аяқталады.
Сурет-4. Төс сүйегі. І – сиырда; ІІ – шошқада; ІІІ – жылқыда; IV – итте; 1 – төс сүйегінің тұтқасы, 2 – төс сүйегінің денесі; 3 – қылыш тәріздес өсінді; 4 – қылыш тәріздес сіңір.
IV Бақылау сұрақтары:
1. Кеуде қуысы дегеніміз не және ол қандай сүйектерден құралады.
2. Кеуде бөлімінің сегменті деп нені түсінесіз және оған қандай сүйектер кіреді.
3. Әртүрлі үй жануарларының көкірек омыртқалары мен қабырғаларының саны неше?
4. Көкірек омыртқасының элементтерін көрсету мен атау?
5. Нағыз және жалған қабырға деп оны қалай түсінесіз?
6. Төс сүйектің құрылысы.
№3 САБАҚ
Тақырыбы: Үй жануарларының біліктік қаңқасын игеру.
I. Сабақтың мақсаты:
1. Қаңқада мойын омыртқаларын оқып зерттеу.
2. Ең маңыздысы әртүрлі жануарларда мойын омыртқасының құрылыстарының ерекшеліктерін оқып-зерттеу.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Сиыр, қой, шошқа, жылқы және ит қаңқалары
2. Әртүрлі жануарлардың мойын бөлімінің омыртқалары
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары.
Барлық жануарлардың мойын омыртқалары – 7. Өзінің құрылысы бойынша мойын омыртқалары - vertebrae cervicaies – бірдей емес.
3,4,5 мойын омыртқалары бір-бірімен өзара ұқсас. Қалған мойын омыртқалары, яғни бірінші мен екінші көптеген ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Ортаңғы мойын омыртқалары өздерінің құрылыстары бойынша әбден кәдімгі. Олардың денелері қысқа және омыртқа мойыны жақсы дамыған. Краниальды және каудальды буын өсінділері жақсы дамыған. Жылқылардың мойын омыртқалары ерекшеленеді: денелері ұзын келген, басы ірілеу және шұңқыры терең, ал қылтықты өсіндісі нашар дамыған; шошқаларда оның денесі қысқа және қылтықты өсіндісі ұзын келеді, қабырға өсіндісі көлденең келген, ал вентральді жотасы мүлдем жоқ; иттерде каудальды буынды өсіндісінде қосымша өсінділері жақсы дамыған.
Алтыншы және жетінші мойын омыртқалары типтік мойын омыртқаларынан ерекшеленеді. Алтыншы мойын омыртқасының вентральды пластинасы шомбал, көлденең - қабырғалы ойысы үлкен, ал вентральды жотасы жоқ және басқа мойын омыртқаларға қарағанда мұндағы қылтықты өсіндісі өте жақсы дамыған.
Жетінші мойын омыртқасы біркелкі көлденең өсіндісімен ерекшеленеді және көлденең арасындағы шұңқыры жоқ. Шұңқырдың екі шетінен бірінші қабырға үшін каудальды қабырғалы ойысы орналасқан. Қылтықты өсіндісі үлкен және басқа мойын омыртқалармен салыстырғанда мұндағы омыртқаның ойығы кең келеді.
Әртүрлі үй жануарларында алтыншы және жетінші мойын омыртқаларының арасындағы ерекшелік мәнсіз.
Бірінші мойын омыртқасы - атлант – atlas, бастың қимылдауына үлкен мән береді, басқа мойын омыртқаларынан өте ерекшеленеді. Атлантта дорсальды - arcus dorsalis және вентральды - arcus ventralis доғалар орналасқан.. Дорсальды доғада дорсальды төмпешік - tuberculum dorsales, ал вентральды доғада - вентральды төмпешік– tuberculum ventrales орналасқан. Олардың мақсаты бұлшық етті бекітіп, ұстау. Атлантта көлденең өсінділері шомбал келген, түзу қанаттарды - alae atlantis құрады. Атланттың қанаттарында екі жұп тесік - foramen alares бар, ол қанатты шұңқырға ашылады, осы омыртқа аралық шұңқыр - foramen intervertebrales омыртқаның шұңқырының бастамасы болып келеді. Атлант қанатының краниальды шетінде краниальды буын ойыстары - fossa articularis cranialis орналасқан, ол шүйде сүйегінің бұлшық етімен жалғасу үшін өз қызметін атқарады. Екінші мойын омыртқасымен жалғасу мақсатында, қанаттың каудальды ұшында шығып тұрған каудальды буын беті -facies articulares caudales орналасқан.
Ерекшеліктері: Жылқыларда қанаттары жалпақ, жұқа, ал шеттері жуан және төменге қарай иілген. Қанатта омыртқа аралық, қанат тәріздес, көлденең аралық шұңқыр орналасқан. Шошқалардың атлантында үш шұңқыр бар, олар: қанат тәріздес, омыртқа аралық және көлденең аралық. Иттерде атлант қанаттары горизонтальды, жұқа, түзу, қанатты ойыстары жаман дамыған, қанатты шұңқыры алдыңғы қанатының шетінде ойыс құрайды, ал көлденең аралық шұңқыры жақсы көрінген.
Екінші мойын омыртқасы – білікті (остік) немесе эпистрофей - ахis (epistropheus). Омыртқа басының орнына, ол тісше тәріздес өсінділерімен - dens ерекшеленеді, қылтықты өсінділердің орнында жота –crista орналасқан, сонымен қатар негіздемеде әлсіз көлденең - қабырғалы өсінділерінде көлденең тесіктерін -foramen transversarium көруге болады.Көлденең өсіндінің алдында омыртқа аралық шұңқыр ашылады, краниальды буын өсінділері өте мықты және олар тісше өсінділерінің шетінде мен артында орналасады.
IV. Бақылау сұрақтар:
1.Үй жануарларында қанша мойын омыртқалары бар және мойын ұзындығына байланысты ма?
2. Басқа омыртқа бөлімдерінен мойын омыртқалары немен ерекшеленеді?
3. Бірінші мойын омыртқасы басқа мойын омыртқаларынан немен ерекшеленеді?
4. Екінші мойын омыртқасы басқа қалған мойын омыртқаларынан немен ерекшеленеді?
5. 3,4,5 мойын омыртқалары жөнінде не айтуға болады?
6. 6 және 7 мойын омыртқалары басқа мойын омыртқалар бөлімдерінен немен ерекшеленеді.
7.Әртүрлі үй жануарларының мойын омыртқаларының ерекшеліктерін ата?
Сурет-5. Мойын омыртқасының құрылыс (И.П.Осипов бойынша). А – ірі қара мал; Б – жылқы; В – шошқа. 1 – атлант қаңаты, 2 – вентральды төмпешік; 3 – көлденең аралық тесігі, 4 – омыртқа аралық тісігі, 5 – қанатша тесігі, 6 – дорсальды төмпешік, 7 – эпистрофейдің тісше өсіндісі, 8 – эпистрофейдің жотасы, 9 – краниальды буынды өсінді, 10 – каудальды буынды өсінді, 11 – білікті өсінді, 12 – каудальды омыртқа аралық ойындысы, 13 – қабырға аралық өсінді, 14 – каудальды қабырға ойысы, 15 – омыртқаның шұңқыры, 16 – омыртқаның басы, 17 – омыртқаның денесі.
№4 САБАҚ
Тақырыбы: Үй жануарларының біліктік қаңқасын игеру.
I. Сабақтың мақсаты: Қаңқа бетінде бел, құйымшақ және құйрық бөлімдерінің омыртқаларын көрсетіп, оқып-үйрену.
1. Ірі қара мал мен әртүрлі үй жануарлардың бел, құйымшақ және құйрық омыртқа құрылыстарының ең маңызды ерекшеліктерін оқып-зерттеу.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Сиыр, қой, шошқа, жылқы және ит қаңқалары
2. Әртүрлі жануарлардың бел, құйымшақ және құйрық бөлімінің омыртқалары.
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |