Алдыңғы жіліншік - ossa metacarpi .Сиырда үш сүйек бар: екі жақын орналасқан, ал үшіншісі қосымша болып келеді. Тізе сүйектері үшін жіліншіктің проксимальды ұшында тегіс буынды беті орналасқан fades articularis. Дистальды соңы кеңейтілген және екі буында блокқа - trochleae articularis ие.
Бақай сүйектері - ossa digitorum үш бөліктен тұрады: 1 бөлік немесе прксимальды- phalanx prima - тұсамыс сүйек, 2 бөлік немесе ортаңғы (медиалды) -phalanx secunda - топай сүйек және 3 бөлік немесе - phalanx tertia – тұяқ сүйек деп аталады. Барлық осы үш сүйек жіліншікпен қосылып буынның үш саусақ сүйегін құрайды.
Ерекшеліктері: Жылқыларда тізе сүйегі негізгі сүйек болып келеді, және 2 мен 4-шіні рудемент түрінде грифельді деп атайды. Шошқаларда төрт жіліншік, екі артқы жіліншіктері қысқа және бақай сүйектерімен салыстырып алғанда дамуы нашар. Жылқыларда тек үшінші саусағы дамыған, екіншісі түтікше сүйек түрінде және ені биіктігінен гөрі үлкен. Үшінші саусақ немесе бөлімі – қысқа сүйек түрінде болып келеді. Шошқаларда төрт саусақтары жақсы дамыған, олардың екі саусағы жерге батып, ал екеуі салбырап тұрады. Барлық саусақтар үш бөлімнен тұрады, сыртынан қарағанда сиырдың тұяғына ұқсас. Иттерде II, III, IV және V саусақтары жақсы дамыған және олар ұш бөлімнен тұрады.
IV. Бақылау сұрақтар:
1. Алдыңғы аяқ қаңқасындағы білек қаңқасының орналасуы?
2. Қаңдай сүйектерден білек қаңқасы тұрады?
3. Білек қаңқасының проксимальды соңында қандай буын және қандай сүйек қалыптасады?
4. Дистальды эпифизде орналасқан шынтақ өсіндісін латын терминің қолданып атаңыз.
5. Орыс және латын тілінде кәрі жілік және шынтақ сүйегін атаңыз.
6. Алдыңғы жіліншікке орыс және латын тілінде сипаттама беріңіз.
7. Тізе сүйегін орыс және латын тілінде атап беріңіз.
8. Бақайдың сүйегі мен буының атап беріңіз.
9. Ірі қара малдың бақай сүйектері басқа үй жануарлардың бақай сүйектерінен немен ерекшеленеді.
№13 САБАҚ
Тақырыбы: Шеткі қаңқа. Артқы аяқ қаңқасы
I. Сабақтың мақсаты: Артқы аяқ қаңқасының құрылысын оқып-зерттеу.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Ірі қара мал мен басқа үй жануарларының артқы аяқ қаңқасын оқып-зерттеу.
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары.
Артқы аяқ қаңқасы – жамбас белдеуі мен еркін қозғалатын сүйектердің заңдылықпен байланысқан жиынтығы. Өз кезегінде жамбас белдеуі – жамбастан, ал еркін қозғалатын бөлім ортан жілік, тобық, сирақ және аяқ басы сүйектерінен (тілерсек, артқы жіліншік және бақай сүйектері) құралған.
Жамбас белдеуі - pelvis – қос жамбас сүйектен тұрады. Бұл сүйектер құйымшақпен байланысып жамбас қуысын түзеді.
Жамбас сүйегі - ossa coxae - мықын, шат және шонданай сүйектерінен тұрады. Мықын сүйегі - os ilium- денеден құралған - corpus ossis ilii. Қанаттың бетінде бөксе беті - facies glutaea орналасқан. Мықын сүйектің латеральды бағытта сербекке - tuder coxae. Оның үстінде құлақша тәріздес беті - facies auricularis, ал медиальды бағытта құйымшақ төмпегіне - tuber sacrale барып жалғасады. Сербек пен құйымшақ төмпегі арасында мықын сүйегінің жотасы - crista ossis ilii орналасқан. Құйымшақ төмпегінің астында құйымшақ - жамбас бетінің мүшеленуін көруге болады.
Шонданай сүйегі -os ischii- каудальды орналасқан. Ол денеден - corpus ischii, білік – spina ischii, кішкентай шонданай ойындысынан - incisura ishiadica minor, шонданай төмпешіктерінен (үшеу) - tuber ischiadica isсhii және соңғы екі төмпешіктің ортасында орналасқан шонданай жотасынан - crista ischiadica ischii тұрады. Шонданай доғасы - arcus ischiadica. Жабқыш тесік - foramen obturatorium. Осы тесіктің айналасы тігін бұтағымен - ramus symphyseus қоршалған, ұршық бұтағы - ramus acetabularis, буын ойығы - articulatio acetabulum.
Шат сүйегі - os pubis – шат сүйегі шонданай сүйегімен бірге тұтасын тұтасқан жамбас түзеді - sumphysis. Шат сүйегі екі бұтақтан тұрады: Ұршық бұтағы - ramus acetabularis, тігін бұтағы - ramus symphyseus. Шат төмпешігі - tuber pubis мен шат жотасын - crista pubis.
Сурет-17. Жамбас сүйегі. А-Б – ірі қара мал, В – қой, Г – шошқа, Д – жылқы, Е – ит (Б – сол жағынан көрініс, ал қалғандары дорсальды жағынан). 1 – мықын сүйегінің денесі, 2 – шат сүйегі, 3 - шондаанй сүйегінің деенсі, 4 – мықын сүйегінің қанаты, 5 – сербек, 6 – құйымшақ төмпешігі, 7 – бөксе сызығы, 8 – шонданай білігі, 9 – үлкен шонданай ойығы, 10 – буынды ұршық ойысы, 11 – кіші шонданай ойығы, 12 – жабық тесік, 13 – шонданай төмпешігі, 14 - шонданай пластинасы, 15 – шонданай доғасы, 16 – шонданай сүйегінің бұтағы, 17 – шат сүйегінің бұтағы, 18 – шат жотасы, 19 – мықын-шат дөңесі, 20 – шат төмпешігі, одан каудальды бетінде бөксе тігіні орналасқан.
IV Бақылау сұрақтары.
1. Қаңдай екі сүйектен жамбас белдеуі тұрады. Орыс және латын атауын атаңыз.
2. Қандай жұп сүйегінен, немесе оң не сол сүйегінен жамбас белдеуі тұрады.
3. Жамбастың буын ойығы қандай сүйектердің арқасында түзіледі.
4. Жамбастың каудальды не краниальды жағын қандай әдіспен анықтауға болады:
5. Жабқыш тесік қандай бұтақпен құралған?
6. Орыс және латын тілінде үш сүйектің құрылу элементтерін атаңыз.
№14 САБАҚ
Тақырыбы: Шеткі қаңқа. Артқы аяқ қаңқасы
I. Сабақтың мақсаты: Артқы аяқ қаңқасында ортан жілік, сирақ және артқы аяқ басының қаңқасын оқып-зерттеу.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Ірі қара мал мен басқа үй жануарларының ортан жілігі, сирақ пен артқы аяқ басының қаңқасын оқып-зерттеу.
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары.
Ортан жілік - os femoris – сиырларда ең үлкен іші қуыс түтікті сүйек болып келеді. Проксимальды ұшында ортан жіліктің басы -caput femoris, ал оның үстінде жақсы байлам үшін кішкентай шұңқыр - fovea capitis орналасқан. Бастан латеральды бағытта үлкен ұршық - trochanter major, орташа ұршық -trochanter media, үшінші ұршық - trochanter tertius (көбінесе жылқыларда кездеседі). Кішкентай ұршықтың - trochanter tertius ішінде ұршықты шұңқыр орналасқан. Ортан жілік денесінің дистальды бағытында тегіс плантарлы шұңқыр - fossa plantaris көрінеді. Дистальды эпифизде: блок – trochlea, оның ішінде сай – sulcus мен жота –crista ажыратады. Осы арқылы тобық сырғанйды. Екінші жағында, латеральды айдаршық - condylus lateralis, медиальды айдаршық - condylus medialis, латеральды айдаршық үсті - epicondylus lateralis, медиальды айдаршық үсті - epicongylus medialis.Айдаршық аралық шұңқыр - fossa intercondyloidea. Төменгі жағында блок пен айдаршық арасында екі шұңқыр орналасқан: тобықасты бұлшығы - fossa musculus poplitei және жазғыш шұңқыры - fossa extensoria. Байлау шұңқыры - fosse ligarnentum.
Ерекшеліктері: Жылқылардың ортан жіліктің басында кішкентай шұңқырдың орнынан үлкен үшбұрышты ойық орналасқан. Үлкен ұршықта ойық орташа ұршықты ерекшелейді. Шошқаларда ортан жілігі қысқа, мойыны шомбал, басы жақсы көрінген. Ірі қара малда ортан жілігі салыстырмалы алғанда қысқа. Үлкен ұршығы мен мойыны жақсы көрінген. Плантарлы шұңқыры – ұсақ келген. Иттерде ортан жілік ұзын, жұқа және майысқан. Ұзын ұршық бастан асып түспейді. Денеде плантарлы төмпешік бар.
Сурет-18. Ортан жілік. А - ит, Б – шошқа, В – сиыр, Г – жылқы (плантарлы жағынан үстіңгі қатар, дорсо-латеральды жағынан – төменгі қатар). 1 – басы, 11 - бастың шұңқыры, 2 – мойын, 3 – үлкен ұршық, 31 – орташа шұңқыр (жылқыларда), 4 – бөкселі төмпешік (жылқыларда – үшінші ұршық), 5 – кішкентай ұршық, 6 – ұршықты шұңқыр, 7 – бұдырлы беті, 8 – табан төмпешігі (жылқыларда табан ойысы), 9 – тобық асты беті, 10 – медиальды және 11 латеральды айдаршық, 12 – айдаршықаралық шұңқыр, 13 – айдаршықүстілер, 14 табан асты бұлшық еттің шұңқыры.
IV. Бақылау сұрақтары:
1 Орыс және латын тілінде ортан жіліктің шұңқырлары мен ұршықтарын атап өтіңіз?
2 Орыс және латын тілінде дистальды эпифиз облысындағы сүйектің элементтерің атап өтіңіз?
3. Орыс және латын тілінде сүйектің төменгі жағында блок пен айдаршық арасында орналасқан үш шұңқырды атап өтіңіз?
4. Әртүрлі үй жануарларының ортан жілік құрылысының ерекшеліктерін атап өтіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |