Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен


Омыртқа бағанының вентральды бұлшықеттері



бет16/17
Дата29.03.2017
өлшемі3,56 Mb.
#12581
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Омыртқа бағанының вентральды бұлшықеттері.

1. Бастың ұзын бұлшықеті - m. longus colli – мойын омыртқалары денелерінің вентральды бетінде жатады. Ол осы омыртқалардың қабырға өсінділерінен басталып, шүйде сүйегі денесінің ет төмпегіне бекиді.

2. Мойынның ұзын бұлшықеті - m. longus capitis мойын мен көкірек омыртқалары денелерінің вентральды бетінде қиғаш орналасып, екі бөлікке бөлінеді.

3. Белдің шаршы бұлшықеті - m. guadratus lumborum бел омыртқаларының көлденең қабырға өсінділерінің вентральды бетінде орналасады. Оны белдің үлкен бұлшықеті жауып жатады. Ол соңғы екі қабырғаның омыртқаларға жақын тұсының медиальды бетінен және бел омыртқалардың көлденең қабырға өсінділерінен басталады.

4. Белдің кіші бұлшықеті - m.psoas minor – белдің үлкен бұлшықетінің медиальды жағында, аттас еттер бір-бірімен жанаса орналасады. Ол соңғы 3-ші көкірек пен 4,5-ші бел омыртқаларының денелерінен басталып, мықын сүйегінің кіші бел бұлшықеті төмпегіне бекиді.
Жауырынды тұлғаға бекітетін бұлшықетер:

1. Трапеция тәрізді бұлшық ет - m. trapezius – жалпақ келген пішіні трапеция тәрізді ет. Ол бірінші мойын мен 10-11-шы көкірек омыртқалардың аралығында жатады. 3-ші көкірек омыртқасының тұсында ет мойын және көкірек бөліктеріне бөлінеді. Мойын бөлігі желкенің арқанша бөлігінен басталып, оның ет талшықтары кауда-вентральды бағытпен жауырын қырының алдыңғы жиегіне бекиді.

2. Атлантакромион бұлшықеті - m.atlantoacromialis мойынның бүйір қапталында орналасып, ауыз омыртқасы қанаты мен акромион өсіндісінің аралығында жатқан таспа пішіндес жұқа бұлшықет.

3. Ромб тәрізді бұлшық ет - m. romboideus –трапеция тәріздес бұлшықеттің астында орналасқан ұзынша келген жалпақ ет. Бұл бұлшық ет тек екі бөліктен құралған. Оның мойын бөлігі 2-ші мойын омыртқасынан 2-ші көкірек омыртқасына дейінгі, ал көкірек бөлігі3-ші мен 7-8-ші көкірек омыртқалар аралықтарында жатқан желке мен жота үсті байламынан басталып, екі бөлік те жауырын шеміршегінің медиальды бетіне келіп бекиді.

4. Вентральды тісті бұлшық ет - m. serratus ventralis мойын мен көкірек керегесінің бүйір бетінде орналасқан, желпеуіш тәрізді күшті ет. Ол мойын және кеуде бөліктерінен тұрады. Осы бөліктердің басталатын ұштары тіс тәрізді болып келгендіктен, бұлшықеттің тісті аталуы да осыған байланысты. Бұлшықеттің мойын бөлігі 4-7-шы мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінен, ал кеуде бөлігі алғашқы 8 не 9-шы қабырғалардың орта тұсынан басталып, жауырынның тісті бетіне келіп бекиді.

5. Арқаның тым жалпақ бұлшықеті - m.latissimus dorsi – көкірек керегесінің бүйір бетінде, жауырынның артында орналасқан. Өте жалпақ, үшбұрышты бұлшықет. Ол 3-ші көкірек пен соңғы бел омыртқаларының аралығынан бел-арқа шандыры арқылы басталады. Ет талшықтары кранио-вентральды бағытпен тоқпан жіліктің дөңгелек бұдырына келіп бекиді.
IV Бақылау сұрақтары :

1 Орыс және латын тілінде омыртқа бағанының вентральды бұлшықетін атау және сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз.

2. Орыс және латын тілінде алдыңғы аяқ қаңқасын тұлғаға бекітетін бұлшықеттерін атау және сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз.
21 САБАҚ

Тақырыбы: Біліктік қаңқа бұлшық еті. Көкірек бұлшық еті.

I. Сабақтың мақсаты:

1. Тыныс алу бұлшықеттерін немесе инспираторларды оқып-зерттеу және орыс және латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1. Сиырдың қаңқасы.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.

IV Бақылау сұрақтары
Көкірек бұлшық еті.

Көкірек бұлшық еттері көкірек керегесін құрайтын сүйектермен бірге көкірек қуысын түзуге қатысады. Атқаратын қызметіне қарай олар тыныс алу немесе инспираторлар және дем шығару немесе экспираторлар болып екіге бөлінеді.



Тыныс алу бұлшықеті – инспираторлар

1. Дорсальды тісті инспираторлар - m. serratus dorsalis inspiratorius – көкірек керегесінің жоғары краниальды бүйір бөлігінде жатқан жұқа жалпақ ет. Оны ромб тәрізді, вентральды тісті және арқаның тым жалпақ бұлшықеттері жауып тұрады. Ол өзінің етті тістерімен қабырғалардың омыртқалық ұштарынан басталады. Ет талшықтары кранио-дорсальды бағытпен келіп, көкірек омыртқаларының жоталық өсінділеріне бекиді.

2. Баспалдақты бұлшықеттер - m. scalenius ірі қара малда екеу. Қабырғалар мен мойын омыртқалардың аралығында орналасып, дорсальды, ортаңғы және вентральды баспалдақты бұлшықеттерге бөлінеді.

3.Көкіректің тік бұлшықеті - m. rectum thoracis – таспа пішіндес кішкентай ет. Ол алғашқы төрт қабырғаның бетінде, вентральды тісті бұлшықеттен төмен орналасқан.

4. Қабырға көтеруші бұлшықеттер - m. levatorеs costarum - қабырғалардың омыртқалық ұштары мен көкірек омыртқаларының көлденең өсінділерінің аралығында жатады.

5. Сыртқы қабырға аралық бұлшықеттер -rn intercostales externi –қабырға аралықтарында жатқан қысқа еттер. Ол қабырғалардың краниальды жиегінен басталып (2-ден соңғы қабырғаларға дейін) алдында жатқан қабырғалардың каудальды жиегіне бекиді.

6. Диафрагма немесе көкет - diaphragma.s.m.phrenicus – көкірек қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұрған жалпақ жұқа ет. Ол шеткі етті және ортаңғы сіңірлі бөліктерден тұрады. Диафрагманың етті бөлігі бекитін орындарына байланысты бел, қабырға және төс бөлімдеріне бөлінеді. Диафрагманың ет талшықтары тарамдалып орналасқан.


IV Бақылау сұрақтары:

1.Сиырдың қаңқасында инспираторлар бұлшықетін тауып және бөлек-бөлек ола қандай қызметті атқаратының айтыңыз

22 САБАҚ

Тақырыбы: Біліктік қаңқа бұлшық еті. Көкірек бұлшық еті.

I. Сабақтың мақсаты:

1. Дем шығару бұлшықеттерін немесе экспираторларды оқып-зерттеу және орыс және латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1. Сиырдың қаңқасы.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.

IV Бақылау сұрақтары
Дем шығару бұлшықеті - экспираторлар.

1. Дорсальды тісті экспираторлар - m. serratus dorsalis expiratorius – көкірек керегесінің жоғарғы каудальды бөлігінде жатқан жұқа жалпақ ет. Ол етті тістер арқылы қабырғалардың каудальды жиегінен басталады.

2. Ішкі қабырғаралық бұлшықеттер - mm. intercostales interni сыртқы қабырғаралық бұлшықеттің астында орналасады. Қабырғалардың каудальды жиегінен басталған ет талшықтары каудо-дорсальды бағытта өзінен кейінгі қабырғалардың краниальды жиегіне келіп бекиді.

3 Бел-қабырғалық бұлшықет - m. lumbocostalis соңғы қабырға мен алғашқы бел омыртқалардың көлденең өсінділерінің аралығындағы үшбұрышты кеңістікте орналасқан жалпақ ет.

4 Көкіректің көлденең бұлшықеті - m. transversus thoracis – төс сүйегінің дорсальды беті мен қабырға шеміршектерінде жатқан үшбұрышты жалпақ ет. Ет талшықтары көлденең бағытта орналасады.
IV Бақылау сұрақтары:

1.Сиырдың қаңқасында экспираторлар бұлшықетін тауып және бөлек-бөлек ола қандай қызметті атқаратының айтыңыз

23 САБАҚ

Тақырыбы: Біліктік қаңқа бұлшық еті. Құрсақ бұлшық еті.

I. Сабақтың мақсаты:

1. Құрсақ бұлшықеттерін оқып-зерттеу және оны орыс және латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1. Сиырдың қаңқасы.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.

IV Бақылау сұрақтары
Құрсақ бұлшық еті

Құрсақ қабырғасы негізінен бір-біріне тік бұрыш жасай орналасқан 3 (төменгі бөлігінде 4) қабат құрсақ бұлшықеттерінен құралған. Олар құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерді бірқалыпты жағдайда ұстап тұрады. Оларға жатады:



1. Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшықеті - m. obliguus abdominis externus – құрсақтың сыртқы қабатын құрайды. Ол өзінің жекеленген тістері арқылы қабырғалардың төс сүйегіне жақын тұсынан басталады. Ет талшықтары каудо-вентральды бағытта қиғашталып жалпақ сіңірге айналады да, құрсақғ жамбас, сан пластинкаларына бөлінеді.

2. Құрсақтың ішкі қиғаш бұлшықеті - m. obliguus abdominis intеrnus құрсақтың ортаңғы қабатын түзеді. Ол сербектен басталып, желпеуіш тәрізді болып, қабырға доғасының медиальды бетіне және соңғы қабырғаның төс сүйегіне жақын тұсына бекиді. Бұл еттің каудальды жиегінде шап өзегінің ішкі құрсақ сақинасы жатады.

3. Құрсақтың тік бұлшықеті - m. rectus abdominis – құрсақтың вентральды қабырғасына жатады. Оны сыртынан сыртқы және ішкі қиғаш еттердің сіңірлері екі жағынан жауып тұрады.

4. Құрсақтың көлденең бұлшықеті - m. transversus abdominis – құрсақтың ішкі қабатын құрайды. Ол бел омыртқаларының көлденең өсінділерінен және қабырға доғасының медиальды бетінен басталады.

5. Шап каналы мен оның маңызы.

Құрсақтың сыртқы және ішкі қиғаш еттерінің арасында шап өзегі жатады. Ол сыртқа теріасты және ішкі құрсақ сақиналарын жалғастырады.


IV Бақылау сұрақтары

1. Сиырдың қаңқасында құрсақ бұлшық еті бекітілген орның тауып, көрсетіңіз.

2. Қандай бұлшық еттердің көмегімен шап өзегі құрылады және ол не үшін қажет?
24 САБАҚ

Тақырыбы: Аяқ бұлшық еті. Алдыңғы аяқ бұлшық еті.

I. Сабақтың мақсаты:

1. Иық буынының бұлшықеттерін оқып-зерттеу және оны орыс, латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсету және алған білімді бекіту.

II. Материалмен қамтамасыздандыру.

1. Сиырдың қаңқасы – жауырын сүйегінің буыны.

III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.



IV Бақылау сұрақтары
Иық буынына әсерін тигізетін бұлшық еттер



Бұлшықеттің атауы


Жаурын аумағында орналасқан жері

Тоқпан жілігінде .

1

Қыралды бұлшықеті -m.supraspinatus

Қыралды ойысы

Латеральды төмпешік

2

Қырарты бұлшықеті -m.infraspinatus

Қырарты ойысы

Латеральды төмпешік

3

Дельта тәріздес бұлшықет - m.deltoideus

Акромион, жауырынның каудальды шеті

Дельталы бұдыр

4

Кіші жұмыр бұлшық ет - m.teres minor

Жауырынның каудальды шеті төменгі жағында

Шынтақ сызығы

5

Құстұмсықты-тоқпан жілік бұлшықетті -m.coracobrachialis

Құстұмсықты-тоқпан жілік бұлшықетті өсіндісі

Кішкентай төмпешіктің жотасы


6

Жауырынасты бұлшықеті - m.subscapularis

Жауырынасты ойысы

Медиальды- - бұлшықет төмпешігі

7

Үлкен жұмыр бұлшықет - m.teres major

Жауырынның каудальды бұрышы

Кішкентай төмпешіктің жотасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет