Сурет-21. Ірі қара малдың омыртқа байланысы. 1 – желке тарамысының қанатша бөлігі, 2 – оның пластинкалық бөлігі, 3 – білік аралық байламы, 4 – білік үсті байлам, 5 – көлденең вентральды байламы, 6 – омыртқа аралық талшықты шеміршек
7. Желке байламы – ligamentum nuchae- ең ірі, эластикалық тканінен түзілген, арқаншада және пластинкадан тұрады. Бұлар жануарлардың бас мен мойының көтерілу кезіндегі қозғалысын қамтамасыз ететін бұлшықеттерге жәрдем береді.
8. Желкенің арқанша бөлігі жота үстілік байламның мойындағы жалғасы болып табылады. Ол шүйде сүйегіне барып бекиді.
9. Желке пластинкасы мойын омыртқалардың жоталық өсінділерінен басталып, желкенің арқанша бөлігіне жалғасады. .
10. Арқа облысында бірінші көкіректен қылтықты үсті байлам басталады және ол мықын сүйегінің құйымшақ төмпешігінде аяқталады.
Бірінші және екінші мойын омыртқалары атлант-шүйде және атлант-білік буындарымен байланысады.
11. Атлант-шүйде буыны - articulatio atlantooccipitalis. Шүйде сүйегінің айдаршығымен құрылған және атланттың краниальды-буынды бетімен. Буыны кәдімгі, екі білікті. Бүгу мен жазғыш қозғалыстары білікке қарай тік, ал оң мен солға бұрылысы білікке қарай көлденең орындалады. Буында қапшық бар, дорсальды және вентральды атлант-шүйде мембрана мен бүйір байламдары. Сонымен қатар бүйірлі латеральды және медиальды байламдары бар, олар атланттың краниальды шетін шүйде сүйегінің мойындырық өсінділерімен байланысады.
12. Атлант-білік буыны - articulatio atlantoaxialis. Екінші мойын омыртқасының тісше тәріздес өсінді мен атланттың байланысы арқылы пайда болады. Бір білікті, қарапайым буын. Буында, қапшықтан басқа, басқа байламдар да бар. Қапшық - capsula articularis, доға аралық байланыс - ligamentum interarcuale атлант доғасынан білік доғасына қарай өтеді. Доға арналық байланыс - ligamentum interspinale атланттың төмпешігінен бастап біліктің жотасына дейін жетеді. Ішкі тісше тәріздес байланыс - ligamentum dentis internum тісше өсіндісінен басталып атланттың доғасына қарай аяқталады. Сыртқы тісше байланысы - ligamentum dentis externum атланттың вентральды төмпешігінен бастап тісше тәріздес өсіндіге дейін бағытталады. Қабырға омыртқамен екі буынмен: қабырға басының буыны - articulatio capituli costae, екіншісі қабырға төмпешігінің буыны - articulatio tuberculi costae. Буында буын қапшығы мен төрт арнайы байланыс орналасқан.
Сурет-22. Қабырғаның омыртқамен байланысы. А – алдынан көрініс. Б – артынан көрініс. 1 – білікті өсінді, 2 – қабырғалар (кесілген), 3 – омыртқаның денесі, 4 – буынды өсінді, 5 – қабырға басының бөлігі, 6 – көлденң өсінді, а – омыртқа аралық шеміршек, б – қабырға төмпешігінің байламы, қабырға мойынының байламы, г – қабырға басының байламы (радиальды), д - қабырға басын қосатын байлам.
Қабырға басының радиальды буыны - ligamentum capituli costae radiatum қабырға басынан басталып омыртқаның денесіне дейін созылады. Қабырға басын байланыстыратын байлам - ligamentum coniugale costarum деп аталады. Ол қабырға басының шұңқырынан бастап басқа жақтан қабырға басының шұңқырына дейін созылады.Қабырға төмпешігінің байламы - ligamentum tuberculi costae деп аталады. Ол қабырға төмпешігінен бастап көлденең өсіндіге дейін созылады. Қабырға мойының байламы - ligamentum collum costae деп аталады. Ол қабырға мойынынан алдыңғы омыртқаның доғасына дейін жетеді.
Қабырғалар қабырға шеміршектерімен бір-бірімен әртүрлі байланысқан: қабырғаның кеуде ұшы қабырға шеміршегімен синхондрозды қосылады: 2-шіден 9-ші қабырға тығыз буынның көмегімен байланысады.
Буын қапшығы бар кабырға шеміршектері кеудемен – кеуде-қабырға буының - artictilatio sternocostalis құрайды
Кеуде сүйегінің тұтқасы буын кеудесінің денесімен жалғасады. Бас сүйектің сүйегі тігінмен байланысады. Төменгі жақ сүйегі самай сүйегінің қабығымен байланысады да, самай-төменгі жақ сүйегінің буынын - articulatio temporomandibularis түзеді. Буынды беттері арасында буынды мениск – discus орналастырылған, сондықтан ол сондай күрделі. Бүгу мен жазу қозғалыстарын, оң мен солға бұрылу. Байланыс аппараты қапшық, бүйірлі және артқы байланыстан тұрады.
Ерекшеліктері: Иттер мен шошқаларда төменгі жақ сүйегінің буынында артқы байланыстары жоқ. Жылқы мен сиырларда байланыс құрылысы бірдей.
IV Бақылау сұрақтары.
1. Омыртқа арқасының ұзын байланысын орыс және латын тілінде атап беріңіз.
2. Екі көршілес омыртқаның қысқа байланысын орыс және латын тілінде атап беріңіз.
3. Бірінші мойын омыртқасы мен шүйде сүйегінің пайда болу буынын сипаттап беріңіз.
4. Бірінші мойын омыртқасы мен екінші мойын омыртқасының пайда болуын сипаттап беріңіз. Кеуде омыртқасының қабырғамен қалай байланысқанын сипаттап беріңіз
5. Қабырғаның қабырға шеміршегімен және кеудемен қалай байланысқанын сипаттап беріңіз.
6. Кеуденің тұтқасы оның денесімен қалай байланысқанын сипаттап беріңіз
№16 САБАҚ
Тақырыбы: Алдыңғы аяқ сүйектерінің байланысы
I. Сабақтың мақсаты: Ірі қара малдың алдыңғы аяқ қаңқасында буынды байланыстарын сипаттау.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Ірі қара мал мен басқа үй жануарларының қаңқасы.
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары.
Алдыңғы аяқ сүйектері бір-бірімен буындар арқылы байланысады. Сиырдың алдыңғы аяғына келесі буын байланыстарын ажыратады: иық, шынтақ және тізе буынын (тұсамыс, топай және тұяқ).
Иық буыны - articulatio brachialis – жауырынның буын ойысы мен тоқпан жіліктің басының қосылысынан түзілген. Бұл қарапайым көп білікті буынға жатады. Буынды сыртынан буын қапшығы қаптайды.
Шынтақ буыны - articulatio cubitalis – құрылысы жағынан күрделі, қозғалысы жағынан бір білікті буын. Ол тоқпан жілік пен шынтақытң, тоқпан жілік пен кәрі жіліктің және кәрі жілік пен шынтақтың проксималды ұштарының байланыстарынан пайда болған. Латеральды байланыс - - ligamentum collaterale laterale және медиальды байланыстар - ligamenta transversa radii et ulnae кәрі жілік пен шынтақ жіліктен көлденең орналасқан. Сүйек аралық байланыс – ligamentum interosseum сүйек аралық кеңістікте жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |