Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен


Сурет- 26. Ірі қара малдың тобық сүйегінің буыны. Медиальды беті



бет13/17
Дата29.03.2017
өлшемі3,56 Mb.
#12581
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Сурет- 26. Ірі қара малдың тобық сүйегінің буыны. Медиальды беті.

1 – corpus ossis femoris – ортан жілік сүйегінің денсі; 2 - crista medialis trochleae – тобық сүйегі үшін блоктың медиальды жотасы; 3 - epicondylus medialis ossis femoris – ортан жіліктің медиальды айдаршықүсті; 4 - сondylus medialis ossis femoris - ортан жіліктің медиальды айдаршығы; 5 - condylus lateralis ossis femoris - ортан жіліктің латеральды айдаршығы; 6 - condylus mtdialis tibiae – асық жілік сүйегінің медиальды айдаршығы; 7 - corpus tibiae - асық жілік сүйегінің денесі; 8 – patella – тобық сүйегі; 9 - meniscus medialis – медиальды айдаршық; 10 - lig. femoropatellare mediale – тобық сүйегінің көлденең медиальды байламы; 11 - lig. рatellae intermedium – тобықтың ортанғы байламы; 12 - lig. patellae mediale – тобықтың медиальды байламы; 13 - lig. collaterale mediale – бүйірлі медиальды байлам; 14 - lig. cruciatum caudale – каудальды крест тәріздес байлам.


Тілерсек буыны - articulatio tarsi. Сирақ сүйегі, тілерсек және артқы аяқ жіліншігінің проксимальды басының жанасуы нәтижесінде түзіледі. Буын күрделі, бірбілікті. Құрамында қапшық, бүйірлікқатар аралық және сүйекаралық байламдары бар. Буын қапшығы - capsula articulatio латеральды бүйірлік ұзын және қысқа байламдары ligamenta collateralia medialis longa et breve, олар медиальды жіліншік сирағынан асық және артқы аяқ жіліншігіне дейін өтеді. Тілерсек плантарлы байламы - ligamenta tarsi plantaris өкше сүйегінен басталады да, артқы жіліншік сүйектерінің плантарлы бетінде аяқталады. Тілерсек дорсальды байламы - ligamtnta tarsi dorsale асық сүйегінен басталып, блоктан дистальды тұрып орталық және III тілерсек сүйегі мен III артқы жіліншіктің алдыңда аяқталды.

Тілерсек сүйек арасындағы байлам - ligg. tarsi interosseae әр қатарда орналасқан сүйектерді бір-бірімен қосады.



Тілерсек қатар арасындағы байлам – дистальды қатарда орналасқан сүйектерді артқы жіліншік сүйектерімен қосады.


Сурет-27. Күрделі білікті буынның байламы. А – Тізе буыны (латеральды беті), 1 – кәрі жілік сүйегі, 2 – сүйек аралық байламы, 3 – бүйірлі латеральды қысқа байлам, 4 – қатар аралық байлам 5 – тізе сүйегі, 6 – үшінші алдыңғы жіліншік, 7 – тізе қосымша сүйектің арнайы байламы, 8 – тізе қосымша байламы, 9 - бүйірлі латеральды ұзын байлам, 10 – төртінші алдыңғы жіліншік сүйегі. Б – Тілерсек буыны (медиальды беті). 1 – асықты жілік, 2 – асық, 3 – бүйірлі медильды ұзын байлам, 4 – тілерсекті дорсальды байлам, 5 – тілерсектің үшінші сүйегі, 6 –өкше сүйегі, 7 – бүйірлі медиальды қысқа байлам, 8 – тілерсекті плантарлы байлам, 9 – тілерсектің екінші сүйегі. В – Тобық буыны. Г – тобық сүйегі (медиальды жағынан). 1 – тобық, 2 – ортан жілік – тобықтың латеральды байламы: тобықтың тізу байламы, 3 – медиальды, 4 - ортаңғы, 5 – латеральды, 6 – крест тәріздес, 7 – латеральды мениск (буын арасындағы шеміршек), 8 – ортан жілік-асықты жіліктің латеральды байламы, 9 – шыбық сүйек, 10 – асықты жілік сүйегі, 11 – ортан жілік сүйегі, 12 - ортан жілік – тобықтың медиальды байламы, 13 –тобық буынының ортан жілік-асықты жіліктің медтальды байламы, 14 – медиальды мениск (буын арасындағы шеміршек),


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет