Сурет-23. Ірі қара малдың шынтақ буыны. Латеральды беті.
1 - corpus humeri – иық сүйегінің денесі; 2 - epicondylus lateralis humeri – латеральды иық сүйегінің айдаршық үсті, 3 - trochlea humeri – иық сүйегінің блогы, 4 - corpus radii – кәрі жіліктің денесі, 5 – olecranon – шынтақ өсіндісі, 6 - corpus ulnae – шынтақ сүйегінің денесі, 7 - origo mi.extensoris digitorum communis - жалпы саусақтарды бүккіш сіңірі, 8 - origo mi.extensoris carpi ulnaris – тобық білезігінің шынтақты бүккіштің сіңірі, 9 - origo mi.extensoris digitalis lateralis – латеральды саусақтарды бүккіш-жазғыш сіңірі, 10 - lig.collaterale laterale – латеральды бүйірлі байланыс, 11 - m.brachialis – иық бұлшық еті, 12 - caput ulnare mi.extensoris digitorum communis – саусақтарды жалпы бүккіш-жазғыш шынтақ басы, 13 - lig.radioulnare proximale laterale – латеральды кәрі жіліктік-шынтақты проксималды байланыс; 14 - bursa olecrani – шынтақ тарамыс қынабы; 15 - m.triceps brachii – иықтың үш басты бұлшық еті.
Тізе буыны - articulatio carpi – күрделі, бір білікті буын. Бұл буынды құрауға кәрі жілік, шынтақ, тізе және алдыңғы жіліншік сүйектер қатысады. Буынның латеральды, медиальды ұзын және қысқа бүйір байламдары болады. Бұдан басқа бұл буында проксималды және дисталды қатарлардағы сүйектерді байланыстыратын қатараралық және бір қатардағы тізе сүйектерін өзара байланыстыратын сүйек аралық байламдар - ligamentum accessorium болады.
Сурет-24. Тізе буыны мен бақай сүйектерінің буынды байланысы.
А – ірі қара мал, Б – жылқы, В – ірі қара малдың волярлы жағынан бақай сүйектерінің байламы, 1 – үш бөлімнен тұратын буынды қапшықтар: проксимальды, сүйек аралық және дистальды, 2 - тізе буынының ұзын латеральды бүйір байламдары, 3 – қысқа проксимальды бүйір байламдары, 4 – сүйек аралық дорсальды байламы, 5 – тізе сүйек аралық байламы, 6 – қиғаш сүйек аралық дорсальды байламы, 7 - қосымша сүйектің проксимальды байламы, 8 – қосымша сүйектің ортаңғы байламы, 9 – қосымша сүйектің дистальды байламы, 10 – орталық сүйекаралық бұлшық еті (жылқыларда ілінген байлам), 11 – сезам тәрізді аралық байлам, 12 – латеральды сезам тәрізді байлам, 13 – тұсамыс сүйегінің бүйірлі медиальды байламы, 14 – бүйірлі латеральды байлам, 15 – тұяқ сүйегінің бүйірлі медиальды байламы, 16 – бақай сүйегінің проксимальды (бірінші) бөлігінен жұмсақ шеміршегіне дейінгі байлам, 17 - бақай сүйегінің ортаңғы (екінші) және дистальды (үшінші) бөлігінен жұмсақ шеміршегіне дейінгі байлам,18 – бүйірлі топай-тұяқты байлам, 20 – тұсамыс-сезам тәрізді байлам, 21 – крест тәрізді байлам, 22 – ішкі топай-тұяқты байлам, 23 – волярлы байлам.
Бақай сүйектерінің буындары. Тұсамыс буыны - articulatio phalangis primae – қарапайым, бірбілікті буын. Ол алдыңғы жіліншіктің дистальды бөлігі мен тұсамыс сүйектің проксимальды ұшын байланыстырып тұрады. Буында буын қапшығы мен буын байламдары да болады. Буын қапшығы - capsula articularis: латеральды бүйірлі байланыстары - ligamentum collaterale laterale, медиальды бүйірлі байланыстары - ligamentum collaterale midiale. Саусақ аралық бүйірлі байламдары ligamenta collateralia interdigitalе.Тиек сүйектердің байламдары - ligamenta sesamoidea.
Топай буыны - articulatio phalangis secundae – тұсамыс және топай сүйектерінің байланысуы нәтижесінде түзілген, қарапайым, бірбілікті буын. Буын қапшығы мен бүйір байламдарынан басқа төрт пальмарлық байламадры болады.
Тұяқ буыны - articulatio phalangis tertiae – қарапайым бір білікті буын. Буындасушы топай мен тұяқ сүйектері. Бұл буында буын қапшығы мен бүйір байламдары болады.
Ерекшеліктері: Жылқы мен сиырлардың кеуде ұшының буыны бір-бірімен ұқсас. Шошқаларда иық, шынтақ және тізе буындары сиырдың құрылысымен ұқсас, ал тұсамыс буыны төртеу. Төртеуі де төрт қапшығымен және сегіз бүйірлі байламымен.
IV. Бақылау сұрақтары:
1. Орыс және латын тілінде кеуде қуысының қарапайым, бір білікті буынға сипаттама беру.
2. Орыс және латын тілінде кеуде қуысының қарапайым, көп білікті буынға сипаттама беру.
3. Орыс және латын тілінде кеуде қуысының күрделі, бір білікті буынға сипаттама беру.
№17 САБАҚ
Тақырыбы: Артқы аяқ сүйектерінің байланысы
I. Сабақтың мақсаты: Ірі қара малдың артқы аяқ қаңқасында буынды байланыстарын сипаттау.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Ірі қара мал мен басқа үй жануарларының қаңқасы.
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары
Артқы аяқ қаңқасындағы байланыс: құйымшақ-мықын буыны, жамбас-ортан жілік буыны, тобық буыны және тілерсек буыны (тұсамыс, топай және тұяқ буындары).
Құйымшақ-мықын буыны - articulatio iliosacralis – құйымшақ пен мықын сүйектеріндегі құлақша беттердің жанасуы нәтижесінде түзілген қимылсыз буын. Осы буын арқылы жамбас белдеуі омыртқа бағанына бекиді. Буында буын қапшығы болмайды. Байланыс дорсальды, вентральды және сүйекаралық байламдардың ligamentum sacroiliacum ventrale, dorsale dorsal, longum көмегімен жүзеге асады. Құйымшақ-мықын буыны - ligamentum sacrospinosum et tuberosum құйымшақ сүйегінен бүйірінен бастап мықын ойысы мен мықын сүйегіне дейін өтеді.
Жамбас-ортан жілік буыны - articulatio coxofemoralis, қарапайым, көпбілікті буын. Ол жамбастың ұршық ойығы мен ортан жіліктің ұршық басының байланысуынан пайда болған. Буында буын қапшығы, ұршық ойысының көлденең байламы мен ортан жіліктің ұршық басын жамбастың ұршық ойысымен байланыстыратын буынішілік байламдар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |