Самай сүйегі - os temporale. Жүп самай сүйегі самай облысында орналасқан. Ол қабыршақтық пен тасьық сүйектен құралады. Самай сүйегінің қабыршағы - sguama temporalis сыртынан немесе латериальды бағытта бет өсіндісін - processus zygomaticus құрайды. Ол самай астынан самай шұңқырын - fossa temporalis ажыратады, сонымен қатар бет доғасын - arcus zygomaticus түзеді. Бет өсіндісінде буын төмпешегінен - trochlea articularis, буын шұңқырынан - fossa articularis және буын арты өсіндіден құрылған буын аппараты орналасқан. Самай жолы - meatus temporalis қабыршақ пен тастық сүйектің арасында орналасқан және құрамында самай тамырлары бар, ол буын арты өсіндіден самай шұңқырына дейін созылады.
Тастық сүйек - os petrosum. Ол дабылдық, емізікше бөлімінен тұрады. Дабылдық бөлімі - pars tympanica вентральды бағытта бағытталған, өте жақсы дамыған, сүйек көпіршігі тығыздалған - bulla ossea, есту түтігінің - tuba auditiva көмегімен хабарлайтын дабылдық қуысы - cavut tуmpani жақсы орналасқан. Құлақ ұлуы үшін сыртқы есту жолы – meatus acusticus externus латеральды орналасқан. Олардың арасында, яғни тастық көбікше арасында тіл асты өсінді - processus hyoideus орналасады. Тіл асты өсіндіден ауызға қарама-қарсы қарай бет жүйкесі үшін бет каналының тесігі - canalis facialis орналасады. Бұлшық ет өсіндісі - processus muscularis тастық көбікшеде орналасады, ал есту түтігінің тесігі - foramen tubae auditivae тастық көбікшенің алдыңда жатыр.
Емізікше бөлімі - pars mastoidea – нашар дамыған,өмірінің алғашқы кезінде сыртқы есту жолымен және самай сүйегінің қабыршағымен бірге тұтасып өседі. Тастық бөлімінің - pars petrosa іші құлақтың ішкі қуысындай. Тастық жота - crista petrosa әлсіз дамыған. Ішкі есту жолы - meatus acusticus internus есту жүйкесі үшін бет каналына өтетін түбінде бір-неше ұсақ тесіктері бар. Ұлу өзекшесінің су құбырының тесігі - apertura aguaeductus cochleae және ұлу өзекшесінің су құбырының кіреберіс тесігі - apertura аguaductus vestibuli – нашар дамыған.
Ерекшеліктері: шошқаларда бет өсіндісі қомақты және қысқа келген, сыртқы есту жолы ұзын. Дабылдық жарғағы назальды-вентральды бағытта ұзартылған. Емізікше өсіндісі үлкен емес, буынды төмпешегі ершік тәрізді, тар. Самай каналы жоқ. Иттерде сыртқы ету жолы өте қысқа, дабыл жарғағы дөңгеленген, кең. Сыртқы есту жолынан емізікше өсіндісі дорсо-каудальды орналасқан. Ірі қара малда сыртқы жолы ұзын латеральды бағытта бағытталған. Онда тастық қынабымен қоршалған тіл асты өсіндісі бөлінеді. Жылқыларда тастық сүйек қабықшамен жасы келген кезінде бірге тұтасады, ал сыртқы есту жолы қысқа болып келеді, одан емізікше өсіндісі каудальды бағытта орналасқан. Жыртылған тесігі кең. Шошқаларда қабығы мен тастық сүйегі бірге тұтасып өскен, ал оның тастық бөлімі оңашаланған, самай жолы мен бұлшық ет өсіндісі жоқ.
IV. Бақылау сұрақтар:
1. Самай сүйегінің орналасқан жері және ол қандай сүйектермен жанасады.
2. Қандай екі бөлікке самай сүйегі бөлінеді.
3. Тастық сүйек қандай үш бөлікке бөлінеді.
4. Орыс және латын тілінде самай сүйегінің құрылысын нақты – нақты оқып-зерттеу.
5. Әртүрлі үй жануарларының самай сүйектерінің айырма ерекшеліктері.
№8 САБАҚ
Тақырыбы: Бас қаңқаның ми бөлімі.
I. Сабақтың мақсаты: Бас қаңқасында маңдай, торлы, төбе және төбе аралық сүйектерді көрсету мен оқып-зерттеу.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Ірі қара мал бас қаңқасының ми бөлімін дорсальды, шүйде, үстіңгі және сагитальды тілінен көрсету. Мақсаты: ми сауытының алдыңғы жағын, яғни торлы сүйекті оқып-зерттеу.
2. Плакаттар мен бас қаңқасының атласы.
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары.
Жұпты маңдай сүйегі - os frontale – сиырларда мұрын, көз жасы, торлы және төбе аралық, төбе, самай, таңдай және жоғарғы жақ сүйектерімен жанасады. Маңдай сүйегінің сыртқы беті 3 бөлімнен тұрады: маңдай бөлімі - pars frontales, көздік - pars orbitales және самай - pars temporales. Маңдай сүйегінен латеральды бағытта, яғни бет сүйегіне бағытталған көздік өсінді - processus orbitalis орналасады. Көздік өсіндінің орбиталы бетінде екі ойыс бар: көз жасының - fossa lacrimalis (көз безі үшін) және блоктық -fossa trochlearis (блоктық бұлшық ет шеміршегі үшін). Көздік өсіндінің негізінде, яғни емізік-шенің ортасында екі көздік үсті тесіктер орналасқан - foramen supraorbitalis. Тамырлар мен жүйке үшін. Көздіктің төменгі шетінде торлы тесік - foramen eth moidale көруге болады. Маңдай сүйегінің шеттері көлденең білікшені құрайды, кейін олардың шетінен мүйізді өсінділер - processus cornus өсе бастайды. Бас қаңқаның краниальды жағынан, мұрын сүйектерге маңдай сүйектерінің ішінен мұрын сүйектері - processus nasalis жақсы жарасады. Бас қаңқасының оң және сол жақтарында маңдай сүйегінің кең жатқан маңдай қуыстары-sinus frontales орналасады
Ерекшеліктері: Иттерде бет өсіндісі жаман дамыған, бет доғасымен тек орбитальды байламмен ғана қосылады. Көздік үсті тесігі жоқ. Тұқымына байланысты кейбір шошқаларда маңдай-мұрын үсті кейде тегіс, кейде майысқан болып келеді. Бет өсіндісі қысқа және бет доғасымен тек орбитальды байламмен ғана қосылады. Маңдай қуыстары кең, төбе және шүйде сүйектерінің қуыстарымен қосылады. Жылқыларда маңдай сүйегінің бет өсіндісі шүйде сүйегінің бет өсіндісімен қосылады, өсіндінің негізінде көздік үсті тесікті көруге болады, ал орбиталды бетте оның блоктық шұңқырын. Маңдай қуыстары жақсы дамыған.
Торлы сүйек - os ethmoidale ми бөлімін беттен ажырататын көлденең бөлгіш болып келеді. Ми сауытының алдыңғы қабырғасы болып саналады. Торлы сүйекті сонымен қатар тесілген пластина деп атайды. Өйткені мұндағы тесіктер саны өте көп, мынадан кейін қан тамырлар мен жүйке жүйелер өтеді. Торлы сүйектен мұрынға қарай оң және сол жақтарда лабиринттер орналасады. Торлы сүйекте екі иістік шұңқырлары бар - fossae olfactoria, олар бас миының иіс баданасы үшін. Тік пластиналар - lamina perpendicularis – тесікті пластинканың орта тұсына тік бұрыш жасай орналасады. Ол алдыңғы жағымен мұрын-перделігіне, ал каудальды бағытта әтеш айдарына жалғасады. Лабиринт торлы сүйегі – labyrinthus – өте көптеген жұқа, иірімді сүйек пластинкалардан тұрады.
Ерекшеліктері: Жылқыларда, шошқаларда, иттерде торлы сүйекті құрылысы ірі қара малдың құрылысымен ұқсас.
Тақ төбе аралық сүйек - os interparietale бас қаңқасының ми саутының артқы қабырғасында, шүйде сүйегінің қабыршағының үстінде орналасқан. Пішіні үш бұрышты. Ұшы маңдай жотасына бағытталған, ал екі шетінде жұп төбе сүйегі орналасқан.Төбе аралық сүйектерде төбе аралық қуыстар бар. Төбе аралық сүйегі өте ерте кезінен шүйде, төбе және маңдай сүйектерімен тұтасып өседі.
Ерекшеліктері: Жылқыларда төбе аралық сүйегінің сырты төрт бұрышты. Шошқаларда жоқ. Иттерде жүрек тәріздес болып келеді.
Төбе сүйегі (жұп) -os parietale- шүйде сүйегінің қабыршағымен вентральды, маңдай және самай сүйектерімен дорсальды жанасады. Төбе арасында мүйізбен қатарлас орналасқан артқы жағында төбе аралық сүйек орналасады. Төбе сүйектерінде қуыстар бар. Әртүрлі жануарларда сыртқы беті әртүрлі болып келеді, бірақ олардың барлығы да самай шұңқырының қалыптасуына қатысады.
Ерекшеліктері: Жылқыларда төбе сүйегінің сыртқы бетінде сыртқы сагитальды жота көрінеді, ол бірте-бірте назальды түрде маңдай жотасына өтеді. Шошқаларда ол қомақты, сыртқы беті самай жотасымен бөлінеді. Сүйек қуыстары бар. Иттерде төбе сүйектері бір-бірінен жотамен бөлінген.
IV. Бақылау сұрақтары:
1. Маңдай, торлы, төбе және төбе аралық сүйектердің ерекшеліктерін нақты - нақты оқып-зерттеу.
2. Суретте бас қаңқасында осы сүйектердің орналасқан орындарын қарастыру.
3. Әртүрлі үй жануарлар сүйектерінің айрықша ерекшеліктері.
№9 САБАҚ
Тақырыбы: Бас қаңқасының бет бөлімінің сүйектері.
I. Сабақтың мақсаты:
1. Ірі қара малдың бас қаңқасында жоғары жақсүйегі, төменгі жақсүйегі және тұмсық сүйектің құрылысын көрсету мен оқып-зерттеу.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Көлденең тілінген ірі қара малдың бас қаңқасы.
2. Көлденең тілінген тағы басқа үй жануарлардың бас қаңқасы.
3. Плакаттар, бас қаңқасының атласы мен әдістемелік нұсқау.
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары.
Бет сүйегі - cranium viscerale- - бастың бет бөлімін құрайды. Онда ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің басталар бөліктері мен иіс сезу, көру мүшелері орналасады. Оның құрылуына: жоғары жақ сүйегі, төменгі жақ сүйегі, тұмсық сүйегі, мұрын сүйегі, бет сүйегі, көз жасы сүйегі, таңдай сүйегі, қанат тәріздес сүйегі, соқаша сүйегі, дорсальды және вентральды мұрын кеуілжірлері және тіласты сүйегі кіреді
Төменгі жақсүйегі - os mandibulare ,сиырларда самай сүйегінің бет өсіндісімен жалғасады. Онда тіс ұялары орналасқан денені - corpus mandibulare және жақты - rami mandibulare ажыратады. Денеде тұмсық бөлімі pars incisive мен ұрт бөлімін - pars molaris ажыратады. Тұмсық бөлімінде екі бет орналасқан: сыртқы иек тесігі - facies mentalis мен ішкі ойыс тілдік беті - fades lingualis. Альвеоларлық шеті - margo alveolaris тіссіз шетке - margo interalveolaris өтеді. Сүйектің латеральды бетінде үлкен шайнау бұлшықетінің ойысы - fossa masseterica, ал медиальды бетінде қанатша бұлшық ет ойысы - fossa pretygoiea орналасады. Төменгі жақ сүйегі екі өсіндімен аяқталады: бұлшық ет өсіндімен - processus muscularis,буынды өсінді алға шығады - processus articularis. Қанатша тәріздес шұңқырда төменгі жақ тесігі - foramen mandibulares төменгі жақ сүйегінің каналына canalis mandibularis өткізеді. Осы канал иек асты тесігімен foramen mentalis аяқталады. Жақсүйек бұтағының төменгі бөлімінде дөңгеленген жақсүйек бұрышы angulus mandibularae деп аталады.
Ерекшеліктері: жылқыларда төменгі жақ сүйектері өте ерте жасында бір сүйекке тұтасып өседі. Буынды ойығы терең. Бұлшық ет өсіндісі үлкен, жақ сүйек бұрышы жуандалған және дөңгеленген. Шошқаларда бұлшық ет өсіндісі биіктігі буынды өсіндісімен бірдей, буынды өсінді ұш бұрышты, пішіні дөңестенген, сүйектің денесінде бірнеше иекті тесіктер бар. Иттерде шайнау бұлшық ет шұңқыры терең, бұлшық ет өсіндісі ұзын, жақ сүйегінің бұрышында бұрышты өсінді шығып тұрады. .
Сурет-10. Төменгі жақ сүйегі (А.И. Акаевский бойынша). А – сиырларда; Б – шошқаларда; В – жылқыларда; Г – иттерде. 1 – дененің тұмсық бөлімі, 2 – төменгі иек тесігі, 3 – дененің түбірлі бөлімі, 4 – буынды ойынды, 5 – жақ бұтағы мен шайнау бұлшық етінің шұңқыры, 6 – төменгі жақ сүйегінің бұрышы, 7 – бұрышты өсінді, 8 – бұлшық ет өсіндісі, 9 – буынды өсіндісі, 10 – жақ ойындысы 11 – төменгі жақ тесігі, 12 тіссіз қыры.
Достарыңызбен бөлісу: |