Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Ереже: Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай



Pdf көрінісі
бет81/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Ереже: Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай
сөйлемдер үтірмен бөлінеді. 
3-жаттығу. Берілген мәтіннің сабақтас құрмалас сөйлемдерді
көшіріп жазыңыз. 
Ғалым және оның ілімі
Әл-Фараби философиясының аса маңызды жетістіктерінің бірі-
парасат жайындағы ілім. Әрекетшіл парасат (Аристотельші-бірінші
қозғауыш, ойлаудың ойлауы)-болмыс сатысындағы басқыштардың бірі. 
Әл-Фараби қайрымды да білгір адамдардың жаны өлмейді, ал надан
адамдардың жаны өлімді келеді деп топшылайды. Осындай екіұшты пікірді
көрген жанның өлмейтіне ол кәміл сенді дегенге илануға болмайды. 
Парасат деген ұғымды ұсына отырып, Әл-Фараби ойлау мен болмыс
парапарлығының диалектикасын шебер ашып көрсетеді. Аристотель
сияқты Әл-Фараби де платондық идеализм жағына ойысып, айрықша
дүниесі бар деп біледі. 
138


4-жаттығу. Берілген салалас құрмалас сөйлемдерді сабақтас
құрамалас сөйлемге айналдырып жазыңыз. 
1. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге
асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне
басшылық жасайды. 
2. Өткен күнде белгі жоқ, ол кезде жағдай мүлде басқаша болатын. 
3. Он жылдың ішінде Астана әлемге танылды және елімізді де әлемге
танытты деп айта аламыз. 
4. Астана–азаттығымыздың символы, Қазақстан жаңа тарихтың
шынайы шежіресі. 
Мектепте сызықшаның қойлытын орындары бойынша мынадай білім
беріледі:
Р. Сыздықова сызықшаның қойылатын орындарының 30 шақты түрін
көрсетеді [31]. Ал мектепте соның мынадай түрлерінен білім, білік, дағды
беру көзделген. Соның негізгілерін келтірейік. 
1. Берілген зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан
жасалып, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен немес заттанған басқа сөз
таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
а) Тіл-қоғамдық құбылыс. ә) Қаһарлы суық мұзды мұхит-үстінен құс
ұшпаған қырқасын, жан баспаған жапан түз. б) Жастар-біздің болашағымыз.
в) Соңғы келген үшеудің ортадағысы-Құнанбайдың тағы бір тоқал шешесінен
туған Жақып. 
Атау тұлғадағы бастауыш, не баяндауыш, не екеуі де тәуелдік, көптік
жалғаулы болуы мүмкін. Ол күнде де бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1)Монолог-бір адамның пікір түйе сөйлеген сөзі. 2) Әкесінің баласы-
адамның дұшпаны, адамның даласы-бауырың. (Абай) 3) Адамның ішкі
сезімінің айнасы-көз. (С. Мұқанов. )
Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалауы
мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады. 1) Ар
жазасы-бар жазадан ауыр жаза. (М. Әуезов). 2) Ғашықтың тілі-тілсіз тіл.
(Абай). 3) Әлі де беделі-бедел. (Ғ. Мұстафин). 4) Күлкі-қыздың күлкісі. (С.
Ерубаев). 
2. Бастауыш 1, 2 жақтық жекеше көпше тұлға дағды есімдіктен,
баяндауыш жіктік жалғауы түсірілген есімдердің біреуінен болғанда,
бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1) Мен-тауда ойнаған қарт марал (Махамбет). 2) Біз-қырғауыл, сіз-
тұйғын (Абай). 3) Семья-шағын мемлекет, мен-президент, сен-премер
(Қасым). 4) Сен-тоты құс бақта жүрген (Абай). 
3. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сын есімне жасалғанда,
бастауыштан кейін сызықша қойылады. 
Жақсы-ісімен жақсы. (Мақал. ) Сұлу-сұйлу емес, сүйген-сұлу. (Мақал. )
4. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болғанда, екеуінің арасында
сызықша қойылады: 1) Үш жердегі үш-тоғыз. 2) Екі бесіміз-он. 
5. Бастауыш ол, бұл, мынау, сонау, анау деген сілтеу есімдіктерінен
жасалып, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім немесе зат есім мағынасындағы
139


басқа сөз табы болғанда, сілтеу есімдіктерінен кейін сызықша қойылады: 1)-
Бұл-адам [ның] көз сүйегі, -дейді ханға. (Абай). 2) Сонау-біздің бие. 3) анау-
емен ағашы. 4) Бірақ бұл-қайтқаны емес, толғанып қалып, бірнеше тәсіл
тапқаны. (Ғ. Мұстафин). 
5) Соғысты біз сүймейміз ел жылатқан
Ол-ісі қан құмардың қарғысы атқан. (Жамбыл). 
6. Бастауыш тұйық етістіктен не тұйық етістік араласқан тізбектен
жасалса, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен, немесе тұйық етістіктен (не
тұйық етістік аралас) және керісінше болғанда, бастауыштан кейін сызықша
қойылады:
1) Елдің шетін күзету-ең ардақты правоң. (Жамбыл). 2) Көргеннен,
білгеннен аспау, барды қанағат қылу-ой мешеулігі. (Ғ. Мұстафин). 3) Аз сөзді,
көп мағыналы болу-мақал-мәтелдердерге тән құбылыс. 4) Совет мектебінің
міндеті-оқушыларға жан-жақты білім беру және тәрбиелеу. 
7. Бастауыш –ған (-ген, -қан, кен) жұрағымен жасалған есімшеден (не
есімше аралас күрделі болса), баяндауыш не зат есім, не есімше, не
есімдіктен жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1) Бұған таяу отырған-Ыбырайдың Ысқағы. (М. Әуезов). 2) Көпір
біткен-соғыс тұмсығының қатты қадалатын жері. (Ғ. Мүсірепов). 3) Алтын
орден алғаным-терең жырдың тиегі. (Жамбыл). 4) Менің жазып отырғаным-
теңіз үстінде кездескен көріністерден, жолыққан адамдардан білгендерім. (С.
Мұқанов). 5) Абайды таң еткен-сол екі жігіт. (М. Әуезов). 6) Ән шырқаған-
сол. 7) Станцияға ең кеш келген-осы. 
8. Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, екіншісі, алдыңғысы, соңғысы деген
заттанған сан, сын есімдерден және көбі деген сөзден, баяндауыш атау,
тұлғадағы зат есімнен не тұйық етістіктен және керісінше болғанда,
бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1) Пьесада («Шыңырау түсінде») бір-біріне қарсы екі түрлі идея
түйіседі: оның бірі-көнбістікті, төзе берушілікті уағыздайтын аяушылық
идеясы, екіншісі-адам күшіне сену, оны өмір үшін күреске шақыру идеясы.
(«Қазақ әдебиеті». ) 2) Жаяу Мұса-Біржан бастаған Арқадағы әншілер
тобының көрнектілерінің бірі. (М. Әуезов). 
9. Баяндауыш өз ішінен сөйлем мүшелеріне ажыратылатын күрделі сөз
тіркестері болып келсе, бастауыштан кейін сызықша қойылады. 
1) Біздің жауабымыз-Оралбайды білмейміз. (М. Әуезов). (Мұндағы
баяндауыш-[біз] Оралбайды білмейміз; оның өз ішінде бастауыш (біз),
толықтауышы (Оралбайды), баяндауыш (білмейміз). 
10. Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа бір
мүшесімен шатаспау үшін, одан кейін сызықша қойылады (Мұндайда
баяндауыш қай сөз табынан, қандай тұлғада жасалғаны шарт емес). Айтуда
бастауыштан кейін пауза болады. Мысалы:
2) Отыз – алтыға қалдықсыз бөлінеді (30:6). 3) Мен білмейтін – жер
астында сөйлемді ашып айтсақ: Мен білмейтін нәрсе жердің астында жатады
сияқты болар еді. Мен білмейтін жер астында деген түрінде білмейтін деген
140


бастауыштан кейін сызықша қойылмаса, білмейтін нәрсе емес, жер деп
түсінілу мүмкін. 
11. Бастауыш зат есім не заттанған басқа сөз табынан болып,
баяндауыш болымсыздықты білдіретін емес сөзі тіркескен есімдердің бірінен
болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. 
12. Бастауыш алд(ы), арт(ы), жан(ы), қас(ы), үст(і), аст(ы) сияқты
көмекші есімдердің жалаң өзінен болып, баяндауыш та есім сөзден болғанда,
бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1) Адасқанның алды–жөн, арты–соқпақ. (Абай). 
2) Үстім–көк, астым–теңіз, атам–кеме. Арқырап ту толқынмен
арпалысқан. (Т. Жароков). 
13. Мақал–мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің
баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті
болу үшін, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1) Ер–егесте [сыналады], нар–кешуде [сыналады]. (М. Әуезов. ) 2)
Асыл–тастан [шығады], ақыл–жастан [шығады]. 3) Қой–қозыдан [өреді].
(Мақал). 4) Біреуі–көк [тағысы], береуі–жер тағысы. (Абай). 
14. Ол–ол ма, бұрынғы–бұрынғы ма, бұл–бұл ма сияқты қыстырма сөз
тіркестері де өз алдында сөйлем құрылысы бар тізбек ретінде араларына
сызықша қойылып жазылады:
1) Бұрынғы–бұрынғы ма, оның салтанаты тіпті артып кетеді.
(Ертегіден. ) 2) Ол–ол ма, әңгіме одан да күшейе түсті. 
15. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз, деген
дегенім, дегенің, деген сөз тұрса, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1) Сөйлем дегеніміз–тиянақты ойды білдіретін бір сөз я бірнеше сөз
тіркесі. («Грамматика». ) 2) Мия дегеніміз–қоймалжың қорыс батпақ. 3)
Гипотеза дегеніміз–ғылыми жорамалдар. 4) Қарағанды деген–байлық қой
жатқан. (Ғ. Мұстафин). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет