Курстық жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін танытады, педагогикалық ойлауын дамытып, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны тәжірибемен ұштастыра қолданып, қалыптастыру.
М. Р. Дружинин курстық жұмыстың орындалуына мынадай талаптар қояды:
курстық жұмыс жоғары теориялық дәрежеде орындалуы қажет;
курстық жұмыс зерттеушілік сипатта болуы тиіс;
курстық жұмыс педагогикалық бағытталған, яғни онда бірқатар педагогикалық міндеттер және студенттердің кәсіби дайындығына көмектесетін қазіргі мектеп мәселелері орын алуы тиіс;
курстық жұмыста талқыланатын мәселелер теориялық және ғылыми негізделген, оның тұжырымдары қазіргі педагогика мен психологияның даму деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс;
курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы логикалық жағынан жүйелі болуы тиіс.
Дипломдық жұмыс жоғары оқу орнын бітірушінің кәсіби-педагогикалық дайындығының, ғылыми-теориялық, практикалық білімдерінің, кеңейтілген біліктіліктері мен дағдыларының негізінде жасалады.
Студенттің дипломдық жұмысы толық өз бетінше орындалатындықтан, курстық жұмыстан ерекшеленеді. Дипломдық жұмыс орындалған курстық жұмыстың жалғасы болуы тиіс.
Дипломдық жұмыс орындалғаннан кейін студентте оқу пәндерінің логикалық байланысы, сонымен қатар педагогикалық және өндірістік практикалардың өзара байланысы жөнінде ұғым қалыптасады.
Қазіргі ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды (тұлғаны) қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген. Демек, студенттер қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде білім алуда да тек деректер жинап, жалпы ақпарат алумен шектелмей, оларды терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын танытатын, бәсекеге түсе алатын маман ретінде тәрбиелеу уақыт талабынан туып отыр.
Ғылымының бүкіл саласында білім мазмұны тереңдеп, ауқымды қауырт өсіп отырған қазіргі ғылым-техникалық өрістеу кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы әрбір шәкірттің танымы мол ізденімпаз болып қалыптасуына тікелей байланысты.
Қазіргі жастар жоғары кәсіби деңгейде даярлығы болуымен қатар, ол өзін қоршаған дүниені ізденімпаздықпен (шығармашылық) танып-білу сатысымен танытуға тиіс.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттерді ғылыми-педагогикалық зерттеушілік қызметке даярлау, шын мәнінде әлеуметтік-педагогикалық мәселеге айналып отыр.
Ғылым обьективті ақиқатқа жетуге бағытталған:
заңдылықтарды бейнелеуге бағытталған;
алдын ала болжауға арналған;
жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны;
ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған білім негіздері;
негізгі қағидалар мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер;
табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми қағидаларға негізделген жүйесі;
табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған.
Студенттердің ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелері ғылыми конференцияларда, бдаяндамалар, курстық және дипломдық жұмыстар, мерзімді басылымдарда, ғылыми еңбектер жинақтарында мақалалар түрінде беріледі.
№1. Сұрақтар мен тапсырмалар
Достарыңызбен бөлісу: |