Көкшетау облысы, көлемі жағынан онша үлкен емес, бірақ республикаға салмақты үлес қосады. Облыс орталығы – Көкшетау қаласы – ХІХ ғасырдың басында пайда болып, Қопа көлінің жағасындағы әскери қоныс болды, 1824 жылдан бастап қала атанды.
Революцияға дейін Көкшетау шеттегі қалашық болды, тек көктемде жәрмеңкеде ғана тірілуші еді. Мұнда өзінің балалық шағын және революциялық қызметін В.В.Куйбышев (1885 жылдан 1898 жылға дейін)өткізді, қалада оның мемориалдық мұражайы құрылды. Қазір Көкшетауда екі ірі – салмақөлшеуші және оттегімен демалдырғыш аппаратура жасайтын зауыт бар. Көкшетау халқы 120 мың тұрғынға асады.
Көкшетау облысында жусанды даладан күрт таулы жерге ауысу қайран қалдырады. Көкшетау атауы таудың орманға байлылығынан пайда болған. Оған жету қиын емес – облыс орталығынан Бурабайға рейстік автобустар жүреді, ал поездан Бурабай курортынан түсу қажет. Қасында – Щучинск қаласы.
«Тағамен жарқылдаған жер»- деп жергілікті ақындар Көкшетаудың таулы тізбектерін атайды. Ол биік емес. Бөлек төбелердің биіктіктері 200-300 м ден аспайды. Бұл таға сықылды таудың ең биік шыңы – Синюха (теңіз беті деңгейінен 1047 метр). Оның үстінен жасыл қарағайлы ормандарымен жиектелген сұлу Бурабай көлі мен тамаша жартастары панорамасы көрінеді. Оқжетпес шыңының ірі гранитты плиталарынан құрылған биіктігі көрінеді. Бірақ бәрінен формасы жағынан таң қаларлық Жұмбақтас. Бурабайдың көлінің зүбәржат түстес суынан шығып тұрған ол әр уақыт қызықты формасымен көз тартады.
Егер аралшықты қайықпен айналып өтсек, әрбір жағынан қарағанда жартастан көптеген бейнелер көруге болады: көңілсіз жымиыспен кәрі әйел, желге шашы желбіреген айбынды бас изеуімен жас ару қарағандай болады. Таулар иен жартастардың профилдері Ұйқыдағы батыр, Түйе, Күзетші төбет, Қабан, Аю, Піл екендіктерін айтпай-ақ түсіндіреді.
Желмен, жаңбырмен ұшталған жартастар фантастикалық формасымен таң қалдырады. Тіпті әрқайсысынан табиғаттың өнерін көруге болады. Атақты Бурабай міне осындай. Бұл шынында да тыныштықтың, кристалды таза ауаның көгілдір, зүбәржат көлдер, таңқаларлық иілген тас кесектері мен төбелердің баталы өлкесі.
Бурабай – тамаша курорттық аймақ. Оны саяхатшылар қалай деп атамады: «Көгілдір көлдер өлкесі», «Көк таулар өлкесі», «Қазақстанның інжу-маржаны», «Қазақстан Швейцариясы», «Денсаулық аралы». Бұл атаулардың бәрі бұл жердің қайталанбас сұлулығына бірдей куә.
Бұл өлкеде маржанды моншақтарымен ондаған тұщысулы көлдер: Бурабай, Аққулы, Табанды, Шортанды, Жарық, Үлкен және Кіші шабақты, Қотыркөл бар. Мөлдір таза суда шортандар, табандар, алабұғалар, язь, қарабалықтар, сазандар, тұқылар жүреді.
Тік жартастар басынан көлге қарағайлар көз салады. Ылғал іздеумен олар тау баурайларын әдемі жағалап кетіп, тік жартастың қуыстарына, жабайы тастар үйілген жерлерге жабысып қалған. Мұнда қайың, сары қараған, шие ағашы, қарағаш тамаша өседі. Орман алаңқайларында жабайы қарақаттар, таңқурайлар, ит бүлдірген, мүк жидегі мол өскен. Бұл жердің орманы емдік шөптермен және саңырауқұлақтармен де бай.
Ал әрі қарай Бурабай көлі жағалауында «биші» қайыңдар орналасқан. Олар көлге ойнақы, өздерінің биін тамашалай қарайды.
Адамдар Бурабайдың емдік ерекшеліктерін бағалайды, бірақ оның климаттық, бальнеологиялық және қымызбен емдеушілік курорт ретінде қарқынды өсуі тек тың жерлерді игеру кезеңі кезінде басталды. Қазір Бурабайда 100 мыңнан астам демалатын көптеген санаторийлер, демалыс үйлері, пансионат-профилакторийлер ірі қазақстандық «Алтын қарағай орманы» турбазасы, пионерлік лагерлер бар. Және бұнымен шектелмейді!
Бурабай туралы аңыздар мен ертегілер, поэмалар жазылды. Кеңестік жазушылар Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Қасым Аманжолов, Сергей Марков және тағы да басқалары өздерінің үздік шығармаларын осы өлкеге арнады. Қазақ ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлиханов осы жерде туып өсті.
Көкшетау – бұл алтынды далалар мен жасыл ормандар, хрусталь көгілдір көлдер өлкесі, шетсіз қазақ даласының нағыз оазисі. Зерендінің көркем жерлері, қылқанды ормандары, таза көлдері, озон ауасына бай Шалқаркөл, Арықбалық, Володарское; Есілдің, Чаглинканың, Ақанбұрлақтың көгілдір түбі, олардың иірімдері, тік қабақтары мен қалың тоғайлары: Шалқардың, Қотыркөлдің, Жөкейдің, Белоенің айнадай жалтыр беті – осының бәрі өзінің қайталанбастығымен өзіне шақырады.
Павлодар қаласы – Ертістің жағалауына орналасқан. 1720 жылы Ертіс әскери бекінісі линиясында Коряковский форпосты ретінде негізі қаланды. Кейін – Коряковская станицасы болды, 1861 жылы қала статусына ие болды. 1938 жылы Павлодар облыс орталығы болды.
Қаламен кеңес үкіметін Павлодарда орнатушылар С.К.Тепловтың, П.М.Ширяевтің, оқымыстылар Г.Н.Потаниннің, Қ.И.Сәтпаевтің, қазақ ақындары И.Байзақовтың, С.Торайғыровтың Д.Әбілевтің С.Дөнентаевтың, орыс кеңес жазушылары В.В.Ивановтың және орыс кеңес ақыны П.Н.Васильевтің тағдыры байланысты.
500 км -ге Баянауыл оазисінде таза ауа, көптеген бұлақтар мен көлдер, таңқурай мен қара қарақат өскен әдемі алқаптар мен шатқалдар бар. Саңырауқұлақтар, жемістер, балықтарға сан жетпейді. Климаты керемет. Қазақ халқы ежелден Баянауылды адамға күн, ауа мен қымыз денсаулық әкелетін халықтың сауығу орны ретінде мақтайды.
Баянауылдың інжу-маржаны - әдемі Жасыбай көлі, ол атақты батырдың есімімен аталады. Қарағайлы ормандар мен түрлі формадағы жартастар мөлдір де жұмсақ сулы көлдің жағасын әсемдейді. Мұнда «Баянауыл» туристіәк базасы орналасқан үлкен демалыс орны бар. Бұл жерлерде әдетте тиіндер, қояндар, түлкілер, қарсақтар, суырлар, күзендер мекендейді, қасқырлар да кездеседі. Сиректеу емес арқарды көруге болады, еліктер, бұландар мекендейді, киіктер кездеседі.
Ақмола облысы жерінде Қорғалжын қорығы бар. Бұл жерді үрікпеген құстар мекені деп атайды. Қорықтың негізгі көлемін тұзды Теңіз көлі алып жатыр. Көл және жүздеген сорлы даладағы уақ көлшіктер солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстіктен солтүстікке ұшып келуші жүздеген жыл құстарына мекен болады.Көктеммен күзде мұнда олар үш миллионға жуық жиналады. Осы уақыттарда қорық шекарасында көшуші киіктер табындары өтеді.
Бірақ, шындығында қорыққа даңқ әкелген ең сирек кездесетін құс – қоқиқаз. Олардың ең солтүстіктегі ұя басар жері – Қазақстанда. Қоқиқаз - өте сақ құс, оны жақыннан көру әркімнің маңдайына жазылмаған.
Қорғалжын көлі ауданында археологиялық – Жұмат мазары, Ботогай қаласының қирандысы, ежелгі жер суландыру құрылыстарының іздері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |