~~ Дифракциялық тор. Дөңгелек саңылау мен экрандағы дифракцияны түсіндіріңіз. Рентген сәулелерінің дифракциясын және голография тәсілін түсіндіріңіз.
Дифракциялық тор Бірдей мөлдір емес аралықтарға бөлінген ені бірдей // саңылаулар системасын дифракциялыщ тор деп атайды. Мөлдір емес бөліктің a мен мөлдір бөліктің b ендерінің қосындысын тор тұрақтысы деп атайды.
d = a +b.
Бір саңылау жағдайындағы Фраунгофер дифракциясындағыдай дифракциялық тордағы интенсивтіліктің дифракция бұрышы бойынша таралуын графикті н/е аналитикалық жолмен көрсетуге болады.
Әр саңылаудан келетін бағытындағы тербелістердің амплитудалары мен фазалары бірдей болады. Сол себепті барлық амплитуда векторлары бір түзудің бойына орналасып, қорытынды амплитуда
E = NE , мұндағы E01бір саңылауға сәйкес келетін амплитуда.
N саңылау жағдайында =0 бағытындағы интенсивтілік интерференцияланатын сәулелердің квадратына пропорционал артады.
Минимум бірінші және соңғы саңылаулардың фазалар айырымы болған жағдайда байқалады. Яғни, N = (мұндағы көршілес екі саңылау тербелістері арасындағы фазалар айырымы). = / , онда
Бұл максимумдар арасындағы қосымша минимумдар шартын анықтаудың мүмкіндігін туғызады.
(5)
Мұндағы k = 1,2,3, N-1.
Бас максимумнан көршілес минимумға өткенде жол айырымы /N-ге өзгеретіндіктен . Осыдан және бас максимумның бұрыштық ені . Сол себепті d = const жағдайында саңылау санының өсуімен интенсивтілік артуына сәйкес бас максимумдардың енінің кішірейгенін бақылауға болады. Нәтижесінде созылыңқы максимумдар қараңғы жолақтармен бөлінген жіңішке жолақтарға айналады. N саңылау жағдайындағы интенсивтілік мынадай формула бойынша анықталады.