Жас ерекшелігі психологиясы


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет35/83
Дата30.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#155643
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83
Байланысты:
Жас ерекшелігі психологиясы
kaz IMP izm, Metod Neotlozhnaya pomoshh' i reanimaciya v stomatologicheskoj praktike Chelyustno licevaya xirurgiya-003
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар;
1 .Нәрестелік кезең қандай аралықты қамтиды?
2. Нәрестеде пайда болатын рефлекстерді ата?
3 .Нәрестенің үлкендер эмоциясына жауап қайтаруы не деп аталады?
4 .Баланың қандай мүшесі ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді?
5. Сенсомоторлы интелект дегеніміз не?
7 .Нәресте қай айда дыбыс шығарып гуілдейді?
8. Қай айда бір буынды сөздерді айта алады?

7 дәріс


Тақырыбы: Ерте сәбилік шақтағы балалар психологиясы.

Дәрістің мазмұны:

1. Ерте сәбилік шақтағы моторлық дамуы және маңызды жетістіктер.


2. Ерте сәбилік шақта ақыл-ойының жетілуі.
3. Сәбилік шақта жеке адам қалыптасуының алғы шарттары.
4. Ерте сәбилік шақтағы тілдің дамуы.


Мақсаты: ерте балалық кезеңнің негізгі ерекшеліктерін және даму барысын, физиологиялық, психологиялық даму үрдісін меңгерту.
2 жастан 6 жасқа дейін дене өз өлшемін пропорциясын және формасын өзгертуіне байланысты бала нәресте күйінен өзгереді. Осы кезеңдегі мидың жедел дамуы баланың когнитивті мүмкіндіктерінің кеңеюіне және күрделі әрі нәзік моторикасының жетілуіне әкеледі.
Дене өлшемі және пропорциясы.
Балалық шақ барысында дене пропорциясы өзгергіш келеді. Мысалы, жаңа туған нәрестенің басы дененің төрттен бір бөлігін құрайды. 16 жаста бас тың өлшемі екі есе ұлғайғанымен, ол дене ұзындығының тек сегізден бір бөлігін құрайды. Дененің шеткі мүшелерінің ұзаруы ерте балалық шақтың басталуымен байланысты; Осы кезде баланың дене мөлшері мен салмағы да ұлғая түседі және дені сау баланың жыл сайын салмағы 2 кг, бойы- 8 см. өседі.
Қаңқаның дамуы.
Сүйектер туғаннан бастап жұмсақ ұлпалардың және шеміршектің сүйекке айналуы - оссификация нәтижесінде дамиды. Қаңқа жүйесінің дамуы баланың денелік күшіне байланысты.
Бас миының дамуы.
Дене өлшемдерінің ұлғаюымен қатар, бас миында да физиологиялық өзгерістер жүреді. 5 жастағы баланың бас миы өлшемі бойынша ересек адамдағыдай болады. Жүйке жүйесін құрайтын 100 немесе 200 миллиардтаған арнайы жасуша – нейрондардың дамуы эмбриональды және фетальды кезеңде жүзеге асып, туылу сәтінде аяқталады. Глиальды жасушалардың дамуы 2 жасқа дейін созылады. Ерте балалық жаста орталық жүйке жүйесінің жетілуі – миелиндену жүреді. Моторлық рефлекстері және көру анализаторы өткізгіш жолдарының ,миеленденуі ерте балалық шаққа сәйкес келеді. Одан соң күрделі қимылдарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қозғалтқыш жолдар, ақырында зейінді, көру-моторикалық кординацияны, ес және үйрену процестерін басқаратын талшықтар, жолдар және жолдар миелинденуі жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет