Жас ерекшелігі психологиясы



бет37/83
Дата30.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#155643
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83
Байланысты:
Жас ерекшелігі психологиясы

Операцияға дейінгі ойлау.
Операцияға дейінгі ойлау кезінде балалар әлем туралы өз танымын сөйлеу дағдысын пайдалана отырып ұлғайтады Бірақ Пиаже бойынша, мектепке дейінгі кезеңдегі балалар логикалық операцияларды түсінуге қажетті когнитивті қабілетке ие болмайды. Мұндай операциялардың ішінде - себеп және салдар заңы, шынайылықты қабылдау, кеңістік және уақыт, сондай-ақ, сан туралы ұғым. Мұның бәрін игеру келесі стадия: нақты операциялар кезеңінде жүзеге асады. Пиаженің айтуынша балар операцияға дейінгі кезеңге сөйлеу дағдыларымен және ойлау қабілетімен енеді де, бұл стадиядан айысқан уақытта : «Егер әжем қайтыс болған болса, ол қайда?» деген себепті сұрақтар қоя бастайды.
Операцияға дейінгі кезеңнің этаптары. Операцияға дейінгі кезең балад шамамен 2 жастан 7 жасқа дейін созылады және ол екіге бөлінеді: ұғынуға дейінгі (шамамен 2-4 жас аралығы) және интуитивті немесе ауыспалы (шамамен 5-7 жас аралығында). Ұғынуға дейінгі кезеңде бала бұрынғыдай негізгі категорияларды шатастыра береді. Олар ментальды, денелік, әлеуметтік шындықты шектеуге қабілетсіз болып келеді. Мысалы, олардың ойлауына анимизм, материализация, эгоцентризм сияқты құбылыстар тән болып келеді. Анимизм: бала барлық қозғалатын объектілерді жаны бар деп түсінуі мүмкін. Материализация: қиял әлеміндегі объектілер мен адамдар олар үшін ақиқат болып көрінеді. Эгоцентризм: Балалардық заттарды көріп, түсінуінің тек өз көзқарасы тұрғысынан болып, ешкіммен санаспауы.
Интуитивті немесе ауыспалы стадия. Аталған стадия шамамен 5 жас шамасында басталады. Бұл этапта бала ментальды шындықты денеліктен айыра бастайды. Енді олар басқа да күштің бар екенін сезе бастайды. Мектепке дейінгі балалардың ойлауы рационалды болады бірақ, жеке құбылыстарды түсіндіру кезінде олар магиялық ұғымдарға сүйену байқалады. Осылайша 4-6 жастағы бала үлкен адамның нәрестеге айналмайтынын және қатты объектіден өтіп кетуге болмайтынын түсінеді.
Операцияға дейінгі ойлаудың шектеулілігі.
Бұл кезеңде баланың ойлауы мына ерекшеліктерімен көрінеді: нақтылық, қайтымсыздығы, эгоцентризм, центрация және кеңістікті, уақытты, бірізділікті ұғыммен операциялаудағы қиыншылықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет