Жас ерекшелігі психологиясы



бет31/83
Дата30.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#155643
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83
Байланысты:
Жас ерекшелігі психологиясы

Тақырыбы: Жас ерекшелігі психологиясында жас кезеңдеріне топтастыру мәселелері.

Дәрістің мазмұны


1. Жас шағы кезеңдері және психикалық дамуды кезеңдерге бөлу.
2. Ғылыми тұрғыдан жас кезеңдерге бөлу.
3. Адам өміріндегі дағдарыс кезеңдері.
4. Психикалық дамудың негізгі заңдылықтары (биол.,әлеумет. Факторлар т.б.)..
5. Балалардың психикалық дамуының даралық ерекшеліктері.
Мақсаты: Жас ерекшелігіне қарай жас кезеңдеріне топтастырудың ерекшеліктерімен, заңдылықтарымен таныстыру және психика-
лық даму кезеңдерін түсіндіру.


Балалардың жасын кезеңдерге бөлу мәселесі
Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі.Оқыту мен тәрбие беру ісінде бұл принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады.Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбте жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады.Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін есепке алу қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса көңіл бөлуде.Бұл мәселе жөніндегі зерттеу мәліметтері әлі де болса бірыңғай көзқарастардың жоқтығын көрсетеді.Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату әліде толық зерттелмеген мәселелердің бірі.Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде көптеген талас пікірлер айтылып жүр.Мәселен, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізі жыныс бездерінің жетілуіне, дене қарқынының өсуіне байланысты десе, кейбір ғалымдар адам жасын тіс аттарына қарап топтастыруды ұсынады.
Біздің еліміздің ғалым педагогтары балаларды білім және тәрбие беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мәселен, балабақша жасындағы балалар, мектеп жасындағы балалар т.б.Балаларды жас кезеңдеріне осындай сатыда бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған.Бірақ бұл ұғым әліде болса ғылыми негізде толық дәлелденбеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет