Жас ерекшелігі психологиясы


Э.Эриксон адам дамуын 8 стадиясы бөлді



бет27/83
Дата30.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#155643
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83
Байланысты:
Жас ерекшелігі психологиясы

Э.Эриксон адам дамуын 8 стадиясы бөлді:
1.Сенімділік және сенімсіздік (тағаннан 1ж.д.) Бұл кезеңде бала өзін күткен қамқорлық жасаған адамдарды сезінеді. Егер оның қажеттіліктері қанағаттандырылып, оған үлкен қамқорлық көрсетілсе, ол өмірге, қоршаған ортадағы адамдарға сенімділікпен қарайды. Ал егер оның өмірінде стресс, жиі ауру, ашушаңдық тудыратындай жағдайлар болса, балада қоршаған ортаға деген сенімсіздік пайда болады.
2.Ұялу және күдіктену. (1-3ж) Бұл шақта бала жүре бастайды.Өздігінен тамақтануға, киінуге, тік жүруге үйрене бастайды. Оған өз бетімен бір іс-әрекет жасау тапсырылса балада сенімділік пайда болады, ал осы әрекеті үшін үлкендер оны жазаласа оның бойында ұялу өз күшіне күдіктену қалыптасады.
3. Инициатива немесе күнәмшілдік. (3-6ж) Бала өз денесінің белсенділігін бақылайды. Олар өздерінің белсенділігі арқылы адамдармен, айналадағы заттармен қарым-қатынас жасайды, ынтасы жоғарылайды. Ал егер оларды сынап жазалап отырса , олар өздерін кінәлайды.
4. Еңбексүйгіштік немесе толымсыздық.. (6-12ж) Балалар мектептен , үйден және өзінің жолдастарынан көптеген дағдыларды игереді. Оның «мен» концепциясы дамиды. Олардың өзін бағалауы академиялық үлгерімдеріне байланысты болады. Егер бала жақсы оқымаса онда толымсыздық комплексі қалыптасады.
5.Ұқсастық және рольдердің алмасуы (12-18ж) Бұл кезеңде балалар көптеген рольдерді біледі.Мысалы; мұғалім, оқушы т.б. Олар осы рольдерді біртұтас ұқсастықтарға интеграциялайды.
6. Жақындық және алшақтық. (18-40ж) Жастық пен қарттықтың басында дамудың негізгі қарама-қайшылығы жақындық пен алшақтық арасындағы дау жанжал туындайды. Жақындық дегеніміз- өзінің ұқсастықтарын жоғалтуға қорықпастан, өзінің жан дүниесін басқа адамдармен бөлісу.
7.Тәжірибелілік және инерттілік (40-65ж) Ересек жаста жоғарыда айтылған конфликтер шешілгеннен кейін, олар басқа адамдарға көңіл бөліп оларға қөмек көрсетеді. Бұл кезеңдегі адамдар осы кезге дейін қолы жетпеген жетістіктерге жетуге ұмтылады.
8.Эгоның біртұтастығы немесе торығу. (65 жастан жоғары...) Өмірінің соңғы этаптарында адам өткен өмірін ойлап, оны жаңаша түрде бағалайды. Егер адамның өткен өміріне көңілі толмаса , ол адамда эго- біртұтастығы сезімі пайда болады. Ал оған өткен өмірі бостан-бос өткендей көрінсе, ол адам торығып, өмірден түңіледі.

5. Адамның әртүрлі іс-әрекеттеріне зерттеулер жүргізілудің нәтежиесінде бихевиоризм бағыты дүниеге келді. Бихевиоризмнiң бiрiншi зерттеулерi анық iс-әрекеттi анықтау,яғни бақылай алатын және объектiні өлшеуге болатын iс-әрекет.Олардың көзқарасы бойынша, бұл психологияны нағыз ғылымға айналдыратын жалғыз жол,олармен ашылған iс-әрекет заңы индивидтiң өмiр жолында қолданылады.Бiз бұл бағытты зерттелген екi ғалымның жұмысынан қарастырамыз.


Орыс физиологы И.П.Павлов (1849-1936) өзiнiң ғылыми еңбегінде жануарлардың асқорыту процесiн зерттеумен айналысты,ол бұл еңбегi үшiн 1904ж.Нобель сыйлығымен марапатталды.Оның зерттеулерi барысында тәжiрибиедегi иттер трахеотомға айналды. Өзiнiң тәжiрибиесiнiң жүзеге асуын Павлов бақылай келе,тәжi рибиеге қатысқан иттердiң сiлекейлерiнiң бөлiнуi олардың ауызына бармас бұрын басталады,сонымен қатар Павлов және оның көмекшiлерi оларға жай жақындаған кезде сiлекейлерi бөлiндi. Павлов оны психикалық секреция деп атады. Сонымен,классикалық негiзделу кезiнде екi немесе одан көп стимулдар бiрiгедi және зерттелушiнiң миында олар бiр-бiрiмен қосыла бастайды.Павловтың зерттеулерi көрсеткендей қоңыраулардың дыбысынан иттерде сiлекей бөлiнулерi рефлекс түрiнде жауап бередi.Бұл дыбыстар сiлекей бөлiнгенше тамақ ретiнде қолданылады.Бұдан кейiн зерттеушiлер режимдi өзгерттi,олар бұл iс-әрекеттiң барысын жазып отырды,олар ассоциацияның қалыптасуын және оның қаншалықты берiк екенiн анықтады.
Э.Л.Торндайк (1874-1949) танымал педагог, оның еңбегі 1911ж. эффект заңы.Бұл заң бойынша iс-әрекеттен кейiн жағымды нышандар пайда болып және де оны қайталауға деген әрекет пайда болады,ал егер жағымсыз әрекеттер немесе қанағаттанбаушылық болса,с-әрекеттiң қайталануынан бас тартады.
Үйрену терминi тәжiрибе қорытындысындағы немесе қалыптасқан тәжiрибиедегi iс-әрекеттердiң өзгеруiн бiлдiредi.Бұл анықтама 3 негiзгi элементтерден тұрады:
1)жүзеге асқан өзгерiс, тұрақтылығы және ұзақтығымен ерекшеленеді.
2)өзгерiс iс-әрекетiнiң өзiн емес,оның мүмкiн болатын потенциалдарын шыңдайды.
3)үйрену бiрнеше тәжiрибиенi талап етедi.
Павлов пен Торндайктың жұмыстарын қабылдамай "үйрену" теориясының ертедегi өкiлдерi,АҚШ.-ғы психологиялық ғылымға еңбектерi сiңген өкілдер,өздерiнiң анықтаған құбылыстарын инструментальды мiнез-құлыққа бағыттады. Бұған мысал; тышқанның лабиринттен тамақ iшу үшін жол табудағы мiнез-құлқы жатады.Бұдан әр тәжiрибиеде тышқанның өз мақсатына жетудегi уақыты өлшенедi.
Үйрену теориясының өкiлдерi қатаң бихевиоризмнен басқа жолдарды қарастырды.Олар мынадай түсiнiктердi қолданды:үйрену,мотивация,қозғалмалы күштер т.б.
Үйрету зерттеушiлерi үйрету үшiн формулалар ойлап шығарды және жайлап-жайлап ортақ үйрету "заңын" анықтады.Солардың бiрi классикалық қисық үйрету,ол адамның әр түрлi мiнез-құлқына арналған.Осылай кейбiр iстерге үйтету мысалы,музыкалық аспапта ойнау,бастапқы этаптардағы тез үйрену шеберлiгiмен суреттеледi,бiрақ жақсару темпi күннен-күнге жайлайды.Бала гитарада ойнауды үйренiп жүр делiк.Алдымен ол иiлгiштiктi қалыптастырады және саусақтардың үйренгiштiгiн,бiрақ оған нағыз виртуоз болы керек болса,онда бұл аз емес жылды талап етедi.Қисық үйрету адамдардың көптеген күрделi шеберлiктерiн иллюстрациялауға болады.
Ұлы орыс психологы Л.С.Выготский ең әуелі жалпы психология саласында өте шебер маман болды. Ол диалектикалық және тарихи материализм негізіндегі психологияның ғылыми жүйесін құрды. Л. С.Выготский бала психологиясымен айналысып көп еңбектер жазды.Ол психикалық дамудың өзіндік заңдылықтарын құрды;

  1. бала өмірінің әрбір жылында дамудың өзіндік типі мен режимі бар.

  2. Даму –сапалық өзгерістердің тізбегі және баланың психикасы ересектердің психикасына қарасғанда өзгеше.

  3. Баланың дамуы әркелкі.

Баланың ойлау қабілетін зерттеу Выготскиий зерттеулерінің негізі болды.Сонымен қатар балаға қойылатын талаптар оның функционалдық мүмкіндігінің алдында жүру керек, яғни жақынаралық даму зонасы орыс психологы Выготский есімімен байланысты.Оның айтуы бойынша баланың әрбір іс -әрекеттегі тапсырманы орындаудың 2 деңгейін көрсетуге болады:

  1. баланың өзбетінше орындай алатыны

  2. ересектермен қарым-қатынаста үйренетін іс-әрекеттер, осы екінші деңгейге жақын аралық даму зонасы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет