ХХ ғасырдың басында педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының факторларын түсіндіруші екі ағым айқындалды.Бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттары басым екендігін дәлелдеді.Бұл екі бағыт та 30 – жылдардың басында совет психологиясында сынға алынды. Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағыт пікірінше, даму ,жеке адамның сапалық және сандық жақтары тұқым қуалаушылықпен анықталады,ал орта – бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғана.
Психикалық дамуда биологияшыларға тән тұқым қуалаушылық факторларды артық бағалауы,олардың психологиядағы биогенетикалық деп аталатын заңға бағытталуы анықталды.Психологиядағы биогенетикалық заң дегеніміз ХІХ ғасырда Геккель тұжырымдаған белгілі эволюция заңын жас ерекшелігі психологиясы саласына ауыстыру әрекеті.Биологиялық күштердің әсерімен психологиялық даму кезеңдері мен бала мінез-құлқының формалары бірін-бірі заңды түрде ауыстырып отырады. Психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады,ол сыртқы фактор ретінде кейбір табиғи тұқым қуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процестерін тежеуге немесе тездетуге ғана жарамды болады деген идея жатқызылды.
Социогенетикалық бағытты жақтаушылардың пікірі бойынша, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді,сондықтан да адамды зерттеп білуі үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті:қоршаған орта қандай болса, адамның жеке басы, оның мінез-құлықтарының механизмі, даму жолдары сондай болады деген ұстанымда болған. Биогенетиктер де,социогенетиктер де баланың психикалық дамуының механизмдері жөнінде дұрыс түсінік бере алмады.
ХІХ ғасырдың аяқ кезінде және ХХ ғасырдың бас кезінде жас ерекшелік психологиясы педология ғылымымен тығыз байланыста дамыды. Педология – балалар туралы ғылым, негізін қалаған американ психологы Г.С.Холл. Педологияның мазмұнын бала дамуының психологиялық, физиологиялық, биологиялық концепцияларының жиынтығы құрастырды.Психологияға эволюциялық идеялардың енуіне байланысты ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған (Батыста – С.Холл, Э.Мейман, В.Прейер, Россияда – В.И.Бехтерев, А.П.Нечаев, Г.И.Россолимо ) 20 жылдары және 30 жылдардың басындағы педология балалар туралы ғылымның жеке дара ролін атқаруға талаптана бастайды. Г.С. Холл 1983 жылы Балтимор университетінде алғаш рет эксперименттік лаборатория ұйымдастырды,бұнда балалар психологиясы,әсіресе жасөспірімдер психологиясын зерттеуді бастады, сонымен бірге Г.С.Холл психологиялық даму туралы алғаш рет журнал шығарды.Өз лабораториясында жас өспірімдер мен жеткіншектердің әр түрлі психикалық қасиеттерін зерттей бастады. Г.С.Холл балалар психологиясын зерттей отырып, мынандай қорытындыға келді: бала психикасының негізі Э.Геккель салған биогенетикалық заңда жатыр деп есептеген.