Жыныстық хромосомның гендеріне байланысты ақаулық Х хромосомы өте қысқа болып , Ү хромосомымен жұп құра алмай , сәйкестік болмайтын кездері болады . Сондықтан бұл гендер жынысқа тіркелген гендер деп аталады . Бұл аурудың бір түрі гемофилия ауруы , яғни қанның дұрыс ұйымауы . Бұл аурумен ауырғандардың қан құрамында ұюға қажетті плазма болмайды . Сондықтан аз ғана жарақат алса да , көп мөлшерде қан жоғалтады .
3.Болашақ сәбидің қандай ақаулықпен дүниеге келетінін айту үшін ата-ананың екеуіде медициналық тексеруден өткізіледі.Егер гендік анамалия белгілері байқалса оның қашалықты әсер ететінін анықтап, ата-анаға хабарлайды.
Төменде алдын-ала кеңес алуға тиісті адамдар тізімі берілген;
- ата-бабасында немесе өзінде гендік ақаулығы бар адамдар,
-туғаннан ақаулығы бар немесе анамалиясы бар баланың ата-анасы,
-хромосомды анамалия эмбрионда байқалған, 3рет түсік тастаған ана,
-35 жастан асқан жүкті әйел адам не күйеуі 44-тен асқан,
-тұқымқуалаушылық ауруы бар болашақ ата-ана,
-түрлі радиациялық әсерлерге көп мөлшерде дәрі ішкен, т.б сыртқы орта әсеріне ұшыраған жұптар.
4.Қоршаған орта деңгейі; жанұя және әлеуметтену. Қоршаған орта деңгейлерінің құрамына мыналар жатады;
Микрожүйе-адамдар және жанұядағы мектептегі және баламен тікелей байланыста болатын қоғамдық институттар.
Мезожүйе-микрожүйенің бірнеше элементтерінің қарым-қатынасы.
Экзожүйе-баламен тікелей байланыспайтын, бірақ аз ғана болса даоған әсерін тигізетін қоғамдық құрылымдар.
Макрожүйе- жалпы мәдениет.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар? 1 .Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
2. Тұқымқуалаушылық арқылы қандай аурулар беріледі?
3. Хромосома қандай қызмет атқарады?
4 . Генотип дегеніміз не?
5. Гемофилия ауруның белгісі ата?
6 .Тернер аурунының қандай белгілері бар?
7. Макро жүйеге нелер жатады?
8. Микрожүйе дегеніміз не?
9. Мезожүйенің құрылымын ата?
10. Экзожиенің құрылымы?