Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра


-билет 64. Мектепке дейінгі жастағы балаларға өлеңді жаттау әдістемесі



бет42/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

22-билет
64. Мектепке дейінгі жастағы балаларға өлеңді жаттау әдістемесі
Мнемотехникалық әдіс – өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі. Осы жастағы балаларға өлеңдер жаттауда сөйлейтін суреттерді қолданған қолайлы. Өлең жаттауда әр сөзді рәміздермен алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті көрсетуге болады.
Мнемокестемен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру оқытудың уақытын біршама азайта отырып, тақпақты жатқа айту,әңгімелеп беру, шығарманы мазмұндау дағдыларын, балаларда ойлау, қабылдау, қиялдау, есте сақтау т.б псиихикалық процестерін дамытады. Сол сияқты, ақыл – ойын дамыту, жылдам ойлауға, салыстыра білуге, ұқсастықты таба білу іскерліктерін арттырады.
Мектепке дейінгі бала есте сақтау мен қабылдауы жоғары қабілетімен ерекшеленеді. Мнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді.
Баланың тілін дамыту үшін 6-7 жастағы балалар шағын әңгіме құрастырады, өлеңдер, aлогоритмикалық жаттығулар жаттайды. Әңгіме сипаттағанда, өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттағанда сызбалар қолданған қолайлы. Мнемотехникалық әдістің міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс ай тылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы, белсенуі мен бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы.
65. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесіне қажетті құрал саймандар
Дене тәрбиесі құралдары. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің негізгі
бӛлімдерінің ішінде ерекше орын алатыны - дене тәрбиесі құралдары. Дене
тәрбиесінде қолданылатын негізгі құралдар дене тәрбиесінің жаттығулары, ал
кӛмекші құрал ретінде табиғаттың (жаратылыстың) сыртқы күшінің әсері мен
гигиеналық факторлар. Дене тәрбиесі жаттығуларының жалпы ұғымы дене
тәрбиесінің тәжірибесінде екі жақты мағынаны білдіреді. Біріншісі, дене
тәрбиесінің құралы қимыл-қозғалыстың түрі болса, екіншісі әдістемелік
қағидаларды пайдалана отырып қимыл-қозғалысты бірнеше рет қайталау
процесін ұйымдастыру болып табылады. Бірінші жағдайда адамның денесіне
немен әсер етуі сӛз болса, екінші жағдайда әсер етуді қалай іске асыруға
болады. Осы ұғымдарды шатастырмау үшін бірінші жағдайды «дене
тәрбиесінің жаттығулары», екіншісін «жаттығулар тәсілі» деп атаймыз. Дене
жаттығулары адамның қимыл-қозғалысын құрайды және денені тәрбиелеудегі
міндеттерді іске асырады. Бірақ қимыл-қозғалыстардың барлығы дене
жаттығуларына жатпайды. Дене жаттығуларының белгісі оның орындалуы
белгілі бір заңдылықпен байланысты. Мысалы, жаттығу жүруді алса, оның
маңызы дене жаттығуына сәйкес болғандығында. Сол сияқты басқа да
қозғалыстар, егер жұмыс істеу себептеріне байланысты кейпін ӛзгертіп отырса
ғана дене тәрбиесі жаттығуларына айналады (жүгіру, лақтыру, күресу .т.б).
Кейбір жаттығулардың сыртқы ұқсастықтары бола тұрғанмен бұларды дене
тәрбиесі жаттығулары деп қарауға болмайды (еден жуу, еңбек сабағы, әртүрлі
қара жұмыс). Іс жүзінде қолданылып жүрген дене жаттығуларының бірнеше
түрлері бар. Олар кӛлемі мен мазмұнының әртүрлі болуына байланысты бір-
біріне ұқсамайды. Дене жаттығуларының мазмұны негізінен қозғалыс істеріне
кіретін қимылдар мен жаттығулар процесінің денеге тигізетін әсерімен
анықталады. Ал процестерді әртүрлі: атап айтқанда психологиялық,
физиологиялық, биохимиялық, биомеханикалық т.с.с. тұрғыдан қарауға
болады. Психологиялық кӛзқараспен қарағанда, дене жаттығулары еркін
қозғалыс болып саналады. И.М.Сеченовтың айтуы бойынша бұл құбылысты
«адамның санасы мен жігері басқарады». Адам физиологиясы тұрғысынан
қарағанда, дене тәрбиесінің жаттығулары организмнің функционалды қызметі
мен жұмыс істеу қабілетін арттырады. П.К.Анохин қозғалыс ерекшелігін
түсіндіре келіп ӛзінің «функционалдық жүйе» тұғырнамасын ұсынады. Бұл
тұғырнама бірінші жағдайда шартты рефлекстің негізінде пайда болып сонан
соң ӛз қабілетінің бағдарлауын реттейді десе, ал Н.А.Бернштейннің айтуынша
«физиологиядағы еркін қозғалыс деп аталатын қозғалыс шын мәнінде,
рефлективтік қозғалыс» деп тұжырымдайды (сыртқы әсер арқылы пайда
болатын қозғалыс). Дене тәрбиесі жаттығуларының мәнін түсіну үшін ескеретін
жағдай, әрбір кез келген жаттығуды белсенді орындау организмнің
функционалды деңгейінің екінші түрге ауысуына әкеліп соғады. Дене
жаттығулары педагогикалық тұрғыдан адамның мүмкіншіліктерін дамытуы
мен қозғалысты білу жаттығу әдістерінің қалыптасуын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет