*!Жедел аппендициттің асқынуы? жедел флегмонозды аппендицит


*!Асқазан ішек жолдарынан қан кету клиникалық көрінісімен 46 жастағы ер адам жатқызылды. ЭФГДС: асқазанда кофе тәріздес сұйықтық, кардиалды бөлімінің шырышты қабатынның жыртылуымен, жалғасып жатқан қа



бет3/3
Дата20.12.2021
өлшемі113,62 Kb.
#103757
1   2   3
Байланысты:
Khirurgia.docx

*!Асқазан ішек жолдарынан қан кету клиникалық көрінісімен 46 жастағы ер адам жатқызылды. ЭФГДС: асқазанда кофе тәріздес сұйықтық, кардиалды бөлімінің шырышты қабатынның жыртылуымен, жалғасып жатқан қан кету белгісі жоқ.

Маллори-Вейс синдромын емдеуде қандай тактика негізделген?

*шұғыл операция

*+консервативті ем

*Блекмор зонды

*эндоскопиялық коагуляция

*эндоскопиялық инъекция жасау арқылы гемостаз жасау

#133


*!Ойық жараның перфорациясы кезінде, құрсақ қуысының рентгенограммасында пневмоперитонеум анықталмаған жағдайда жағдайда қолданылатын қосымша зерттеу әдісі?

*Эндоскопиялық ретроградты холангиография

*компьютерлік томография

*+пневмогастрография

*дуоденоскопия

*ЭФГДС
#134

*!Науқас 22 жаста ойық жараның перфорациясы диагнозымен келім түсті. Рентгенограммада оң көкеттің астында бос газ анықталады

Аталған рентгенологиялық белгі аталады?

*Клойбер тостағаншалары

*+пневмоперитонеум

*ішек пневматозы

*пневмоторакс

*эмфизема
#135

*!Ойық жараның перфорациясына күдіктенген кезінде зерттеу әдісі?

*эндоскопиялық ретроградты холангиография

*+жалпы шолу рентгенографиясы

*компьютерлік томография

*фистулография

*дуоденоскопия
#136

*!Гастродуоденалды қан кетуде қолданылатын зерттеу әдісі?

*эндоскопиялық ретроградты холангиография

*іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

*компьютерлік томография

*пневмогастрография

*+фиброгастродуоденоскопия
#137

*!Науқас, 35 жаста асқазан ішек жолынан қан кету клиникасымен келіп түсті.

Қан кетусебеін анықтауда анағұрлым ақпаратты зерттеу әдісі?

*іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

*+фиброгастродуоденоскопия

*тік ішекті саусақпен тексеру

*құрсақ қуысының УДЗ

*трансиллюминация


#138

*!Науқас 28 жаста, ойық жарадан қан кету белгілерімен келіп түсті. Қарап ткесергенде тері жамылғылары бозғылт, суық тер байқалады. АҚҚ-50/20 мм.с.б.б. Пульс 120 рет минутына. Қан анлизінде: эритроциттер-1,8х1012/л, гемоглабин-62г/л,

Науқаста қандай асқыну дамыды?

*анафилактикалық

*гиповолемиялық

*+геморрагиялық

*гематогенді

*септикалық


#139

*!Науқас, 32 жаста, ойық жарадан қан кету клиникасымен келіп түсті. ФГДС-та он екі елі ішектің алдынғы қабырғасында қызыл тромб анықталды, қан кету белгілер жоқ.

Дәрігердің іс-әрекеті?

*гастроэнтерология бөлімшесіне жатқызу

*+хирургия бөлімшесіне жатқызу

*терапия бөлімшесіне жатқызу

*диспансерлік бақылау

*амбулаторлы ем


#140

*!Науқас, 58 жаста, асқазан ойық жарасының өршуіне байланысты жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылған. Анамнезде ойық жара 12 жыл. Соңғы уақытта ауру сезімінің көрінісі (ауру сезімі тұрақты) мен кезеңінің өзгерісін байқаған.

Ойық жараның болжама асқынуы?

*+малигнизация

*қан кету

*тесілу


*пенетрация

*стеноз
#141

*!Науқас, 49 жаста, шамамен 8 жыл он екі елі ішектің ойық жарасымен ауырады. Соңғы 3-4 айда асқазан толып тұрғандай сезім, сасық кекірік, кейіннен жеңілдік алып келетін қабылдаған тағамы бар кезеңді құсу пайда болды.

Осы науқаста дамыған ойық жараның асқынуы?

*малигнизация

*қан кету

*тесілу

*пенетрация

*+стеноз
#142

*! Жедел панкреатит клиникалық көрінісіне ұқсас ойық жара асқынуы?

*малигнизация

*қан кету

*+пенетрация

*тесілу


*стеноз
#143

*!Ойық жара малигнизациясын растайтын зерттеу әдісі?

*эндоскопиялық ретроградты холангиография

*компьютерлік томография

*пневмогастрография

*+биопсиямен ФГДС

*дуоденоскопия
#144

*!Науқас, 39 жаста, пилородуоденальды стеноздың клиникалық көріністерімен келген. Диагнозды растайтын ақпаратты зерттеу әдісі?

*компьютерлік томография

*+асқазан рентгеноскопиясы

*пневмогастрография

*ФГДС


*УДЗ
#145

*!Пенетрацияның клиникалық көріністері бар болған жағдайда қандай зерттеу әдісі қолданылады?

*компьютерлік томография

*+асқазан рентгеноскопиясы

*пневмогастрография

*ФГДС


*дуоденоскопия
#146

*!Пилородуоденальды стеноздың компенсаторлық сатыдағы рентгенологиялық көріністер?

*асқазаннан эвакуация24 сағаттан көп кідіруі

*асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 12-24 сағ құрайды

*асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 24-36 сағ құрайды

*асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 3-6 сағ құрайды



*+асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 6-12 сағ құрайды
#147

*!Хирургия бөліміне оң жақ шап жарығы диагнозымен 50 жасар ер адам түсті. Жарықты пальпация арқылы тексеру барысында жұмсақ консистенциялы құрылым сезіледі, ал перкуссия барысында перкуторлы дыбыстың тұйықталғаны анықталады.

Жарық қабының ішінде қандай ағза болуы мүмкін?

*ұйқы безі

*соқыр ішек

*аш ішектің ілмегі

*сигматәрізді ішек

*+үлкен салпыншақ
#148

*!Әйел, 28 жаста, кіндік аймағындағы томпаюға шағымданады. Қарап тексергенде кіндік аймағында 4,0смх3,5см өлшемді жарық анықталады, маңындағы тері жабындыларының түсі өзгермеген, пальпация кезінде түзіліс жұмсақ–эластикалық, перкуссия кезінде тимпаникалық дыбыс естіледі.

Жарық қабының құрамында қандай ағза болуы мүмкін?

*үлкен салпыншақ

*ұйқы безі

*+ішек

*бауыр

*қуық
#149

*!Ер адам, 35 жаста, шап жарығы қысылғаннан 8 сағаттан кейін операцияға алынды. Жарық қабында аш ішектің өмірге бейімді 2 ілмегі бар. Қысылған сақинаны кескенде оларды біріктіруші ішек ілмегі іш қуысында орналасқан.

Қысылудың түрі қандай болуы мүмкін?

*+ретроградты

*қабырғалық

*сырғымалы

*Рихтерлік

*нәжістік
#150

*!Ер адам, 67 жаста, оң жақ шап жарығымен ауруханаға түсті.

Қандай диагностикалық симптомды қолданамыз?

*жейде

*шалпын шуы

*+жөтел түрткісі

*құлаған тамшы

*бауырлық тұйықталу
#151

*!72 жастағы әйелде, холецистэктомия операциясынан кейін созылмалы бронхиттың жеделденуінен жөтелге шағымданады, және операциядан кейінгі жарасы екіншілік жазылу сатысында.

Операциядан кейінгі кезеңде қандай асқыну дамуы мумкін?

*метеоризм

*копростаз

*ішек салдануы

*ішектің түйілуі

*+операциядан кейінгі жарық
#152

*!62 жастағы ер адам, оң жақ шап аймағындағы томпаюдың ауру сезіміне, жарықтың орнына келмеуіне, томпаюдың қатаюына, тығыздалуына шағымданады. Бұл жағдай кенеттен ауыр көтергеннен пайда болған.

Жарықтың қандай асқынуы болуы мүмкін?

*копростаз

*эвентрация

*ішек инвагинациясы

*+жарықтың қысылуы

*соқыр ішектің айналуы
#153

*!Ер адам, 35 жаста, оң жақ шап аймағының ісік тәрізді түзілісіне шағымданады. Науқасты тік бағытта қарап тексергенде жұмсақ эластикалық пішіні сопақ түзіліс анықталады. Науқастың көлденең бағытында томпаю өздігінен құрсақ қуысына енеді.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

*лимфаденит

*варикоцеле

*гидроцеле

*+жарық

*липома
#154

*!Жедел ішек түйілуінің клиникасымен түскен науқасқа тазалау клизмасы кезінде тік ішек арқылы 600 мл-ден артық су енбей, түтікше жанынан сыртқа ағып кете берді. Бұл кезде жедел ішек түйілуінің қай симптомы туралы ойлау керек?

*Обухов ауруханасы

*+Цеге - Мантейфель

*Шимана - Данс

*Спасокукоцкий

*Валь
#155

*!Іші ауру, құсу, үлкен дәреті мен газ шықпау шағымдарымен түскен науқасқа құрсақ қуысының шолу рентгенограммасы жасалды. Рентгенограммада Клойбер тостағаншасы мен Керкринг қатпарлары анықталды. Анықталған белгілер қай ауру кезінде кездеседі?

*+жедел ішек өтімсізідігі

*панкреонекроз

*сигма тәрізді ішектің бұралуы

*инвагинация

*қуысты ағзаның перфорациясы

#156


*!56 жасар науқас, іштің кебуіне, үлкен дәреті мен газ шықпауына шағымданады. Тексеру барысында Цеге-Мантейфель және Обуховский ауруханасы симптомдары анықталды.

Бұл жағдайда ең алдымен ішек түйілуінің қай түрі жайлы ойлау керек?

*соқыр ішек ісігі

*диафрагмалның өңештік тесігінің қысылған жарығы

*+сигма тәрізді ішектің бұралуы

*илеоцекалды инвагинация

*жіңішке ішектің бұралуы
#157

*!45 жасар науқаста, физикалық жүктемеден кейін толғақ тәрізді іштің барлық аймағын қамтитын ауыру сезімі басталды. Бірнеше сағаттан соң жүрегі айну, құсу, іштің кебуі, газдың кідіруі пайда болды. Берілген симптомкомплекске қарап қандай ауруға күдіктену керек?

*+жедел ішек түйілуі

*асқазан ойық жарасының тесілуі

*жедел панкреатит

*жедел аппендицит

*жедел холецистит
# 158

*!40 жастағы науқаста шап жарығы қысылып, 6 сағаттан соң өздігінен ішке еніп кетті. Науқасқа шап жарығына операция жасалып, жарық қақпасына пластикамен аяқталды. Келесі күні науқастың жағдайы ауырлап, перитонит клиникасы пайда болды.

Перитонитің себебі қандай болуы мүмкін?

*ұрық шылбыры қан тамырынан қан кету

*+ішек ілмегінің некрозы

*ерте жабыспақтық түйілуі

*мезентериалды қан тамыр тромбозы

*пилефлебит


#159

*!Науқаста аппендектомиядан кейін 6-күні іште толғақ тәрізді ауыру сезімі мен іштің кебуі, нәжіс пен газдың кідіруі пайда болды. Сондай-ақ ары қарай құсу пайда болды.

Бұл көріністі қалай түсіндіресіз?

*аппендикулярлы артериядан қан кету

*+ерте жабыспақтық ішек түйілуі

*мезентериалдық қан тамыр тромбозы

*дуглас кеңістігінің абсцесі

*тігіс шамасызыдғы


#160

*!Науқаста аппендэктомиядан соң ерте операциядан кейінгі кезеңде жабыспақтық ішек өтімсіздігіне күдік туды.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісін жасау керек?

*+құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

*пневмогастрография

*ректороманоскопия

*лапароскопия

*ФГДС
#161



*!30 жастағы әйел қан, шырыш, ірің араласқан 6-8 рет іш өтуіне, іш қуысының ауру сезіміне, іш кебуіне шағымданады. Өзін 1 ай бойы ауру деп есептейді, 5кг салмақ жоғалтқан. Әлсіздік анықталады. Тазартқыш клизмадан соң тік ішек саусақ әдісімен зерттеледі, қан табылады, ректороманоскопия 15 см дейін — шырышты қабат босансыған, 0,5см дейін эрозиялармен және ойық жаралармен жабынған, қансырайды

Қандай болжамды диагноз дұрыс?

*энтероколит

*соқыр ішек ісігі

*эрозивті проктосигмоидит



*+спецификалық ойық жара колиті

*тітіркенген тоқ ішек синдромы
#162

*!Әйел, 35 жаста, аздаған физикалық жүктемеден соң геморроидалды түйідердің сыртқа шығуына шағымданады. Айтуы бойынша геморроидалды түйіндер орнына келіп, қайта шығып қалады.

Геморройдың қандай сатысы дұрыс?

*+геморрой III сатысы

*геморрой II cатысы

*геморрой I сатысы

*субкомпенсация

*декомпенсация
#163

*!Ер адам, 47 жаста, артқы өтісте дефекациядан соң қан кетуге, ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде сфинктердің айқын спазмы анықталады.

Қандай болжамды диагноз дұрыс?

*жедел геморрой

*жедел парапроктит

*+жедел аналді сызат

*аналді каналдың стриктурасы

*геморроидалді түйіннің тромбозы
#164

*!Ер адам, жасы 37де, артқы өтіс аймағындағы мерзімдік қышынуға, дефекациядан соң алқызыл қан шығуына шағымданады.

Болжамды диагноз қандай?

*+геморрой

*парапроктит

*аналді сызат

*тік ішектің ісігі

*сифилитикалық гранулема
#165

*!Әйел, 50 жаста, 2 күн аралығында артқы өтіс аймағындағы солқылдаған ауыру сезіміне, дене қызуының 38⁰С дейін көтерілуіне шағымданады. Анальді аймақты қарап тексергенде анустың сол жағында гиперемия, ісіну, терісінің шығыңқы болуы, пальпацияда ауыру сезімі күшейеді.

Қандай диагноз дұрыс?

*жедел геморрой

*тік ішектің түсуі

*жедел аналді сызат

*+жедел парапроктит

*аналды каналдың стриктурасы
#166

*!Ер адам, 40 жаста, артқы өтіс аймағындағы дискомфортқа, дефекациядан соң анустан қан кетуіне шағымданады. Анамнезінде іш қату мазалайды. Қарап тексергенде шартты циферблаттың 11 сағатында жұмсақ эластикалық түзіліс анықталадыю.

Қандай диагноз дұрыс?

*+геморрой

*проктосигмоидит

*жедел парапроктит

*ойықжаралы колит

*сифилитикалық гумма
#167

*
!Әйел, 57 жаста, аралық аймағында жарадан іріңді бөлініске шағымданады. Қарап тексергенде аралық аймағында көлемі 0,3х0,3см жара анықталады, басқан кезде жарадан іріңді бөлініс, айналасындағы теріде мацерация.

Қандай диагноз дұрыс?

*созылмалы геморрой

*созылмалы аналді сызат

*+созылмалы парапроктит

*аналді каналдың стриктурасы

*геморроидалді түйіндердің тромбозы
#168

*!Крон ауруына тән ең жиі кездесетін симптомдар жиынтығы:

*+қызу, диарея, жүдеу, құрсақтағы ауру сезімі

*қызу, жөтел, бас айналу, құрсақтағы ауру сезімі

*диарея, температура, қыспа, құсу

*азу, лоқсу, қыспа, температура

*құрсақтағы ауру сезімі, қыспа, лоқсу, температура
#169

*!Жаралы колитпен байланысты ішек перфорациясы кезінде ең таңдамалы емдеу әдісі:

*+илеостомия мен перфорацияны тігу

*проксимальді колостомия

*тотальді колостомия және илеостомия

*перфорациямен біріккен ішек сегментінің резекциясы

*құрсақтан перфорациямен өрімнің шығарылуы
#170

*!Крон ауруының УДЗ бойынша ең тән жанама белгілері:

*+қуысты мүшенің қабырғасының сегментті 8-10 мм қалыңдауы

*қуысты мүшенің қабырғасының сегментті 10-12 мм қалыңдауы

*қуысты мүшенің қабырғасының сегментті 12-14 мм қалыңдауы

*қуысты мүшенің қабырғасының сегментті 8-10 см қалыңдауы

*қуысты мүшенің қабырғасының сегментті 10-12 см қалыңдауы
#171

*!Жалпы қан анализіндегі Крон ауруына ең тән лабораториялық белгілер:

*лейкоцитоз, анемия, ЭТЖ жоғарылауы, гиперпротеинемия

*тромбоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы

*ЭТЖ төмендеуі, гиперпротеинемия

*анемия, тромбоцитоз, гипопротеинемия

*+ лейкоцитоз, анемия, ЭТЖ жоғарылауы, гипопротеинемия
#172

*!Крон ауруындағы ең ақпараттандырылған зерттеу әдістері:

*+рентген, эндоскопия

*УДЗ, рентген

*эндоскопия, КТ

*МРТ, рентген

*УДЗ, эндоскопия
#173

*!Крон ауруына ең тән ішектен тыс көріністері:

*салмақ жоғарылауы, тері бозаруы

*АҚ жоғарылауы, лейкоцитоз

*+анорексия, салмақ төмендеуі

*бас айналу, құсу

*гиперемия, лоқсу
#174

*!Өңештің зақымдалу кезіндегі Крон ауруына ең тән клиникалық көріністері:

*+дисфагия, гиперсаливация, регургитация, төс артындағы ауру сезімі

*регургитация, гипосаливация, бас айналу

*дисфагия, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі

*гипосаливация, іштегі ауру сезімі, тағам өтімсіздігі

*АҚ жоғарылауы, төс артындағы ауру сезімі, салмақ төмендеуі
#175

*!Перфоративті аппендицитке байланысты операция жасалынған науқаста динамикада іштің жоғарғы оң жақ жартысында ауру сезімі және қалтырау пайда болды. Қан талдамасында лейкоцитоз 18,0х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Құрсақ қуысының УДЗ-де диафрагма астындағы кеңістігінде сұйықтықты түзіліс анықталған.

Операциядан кейінгі кезеңде дамыған асқыну?

*оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

*+абсцесс

*жедел холецистит

*жедел панкреатит

*он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы


#176

*!Науқас К., 19 жастағы, іштегі жайылмалы ауру сезіміне, жеңілдік алып келмейтін құсуға шағымданып түсті. Жағдайының нашарлауы 18 сағат аралығында болған. Өз еркімен Кетонал, Спазмалгон дәрілерін қабылдаған жағдайы уақытша жақсарған. Іш аздап үрленген, қатайған, барлық аймақта ауру сезімді, ішек перистальтикасы әлсізденген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Ректальды зерттеу барысында тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауру сезімі, салбырауы анықталады.

Перитониттің мүмкін болатын себебі?

*+жедел аппендицит

*жедел панкреатит

*асқазан ойық жарасының тесілуі

*жедел аднексит

*жедел ішек түйілуі


#177

*!Науқас А., 48 жаста, стационарда жедел панкреатит диагнозымен ем қабылдауда. Динамикада науқастың жағдайы нашарлаған, дене температурасы жоғарлаған, ауру сезімі іштің барлық аймағында таралған. Қарау барысында іш үрленген, қатайған, барлық аймақта ауру сезімді. Кейбір аймақтарда перкуторлы дыбыстың тұйықталғаны анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Құрсақ қуысының УДЗ-де барлық бөлімінде бос сұйықтық анықталады.

Мүмкін болатын асқыну?

*он екі елі ішектің ойық жарасы, диффузды перитонитпен тесілумен асқынған

*+панкренекроз, перитонит

*ұйқы безініңбасынапенетрацияланған асқазан ойық жарасы

*жедел гангренозды-перфоративті аппендицит, диффузды перитонит

*жеделгангренозды-перфоративті холецистит, диффузды перитонит
#178

*!Науқас, 24 жаста, қабылдау бөліміне перфоративті он екі елі ішектің ойық жарасымен түскен. Пальпацияда: эпигастрий аймағын терең басып, қолды тез алғанда ауру сезімінің күшейгені байқалады.

Бұл науқаста қандай симптом анықталады?

*Кохер-Волкович

*Ситковский

*Ровзинг

*Воскресенский

*+Щеткин-Блюмберг


#179

*!Жедел аппендицит диагнозымен науқасқа операция жасалынған. Құрсақ қуысының ревизиясында фибрин шөгіндісімен, иісі бар бұлыңғыр сұйықтық анықталады.

Сұйықтық сипатына байланысты мүмкін болатын перитонит типін анықтаңыз?

*серозды-фибринозды

*+ірінді-фибринозды

*фибринозды

*серозды

*іріңді


#180

*!Науқас Ж., 30 жаста, гангренозды аппендицитке байланысты аппендэктомия жасалынған. Операциядан кейін 4 күні жағдайы нашарлап, іштің төменгі бөлігінде ауру сезім, тенезмдер, пайда болған, кешке қарайдене температурасы 39,00С дейін көтерілген. Per rectum зерттеу барысында тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауру сезімі және салбырауы анықталады.

Сіздің болжама диагнозының?

*+кіші жамбас абсцессі

*диафрагмаастылық абсцесс

*периаппендикулярлы абсцесс

*жайылмалы перитонит

*бауырастылық абсцесс
#181

*!Жедел странгуляционды ішек түйілуіне байланысты науқасқа операция жасалынған. Құрсақ қуысының ревизиясы барысында іріңді сұйықтықтың мезо- және гипогастрийгежайылуы байқалады.

Жайылуына байланысты перитониттің қай түрі болуы мүмкін?

*жергілікті шектелген

*жергілікті шектелмеген

*+диффузды

*жайылмалы

*тотальді


#182

*!Ауруханаға 36 жастағы ер адам оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімге байланысты шағымданып түсті. Кейде терісінің қызарып қышынуы болып тұрады. Өрісте мал шаруашылығымен айналысады. Пальпация кезінде бауырдың сол жақ бөлігінде ісік тәрізді түзіліс анықталады.

Осы науқаста НЕҒҰРЛЫМ тән қандай аурудың белгілерін анықтауға болады.

*гепатит


*бауыр шемені

*+бауыр эхинококкозы

*өт тас ауруы

*аллергиялық дерматит


#183

*!Науқас 30 жаста, анамнезінде эхинококк кистасымен ауырады, кенеттен ішінің барлық аймағында, әсіресе оң жақ бөлігінде қатты ауру сезімі пайда болды. Жағдайының ауырлағанын аттан құлағанымен байланыстырады. Ультрадыбыстық тексеру кезінде құрсақ қуысында сұйықтық бар екендігі анықталды.

Осы жағдайда төменде аталған асқынулардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән?

*жарақаттық шок

*киста қуысына қан кету

*эхинококк кистасының іріңдеуі

*кистаның өт қалтасына жарылуы

*+кистаның құрсақ қуысына жарылуы


#184

*!Науқас 53 жаста, емхана хирургына қаралуға барғанда эпигастралді аймақта ісік тәрізді түзіліс анықталды. Латекс-агглютинация реакциясы шамамен 1:64. Құрсақ қуысының КТ бауырының сол жақ бөлігінде қабырғасы әктвстанған дөңгелек пішінді түзіліс анықталады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән.

*бауырдың солитарлы кистасы

*бауырдың абсцессі

*ұйқы безінің кистасы

*+бауырдың эхинококкозы

*асқазан рагі


#185

*!Науқас 48 жаста, ер адам, әлсіздік, шаршағыштық және қысқа уақыт ішінде тез арықтауына шағымданып ауруханаға түсті. Ауырғанына 6-7 ай болған. Пальпация жасағанда эпигастрийде тығыз, аздап ауыратын түзіліс анықталады. Қан анализінде эозинофилия, реакция-аглютинация денгейі 1:54.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*бауыр шемені

*бауырабсцессі

*+бауыр альвеококкозы

*бауырдың солитарлы кистасы

*бауырдың эхинококкозы


#186

*!Бауырдың эхинококкозымен ауыратын ер адамда терісінің сарғаюы, қалтырау және дене қызуының жоғарылауы байқалды.

Осы жағдайда төменде аталған асқынулардың қайсысы бауыр эхинококкозына тән?

*холемиялық қан кету

*киста қуысына қан кету

*эхинококкоз кистасының іріңдеуі

*+кистаның өт жолдарына жарылуы

*кистаның құрсақ қуысына жарылуы


#187

*!Ауруханаға 33 жасар, ер адам оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне байланысты шағымданып келіп түсті. Қарап тексергенде тері жабындыларында майда бөртпелер байқалады. Қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ артуы және Кацони сынамасы оң. УДЗ кезінде бауырда гомогенді, қуысты түзіліс анықталады.

Осы жағдайда төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы тән?

*бауыр рагі

*бауырдың солитарлы кистасы

*бауыр шемені

*бауыр гемангиомасы

*+бауыр эхинококкозы


#188

*!Ауруханаға 44 жастағы әйел адам, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданып түсті. Қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ жылдамдауы анықталды. Құрсақ қуысының шолымалы рентгенограммасында оң жақ диафрагма күмбезінің жоғары тұрғаны анықталады. УДЗ кезінде шеттері анық, гомогенді екі қуысты түзіліс анықталады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*бауыр рагі

*баургемангиомасы

*бауырдың солитарлы кистасы

*өкпе альвеококкозы

*+бауырэхинококкозы


#189

!30 жастағы науқастың шағымдары: құрғақ жөтелге, қалтырау, тітіркенуге. Қарап тексергенде: беті ісіңкі, ұрттары гиперемияланған, оң жақ кеуде қуысы дем алуда қалып қояды, тынысы қатаң, перкуторлы дыбыс тұйықталған.

Науқаста қандай ауру?

*+өкпе абсцессі

*жедел бронхит

*пневмосклероз

*бронхоэктаз

*пневмония


#190

*!40 жастағы науқас 7 күн ауырады. анамнезінен науқасты құрғақ жөтел, гектикалық қызба мен қалтырау мазалады. Бүгін таңертең шірікті иісті көп мөлшерде іріңді қақырық қосылды.

Науқаста өкпе абсцесінің қандай асқынуы байқалады?

*+абсцесстің бронхқа ашылғаннан кейінгі кезең

*өкпе эхинококкозы

*өкпе туберкулезі

*плевра эмпиемасы

*пневмония


#191

*!Өкпе абсцессімен ауыратын науқаста дене қызуы 390С дейі көтерілді,ентігу менәлсіздік пайда болды. Плевра қуысын УДЗ зерттеуде гомогенді сұйықтық анықталады.

Қандай асқыну тән?

*эксудативті плеврит

*өкпеден қан кету

*өкпе туберкулезі

*+плевра эмпиемасы

*пневмония


#192

*!45 жастағы науқас ауруханаға түсті. Шағымдары: дем алғанда сол жақ кеуде қуысындағы ауру сезіміне, жалпы әлсіздікке, көп мөлшердегі іріңді қақырыққа. Науқас бір мезеттегі 300мл шірікті иісті, іріңді қақырықтың шығуымен жағдайының жақсаруын сезді. Солжақ кеуде қуысында аускультативті амфорикалық дыбыс естіледі.

Рентгенограммада қандай өзгеріс байқалады?

*+сүйықтығы бар қуыс, айналасында перифокалды инфильтрация

* сүйықтығы бар қуыс, айналасында перифокалды инфильтрациясыз

*өкпе тінінің инфилтрация ошағы айқын шекарасыз

*өкпе тінінің кең күңгірттенуі, айқын шекарасыз

*күңгірттену ошақтары бар деструкциялық қуыс


#193

*!Науқас,58жаста, ауруханаға түсті. Шағымдары: дем алғанда сол жақ кеуде қуысындағы ауру сезіміне, жалпы әлсіздікке, көп мөлшердегі іріңді қақырыққа. Кеуде қуысының рентгенограммасында айналасында перифокальды инфильтарция мен сұйықтық бар қуыс анықталды.

Науқасты емдеу тәсіліңіз?

*емханада ЛОР дәрігергерде емделу

*емханада терапевт дәрігерде емделу

*+стационарға госпитализация

*тубдиспансерде емдеу

*санаторлы ем


#194

*!45жастағы науқасдем алғанда оң жақ кеуде қуысында ауру сезіміне, жалпы әлсіздікке, көп мөлшерде іріңді қақырыққа. Оң жақ кеуде қуысында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталады. Кеуде торының рентгенографиясында өкпенің төменгі бөлігінде көптеген абсцесстер анықталды

Инфекцияның түсу жолы?

*+гематогенді-эмболиялық

*жатыр-түтікшелік

*аспирациялық

*инъекциялық

*энтералды


#195

*!Науқас 29жастастационарда терапия бөлімінде өкпенің оң жақты төменгі бөлігінің опневмониясы диагнзымен емделуде. Екінші күні нақастың жағдайы күрт нашарлады. Дене қызуы 390С-ге дейін көтерілді, ентігу, терінің көгеруі, шірікті иісті іріңді қақырық пайда болды. Кей жерлерде қораптық дыбыспен ауысытын перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады. Лейкоцитоздың жоғарлауы 25х109/л.

Науқаста қандай асқыну тән?

*гидропневмоторакс.

*+өкпе гангренасы

* плевра эмпиемасы

*абсцесс легкого

*ателектаз


#196

*! Оң жақ өкпенің абсцессімен стационарда ем қабылдап жатқан 36 жастағы науқас, кенеттен кеуде тұсында ауырсынудың және ентігудің туындағанына шағымданады. Қарап тексергенде терісін ылғал суық тер басқан, акроцианоз. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында жоғарғы бөлімдерде қораптық дыбыс, ал төменгі бөлімдерде тұйық дыбыс. Аускультацияда тыныс шуылдары естілмейді.

Төменде көсетілгендер асқынулардың қайсысы болуы МҮМКІН?

*метастатикалық абсцесстердің дамуы

*тері асты эмфиземасы

*+пиопневмоторакс

*өкпеден қан кету

*сепсис


#197

*! 27 жасар ер адамда, бір сағат бұрын толық саулық жағдайында, кеуде қуысының сол жақ бөлімінде кенеттен қатты ауру сезімі туындады, дем жетіспегенін сезінді. Дене қызуы қалыпты. Перкуссияда сол жақ өкпе тұсында қорапты дыбыс, жүректің тұйық шекарасы оң жаққа ығысқан. Аускултацияда сол жақта тыныс естілмейді.

Төменде берілген алдын ала диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болуы ықтимал?

*экссудативті плеврит

*миокард инфарктісі

*өкпе туберкулезі

*+спонтанды пневмоторакс

*қысылған көкет жарығы


#198

*! 15 жасар бала, кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Дене шынықтырумен айналысып жатқанда кеудесінің оң жақ бөлімінің кенеттен қатты ауырсынуы пайда болғанын, тыныс алуының қыйындауын атайды. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң өкпенің толық коллапсы анықталды.

Төмендегілердің қайсысының орын алуы ЕҢ ықтимал?

*өкпе абсцессінің жарылуы

*плевралық жабысқақтардың жыртылуы

*+өкпенің эмфизематозды буллаларының жарылуы

*туа біткен өкпенің ауалы кисталарының жарылуы

*жедел пневмония


#199

*! Рентгенологиялық тексеруде өкпенің толық коллапсымен оң жақты пневмоторакс анықталды, кеудеаралық көлеңкесі ығыспаған.

Осы жағдайда пневмоторакстың қай түрі орын алған?

*+тотальді

*субтотальді

*қабырғалық

*апикальді

*медиастинальді


#200

*! 37 жасар ер адамда, шамамен бір сағат бұрын ауыр затты көтеру барысында сол жақ кеуде бөлімінде кенеттен ауырсыну, ентігу, демнің жетіспеушілігі туындаған. Сол жақ өкпе аймағында тыныс естілмейді, перкуссияда тимпанит, жүрек шекарасы шамалы оң жақа қарай ығысқан.

Төменде берілген алдын ала диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ ықтимал?

*құрғақ плеврит

*миокард инфарктісі

*+спонтанды пневмоторакс

*өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*экссудативті плеврит


#201

*! 27 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне жол апатынан кейін оң жақ кеуде бөліміндегі ауырсыну, ентігу, демнің жетіспеушілігі шағымдарымен жеткізілген. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында қораптық дыбыс, аускультацияда тыныс шуылдары естілмейді. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң жақтан 4-5 қабырғалардың сынуы, оң жақтық субтотальды пневмоторакс анықталды.

Төмендегі берілгендердің қайсысы ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

*спонтанды пневмоторакс

*+травмадан кейінгі пневмоторакс

*гидропневмоторакс

*пиопневмоторакс

*қабырғалық пневмоторакс


#202

*! 43 жастағы ер адам, тыныс алу жүйесінің іріңді қабыну аурулары күдігімен келіп түскен.

Жедел плевра эмпиемасын анықтау үшін қандай симптомдар ЕҢ маңызды болып табылады?

*беттің және мойынның цианозы, мойын веналарының ісінуі

*кезеңдік асқынулармен ағымының ұзақ жылдарға созылуы

*қан бөлінділерімен аралас көп мөлшердегі іріңді қақырық

*+іріңді қақырықпен жөтел, ентігу, дене қызуының көтерілуі, кеудедегі ауру сезімі

*жиі қайталанатын, қинайтын жөтел, іріңді-қанаралас, сасық, көпіршікті сипатқа ие қақырық


#203

*!Науқас 48 жаста, аяғының гангренасына байланысты бұрын екі аяғына да ампутация жасалған. 4 ай бұрын қол саусағында кенеттен қатты ауру сезімі, бозаруы, мұздауы, цианозы, ісінуі пайда болған. Ауру сезімінің күштілігіне байланысты, түнде ұйықтай алмайды. Сол жақ білек артериясында пульсациясы анықталмайды, оң жағында пульсациясы сақталған.

Мүмкін болатын диагноз?

*+облитерациялық тромбангиит

*қол артерияларының эмболиясы

*Марторелля синдромы

*Рейно синдромы

*мойын омыртқасының остеохондрозы


#204

*!65 жастағы науқас, 2 жылдан бері алма – кезек ақсаумен зардап шегеді. Ангиографияда: құрсақ қолқасының бифуркациясы деңгейінің стенозы, қолқа қабырғасының атеросклероздық өзгерісі.

Сіздің диагнозыңыз?

*мықын венасының тромбозы

*мықын артериясының эмболиясы

*абдоминалді ишемия синдромы

*Такаясу синдромы

*+Лериш синдромы

#205

*!А.В.Покровскийдің жіктелуі бойынша аяқтың созылмалы ишемиясының IІI дәрежесі?



*250 метр жүргеннен кейінгі алма – кезек ақсау

*+тыныштық жағдайдағы аяқтағы ауру сезімі

* аяқтың ұюы, парестезия

*250-300 метр жүргеннен кейінгі алма – кезек ақсау

* трофикалық бұзылыстар
#206

*!А.В.Покровский жіктелуі бойынша аяқтың созылмалы ишемиясының IV дәрежесі?

*250 метр жүргеннен кейінгі алма – кезек ақсау

* тыныштық жағдайдағы аяқтағы ауру сезімі

*+трофикалық бұзылыстар

* аяқтың ұюы, парестезия

*250-300 метр жүргеннен кейінгі алма – кезек ақсау
#207

*!Қандай кездерде қолқа және оның тарамдарының аускультациясын жасау керек?

*Рейно ауруында

*+артериалдық стенозда

*венаның варикозды кеңеюінде

*тромбофлебиттен кейінгі синдромда

*акроцианозда
#208

*!Облитерацияланған атеросклероз және эндартериттің салыстырмалы диагностикасын жүргізу кезінде маңызды рөл атқарады?

*Оппель сынамасы

*реовазографиялық мәліметтер

*+аорто-артериографияның мәліметтері

*Те99 (тех­неций) пирофосфатпен жүргізілген радионуклидті мәліметтер

*Самуэльс сынамасы
#209

*!Жедел артериялық жеткіліксіздік кезінде хирургиялық тактиканы таңдаудағы шешуші фактор?

*науқастың жасы

*жалпы жағдайының ауырлығы

*+аяқтағы ишемияның дәрежесі

*қосымша атеросклероздық стеноз немесе зақымдалған артерияның окклюзиясы

*тромбоз немесе эмболияның орналасуы
#210

*!22 жастаға аяғы ауыр қыз әйелдерге кеңес беру орталығына тері асты венасының жедел тромбофлебит симптомдарымен шағымданып келді.

Анамнезінде науқаста 2 аяғының тері асты венасының варикозды кеңеюі бар.

ЕҢ ықтимал клиникалық көрініс?

*+теріасты вена бойындағы гиперемиясы, ауру сезімді тығыздалу

*терінің мраморлануы, салқындауы және жансыздануы

*аяқта «шыбын-шіркей» қозғалысын сезіну, салқындауы

*саусақтардың қараюы және қатты ауру сезімі

*аяқ басының ісінуі, көгеруі
#211

*!28 жастағы науқаста ауыр затты көтергеннен кейін оң қолының өне бойына кенеттен ісінуі, кернемелі ауру сезімі пайда болған. Оң қолдың қозғалысы және сезімталдығы сақталған. Оң қол өне бойына ісінген, ісіну бұғанаасты және кеуде торының алдыңғы- бүйірлік аймағына тараған.

ЕҢ ықтимал болжамды диагноз?

*беткей веналардың жедел тромбозы

*+бұғанаасты венасының жедел тромбозы

*оң қолдың флегмонасы

*иық буынының артриті

*иықтың гематомасы


#212

*!50 жастағы ер адам емханаға оң аяғының ісінуіне, қысу сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде науқас 2 ай бұрын инфекционды бөлімшеде тілмелі қабынудан( Рожестое восполение) ем қаыблдаған. Жоғарыдағы шағымдар соңғы айда пайда болды.

Берілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*сан жарығы

*Лериш синдромы

*лимфангит

*+лимфостаз

*аяқтардың диабеттік ангиопатиясы


#213

*!27 жастағы науқасқа медициналық орталықта кеңейіп кеткен көк тамырына склеротерапия жүргізілді. 3 сағаттан кейін науқастың сол аяғы ісінді, кернемелі ауру сезімі пайда болды, терісі цианозды түсті, салқын.

Берілген диагноздың қайсысы ЕҢ ықтимал болуы мүмкін?

*+терең веналардың тромбозы

*тізеасты артерияның тромбозы

*флегмона

*лимфостаз

*тромбофлебит


#214

*!Операциядан кейінгі кезеңде веналық қан айналымның бұзылысына алып келетін ЕҢ ықтимал фактор?

*балтыр бұлшық етінің жиырылуы

*аяқтарды жоғары көтеру

*+ұзақ төсектік режим

*аяқтарды эластикалық бинтпен таңу

*науқастарды ерте белсендіру
#215

*!45 жастағы науқас аяғының көктамырырларының варикозды кеңеюімен емханаға келді. Балтырындағы тығыз ауру сезіміне,гиперемия, ісіну, жүру кезіндегі ауырсынғыштыққа, субфебрильді температураға шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша бұл шағымдар таудағы демалыстан кейін пайда болды.

Берілген диагноздың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*флегмона

*лимфаденит

*тілмелі қабыну

*+тромбофлебит

*аллергиялық дерматит


#216

*!Аяқ веналарының варикозды кеңеюінде склероздаушы терапияға қарсы көрсеткіші болуы ЕҢықтимал?

*көк тамырлар кеңеюінің шашыранды типі

*жұмсақ, жеңіл бүрісетінварикоздытүйіндер

*оперативті емнен кейінгі рецидив

*+терең веналардың бітелуі

*анамнезінде теріасты веналардың жедел тромбофлебиті
#217

*!65 жастағы науқасты 2 жыл көлемінде үдемелі ақсау мазалайды, медициналық көмекке жүгінбеген, өзі емделмеген. Қабылдау бөлімшесіне түсер алдында 9 сағат бұрын, науқаста аяқ астынан оң жақ аяғында суықтану сезімі, ауру сезімі пайда болып, сіресіп қалған. Тексеріп қарағанда оң аяғы бозарған, суық, тері асты көк тамырлары босаңсыған, активті қозғалыс пен сезімталдылық төмендеген, шап аймағында пульс анықталмайды.

Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

*мықын венасының тромбозы

*мықын артериясының эмболиясы

*ишиалгия

*нейробұлшықетті синдром

*+мықын артериясының тромбозы


#218

*!В.С. Савельевтің жіктеуі бойынша ІБ сатыдағы аяқ-қолдың жедел ишемиясында байқалады?

*сезімталдылықтың бұзылуы, активті қозғалыстардың бұзылуы

*аяққолдағы плегия, аяққолдағы парез

*қатып қалу сезімі,суықтану

*бұлшықеттің контрактурасы, парестезия

*+суықтану, аяқ-қолдағы парестезия мен ауру сезімі
#219

*!В.С.Савельевтің жіктеуі бойынша ІІА сатыдағы аяқ-қолдың жедел ишемиясында байқалады?

*қатып қалу сезімі, парестезия

*+сезімталдылықтың бұзылуы, активті қозғалыстардың бұзылуы

*аяқ-қолдағы ауру сезімі,аяқ-қолдағы плегия

*қатып қалу сезімі, суықтану

*бұлшықеттің контрактурасы, парестезия
#220

*!В.С.Савельевтің жіктеуі бойынша ІІБ сатыдағы аяқ-қолдың жедел ишемиясында байқалады?

*аяқ-қолдағы ауру сезімі мен бұлшықеттің контрактурасы

*қатып қалу сезімі мен суықтану

*парестезия мен аяқ-қолдағы ауру сезімі

*активті қозғалыстармен, сезімталдылықтың бұзылуы

*+аяқ-қолдың плегиясы
#221

*!В.С.Савельевтің жіктеуі бойынша ІІІ сатыдағы аяқ-қолдың жедел ишемиясында байқалады?

*сезімталдылықтың бұзылуы

*аяқ-қолдың плегиясы

*+бұлшықеттің контрактурасы

*суықтық сезім

*аяқ-қолдағы ауру сезімі
#222

*!30 жастағы науқас травматологияның қабылдау бөлімшесіне сол қолдағы ауру сезіміне, қатаю сезіміне, сол қолдағы суықтану сезіміне және саусақтардағы қозғалыстың шектелуіне шағымданып түсті. Анамнезінде тәулік бойы алкогольді ішімдік ішіп, сол жақ қырында тәулік бойы жатып қалған. Тексеріп қарағанда сол қолы суық, терісі бозарған, иық артериясында пульс анықталмайды.

Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

*+тромбоэмболия

*эмболия

*тромбоз


*крашсиндром

*перифериялық спазм


#223

*!Науқас оң аяқтағы қатты ауру сезіміне, ұюына және суықтану сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына бір тәулік болған, науқасқа бір күн бұрын коранарография жасалған. Неден күмәндануға болады?

*+эмболияны

*тромбозды

*миокард инфарктісін

*ишиалгияны

*перифериялық спазмді
#224

*!55 жастағы науқас сол аяғындағы қатты ауру сезіміне, ондағы суықтану сезіміне, аяқ басының саусақтарының қозғалысының болмауына шағымданады. Ауру тарихынан: ревматологта есепте тұрады. Қарап тексергенде аяғы суық, түсі бозарған, сан артериясында пульсі үдеген, тізе асты артериясында пульс анықталмайды.АҚҚ-150/90 мм.с.б., аритмия.

Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

*миокардтың жедел инфаркті

*+сан артериясының эмболиясы

*сан артериясының тромбозы

*отырықшы нервтің қысылуы

*сол аяқтың гемипарезі


#225

*!Өкпе артериясының тромбоэмболиясына әкелетін себептер?

*құрсақ аортасының тромбозы

*қақпа венасының тромбозы

*иық артериясының тромбозы

*+төменгі қуыс көк тамыр жүйесінің тромбозы

*артериовенозды жыланкөздер

#226


*!62 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, бас айналу, жүдеу, субфебрилді дене қызуына, периодты іш өтуге, іштің құрылдауына шағымданады. 4 айдан бері ауырады, дәрігерге бірінші рет қаралып отыр, жас кезінде «колит» диагнозымен куророттық ем қабылдайтын болған. Соңғы 10 жылда өршу болмаған, қарау кезінде: тері жамылғысы бозғылт, тургоры төмендеген, іші аздап кепкен, пальпацияда ауырмайды. Қанның жалпы анализінде: анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз.

Мына диагноздардың қайсысы дұрыс келеді?

*+соқыр ішек қатерлі ісігі

*сигма тәрізді ішек қатерлі ісігі

*созылмалы колит

*ішектің инфекциялық ауруы

*тоқ ішектің төмендеуші бөлігінің қатерлі ісігі
#227

*!58 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы дене қызуының 38?0С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, ішектерінің толып тұру сезімі мен шұрылдауына, тәулігіне 3 ретке дейін ішінің өтуіне шағымданады. Бір айдан бері ауырады, таныстарының кеңесі бойынша анибиотиктермен, шөп тұнбаларымен емделген, эффект болмаған. Қарау кезінде тері жамылғысы бозғылт, іші кепкен, пальпацияда іші оң мықын аймағында аздап ауырсынады, ішек құрылдауы анықталады. Қанның жалпы анализінде гипохромды анемия.

Мына диагноздардың қайсысы неғұрлым дұрыс:

*дизентерия

*іш сүзегі

*+соқыр ішек қатерлі ісігі

*бейспецификалық жаралы колит

*тоқ ішектің диффузды полипозы

#228

*!58 жастағы әйел 3 ай бойына тұрақты іш қатуға шағымданалы. Алғашқы кезде іш өткізетін дәрілер арқылы, кейінірек клизма арқылы үлкен дәретке шығып жүрді. Соңғы екі аптада клизма көмектеспейтін болды, су таза күйінде қайта шығып кетеді. Іштің сол жақ жартысында ауырлық сезімі, шұрылдау, шаншып ауыру мазалайды. Нәжісте патологиялық бөлінділер болмаған. Жас кезінде жедел дизентериямен ауырған, 10 жыл бұрын «колит» диагнозы қойылған, жүйелі түрде емделмеген. Қарау кезінде қоректенуі қанағатаннарлық, тері жамылғысы түсі әдеттегідей, іші аздап кепкен. Пальпацияда іштің сол жағы, әсіресе кіндік тұсында ауырсынады, ішперде тітіркену белгілері жоқ.



Мына арасынан неғұрлым дұрыс диагнозды көрсетіңіз:

*тоқ ішек қуысының аскаридамен бітелуі

*+тоқ ішектің тмендегіш бөлігінің қатерлі ісігі

*созылмалы колит асқынуы

*тоқ ішектің сырттан қысылуы

*тоқ ішек туберкулезі


#229

*!60 жастағы ер адам дефекация сезімінің жиілеуіне, нәжісте қан мен шырыш болуына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Осы шағымдары 4 айдан бері мазалайды. Тік ішекті тексеру кезінде перианалді аймақта өзгерістер жоқ, анус сфинктері тонуста, артқы-сол жақ қабырғасында 7-8 см деңгейінде беті тегіс емес ісік анықталады..

Мына арасынан неғұрлым дұрыс диагнозды көрсетіңіз:

*+тік ішектің ортаңғы ампулярлы бөлігінің қатерлі ісігі

*тік ішектің жоғарғы ампулярлы бөлігінің қатерлі ісігі

*тік ішектің төменгі ампулярлы бөлігінің қатерлі ісігі

*тоқ ішектің ректосигмоидты бөлігінің қатерлі ісігі

*артқы өтіс қатерлі ісігі


#230

*!62 жастағы ер адам, 2 ай көлемінде нәжісінде қою түсті қанды және шырышты қосынды болуына, дефекация сезімінің жиілеуіне шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шөп тұнбаларымен емделген эффект жоқ.

Мына арасынан неғұрлым дұрыс диагнозды көрсетіңіз:

*тоқ ішіек инфекциялық ауруы

*+тік ішектің ампулярыл бөлігігінің қатерлі ісігі

*ішек туберкулезі

*жаралы колит

* геморрой


#231

*!Өңеш қатерлі ісігі кезіндегі диагностиканың неғұрлым тиімді әдісі:

*УДЗ

*+фиброэзофагоскопия



*өңеш радиометриясы

*онкомаркерлерді анықтау

*нәжісті атиптік жасушаларға тексеру
#232

*!Науқас созылмалы атрофиялық гастрит диагнозымен терапевтте 10 жылдан бері есепте тұрады. Жоспарлы тексерілуге келді. Шағымдары жоқ.

Осы жағдайда неғұрлым көп ақпарат беретін тексеру әдісі:

*+ЭФГДС


*асқазан сөлін зерттеу

*қанды тексеру

*несепті тексеру

*КТ
#233

*!Асқазан қатерлі ісігін неғұрлым ерте анықтауға көмектеседі:

*Құрсақ қуысының шолу рентгеноскопиясы

*«кіші белгілерді» іздеу

*асқазан рентгенографиясы

*+гастроскопия

*лапароскопия


#234

*!Асқазан эпителий дисплазиясын анықтаудағы неғұрлым көп мәлімет беретін тексеру әдісі.

*шырышты қабатты гастроскоп арқылы қарау

*рентгенологиялық тексерулер

*+гистологиялық тексеру

*Асқазан УДЗ

*МРТ
#235

*!Асқазанның созлымалы ауруы бар науқаста қыжыл, тамақтан кейінгі ауырсыну азайды,интенсивтілігі төмендеді, бірақ тұрақты түрге ауысты.

Мына болжамдардың қайсысы дұрыс?

*ештеңе өзгерген жоқ

*үрдістің стабилизациясы

*аурудың жазылуы

*+малигнизация болуы мүмкін

*созылмалы аурудың өршуі


#236

*!Асқазан пилорикалық бөлігінің қатерлі ісігіне тән симптом?

*интоксикация

*компрессия

*+обтурация

*деструкция

*қызба
#237

*!Мыналардың қайсысы өңеш қатерлі ісігінің көкірек аралығына таралуының ерте белгісі болып табылады?

*шырышты қабатының жұқа болуы

*васкуряризацияның әлсіз болуы

*бұлшықет қабатының әлсіз болуы

*+серозды қабатының болмауы

*шырыш асты қабатының болмауы
#238

*!Колоректалді қатерлі ісіктің жиі кездесуіне байланысыт көптеген елдерде осы ауруды ерте анықтауға арналған скрининг бағдарлама жасалған. Скринингтің неғұрлым көп таралған түрін көрсетіңіз:

*ректороманоскопия

*фиброколоноскопия

*ирригоскопия+графия

*+нәжісті жасарын қанға тексеру

*тік ішекті саусақпен тексеру
#239

*!Онконауқастарды клиникалық топтарға жіктеу не үшін қажет?

*+онконауқасты қарау және емдеу тактикасын тандау

*онконауқастың құжаттарын дұрыс толтыру

*дәрігердің кәсіби біліктілігін арттыру

*реабилитация тәсілін таңдау

*диагностика әдістерін таңдау
#240

*!Клиникалық бірінші «А» тобына жататын науқастар:

*алғаш онкологиялық ауру анықталған және арнайы емді қажет ететін науқастар

*онконауқас,арнайы ісікке қарсы емді қабылдап ,ремиссия сатысындағы «шартты түрде емделді» науқастар

*симптоматикалық емді қажет ететін онконауқастар

*ісік алды аурулары бар науқастар

*+қатерлі ісікке күдікті науқастар
#241

*! Клиникалық бірінші «Б» тобына жататын науқастар:

*алғаш онкологиялық ауру анықталған және арнайы емді қажет ететін науқастар

*онконауқас,арнайы ісікке қарсы емді қабылдап ,ремиссия сатысындағы «шартты түрде емделді» науқастар

*симптоматикалық емді қажет ететін онконауқастар

*+ісік алды аурулары бар науқастар

*қатерлі ісікке күдікті науқастар
#242

*!Өңештің жоғары 1/3-нің қатерлі ісігі кезінде қолданылатын емдеу тәсілі:

*иммунотерапия

*симптоматикалық

*радикалды операция

*паллиативті операция

*+химио-сәулелік терапия
#243

*!Асқазанның көлемі 3 см болатын, бұлшықет қабатына еніп өскен және кіші шарбы майына бірен-саран метастаз берген қатерлі ісігі қай стадияға жатады:

*1

*2А


*3А

*4А


*+2Б
#244

*!Диаметрі 4 см болатын, бұлшықет қабатына ене өскен, аймақтық метастаздары жоқ асқазанның қатерлі ісігі қай ТNM бойынша қалай сипатталады:

*T1 N0 M0

*T1 N1 M0

*T2 N1 M0

*T3 N0 M0

*+T2 N0 M0
#245

*!Асқазан пилорикалық бөлімінің қатерлі ісігіне тән клиникалық типтік белгі?

*+аш қарында анықталатын «шолпыл шуы»

*дисфагия

*жүрек айну

*іш өту


*қыжыл
#246

*!Асқазан мен метастаз берілетін аймақтық лимфа түйіндері толық алынып тасталатын операция түрінің неғұрлым дұрыс атауы:


*+гастрэктомия

*асқазан ½ резекциясы

*гастростома салу

*дисталді субтоталді резекция

*проксималді субтоталді резекция
#247

*! Асқазан қатерлі ісгінің париеталді ішпердеге метастазын анықтаудың неғұрлым көп мәлімет беретін диагностика түрі:

*+лапароскопии

*лабораторлы тесттер

*ішті мануалды тексеру

*құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

*асқазанның қосарланған контрастты рентгенографисы

#248


*!43 жастағы әйел адам тез шаршап қалатындығына, саусақтарының дірілдейтіндігіне, ашуланшақтығына және тамағында бөгде дене бар сияқты сезімге шағымданып келді. Мойынның алдыңғы бетін визуалды түрде қарау және пальпация кезінде қалқанша без көзге көрінбейді, бірақ жұтыну кезінде мойны көрінеді және пальпацияланады.

Қалқанша бездің ұлғаю көлемінің анағұрлым мүмкін болатын дәрежесін анықтаңыз?

*0 дәреже

*+I дәреже

*II дәреже

*IIIдәреже

*IV дәреже
#249

*!38 жастағы пациент тез шаршап қалатындығына, тершеңдігіне, ашуланшақтығына және жұтынған кезде тамағында бөгде дене бар сияқты сезімге шағымданып келді. Науқас жұтынған кезде қалқанша без көзге көрінеді және айқын пальпацияланады, бірақ мойынның пішіні өзгермеген.

Қалқанша бездің ұлғаю көлемінің анағұрлым мүмкін болатын дәрежесін анықтаңыз?

*0 дәреже

*I дәреже

*+II дәреже

*III дәреже

*IV дәреже


#250

*!40 жастағы пациент клиникаға тиреотоксикалық зоб деген диагнозбен түсті. Ауырғанына 2 жылдай уақыт болған. Қарау кезінде қалқанша без айқын байқалады, мойынның контурын өзгертіп, оған «жуан мойын» тәрізді көрініс қалыптастырған.

Қалқанша бездің ұлғаю көлемінің анағұрлым мүмкін болатын дәрежесі қандай?

*0 дәреже

*I дәреже

*II дәреже

*+III дәреже

*IV дәреже


#251

*!Ж. деген 45 жастағы пациент мойнының алдыңғы бетінің ұлғайғандығына шағымданып келді. Айтуы бойынша ауырғанына бір жыл болған, дәрігерлерге қаралмаған және тексерілмеген. Пальпация кезінде қалқанша бездің оң жақ бөлігінде диаметрі 2,0 см болатындай құрылым анықталады, тығыз-эластикалық консистенциялы, ауырмайды. Сцинтиграфия кезінде қалқанша бездің оң жақ бөлігінің төменгі полюсінде I131 жоғарғы жинақталуы байқалады.

Қандай диагноз анағұрлым мүмкін?

*+түйінді зоб

*қалқанша бездің қатерлі ісігі

*лимфоматозды Хашимототиреоидиті

*жедел тиреоидит

*жедел струмит


#252

*!Д. деген 49 жастағы пациент мойнының алдыңғы бетінің ұлғайғандығына шағымданып келді. Пальпация кезінде қалқанша бездің оң жақ бөлігінде үлкендігі 3,0 см болатындай, тығыз-эластикалық консистенциялы, беті бұдырлы, ауырмайтын құрылым анықталады. I131препаратымен жасалған сцинтиграфия кезінде қалқанша бездің оң жақ бөлігінде «суық түйін» деп аталатын көрініс байқалады.

Аталған диагноздардың қайсысы анағұрлым мүмкін?

*түйінді зоб

*жедел тиреоидит

*+қалқанша бездің қатерлі ісігі

*фиброздыРидель тиреоидиті

*лимфоматозды Хашимототиреоидиті


#253

*!Науқас 18 жаста, жедел аппендицит диагнозымен түскен.

Емдеу тәсілін таңдаңыз?

*+шұғыл операция

*жоспарлы түрде аппендэктомия

*консервативті терапия

*амбулаторлы ем

*хирургиялық бөлімде бақылану


#254

*!Науқас П., 28 жаста, гангренозды-перфоративті аппендицит бойынша аппендэктомия жасалынған. Іріңді асқынуларды алдын алу мақсатында тағайындалуы қажет?

*витаминдер

*+антибиотиктер

*сорғыш препарат

*протон помпасының блокаторлары

*гемостатиктер
#255

*!Науқас В., 17 жаста, жедел деструктивті аппендицит бойынша операция жасалынған. Операциядан кейінгі кезеңде ауру синдромын басу үшін тағайындалады?

*+кетонал

*папаверин

*дициннон

*контрикал

*квамател
#256

*! Науқас Р., 57 жастағы, аппендикулярлы инфильтратпенауруханада жатқанда оң жақ мықын аймағында пульсирленген ауру сезімі пайда болды және дене температурасы 39,00С көтерілді. Құрсақ қуысының УДЗ-де сұйықтық деңгейімен бірге қуыс анықталады. Келесі емдеу әдісін АНЫҚТАҢЫЗ?

*+шұғыл түрдегі оперативті ем

*консервативтіем


*жоспарлы түрдегі оперативті ем
*кейінге шегерілген оперативті ем
*амбулаторлыем
#257

*!Науқас Д., 25 жаста,аппендикулярлы инфильтратқа байланысты консервативті емнен кейін стационардан шығарылған. Шығарылу барысында шағымдары жоқ, іш жұмсақ, жағдайы қанағаттанарлық, инфильтрат пішіні айқын кішірейген.

Сіздің келесі емдеу нұсқауларыңыз?

*химиотерапиядан кейін 6 айдан соңғы аппендэктомия

* сәулелі терапиядан кейін 1 жылдан соңғы аппендэктомия
*+сорғыш терапиядан кейін 2 айдан соңғы аппендэктомия
* кейінге шегерілген түрде 10күннен кейінгі оперативті ем

*оперативті араласусыз консервативті ем


#258

*!Науқас М., 62 жаста, ауруханаға жедел холецистит клиникасымен түсті. Қан анализінде лейкоцитоз 25,4х109/л. УДЗ өт қапшығының қабырғасы қабатталған, мойнында бекітілген конкремент анықталған. Негізгі емдеу тактикасы?

*амбулаторлы емдеуге жолдама

*консервативті ем

*+шұғыл холецистэктомия

*жоспарлы түрде оперативті ем

*хирургиялық бөлімде бақылау
#259

*!Науқас С., 52 жаста, жедел холециститпен шұғыл түрде ауруханаға түсті. Инфарктан кейінгі кардиосклерозы бар. Тағайындалған консервативті емге қарамастан науқастың жағдайы жақсармады.

Емдеу тактикасын анықтаңыз?

*диагностикалық лапароскопия

*+жедел оперативті ем

*суық мерзімдегі оперативті ем

*жоспарлы түрде холецистэктомия

*консервативті терапияға антибиотикті қосу


#260

*!Науқас, 45 жаста, майлы және қуырылған тамақтан кейін пайда болған оң жақ қабырға астында ауру сезіміне шағымданды. Іш пальпациясында Ортнер, Кера және Мерфи симптомы оң.

Қандай спазмолитикті қолданған дұрыс?

*клофелин

*+платифиллин

*ампициллин

*кетанов

*гордокс
#261

*!Жедел деструктивті холециститке байланысты операциясындақұрсақ қуысын қарап тексергенде жалпы өт өзегі 2см–ге дейін кеңейген, оны пальпация кезінде конкременттер жоқ.

Хирургтың келесі тактикасы?

*өт қапшығының артериясы мен түтігі бірге байланады

*өт қапшықты бауыр асты аймақтан бөлу тек мойнынан ғана басталады

*+холедохотомия

*өт қапшығының пункциясын міндетті түрде жүргізу қажет

*интраоперационды холангиография
#262

*!Науқас К., 67 жаста, ӨТА, жедел дестуктивті холециститпен ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді. Негізденген емдік тактика?

*+шұғыл оперативті ем

*операцияны кейінге қалдыру

*консервативті терапияның эффектісі болмаған жағдайдашұғыл операция жасау

*хирургиялық бөлімде динамикалық бақылау

*науқастың егде жасына байланысты консервативті ем
#263

*!Созылмалы калькулезді холециститке байланысты холецистэктомия операциясы жасалынған 47 жастағы науқаста, операциядан кейін алты айдан соң, әркез склерасының сарғаюымен қосарланған оң жақ қабырға асты аймағындағы ауырсыну қайта мазалай бастады. Құрсақ қуысына жасалынған ультрадыбыстық зерттеу барысында бауырдан тыс жатқан өт жолдары тарапынан нақты бір патологиялық өзгерістерді анықтау мүмкін болған жоқ.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысының осы жағдайда диагнозды анықтау үшін ақпараттылығы ЕҢ жоғары болады?

*инфузионды холангиография

*тері-бауырарқылы жасалатын холангиография

*+эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография

*бауырды сканирлеу

*компьютерлік томография


#264

*!56 жастағы науқаста екі жыл бұрын УДЗ кезінде өт тас ауруы анықталған. Ауруханаға түскен кезде оң жақ қабырға асты аймағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне, склерасы мен терісінің түсінің сарғаюына, терісінің қышынуына, нәжісінің түссізденіп, зәрінің қара-қоңыр түске өзгеруіне шағымданады. Дене температурасы қалыпты. Қанның биохимиялық анализінде жалпы билирубин деңгейі 122,5 мкмоль/л.

Алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

*бауыр циррозы, паренхиматозды сарғаю

*ұйқы безі басының рагы, механикалық сарғаю

*холангит, механикалық сарғаю

*+холедохолитиаз, механикалық сарғаю

*гепатит, паренхиматозды сарғаю


#265

*!49 жастағы науқас әйел оң жақ қабырға асты аймағындағы ауру сезіміне, склерасы мен терісінің түсінің сарғаюына, терісінің қышынуына, нәжісінің түссізденіп, зәрінің қара-қоңыр түске өзгеруіне, дене қызуының кешке қарай 380С-қа дейін көтерілуіне, дірілдеп-қалтырауға шағымданады. Ауырғанына 5 күн болған. Аурудың басталуын физикалық күштеме түсірумен байланыстырады. Ішті сипап қарағанда жұмсақ, оң жақ қабырға асты аймағы ауырсынады. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған.

Аталған алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*жедел панкреатит, механикалық сарғаю

*холедохолитиаз, механикалық сарғаю

*гепатит, паренхиматозды сарғаю

*жедел холецистит, реактивті гепатит

*+іріңді холангит


#266

*!53 жастағы науқас әйел оң жақ қабырға асты аймағындағы ауру сезіміне, склерасы мен терісінің түсінің сарғаюына, нәжісінің түссізденіп, зәрінің қара-қоңыр түске өзгеруіне, дене қызуының кешке қарай 370С-қа дейін көтерілуіне шағымданады. Сарғаю 2 күн бұрын болған оң жақ қабырға асты аймағындағы ұстама тәрізді қатты ауру сезімінен кейін пайда болған. Ішті сипап қарағанда іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты аймағы ауырсынады, бауыр оң жақ қабырға доғасынан 4см-ге шығыңқы. Ұлғайған өт қуығы палпацияда сезіледі

Алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*вирустық гепатит, паренхиматозды сарғаю

*+холедохолитиаз, механикалық сарғаю

*гемолитикалық сарғаю

*бауырдың абсцессі, сарғаю

*бауыр циррозы, паренхиматозды сарғаю


#267

*!Созылмалы калькулезді холециститпен зардап шегетін 62 жастағы науқаста, тамақтану мәзірін бұзғаннан кейін оң жақ қабырға, эпигастрий аймақтарында белге қарай иррадиацияланатын қатты ауру сезімі, бірнеше рет құсу туындаған. 4 сағаттан аса уақыт өткен соң склерасының сарғыштанғанын, зәрінің қоңыр қоюлана бастағанын аңғарған. Қан амилазасының белсенділігі 280 л/бірлікті құраған.

Өт тас ауруының қандай асқынуы орын алуы мүмкін?

*өт қуығының перфорациясы, перитониттің дамуы

*өт қуығы өзегінің таспен обтурациясы

*жедел папиллит

*холангит

*+үлкен дуоденальды емізікшеге қысылған тас


#268

*!Жедел панкреатитпен жатқызылған науқасқа алғашқы 3-4 күнде тағайындалатын диеталық үстел?

*1

*5

*+О



*9

*10
#269

*!Хирургия бөлімшесінде жатқан 57 жасар науқасқа жедел панкреатитке байланысты консервативті ем жүргізілуде.

Ұйқы безінің экскреторлық қызметін төмендету мақсатында қолданылатын препараттар?

*анальгетиктар

*+цитостатиктер

*спазмолитиктер

*протеаз ингибиторлары

*протеолитикалық ферменттер
#270

*!51 жасар,П. деген науқас жедел панкреатит диагнозы бойынша хирургия бөлімшесіне жатқызылды.

Ұйқы безі ферменттерініңбелсенділігін төмендету мақсатындақолданылатын препараттар?

*анальгетиктер

*цитостатиктер

*спазмолитиктер

*+протеаз ингибиторлары

*протеолитикалық ферменттер


#271

*!54 жасар науқасқа, жедел майлы панкреонекрозға байланысты операция жасалды.

Операциядан кейінгі кезеңде іріңді асқынуларды алдын алу мақсатында қолданылатын препараттар?

*иммундық терапия

*витаминдік терапия

*гепатопротекторлар

*+антибактериалды терапия

*антигистаминді терапия


#272

*!58 жасар науқас, жедел панкреатит диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

Панкреатикалық сөлдің ұйқы безінен он екі елі ішекке эвакуациясын жақсарту мақсатында қолданылатын препараттар?

*антибиотиктер

*цитостатиктер

*ананальгетиктар

*+спазмолитиктер

*протеаз ингибиторлары


#273

*!Науқас 37 жаста, жауырын аралығының ауырсынуына, дисфагияға шағымданады. Анамнезінен: минералды судың орнына байқаусызда аккумулятор сұйықтығын ішіп қойған. Контрасты затты енгізе отырып жасалған рентгенограммада өңештің жоғарғы және ортаңғы бөлігінің стриктурасы анықталды. Емдік тактика?

*+ өңешті буждау

*қарқынды консервативті терапия

*өңештің өтімділігін қалпына келтіре отырып тарылған аймақты резекциялау

*өңешті асқазанмен пластика жасау

*эзофагостомия


#274

*!Психоневрологиялық диспансерде емделіп, тіркеуде тұрған 39 жастағы науқас металлды затты (түйреуіш) жұтып қойды. Эзофагографияда бөгде зат өңештің төменгі үштен бір бөлігінде табылды. Қандай ем қабылдаған жөн?

*+бөгде затты алып тастау

*өңешті буждау

*спазмолитиктерді қабылдау

*асқазанды шаю

*анальгетиктерді қабылдау


#275
*!27 жастағы әйел жұтынудың қиындауына, жұтынғанда тамағының тығындалуы сезіміне, алдын қабылдаған тағамның регургитациясына шағымданады. Сөзіне қарағанда су ішкенде шұрылдар естіледі.
Қандай зерттеу әдісін тағайындаған тиімді?

*+рентген контрасты зерттеу

*радионуклеидті зерттеу

*эзофагоскопия

*медиастиноскопия

*торокоскопия
#276

*!37 жастағы әйел, клиникаға қою тамақ (ет) ішкеннен кейін төс артындағы ауырсыну сезіміне шағымданып түсті. Эзофагоскопияда өңештің төменгі 1/3 бөлігінде бөгде зат бар екені анықталды.

Қандай ем қабылдаған жөн?

*+бөгде затты алып тастау

*спазмолитиктерді қабылдау

*асқазанды шаю

*анальгетиктерді қабылдау

*антацидтерді қабылдау


#277

*!28 жастағы пациент клиникаға қою тамақтың өңештен қиындықпен өтуіне, әлсіздікке, ауыздағы жағымсыз иіске шағымданды. Анамнезінде 6 жыл бойы рефлюкс-эзофагитпен зардап шегеді. Эзофагографиядан өңештің төменгі үштен бір бөлігінің тарылуы, контрастық заттың асқазанға жіңішке ағыспен ағып тұрғаны анықталды. Эзофагоскопия арқылы өңештің дистальдық бөлімінің тарылуы және өңештің қабырғасының супрастеностық кеңейгені анықталды.

Қандай консервативтік емді қолданған жөн?

*стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау

*+өңешке баллонмен дилатация жасау

*антацидты дәрілерді қолдану

*аналгетиктерді қолдану

*зондпен тамақтану
#278

*!Қабылдау бөліміне әлсіздікке, басайналуына, кофе тріздес қан құсуға шағымданған 48 жастағы ер адам жеткізілді. Анамнезінде: 2 тәулік бойы спирттік ішімдіктер ішкен, толассыз құсқан, эпигастрий аймағында ауру сезімі, құсығында кофе тәріздес қан пайда болған. Қарап көргкенде тахикардия, іш пердесінің тітіркену белгісі теріс, мелена болған. Мүмкін болатын диагноз?

*жедел ішек өтімсіздігі

*+асқазан ішек жолдарынан қан кету (Маллори-Вейс синдромы болуы мүмкін)

*жедел панкреатит

*жедел холецистит

*жедел аппендицит
#279

*!Асқазан ішек жолдарынан қан кету клиникалық көрінісімен 46 жастағы ер адам жатқызылды. ЭФГДС: асқазанда кофе тәрәздес сұйықтық, кардиалды бөлімінің шырышты қабатынның жыртылуымен, жалғасып жатқан қан кету белгісі жоқ.

Маллори-Вейс синдромын емдеуде қандай тактика негізделген?

*шұғыл операция

*+консервативті ем

*Блекмор зонды

*эндоскопиялық коагуляция

*эндоскопиялық инъекция жасау арқылы гемостаз жасау

#280


*!49 жастағы ер адамда анамнезінде гепатит, баыр циррозы, 1 сағат бұрын науқаста аяқ астынын ұйыған қан құсу басталды, айқын әлсіздік, басайналу.

Қан кетудің қай түріне жоғарыда айтылған көрініс тән?


*гастродуоденальды ойық жарадан қан кету

*Маллори-Вейс синдромы

*+Өңештің варикоды кеңейген веналарынан қан кету

* эрозивті геморрагиялық гастрит

*өкпеден қан кету
#281

*!Науқас 31 жаста іштің жоғарғы бөліміндегі аяқ астынан пайда болған ауру сезіміне шағымданып түсті. Пальпацияда алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы анықталады. Жалпы шолу рентгенограммада құрсақ қуысында бос газ анықталадыү

Емдеу тактикасын анықтаңыз?

*консервативті ем

*жедел операция

*жоспарланған операция

*+шұғыл операция

*динамикалық бақылу


#282

*!Науқас 58 жаста жедел тұрде ойық жарадан қан кету белгілерімен келіп түсті. Анамнезінде ойық жара ауруы болмаған, 2 жыл бұрын инфаркт миокарды болған, сол себепті ұзақ уақыт кардиомагнил қабылдайды. ФГДС-та асқазанның жедел ойық жаралары анықталды, қан кету белгілері жоқ.

Емдеу жолын таңдаңыз?

*+хирургиялық стационарда консервативті ем

*терапия бөлімшесінде консервативті ем

*тұрғылықты жерінде амбулаторлы ем

*жоспарлы операция

*жедел операция


#283

*!Қабылдау бөлімшесіне 35 жасар науқас эпигастрий аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып келіп түсті. Қарап тексергенде қалыпы: аяқтарын ішке қарай бүгіп оң жағында жатыр. Іші қатайған, бауыр тұйықтығы анықталмайды.

Диагнозды анықтаңыз?

*+ойық жараның перфорациясы

*миокард инфарктісі

*жедел ішек түйілуі

*жедел панкреатит

*жедел холецистит


#284

*!Он екі елі ойық жарасының профузды қан кетуінде көрсетілетін көмек?

*консервативті ем

*жедел операция

*кешіктірілген операция

*жоспарланған операция

*+шұғыл операция
#285

*!Науқас 55 жаста эпигастрий аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып түсті. Бірнеше жыл ішінде эпигастрийде ауру сезімі мен қыжыл мазалайды. Аяқ астынан эпигастрий аймағында қатты ауру сезімі пайда болды, ауру сезімінің күштілігінен науқас есінен танып қалды. Науқас каталкада аяқтарын ішке қарай бүгіп оң жағында жатыр. Тілі құрғақ. Іші қатайған, бауыр тұйықтығы анықталмайды.

Диагнозды анықтауға қандай зерттеуй әдісін тағайындайсыз?

*+іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

*іш қуысының МРТ

* іш қуысының КТ

*ЭРХПГ

*ФГДС
#286



*!Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқасты соңғы жылдары эпигастрий аймағында тұрақты және қиын басылатын ауру сезімі мазалайтынын, аурудың ушығуы «өзінің» арнайы кезеңділігі мен мезгілділігін жоғалтқандығын, тәбет төмендегенін байқаған.

Көрсетілген көріністер нені дәлелдейді?

*жарадан жасырын қан кету

*жабыңқы жараның тесілуі

*тыртықты тарылудың дамуы

*ойық жара регрессиясы

*+жара малигнизациясы
#287

*!Асқазанныңрентгенологиялық зерттеуінде тегіс емес кілегейден шығып тұратын шеті бар терең ойық жара анықталады, ал асқазан каскад пішіндес екенін көреміз.

Анықталған көріністер нені дәлелдейді?

*анықталған көріністердің диагностикалық маңызы жоқ

*+бауырдың сол жақ үлесіне ойық жараның пенетрациясы туралы

*гипертрофиялық гастриттің дамуы туралы

*ойық жараның ушығуы туралы

*жараныңмалигнизациясы туралы


#288

*!Науқас 52 жаста емханаға эпигастрийде ауырлық сезіміне, тез қанығуға, сасық кекірікке, көп мөлшерде жақында қолданған тағаммен құсуға, айқын жүдеуге шағымданып келді. Анамнезден: ойық жарамен 7 жыл бойы ауырады, бірнеше рет амбулаторлы ем қабылдаған. Объективті: жүдеу, тері құрғақ, тері тургоры төмендеген, Хвостек, Труссо симптомдары анықталады. Іш жұмсақ, «су шылпылы» байқалады.

Ойық жараның қай асқынуы туралы ойлауға болады?

*+пилородуоденальді стеноз

*қан кету

*малигнизация

*тесілу

*пенетрация


#289

*!ХҚБ-не 40 жастағы науқас арқасына берілетін эписгастрий және оң аймақтағы ауру сезіміне, лоқсуға шағымданып түсті. Анамнезден: кезеңді түнгі «ашығу» ауру сезімі мазалайды, науқас оны ас сода ерітіндісін қабылдау арқылы басады, мезгілдік сипатқа ие. Тексеру барысында тері түсі қалыпты, іш қалыпты пішінде, жұмсақ, эпигастрий және оң жақ мықын аймағында ауру сезімі бар. Құрсақ қуысын УДЗ: бос сұйықтық жоқ, өт қапшығында өзгеріссіз, ұйқы безі үлкеймеген, шекарасы анық. Диастаз қалыпты.

Болжам диагноз?

*он екі елі ішектің перфоративті ойық жарасы

*жедел панкреатит

*ойық жара малигнизациясы

*+ойық жара пенетрациясы

*гастрит
#290

*!49 жастағы ер адам орташа ауырлық жағдайында, көп реттік құсу және сасық кекірікпен шағымданып түсті. Айқын әлсіздік байқалады. Науқас анамнезінде 10 жыл бойы ойық жарамен ауырған. Эпигастрийде «су шылпылы», «тамған тамшы» симптомы және іштің кебуіанықталады. Науқасқа бірінші қандай зерттеу тағайындалады?

*құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

*+асқазанның рентгеноскопиясы

*құрсақ қуысын УДЗ

*дуоденоскопия

*ЭФГДС
#291



*!Ер адам 70 жаста, кіндік аймағындағы өздігінен енбейтін, ауырсыну сезімін тудыратын жарықтық томпаюға шағымданып келді. Қарап тексергенде түзіліс үстінде тері жабының көгеруі байқалады. Анамнезінде қантты диабет, жүректің ишемиялық ауруы бар.

Қандай емдік тактикасы дұрыс?

*хирургия бөлімінде бақылау

*жоспарлы оперативті ем

*+шұғыл оперативті ем

*амбулаторлы бақылау

*жедел оперативті ем
#292

*!Ер адам 68 жаста, сол жақ шап аймағындағы жарықтың болуына, зәр шығаруының қиындауына шағымданады. Болжам диагноз: қуықтың сырғымалы жарығы.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісі қажет?

*УДЗ

*+цистография

*ирригоскопия

*колоноскопия

*рентгенография
#293

*!Жедел жәрдеммен қысылған шап жарығы бар ер адам жеткізілді. Тасымалдаған кезде жарық өздігінен қайта орнына келді.

Хирургтың ары қарай қолданатын тактикасы қандай?

*диагностикалық лапароскопия жүргізу

*диагностикалық лапаротомия жүргізу

*+стационар ішінде мұқият қадағалау

*тазартатын клизма жасау

*амбулаторлық бақылау
#294

*!Әйел, 42 жаста, кіндік жарығына жоспарлы операциялық ем алу мақсатында емханаға түсті.

Операцияда қандай пластика әдісін қолдануға болады?

*Бассини бойынша

*+ Сапежко бойынша

*Лихтенштейн бойынша

* Кукуджанов бойынша

*Спасокукоцком бойынша
#295

*!Ер адам, 60 жаста, қиғаш шап жарығына жоспарлы оперативті ем алу мақсатымен емханаға түсті.

Операцияда қандай пластика әдісі орындалады?

*Мейо бойынша

*Бассини бойынша

*Сапежко бойынша

*Кукуджанов бойынша

*+Жирар-Спасокукоцкий бойынша
#296

*! Жедел ішек өтімсіздігіне байланысты операция кезінде қарайған ішек ілмегі мен геморрагиялық сұйықтық анықталды.

Не орындауқажет?

*+ішектің некроздалған бөлігінің резекциясы

*айналма анастомоз қою

*ваготомия

*колостоманы шығару

* іш қуысын сыртқа дренаждау


#297

*!72 жастаға науқас копростаз көрінісімен түсті. Анамнезінде созылмалы колиті бар.

7 күннен бері үлкен дәреті болмады. Ректалді зерттеу барысында тығыз массалы нәжіс анықталады.

Емдеу іс-шарасын неден бастау қажет?

*ішек перистальтикасын күшейтетін препарат енгізу

*спазмолитиктер енгізу

*іш жүргізетін беру

*№10 емдәмді тағайындау

*+сифонды клизма
#298

*!Жедел ішек түйілуі кезіндегі негізігі инструменталды зерттеу әдісі болып табылады?

*құрсақ сабауының ангиографиясы

*ФГДС


*КТ

*+іш қуысының шолу рентгенографиясы

*МРТ
#299

*!57 жастағы науқас, механикалық ішек түйілуінің клиникасымен түсті. Анамнезінде соңғы 2 айда 10 кг арықтаған. Пальпация кезінде оң мықын аймағында қозғалмайтын, тығыз консистенциялы ісік тәрізді түзіліс анықталды.

Диагнозды нақтылау үшін тағайындау қажет?

*+ирригоскопия

*ФГДС

*КТ


*іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

*іш қуысын УДЗ


#300

*!Түйін түзілуі кезінде хирург тактикасы?

*сифондық клизма қою

*+шұғыл операция

*жоспарлы операция

*динамикалық бақылауда болу

*ішек перистальтикасын күшейтетін дәрілерді енгізу
#301

*!Тік ішек ауруларында қолданатын зерттеу әдісі

*+аноскопия

*ирригоскопия

*компьютерлік томография

*ультрадыбыстық зерттеу

*магнит-резонансті томография
#302

*!Әйел, 30 жаста, дефакация актісінен кейін ауру сезіміне және қан кетуіне шағымданады. Аналды аймақты қарап тексергенде сфинктердің спазмы анықталады.

Қандай зерттеу әдісінің ақпаратылығы жоғары?

*+аноскопия

*колоноскопия

*ирригоскопия

*фистулография

*ректороманоскопия
#303

*!Ер адамға, 47 жаста, жедел теріастылық парапроктит диагнозы қойылған.

Емді неден бастау керек?

*физиоемнен

*+оперативті емнен

*антибактериалды емнен

*иммуностимуляторлардан

*дезинтоксикациялық емнен
#304

*!Әйел, 54 жаста, артқы өтістің қышуына, бөгде зат тұрғандай сезіміне, дефекация кезінде қан кетуіне шағымданады.

Зерттеу кезінде бастапқы не істеу керек?

*аноскопия

*ирригоскопия

*ректороманоскопия

*тік ішекті саусақпен қарау

*+перианалды аймақтың сыртқы қарауы
#305

*!Созылмалы парапроктитті емдеуге қандай операция қолданылады?

*Тирш операциясы

*Гартман операциясы

*+Габриэль операциясы

*Миллиган-Морган операциясы

*Зеренин-Кюммелль операциясы
#306

*!Науқас А. 45 ж., шағымдары: барлық іш аймағындағы ауру сезімі, құсу, тенезм, жоғарғы температура, көпреттік қан аралас іш өту (тәулігіне 20 рет). Қарап тексергенде: іш кебу, тоқ ішек аймағындағы пальпацияда ауру сезімі. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ жоғарылауы, HB, эритроцит, гемотокрит төмендеуі, лейкоцитоз солға жылжыған.

Берілген зерттеулердің қайсысы ең ақпараттандырылған?

*+ колоноскопия

*биопсия

*аноскопия

*ангиография

*ультрадыбыстық допплерография


#307

*! Науқас 38 ж. Шағымдары әлсіздік, бас айналу, тәулігіне 5-6 рет қан аралас құсу, көбіне оң мықын аймағындағы ауру сезімі. Бұл ауру 8 жылдан бері мазалайды. Қарап тексергенде: тері жабындылары құрғақ, бозғылт. Құрсақ пальпациясында ауру сезімі оң жақ төменгі квадрант бұлшықетінің қатаюы. Колоноскопия: мықын ішектің терминальді бөлігінің тарылуы.

Осы клиникалық көріністер қандай ауруға ЕҢ ТӘН?

*геморрой

*+Крон ауруы

*бейспецификалық жаралы колит

*Мэллори-Вейс синдромы

*Гарднер синдромы


#308

*! 20 жасар науқаста ұзақ стресстен кейін тәулігіне 20 реттік қанды іш өту. Эндоскопиялық зерттеуде: шырышты қабық губка тәріздес, қалың, алқызыл түстес кеуектер (поры) қанмен толған, профузды қан кету.

Осы клиникалық көріністер қандай ауруға ЕҢ ТӘН?

*+бейспецификалық жаралы колит

*Крон ауруы

*жедел ішек түйілуі

*артқы өтіс тыртығы

*аганглионарлы мегаколон


#309

*! Науқас 38 ж., шағымдары: тәулігіне 6-8 реттік шырыш пен қан қосылған суық нәжіс, іш ауруы, көбіне мықын аймағында субфебрильді температура. Әлсіздік, салмақ жоғалту. Қарап тексеру: тері жабындылары бозғылт, тоқ ішектің төменгі аймағында ауру сезімі. Жалпы қан анализінде: HB 90 г/л, лейкоцит 10, ЭТЖ 30 мм/сағ. Ирригоскопия: тоқ ішектің төмендеген аймағының рельефінің түзуленуі. Гаустрияның болмауы.

БЖК-ның қандай асқынуы хирургиялық емге ЕҢ ТӘН көрсетілім?

*абсцесс дивертикуласы, жабыспалы процесс (спаечный процесс)

*артериальді тамырдың аррозиясы

*жиек ішек пен басқа мүшелер арасындағы жыланкөздер

*+ішек перфорациясы, токсикалық дилатация

*тікішек-қынаптық атрезия


#310

*! Науқас 32 ж. көп жылдан бері ауру сезімі, іш кебу, іш қату мен іш өтудің алмасуы мазалайды, кейде шырыш бөлінуімен жүреді. Қарап тексергенде: тіл түбінде ақ дақтар, пальпацияда кіндік және тоқ ішек аймағында ауру сезімі, соқыр ішек аймағында құрылдау естіледі. Жалпы қан анализі: HB 128 г/л, лейкоцит 6,8, ЭТЖ 12 мм/сағ. Крон ауруы бойынша операция өткізілді.

Операциядан кейінгі кезеңде ЕҢ ТИІМДІ қай препарат тамырішілік тағайындалады?

*ИЛ-1 рецепторларының антагонистері

*прозерин

*+гидрокортизон

*В1 дәрумені

*ферритин, трансферрин


#311

*!Операция барсында жайылмалы іріңді перионит диагнозы қойылған.

Іріңді-септикалық асқынулардың алдын-алу үшін тағайындалады?

*төсектік режим

*антисептиктер

*+антибиотиктер

*аналгетиктер

*дезинтоксикациялық терапия


#312

*!Науқас К., 25 жаста, жедел гангренозды аппендицитке байланысты операция жасалынған. Операциядан кейінгі кезеңде іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі, жалған қажеттілік сезінісі, температура 38,50С-ке дейін жоғарлаған. Қан анализінде лейкоцитоз 16,0х109/л дейін, ЭТЖ - 32 мм/сағ, анемия.

Диагнозды нақтылау үшін тағайындаған жөн?

*құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

*+құрсақ қуысының КТ

*АІЖ барий пассажы

*ирригоскопия

*колоноскопия
#313

*!Науқас А., 43 жаста, хирургиялық бөлімшеге түскен. Науқас қарап тексерлінген, перитонит диагнозы қойылған.

Емдеу әдісі қандай?

*тұрғылықты мекен-жайына байланысты амбулаторлы ем

*қосымша зерттеулер жүргізу

*консервативті ем

*+шұғыл операция

*жоспарлы операция


#314

*!Операция барысында 53 жастағы М. науқасқа кіші жамбас қуысының абсцессі анықталған.

Кейінгі емдеу әдістерін анықтаңыз?

*Шалимов бойынша құрсақ қуысын дренаждау

*+абсцесс қуысын ашу және дренаждау

*массивті антибактериальды терапия

*басқармалы лапаростомия

*лаваж жүйесін салу


#315

*!Хирургиялық стационарға 55 жастағы науқас іштегі ауру сезіміне, құсуға, ауыз құрғауына шағымданып түсті. Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу барысында бүйір қалталарда және кіші жамбас қуысында бос сұйықтық анықталды.

Перитониттің себебін нақтылау үшін жүргізген жөн?

*КТ


*МРТ

*ФГДС


*колоноскопия

*+лапароскопия


#316

*!48 жастағы ер адамға бауырының оң жақ бөлігінің эхинококкозы деген диагноз қойылды.

Осы жағдайда науқасқа НЕҒҰРЛЫМ радикалды емді анықтаңыз?

*химиотерапия

*сәулелі терапия

*эхинококкоз кистасын пункция арқылы дренаждау

*қанды УФС

*+эхинококкэктомия


#317

*!52 жастағы әйел адамда бауыр эхинококкозы диагнозына күмәнданады.

Диагнозды анықтау үшін НЕҒҰРЛЫМ мәліметті қандай тексеру әдісін тағайындайсыз?

*+Кацони сынамасын

*лейкоцит денгейін

*Манту сынамасын

*жөтелу толқыны сынамасын

*эритроцит денгейін


#318

*!43 жастағы ер адамға бауырдың эхинококкозының іріңдеуі деген диагноз қойылды.

Қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

*консервативтік ем

*эхинококкоз кистасын пункциялау

*+шұғыл түрде операция жасау

*жоспарлытүрде операция жасау

*УД бақылауымен тері арқылы холецистостомия


#319

*!57 жастағы науқас өкпенің созылмалы абсцессі диагнозымен емделуде. Рентгенографияда өкпенің төменгі бөлігінде құрамында сұйықтық пен газ бар дөңгелек қуысты түзіліс анықталды.

Ең тиімді емдеу жолдарды таңдаңыз?

*плевра қуысын дренаждау

*абсцесс қуысын дренаждау

*өкпенің сегментарлы резекциясы

*абсцесс қуысын алу

*+лобэктомия


#320

*!46 жастағы науқас ауруханада оң өкпенің абсцессі диагнозымен ем қабылдауда. Екінші тәулікте науқастың жағдайы күрт нашарлады. Ентігу күшейіп, қан қақыру пада болды. Қан қақыру өздігімен тоқтады.

Қайталанған қан қақыруда емдеу жолы?

*плевра қуысын дренаждау

*абсцесс қуысын дренаждау

*гемостатикалық терапия

*емдік бронхоскопия

*+пульмонэктомия


#321

!Өкпе абсцесімен ауырған науқаста дене қызуы 390С дейін көтерілді, жалпы әлсіздік күшейді, ентігу пайда болды. Ультра дыбыстық зерттеуде плевра қуысында гомогенді емес сұйықтық анықталады

Пиотораксты негіздейтін қосымша зерттеу әдісі?

*+плевра қуысының пункциясы

*қанның биохимиялық анализі

*компьютерлік томография

*бронхоскопия

*биопсия
#322

!Науқас40 жаста пневмониямен ауырып ремиссия сатысында дене қызуы көтеріліп, қалтырау, кеуде қуысында ауру сезімі, жөтел пайда болды. 7-ші күні жағдайының нашарлауынан бастап науқас жөтелгенде ауыз толтырып іріңді қақырық шықты. Тәулігіне 300,0мл.іріңді қақырық бөлінді. Іріңді қақырығы азайып, интоксикация белгілері мен дене қызуые төмендеді. 3-ші күні науқас қайталап жөтелді, жөтелгенде ал-қызыл түсті көпіршікті қақырық бөлінді.

Осы патологияға асқынудың қандай дәрежесі тән?

*II дәреже, зақымдалмаған бронхиалды ағашқа іріңнің аспирациясы

*II дәреже,абсцестің плевра қуысна ашылуы

*+II дәреже, бронхиалды ағашқа қан кетуімен асқынуы

*II дәреже, басқа ағзаларда абсцестердіңтүзілуі

*II дәреже,өкпе гангренасымен асқынуы
#323

!Өкпенің созылмалы абсцессінің негізгі емдеу әдісі?

*стационардағы комплексті консервативті ем

*санаторлы-курортты ем

*диспансерлік бақылау

*+радикалды операция

*амбулаторлы ем
#324
*! Өкпе абсцессімен емделіп жатқан науқаста пиопневмоторакспен асқыну орын алады. Төмендегілердің қайсысы науқасқа көмек көрсету үшін ЕҢ бірінші кезекте жасалуы тиіс?

*протеолитті ферменттерді эндобронхиальді енгізу

*+плевра қуысын дренаждау

*антибактериальді терапия

*цитостатиктерді енгізу

*рентгенотерапия


#325

*!Науқас И., 28 жаста, рентгенологиялық зерттеуде сол өкпенің жартылай көлемде коллапсы анықталды. Сол жақтық субтоталды пневмоторакс диагнозы қойылды.

Төмендегі емдеу шараларының қайсысының тиімділігі ЕҢ жоғары?

*тораоскопия

*дереу торакотомия

*симптоматикалық ем

*плевра қуысын дренаждау

*+плевра қуысын пункциялап ауаны аспирация жасау


#326

*!16 жасар жас жігіт, кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң өкпенің коллапсы анықталды. Спонтанды пневмоторакс диагнозы қойылды.

Қандай емдеу тәсілі ЕҢ тиімді болып табылады?

*бақылау


*плевральді пункция ауа аспирациясымен

*+ауаның активті аспирациясымен плевра қуысын дренаждау

*торакотомия

*консервативті терапия


#327

*!26 жасар ер адам, хирургияның қабылдау бөліміне кеуде торының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергеннен кейін «Спецификалық емес спонтанды пневмоторакс» алдын ала диагнозы қойылды.

Диагнозды нақталау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған ЕҢ тиімді?

*торакоскопия

*+кеде қуысының рентгеноскопиясы және рентгенографиясы

*плевралық пункция

*өкпені сканирлеу

*бронхоскопия


#328
*!45 жасар науқаста, өкпенің екі проекциялы шолу рентгенограммасында оң жақ өкпе алаңының тотальді көленкеленуі және кеудеаралықтың қарама қарсы жаққа ығысуы анықталады.

Диагнозды нақталау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған жөн?

*томография

*бронхоскопия

*ультрадыбысты зерттеу

*+компьютерлік томография

*магниторезонансты томография
#329

*!Науқас 63 жаста, сол жақ аяғының ІІІ дәрежелі ишемиясы бар, аускультация кезінде қолқа үстінде және оның тарамдарында қатаң систоликалық шуыл естіледі.

НЕҒҰРЛЫМ тиімді тексеру әдісі?

*Сельдингер бойынша ангиография

*транслюмбалді төменгі аортография

*+транслюмбалді жоғарғы аортография

*пункционды артериография

*ультрадыбыстық допплерография


#330

*!Науқас 44 жаста, оң жақ аяғы ишемиясының ІІІ дәрежесі бар, 30 метрден артық қашықтықта жүре алмайды. Аяқтарында шуылдық симптоматикасы жоқ. Сол жақ аяқ артериясының барлық деңгейінде пульсациясы сақталған, оң жақ аяғында - тек жалпы сан артериясында пульсация анықалады. Ангиографияда – оң жақ тізе асты артериясының окклюзиясы анықталып, оның тарамдарының коллатералдардың толуымен сипатталады. Науқасқа қандай операция жасау қажет?

*ампутация

*үлкен тері асты венасының артерилизациясы

*+тізе асты артериясының ауто- (алло) пластикасы

*белдік симпатэктомия

*стеллэктомия
#331

*!63 жастағы науқасты мықын артериясының атеросклерозы, стенозы, төменгі сан артериясының окклюзиясы диагнозымен операцияға алды. Операцияда сан артериясының кальцинозы анықталды.

Хирург тактикасы?

*реконструктивті операцияны жалғастыру және орындау

*тек профундопластика жасау

*периартериалді симпатэктомия

*+белдік симпатэктомия

*ревизия жасаумен операцияны аяқтау


#332

*!70 жастағы науқас аяқтарының облитерациялық атеросклерозымен ауырады. Қарап тексергенде IV дәрежелі ишемиясы анықталды.

Сіздің тактикаңыз?

*қан тамырларын кеңейтетін еммен бастау

*+ампутацияға көрсеткіш

*тромбэмболэктомия жасау

*белдік симпатэктомия

*реваскуляризациялық остеотрепанация


#333

*!72 жастағы науқас аяқ ишемиясының ІІІ дәрежесімен ауруханаға жатқызылды. Ангиография кезінде оң жақ сан артериясының сегментарлы стенозы анықталды. НЕҒҰРЛЫМ тиімді ем жүргізу?

*симптоматикалық ем

*құрсақ қолқасының реконструкциясы

*бүйрек артериясының реконструкциясы

*қолқа және оның тарамдарының бұзылған аймақтарының өтімділігін қалпына келтіретін бір мезеттік реконструкция

*+сан артериясының реконструкциясы
#334

*! Егер аяқтың перфораторлық веналары жарамсыз болса.

Келесі операциялардың қайсысы ең тиімді ?

*Бебкокка

*Нарата

*Маделунга

*Троянова-Тренделенбурга

*+Линтона


#335

*! Төмендегі патологиялардың қайсысында Антикоагулянттар жиі қолданылады?

*гангренаның бастапқы кезеңінде

*+тромбофлебитте

*лимфангоитте

*эндартериитте

*облитерациялық атеросклерозда
#336

*! Төмендегі ем-шаралардың қайсысы тромбоз кезінде ең тиімді?

*Антибиотиктер

*спазмолитиктер

*+антикоагулянттар

*белсенді қозғалыс

* парентеральды сұйықтықты көп мөлшерде енгізу
#337

*! Төмендегі патологиялардың қайсысында Линтон операциясын қолданған дұрыс?

*аяқ-қол артерияларының өтімділігі бұзылғанда

* Рейно ауруы

*беткей веналардың жедел флеботромбозында

*қантты диабетте

*+ созылмалы венозды жетіспеушілік
#338

*! 49 жастағы әйел, ұшақта ұзақ ұшқаннан кейін, оң балтырында қатты ауырсыну, балтырымен тобығының ісінуіне шағымданады . Тексеру барысында тері жабындылары көгілдір түсті, веноздық тамырлары айқын, Хоманс және Мозес симптомдары оң.

Төменде келтірілген тексеру әдістерінің қайсысы нақты диагноз қоюға ең ықтимал ?

*+УЗДГ


*флебография

*ангиография

*реовазография

*денситометрия


#339

*!Науқасқа гепаринотерапия жасау барысында мұрыннан қан кету мен инъекция орындарынан қан кету анықталды. Қанның ұйығыштығы 15 минуттан жоғары. Не жасау керек?

*гепаринді тағайындамадан алып тастау

*ЖМП енгізу

*гемостатиктерді тағайындау-викасол, дицинон

*тиосульфат натриді енгізу

*+протамин сульфат натрийді енгізу
#340

*!57 жастағы науқас 3 апта бойындағы оң қолының ауыруына, ондағы салдануға, суықтану сезіміне, тері астындағы жыбырлаған сезімге шағымданып қаралды. Буындағы қозғалысы сақталған. Қолдың басының қозғалуын жасағанда ауру сезімі үдей түседі. Анамнезінде 2 жыл бұрын миокард инфарктісін алған.

Қандай тексеру жүргізу керек?

*ЭКГ


*жүректің УДЗ

*+УДДГ


*кеуде торының рентгенографиясы

*реовазография


#341

*!71 жасар науқас, травматология бөлімшесіне оң тізе буынының шығуымен жатқызылды. Шағымы: оң аяғындағы салдану мен үдемелі ауру сезімі. Қарап тексергенде оң аяқ басы мен балтырының көк тамырлары босаған, суық, аяқ басында және тізе асты артериясында пульс анықталмайды. Тізе буын аймағы ұлғайған.

Ең тиімді ем тактикасын таңдаңыз?

*тізе буынының пункциясы

*спазмолитикалық терапия

*балтырдағы гематоманың пункциясы

*+операцияға алып тізе асты артериясын ревизиялау

*ауру сезімді басу, гипотензивті терапия жүргізу


#342

*!33 жастағы науқасты жарақат алғаннан соң 2 сағаттан кейін оң аяқтағы ұю, үдемелі ауру сезімі шағымымен жатқызылды. Тексеріліп болғаннан соң оң жақ тізе асты артериясының тромбозы анықталды.

Ең тиімді ем тактикасын таңдаңыз?

*Линтон операциясы

*Троянов операциясы

*тізе буынының ревизиясы

*+тромбэмболэктомия

*Оппель операциясы


#343

*!Науқасқа антикаогулянтты терапия жүргізілуде.

Қандай анализ талдау қажет?

*ҚЖТ


*ЗЖТ

*+коагулограмма

*биохимиялар

*электролиттер


#344

*!Өңеш шырышты қабатының жағдайын білу үшін қандай гистологиялық верификация қажет?

*бронхоскопия

*Өңешті УДЗ

*өңеш радиометриясы

*өңеш рентгеноскопиясы

*+эзофагоскопия мен биопсия
#345

*!Өңеш қатерлі ісігінің стенозы кезінде үрдістің қаншалықты жайылғандығын анықтауда неғұрлым көп мәлімет бертені әдіс?

*+барийдың сұйық ерітіндісімен рентгендік тексеру

*өңештің тыныстық полирентгенографиясы

*өңеш радиометриясы

*өңешті УДЗ

*бронхоскопия

#346


*!қатерлі ісікке күмән туғанда дәрігердің неғұрлым дұрыс тактикасы?

*бір жыл бойы тексеру

*бір көлемінде тексеру

*бірден онкологиялық мекемеге жіберу

*бір ай көлемніде тексеру, содан кейін онкомекемеге жіберу

*+10 күн шамасында тексеру, содан кейін онкомекемеге жіберу


#347

*!Облигатты ісік алды ауруды анықтаған дәрігердің тактикасы:

*90 форманы толтырып бірден онкодиспансерге жатқызу

*ісік аурулары тәрізді есепке алып, 30 форманы толтыру, 5 жыл көлемінде емдеу

*бақылауға алу және әр ай сайын ем жүргізу

*+есепке алу, 2 жыл көлемінде бақылау және әр 3 ай сайын ем жүргізіп отыру

*есепке алу, емдеу және 2 жыл көлемінде әр 6 сайын бақылап отыру
#348

*!32 жастағы ер адамға клиникалық диагноз қойылған: Тоқ ішектің диффузды полипозы. Мына операциялардың қайсысын жасаған неғұрлым дұрыс?

*айналма илеоректоанастомоз салу

*тоқ ішек сегментарлы резекциясы

*тоқ ішек полиптерін алу

*+колопроктэктомия

*илеостомия
#349

*!61 жастағы ер адамда ирригография мәліметтері бойынша соқыр ішек ісігі анықталған. Сондай-ақ тексеру мәліметтері бойынша метастаздар анықталмады. Мынадай клиникалық диагноз қойылды: Соқыр ішек қатерлі ісігі: St III, T3NXM0.

Осы жағдайда мына аталған опеарциялардың қайсысын жасаған неғұрлым дұрыс?

*айналма илеотрансверзоанастомоз

*+оң жақтық гемиколэктомия

*субтоталді колэктомия

*цекумэктомия

*илеостомия


#350

*!71 жастағы әйелді комплексті тексеру нәтижесінде, оның ішінде ирригография мен құрсақ қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы да бар, соқыр ішек пен тоқ ішектің өрлеуші бөлігінен шығатын ісіктік конгломерат анықталды. Үрдіс оң мықын аймағында орналасқан және мықын сүйегінің қырқасын, айналасындағы тіндерді қамтиды, бауырда метастаздар бар.

Мына аталған операциялардың қайсысын орындау анағұрлым дұрыс болады:

*илеостомия

*цекумэктомия

*субтоталді колэктомия

*оң жақтық гемиколэктомия

*+айналма илеотрансверзоанастомоз


#351

*!45 жасар ер адамды қарау кезінде мезогастралді аймақта 6х7см, қозғалмалы түзілім анықталды. Ирригографияда – көлденең тоқ ішек бөлігінің қатерлі ісігі анықталды. (орналасуы – ортаңғы 1/3); құрсақ қуысының УДЗ мәліметтері бойынша бауырда метастаздар жоқ.

Мына аталған операциялардың қайсысын орындау анағұрлым дұрыс болады?

*+тоқ ішектің көлденең бөлігінің резекциясы

*оң жақтық гемиколэктомия

*сол жақтық гемиколэктомия

*субтоталді колэктомия

*цекостомия


#352

*!61 жастағы ер адамға диагноз мынадай қойылды: тоқ ішек төмендеуші бөлігінің қатерлі ісігі St III, T3NXM0.

Мына аталған операциялардың қайсысын орындау анағұрлым дұрыс болады?

*тоқ ішектің көлденең бөлігінің резекциясы

*оң жақтық гемиколэктомия

*+сол жақтық гемиколэктомия

*субтоталді колэктомия

*цекостомия


#353

*!50 жасар әйелге мынадай диагно қойылды: Сигма тәрізді ішек қатерлі ісігі St II, T2NXM0.

Мына аталған операциялардың қайсысын орындау анағұрлым дұрыс болады?

*сол жақтық гемиколэктомия

*+сигма тәрізді ішек резекциясы

*трансверзостома жасау

*субтоталді колэктомия

*сигмостома жасау


#354

*!70 жастағы ер адамда сигма тәрізді ішек қатерлі ісігінің жартылай тоқ ішектік өтімсіздігі бар. Диагноз клинико-эндоскопиялық зерттеу мәліметтері нәтижесінде қойылған. Гистологияда: орта-дифференцирленген аденокарцинома. Қарау кезінде іші аздап кепкен, пальпацияда іштің сол жартысында ауырсынады, соңғы 12 сағ шамасында нәжіс пен газ болмады.

Мына аталған операциялардың қайсысын орындау анағұрлым дұрыс болады?

*субтоталді колэктомия

*трансверзостома жасау

*сол жақтық гемиколэктомия

*сигма тәрізді ішек резекциясы

*+ сигма тәрізді ішектің обструктивті резекциясы


#355

*!58 жасар әйелге комплексті тексеруден соң клиникалық диагноз қойылды: Тік ішектің жоғары ампулярлы бөлігінің қатерлі ісігі St III, T3NXM0.

Мына аталған операциялардың қайсысын орындау анағұрлым дұрыс болады?

*сигмостома салу

*+тік ішектің алдыңғы резекциясы

*тік ішектің ішперде-шатаралық экстирпациясы

*тік ішектің колостомамен ішперде-аналді резекциясы

*тік ішектің төмендетумен бірге ішперде-аналді резекциясы


#356

*!59 жастағы науқас ауруханаға диффузды токсикалық зоб деген диагнозбен жатқызылды. Хирургия бөлімшесінде операцияалды дайындық іс-шаралары жүргізілуде.

Қалқанша бездің белсенділігін төмендету мақсатында қай топтағы препараттар анағұрлым тиімді?

*электролиттер

*антикоагулянттар

*антигистаминді препараттар

*антибиотиктерді ажыратқыш препараттармен қатар қолдану

*+йод препараттарын тиреостатикалық препараттармен қатар қолдану


#357

*!42 жастағы науқас әйел диффузды тиеротоксикалық зоб деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Хирургия бөлімшесінде операцияалды емдік шаралар жүргізілуде.

Бүйрекүсті бездерінің жетіспеушілігін алдын алуда қай топтағы препараттар анағұрлым тиімді?

*электролиттер

*антикоагулянттар

*+кортикостероидтар

*антигистаминді препараттар

*тиреостатикалық препараттар


#358

*!44 жасар науқасқа тиреотоксикалық зоб бойынша субтоталды струмэктомия жасалды. Операциядан кейінгі кезеңде науқастың дене темпратурасы 39,60Сдейін жоғарылағаны, минутына 140-145 соққыға дейін тахикардия, сонымен қатар психикалық қозу байқалады.

Операциядан кейінгі кезеңде қандай анағұрлым күтілетін асқынудың дамуы орын алды?

*трахеомаляция

*+тиреотоксикалық киз

*операциядан кейінгі гипотиреоз

*операциялық жараның іріңдеуі

*қайтымды нервтің ятрогенді зақымдалуы


#359

*!45 жасар науқасқа тиреотоксикалық зоб бойынша субтоталды струмэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде науқаста тиреотоксикалық криздің дамуы орын алды.

Аталғандардың қайсысы криздің дамуында негізгі патогенетикалық рөл атқарады?

*қайтымды нервтің ятрогенді зақымдалуы

*қалқанша без қызметінің жетіспеушілігі

*+бүйрекүсті бездер қызметінің жетіспеушілігі

*трахея сақиналарының дегенеративті өзгерістері және олардың жұқаруы

*қалқанша без паренхимасында дәнекер тіннің өсуі


#360

*!46жасар науқасқа тиреотоксикалық зоб бойынша субтоталды струмэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде науқас сөйлегенде дауысы шықпай қалды, жұтынуы бұзылмаған. Дене температурасы –36,40С, пульсі–1 минутта 82соққы, қандағы лейкоциттері– 8,6х109/л.

Операциядан кейінгі кезеңде қандай анағұрлым ықтимал асқынудың дамуы орын алды?

*трахеомаляция

*тиреотоксикалық криз

*операциядан кейінгі гипотиреоз

*операциялық жараның іріңдеуі

*+қайтымды нервтің ятрогенді зақымдалуы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет