Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Әдебиеттік оқу 3-сынып


тапсырма Берілген тірек сөздерді пайдаланып, Астана қаласы туралы әңгіме немесе өлең құрастырып жаз



бет7/16
Дата25.08.2022
өлшемі314,42 Kb.
#148241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
!1-ЖБ Әдебиеттік оқу 3-сынып-финал-1-2
9сынып 3 тоқсан 472 бұйрық, сабит пеагогикалық үдеріс, 10А. ҚМЖ. Квадрат теңдеулер. 04.02.2022ж, 5 сын к тарих, Тест
тапсырма

Берілген тірек сөздерді пайдаланып, Астана қаласы туралы әңгіме немесе өлең құрастырып жаз.
Тірек сөздер: елорда, сәулетті, зәулім үйлер, жас қала, бас қала, Есіл өзені, көрікті, көз тоймайды, ғимараттар, елімнің жүрегі.

ЖОБА




Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, белгілейді Мәтіннің тақырыбын анықтайды

1


ғимарат атауларын қолданыс саласымен сәйкестендіреді:
1-ғимарат 2-ғимарат

1
1


аталған ғимараттың ерекшелігін анықтайды;

1

мәтінге тақырып қояды;

1

Мәтіннің негізінде шығармашылық жұмыс жасайды

2


тақырыпқа сәйкес шығармашылық жұмыс
жасайды;

1

тірек сөздерді орынды қолданады;

1

жазу барысында лексика-грамматикалық
нормаларды сақтайды.

1

Жалпы балл

7



«Ғимараттар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика




Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі



Тапсырма


Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, белгілейді
Мәтіннің тақырыбын анықтайды

1


Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтауда және мәтінге ат қоюда қиналады.

Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтауда/ мәтінге ат қоюда қателіктер жібереді.

Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды және мәтінге ат қояды.

Мәтіннің негізінде шығармашылық жұмыс жасайды

2


Тақырыпқа сәйкес шығармашылық жұмыс жасауда қиналады.

Тақырыпқа сәйкес шығармашылық жұмыс жасайды, тірек сөздерді қолдануда/ лексика- грамматикалық нормаларды сақтауда қателеседі.

Тақырыпқа сәйкес шығармашылық жұмыс жасайды.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ





  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.


Спецификация 3-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


«Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).




    1. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу




3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 16 балл
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.


1.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.


Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
ЖОБА





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет