ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»



бет3/16
Дата24.04.2017
өлшемі3,14 Mb.
#14576
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)

3 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: 3 Бөлім. Медициналық мекемелердегі санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп.

3.1. Тақырыбы. Медициналық мекемелерінде санитарл-эпидемияға қарсы тәртіпті ұйымдастыру. Зарарсыздандыру.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: оқушыларды медициналық мекемелерде сан-эпидемияға қарсы тәртіпті үйрету және зарарсыздандыруды.

  • тәрбиелік: оқушылардың мінез-құлқын бөлімшеде этика және деонтология нормаларына тәрбиелеу.

  • дамыту: жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

  • аурухана ішілік жұқпалы аурулар процесі, жұқпалы ауруларды бақылау туралы түсініктерді;

  • АІЖА-қоздырғыштары, таралу жолдары мен механизмін, көздерін және профилактикасын;

  • АІЖА-өсу себертерін және профилактикасын;

  • жұқпалы ауруларды бақылау тобының құрамын, мақсаттарын, міндеттерін;

  • жұқпалы ауруларды бақылау бойынша негізгі нормативтік құжаттарды;

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Жоспар:



  • Санитарлы - эпидемиологиялық тәртіптің түсініктемесі

  • Дезинфекция, асептика антисептика түсініктемесі

  • Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіптің негізгі мақсаттары

  • ЕПҰ- дағы медбикенің санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ету

  • Қазақстандағы ЕПҰ-дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті сақтау негізгі нормативті құжаттары.

  • Аурухана бөлімшелерінде әртүрлі бөлмелерінде ылғалды тазалауды жүзеге асыру

  • Бөлімшедегі барлық бөлмелерді құрал жабдықтарды, медициналық және басқа инвинтарларды таза ұстау қажет

  • Медициналық ғылым туралы түсініктеме

  • Емдеу профилактикалық мекемелер туралы түсініктеме

  • Инфекция , микроорганизм туралы түсініктеме
    ЕПҰ- дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіп дегеніміз не ?

  • Санитарлы — эпидемиологиялық тәртіптің негізгі мақсаты

  • ЕПҰ-да санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті сақтауда медбикенің жауапкершілігі қандай ?

  • Палата және бөлімшедегі гигиеналық талаптарды атаңыз

  • Аурухана бөлімшелерінің бөлмелерінде ылғадды тазалау қалай амалға асырылады

Санитарлы —эпидемиологиялық тәртіп бүл аурухана ішілік инфекцияны алдын алуда санитарлы- профилактика және эпидемияға қарсы комплекс шаралар. Дезинфекция - бұл сыртқы ортадағы жұқпалы ауруларды қоздыратын (бактерия, вирус және оларды тасымалдайтын қоздырғыштарды жою түрлері туралы ілім. Антисептика —(бұл комплекс шаралар). Жарадағы патологиялық ошақтардағы микроорганизмдерді жоюға арналған комплекс шаралар.

Асептика бұл жараға инфекция түсуінің алдын алу шаралары. Дүние жүзі бойынша аурухана ішілік инфекция түсуінің алдын алу шаралары. Дүние жүзі бойынша аурухана ішілік инфекция проблемасы үлкен маңызға ие.

Емдеу-профилактика мекемелерінің құрылысында коридор системасы ұсынылады. Балалар және туберкулез ауруханаларда ашық және жабық дәліздер және балкондармен құрылады ол науқастардың таза ауада жүруі үшін. Аурухананың негізгі ұяшығы палата болып табылады. Палаталар 1 және 4 керуеттік болып емдеу мекемесінің түріне байланысты. Палатада керуеттің максимал саны 6- дан аспауы керек.

1 Керуетке палатаның 7м2 бөлінуі керек. Палаталардың 10% I керуеттік болып табылады, олар ауыр халдегі науқастар үшін болып табылады. Палаталардың, дәліздердің, бөлімшелердің қабырғасы ашық түстегі бояулар мен боялуы тиіс себебі олардың кірленгені білінуі керек. Майлы бояулармен бояуды ұсынылады себебі ол қабырғалар көп жуылады. Линолеум және пластикпен төселген полдарды күніне бірнеше рет тазалау мүмкіндігі бар. Керуеттердің аралығы бір метрден кем болмауы тиіс, себебі ауруларды көру оларды қозғату және емдік процедураларды жүргізу үшін қажет. Керуерттер никелденген немесе майлы бояумен боялған болуы қажет себебі олар сүртуге ыңғайлы.Ауыр халдегі науқастар үшін функционал керуеттер және жастықшалар қолданылады, себебі науқасқа керекті жағдайды жасау үшін, әр керуерттке оттегі және электр сигнал үшін басқыш орнату қажет.Керуерттің жанында керуерт маңы столы болуы қажет, оған науқастың керекті заттары қойылады.Төсек тартып жатқан науқастар үшін қозғалмалы столиктер тамақтану үшін қойылады.

Ауруханада шынайы жарықтандыру.

Күн сәулесі адам организмі үшін пайдалы және де көптеген микробтар үшін жойғыш. Науқастар келіп түсетін (палата, дәліз, коридор және де басқа) бөлімшелер солай орналасуы қажет. Көбірек күн сәулесі түсу үшін.Осы мақсатта палата терезелері оңтүстікке, онүстік шығысқа, оңтүстік батысқа қарауы қажет, ал операциялық бөлменің терезелері солтүстік, солтүстік шығысқа, солтүстік батысқа қарауы қажет.

Жасанды жарыққа қойылатын талаптар

Кешкі және түнгі уақыттағы электр жарығы тым жарық болмауы қажет. Сол уақытты дәрігерлер бөлмесінде, лабораторияда, егу бөлмесінде, әсіресе операциялық бөлмеде және жара таңу бөлмесінде өте жарық болуы қажет.Операциялық бөлме және таңу бөлмесінде ерекше көлеңкесіз жарықтандыру системасы қолданылады.

Аурухана бөлімшелеріндегі ауа температурасы.

Палаталарда ауа температурасы + 20°С таңу бөлмесі және жуыну бөлмесінде +25-22°С операцион бөлмесінде және босану бөлімшесінде +25 "С болуы қажет. Бөлімшедегі температура бір қалыпты болуы тиіс.

Ауруханада бір науқас үшін гигиеналық ауаның қалыптылығы

Адамдар бар бөлмедегі ауаның құрамы әр дайым өзгеріп тұрады. Бөлмедегі ауа шаңдары микробтары мен вирустар таралуына үлкен маңызы бар және сонымен қатар грипп жоғары тыныс алу жолдары қатарына, қызылша, қызамық ауруларына алып келеді. Аурухана палатасындағы бір науқасқа 27-30 м3 ауаны құрау қажет, әр сағат сайын бұл ауа таза ауаға алмастырылып тұруы қажет. Бөлме ауасының сыртқы таза ауамен алмастырылып тұруы. Жабығы және жасанды
желдендірумен жүзеге асырылады.

Аурухана бөлмесінің желдендірілуі

Аурухана бөлімшелеріндегі желдендіру форточка немесе терезе арқылы реттеу мүмкін емес өйткені климаттық және метериологиялық климатқа байланысты. Ауруханада жасанды келіп және тартып тұратын желдендіру орнату қажет.Ол ауаны тазалап жылытып және суыту үшін. Операциялық бөлмелер, бокстар, изометрлер өздеріне келіп және тартып алатын системалар болуы қажет. Әр бөлімшеге тартып және соратын гигиеналық, ауаның қалыпты болуы шарт.

Бөлімшедегі құрал жабдықтар.

Күту (құрал заттарына - су ішкізгіш, мұз мұйық, грелка, резеңке эмалданған және шыны Эсмарх кружкасы, тастауша зәр қабылдағыш, дене қызуын өлшеу үшін градусник және ауа судың температурасын өлшеу үшін градусник, резеңке крук, ойық жараларының алдын алу төсегі жастықшалар және басқалар.Осы айтылған құрал жабдықтардың барлығы өздеріне арналған арнайы орындарда тұруы қажет. Науқастарды күтуге арналған құрал жабдықтарды зарарсыздандыру және дезинфекциялау. Тастауша және зәр қабылдағыш науқасқа берілу алдында ыстық сумен шайылады, жылы болып тұруы үшін қолданып болғаннан кейін оларды 0,5 % хлорлы әк және 1% хлорамин ерітіндісімен дезинфекциялайды. Қолданылған клизма үшін ұштықтар арнайы «кір« деген жазумен жабыстырылған шыны ыдыста сақталуы керек. Ал тазалары стерилизаторда сабынмен жуылғаннан соң сақталады. Инфекциялық бөлімшеде әр науқастың ауруханадан шыққанша өзін күтуге арналған құрал жабдықтары болуы қажет.

Аурухана инвентары

Осыған жататындар керуерт маңындағы тумбочка, тасығыш (носилка), кресло, шкаф. Инвентарларға жауапты болып шаруа бикесі бекітіледі. Инвентардың тазалығын тазалық бикесі қамтамасыз етеді, ал медбике оның жұмысын қадағалайды. Бөлімшедегі медициналық, технологиялық, санитарлы техникалық және басқа құрал жабдықтар техникалық жағдай және стандарттарға сай болуы қажет.

Науқастардың палатасында, дәрігерлердің бөлмелерінде, кызметкерлердің бөлмелерінде, ыстық және суық суы бар жуынғыштар орнатылуы қажет.Әр бөлімшелер кіші механизацияланған құрал жабдықтармен жабдықталуы қажет (каталка, кресло каталка, дәрілерді, тағам тасымалдау үшін арба т.б.) керекті мөлшерде. Бөлімшедегі бөлмелер және кұрал жабдықтар таза түрде болуы қажет. Бөлмелерді ылғалды тазалау суткасына екі рет, ал керек жағдайда оданда көп жасалуы қажет. Олар арнайы жуғыш және дезинфекция жасайтын ерітінділермен жасалады. Оны КРДСБ бекіткен. Терезелер ішкі жағынан айына бір реттен аз сүртілмеу қажет, ал сырт жағынан 4-6 рет айдан аспауы қажет. Бөлмелерді ылғалды тазалауда систематикалық ұнтақ заттарды қолдануға рүқсат берілмейді. Барлық құрал жабдықтар (шелек, шара, швабра, т.б.) өз бөлімшесі атымен маркировкаланған болуы қажет, және тек сол жүмысқа қолдану қажет. Палата және функционалды бөлімшелерді, кабинеттерді күрделі тазалау белгіленген график бойынша айына бір реттен аз болмауы қажет, қабырғаны, полды, барлық құрал жабдықтарды шаңнан тазалайды. Дәліздерде, әжетханада және қосымша бөлмелерде қоқыс және қалдықтарды салатын карзина тұруы тиіс, ал егу бөлмесі және соған ұқсас бөлмелерде аяғымен басып ашатын арнайы шелектер болуы қажет. Егу және таңу бөлмесінде стерильдікті, асептика антисептика мен ерекше тәртіпті сақтау үшін әрбір ылғалды тазалаудан кейін кварц лампасымен кварцтайды. Палатаны күніне кемінде 4 рет желдету керек. Бөлімшелерде жылына бір рет тазалаушы косметикалық ремонт жасалуы қажет.

Режим

Аурухана тәртібі науқастардың дүрыс тамақтануы керекті емін қабылдауы және санитарлы гигиеналық шараларды өз уақытылы жүруін қамтамасыз етеді. Күн тәртібіне байланысты бүкіл медицина қызметкерлердің жүмыс кестесі түзіледі. Науқастардың азанғы 7- де тұруына карай жуыну үшін және бөлмелерді тазалау үшін құрал жабдықтар дайындалады. Палатада шырақты жағып, бөлмені желдетеді, терезелерді ашып.Төсек тартқан науқастарға жуыну үшін тостақша беріледі, түкіргіш және тостауша шығарылады, төсегі дұрысталады. Қатал төсек тәртібінде жатқан науқастарға тостаушаны және зәр шығарғышты төсекке таңертеңгі тамаққа дейін ұсынады.Зәр және нәжісті лабораториялық тексеру үшін таңертенгі тамаққа дейін алынады. Тазалық бикесі ауыр халдегі науқастарды жуындырып шаяды.Азанғы сегізден тоғызға дейін тазалық бикесі бөлімшелерді тазалау үшін қүрал жабдықтарды дайындайды, жөне де медбикеге ауыр халдегі науқастарды тамақтандыруға көмектеседі. Тазалау кезінде ( таңертенгі тамақтан кейін) терезелерді ашып палаталарды желдету қажет, науқастар көрпемен жақсы жабылуы керек.Палатаның және бөлімшенің ылғалды тазалау күніне екі рет жүргізіледі. Ашықтау хлорлы әк ерітіндісін келесі түрде дайындайды 10 л салқын суға 1 кг хлорлы әкті ерітіп қара шыны ыдысқа құяды. Ерітіндіні 12 сағат бойы сақтап, оны құйып алып қараңғы жерде сақтайды, себебі хлорлы әк жарықта өзінің дезинфекциялық қасиетін жоғалтады.1 шелек суға 200 гр ашықтау ерітіндіден қүяды. Тазалауды, шүберек, швабра, щеткаларды дезинфекциялаушы ерітіндіге батырып тазалайды.Ылғадды тазалауды тазалық бикесі резенкелік қопғаптарда жүргізеді.

Аурухана палатасының тазалығы

Палатаны тазалау керуерт жанындағы столшадан бастайды, оның үстіндегі шаңын сүртіп тез бүзылатын тағамдардың болмауын кадағалайды. Сабын, тіс жуғыш, паста, кітап, журналдар, печене, конфет, варения қалдырылады. Жемістер және тез бүзылатын тағамдар мүздатқышта тұруы қажет.Терезеде тамақтарды сақтау қатаң шектеледі сонан соң терезе алды, керуерт және басқа мебелдердің шаңын сүртеді. Палатаны сыпыру терезеден қабырғадан есікке қарай бағытта жүргізіледі. Түстен кейін ылғалды сыпыруды дезинфекциялаушы ерітінділермен жүргізіледі және палата желдетіледі. Маусымға байланысты науқастың күндізгі ұйқы кезінде форточканы ашық қалдырған дұрыс.

Асхананың санитарлы тазалығына көбірек ерекше көңіл бөлу керек. Ол жерді ылғалды тазалығын сабынды сумен азанғы, түскі, кешкі, тамақтан соң өткізілінеді. Ыдыс аяқты 2 түрлі суда жуып 70 және 90 °С және оған сода жоқ болмаса горчица қосып жуылады. Ыдыс аяқты жууға және 1 три натрий фосфот ерітіндісі « прогрес « және басқада сұйықтықтар қосылып жуылады. Ыдыс аяқты ыстық сумен шаю қажет. Асхана ыдыс аяқтарының шеттері сынбаған болуы қажет.Тамақ қалдықтарын аузы жабылған шелектерде және яшиктерде сақтап оларды уақытылы тасталады. Асхана ыдыс аяқтары және қүрал жабдықтары бөлек шкафтарда сақталып және керек болған кезде жүмсалады. Азық түліктер холодилник камераларында бөлек- бөлек сақталынады. Асхана кызметкерлері медициналық бақылаудан өтіп тұруы керек.

11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

Оқушылардың білім деңгейін, тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

І.Қандай элемент емдеу мекемелерініц режиміне кірмейді ?

а) ішкі тәртіптің заңы

б) емдеу мекемелерінің санитарлы- гигиеналық

в) Науқастардын рационал тамақтануы

г) қызметкерлер және науқастардың жеке гигиенасы

д) науқастардын жеке тәртібі

2.Аурухана бөлімшесінде ылғалды тазалау күніне неше рет жүргізіледі ?



а)1

6)2

в)3

г)4

Д)5

4.Ұқсастықты табыңыз (неден кұралады)

а) бөлімшедегі жалпы тәртіп

б) бөлімшедегі санитарлы тәртіп

в) палатаның ылғалды тазалығы

г) дәрігердің тағайындауын орындау

д) асхананы санитарлық ұстау

ж) дезинфекция

з) дәрігердің нүсқауларьш орындау

е) науқастардың түскі тамақтан кейінгі дем алуы

с) науқастардын түнгі үйқыдан алдынгы дәрігер, обходы

5. Емдеу мекемелеріндегі күн тәртібі уакыт элементі бойынша кезектілігі

а) дәрігерлер обходы

б) науқастардын таңертеңгі жуынып- шайыну

в) науқастарды ояту

г) таңертенгі дәрі- дәрмекті тарату

д) таңертеңгі ас

ж) түскі тамақ

с) дәрігерлік нүсқауларды орындау

б.Қазақстандағы емдеу мекемелерінде қандай бұйрықтарға негізделіп санитарлы-



эпидемиологиялык тәртіп сақталады

а) Бұйрық № 702

б) Бұйрық № 330,241

в) Бұйрық № 1050,476

г) Бұйрық № 218,150

д) Бұйрық № 630,780

7.Аурухана палатасында максимальді қанша төсек орны болу керек

а) 2 керуерт

б) 4 керуерт

в) 6 керуерт

г) 10 керуерт

8.Емдеу палатасында 1 керуертке нармотив бойынша қанша көлем белгіленеді

а) 7 кв м



б) 3 кв м

в) 5 кв м

г) 10 кв м

д) 12 кв м

9.Палатаның санитарлы тазалауы қай уакытта біту керек.



А) 7 «-де

Б) 8°°-де

в) 9 °°-де

г) 10°°-де

10 .Асептика — бұл (кезектілігін атаңыз)

а) ескерту

б) комплекс

в) шара

г) іс- шара негізделген

д) инфекция түсуі

11.Антисептика бүл (кезектілігін табыңыз)

А) шара

Б) шаю

В) комплекс

Г) микроорганизмдер

Д) іс-шара негізделген

Ситуациялык есептер:

1.Хирургиялық бөлімшенің 28 кв м көлеміндегі палатасында 6 төсек орын орналасқан, қабырғасы және паталок таза әктелген, жерге линолеум төселген. Палатада санитарлық- гигиеналық талаптар сақталама және неге 2.Невралогия бөлімінде 1 науқастық палатада ауыр халдегі науқас төсек тартып жатыр, бүл науқасты шу мен жарық тітіркендіреді. Медбике науқасты мазаламау үшін екі күннен бері ылғалды тазалау жүргізбейді. Медбикенің іс-әрекеті дүрыспа, жөне неге ?

З.Екі науқастық палатада ауыр халдегі екі науқас жатыр осы палатада бірғана астауша бар. Медбике кезек- кезек астаушаны науқастарға ұсынады, астауша ішіндегі нәжістерді канализацияға ағызады, ыстық сумен шайып қайтадан науқасқа беріледі. Медбикенің іс- әрекеті дұрыспа және неге?

12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
4 – сабақ

3.2. Тақырыбы. Залалсыздандыру.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: оқушыларды медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыруды үйрету..

  • тәрбиелік: оқушылардың мінез-құлқын бөлімшеде этика және деонтология нормаларына тәрбиелеу.

  • дамыту: жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (17%)

  • Санитарлы - эпидемиологиялық тәртіптің түсініктемесі

  • Дезинфекция, асептика антисептика түсініктемесі

  • Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіптің негізгі мақсаттары

  • ЕПҰ- дағы медбикенің санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ету

  • Қазақстандағы ЕПҰ-дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті сақтау негізгі нормативті құжаттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет