ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»



бет6/16
Дата24.04.2017
өлшемі3,14 Mb.
#14576
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ТЕСТТЕР:

1. Медбикелік процесс түсінігі қашан және қай жерде пайда болған ?

а) 90 жылдың соңында Канадада

б) 70 жылда Великобританияда

в) 50 жылдың орталарында АҚШ та

г) 2000 жылы Россияда



  1. Медбикелік ісі модельдері ерекшелінеді

а) этика және деонтологияда

б) медбике ісі философиясында

в) кәсіби сапалықта

г) қарыз бен жауапкершілік сезімінде



  1. Медбикелік ісі көрсетеді

а) дәрігер нұсқауын орындау

б) инъекцияны орындау

в) медбикелік құжаттарды толтыру

г) қоршаған орта жағдайындағы мәселелерді шешу



  1. Медбикелік процесс- бұл

а) медбикелік практиканың ғылыми әдісі

б) дәрілік препараттарды тарату

в) медбикелік ісін үйрету

г) ситуация жағдайларды анықтау



  1. Маслоу бойынша адам қажеттілігін неше сатыға бөлінген

а) 5

б) 10


в) 14

г) 20


6. Медбикелік процесстің мақсаты бұл

а) науқасты толығымен емдеу

б) дәрігер нұсқауын қатаң орындау

в) науқасты қадағалау және күту



  1. Сәйкестікті табу

  1. 1 кезең а) жоспарлау

  2. 2 кезең б) диагноз қою

  3. 3 кезең в) медбикелік жоспарды реализация жасау

  4. 4 кезең г) науқасты тексеру

  5. 5 кезең д) медбикелік қатысуларға баға беру

  1. Медбикеллік процессті реализациялау- бұл

а) күтім жоспарын орындау

б) медбике қызметінің координациясы

в) күтімді жүргізу

г) барлығы дұрыс



СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

1. Науқасты тексеру кезінде субъективті тексеруді объективті тексеруден қалай

ажыратасыз? Айырмашылығын атаңыз.


  1. Науқасқа медбикелік диагноз қою кезінде қандай мәселерді анықтау керек ?

  2. Күтуді жоспарлауда медбикелік процесске қол жеткізу үшін қандай мәселелерді анықтау керек ?

  3. Науқастың күтімінде мақсатқа жету үшін, науқастың мәселелерін шешу үшін көмекке кімді шақырасыз.

12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.

13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)

7 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: 10 Бөлім. Аспаптық әдістермен зерттеуге науқастарды дайындау.

10.1. Тақырыбы. Рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық зерттеу әдістері.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық зерттеу әдістеріне науқастарды дайындау, олардың түрлері.

  • тәрбиелік: аспаптармен жұмыс істеу нормаларына тәрбиелеу.

  • дамыту: аспаптармен (рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбысты) жұмыс істеуді дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

  • Медбикеллік ауру тарихын толтыру

  • Медбикелік күтімді ұщйымдастыру және орындау

  • Медбикелік диагноз қою

  • Медбикелік күтім күнделігін толтыру

  • Картаны толтыру

  • Медбикелік ісін анықтау

  • Медбикелік ісі модельдері

  • Антропометрия

  • Этика және деонтолгия ерекшеліктері

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Жоспар:


- бүйрек және асқазан-ішек жолын рентгенологиялық тексеруге науқасты дайындау.

- тексеруді өткізуге көрсеткіш және кері көрсеткіш.

- процедураны өткізу кезінде жеке қауіпсіздік техникасын сақтау.

- зерттеуді өткізу кезінде медбикенің қатысуы.

-рентгенді сәуле туралы түсінік.

-рентген сәулелерінің қасиеті.

-организмге және тканьдерге рентген сәулелерінөткізу.

-рентгеноконтрастты зат.

- рентгенологиялық тексеру әдістері.

- тексеруді өткізуге көрсеткіш және кері көрсеткіш.

-рентгеноконтрастты заттарды қолдана отырып обзорлы рентгеноскопия және рентгенография.

-рентгенологиялық тексеруге дайындау ережесі.

-холецистография, урография және ирригография; асқазан және ішекті зерттеу.

- бүйрек және асқазан-ішек жолын инструментальді тексеру әдістері

- процедураны өткізу кезінде жеке қауіпсіздік техникасын сақтау.

-әр түрлі зерттеу әдістерінен кейін науқасты күтіп және қадағалау.



Рентген сәулесінің қасиеттері.

1. Бір бағытта тарайды.

2. Рентген сәулесі ауаның молекулаларын электрондарын жұлып алып, оң және теріс ұйықты иондарға бөледі де, ауаның электр мірін өткізгіштік қасиетін арттырады. Бұл құбылысты ауаның иондалуы дейді,ал сәулені иондатқышсәуле деп атайды.

3. Рентген сәулесі өтімтал. Ол күн сәулесі өтпейтін заттардан өте береді.

4.Рентген сәулесінің өтімдалдығы бірнеше жағдайға байланысты.

Ең бірінші сәуленің күш қуатына байланысты. Рентген түтігіндегі мір кернеуі неғұрлым үлкен болған сайын, қысқа толқынды сәулелер көп, яғни олар өтімтал болады. Түтіктегі мір кернеуі азайған сайын, ұзын толқынды сәулелер көп болады, олардың өтімталдығы төмен.

Екіншіден, заттың тығыздығына қарайды. Қалыңдығы бірдей кітап пен тақтайдан рентген сәулесінің өтуі әрқалай. Тақтай кітаптан гөрі тығыз, рентген сәулесі көбірік ұстайды.

Үшіншіден, заттың қалыңдығына байланысты. Қалың заттар рентген сәулесін көбірек ұстап, оның өтімталдығын төмендетеді.

Төртіншіден,заттың атомдық салмақтарына байланысты.Атомдық салмақтары өскен сайын, рентген сәулесінің өтімталдығы төмендейді. Мысалы:мыстың, қорғасынның атомдық салмақтары өте жоғары болғандықтан, олар рентген сәулесін өткізбейді. Ал оттегі, азот жеңіл заттар, рентген сәулесіне кедергі бола алмайды.

5.Көзге көрінбейді.

6.Иісі, дәмі жоқ.

7.Пленканың жарық сезгіш бетін қарайтады.

8.Иондатқыш қасиеті арқылы ағзаға биологиялық әсер береді.

Кеуде, кеудедегі мүшелер, құрсақ, құрсақтағы мүшелер атомдық құрамына, қалыңдығына, тығыздығына байланысты рентген суреттерінде әр түрлі қоюлықтағы көлеңкелер береді.

Рентген сәулесінің өз жұмыстарында пайдаланатын мекемелер, өндіріс орындары өте көп. Ең бірінші болып дәрігерлік салада қолданылады. Сәуле дерт түрін анықтауда, оларды емдеуде өте кеңінен пайдаланылады. Рентген сәулесі арқылы заттардың құрамын, кеңістіктегі молекулалардың, атомдардың өзара орналасу бағыттарын зерттеп, оларды өзгерте алады. Химиктер каучуктың, резеңкенің тағы да басқа күрделі заттардың құрамын зерттеп, өте маңызды мәліметтер алды.

Рентген аспабының бөлмесі, құрамы. Рентген сәулесінен қорғану жолдары.

Кәзіргі уақытта емханалар рентген құралымен жақсы жабдықталған, сондықтан емделіп жтқан сырқат адамдарды рентген тәсілімен түгел тексеруге жағдай бар. Тексеру екі бағытта жүргізілуі тиіс. Біріншісі – дерттің алдын алу. Екіншіден емделуге келген сырқат адамның дерт түрін, оның кезеңін дұрыс анықтап, емді мезгілінде қолдану. Іріленген емханалардың әр қабатында мамандандырылған рентген бөлімшелері болады. Ол бөлімшелер арнайы құралдармен жабдықталған. Мысалы: жүрек дерттерін емдейтін бөлімшелерді рентгенокимограф, электрорентгенокимограф, рентгенокинематография тәсілін жүргізетін құралдар болады. Ауруды жатқан жерінде суретке түсіретін қосымша тасымалды рентген құралы болуы керек.

СНиП (Строительные нормы и правила) талаптары бойынша (2.08.1989ж.) емханаларды жобаланған рентген құралы тұратын бөлмелердің құрамы, олардың аумағы мен көлемі шамамен төменгі мөлшерде болуы керек. Бұл ереже 19.09.1989ж. Гипронииздравпен бекітілген.

1.Ем-дом жасайтын бөлме.

2.Басқару жүйесі тұратын бөлме.

3.Дәрігерлер бөлмесі.

4.Әжетхана.

5.Сурет шығаратын бөлме.

6.Жақ сүйектері мен тістерді зертейтін бөлме.

7.Барий қойыртпағын дайындайтын бөлме.

8.Рентген пленкасын (салмағы 100кг) уақытша сақтайтын бөлме.

9.Көпшілікке арналған киім ілгіш.

10.Аурулардың кезегін тосып отыратын жер.

Ем-дом жасайтын бөлме.

Ең маңызды бөлме. Бөлменің кіре берісін 1,6м биіктікте “кіруге болмайды”деген сөзбен қызыл не ақ жарық беретін шам жанып тұруы керек. Бөлменің аумағы 46м.2, ал биіктігі 3,5м кем болмауы тиіс. Флюрографиялық зерттеуді аумағы 20м.2 (көлденеңі 4м) бейімделген бөлмелерде өткізе беруге болады. Ауаның қызуы бұл бөлмелерде +20.0-тан аспауы үшін жұмыс кезінде жасанды желдеткіштер мезгіл-мезгіл жұмысқа қосылып тұруы керек, не терезе арқылы бөлмені ауаландырып тұрады. Жарық коэффициенті 1:6,қыздырмалы шам арқылы жасанды жарық 300 люкс болғаны дұрыс. Электр мірінің әсеріненмамандарды және ауру адамдарды қорғау үшін еден тақтайдан жасалып линолеуммен төселеді. Бөлмені тазалап жуып тұру үшін қабырғалары майлы бояумен боялады. Бұл бөлменің ішінде электр мірінің кернеуін 10-12в дейін төмендететін және оны 60кв-ке одан да жоғары деңгейде көтеретін трансформаторлар, мір бағытын түзейтін шыны түтіктер болады. Бірінші түтікпен аурулардың кеудесін, кеудедегі мүшелерді, ас өтетін жолды айнамен қарап, бағытталған рентген суретіне түсіреді. Қалған зерттеу тәсілдерін екінші түтік арқылы жасайды, томография мүшелердің қызметін, салыстырмалы салмағы ауыр қоспалар жіберіп зерттеу тексеру т.с.с.тәсілдер.



Басқару жүйесі тұратын бөлме.

Бұл бөлмеде өлшеу аспаптары мен басқару жүйесі тұрады. Аумағы 10м.2, биіктігі 3,5м-ден кем болмауы керек. Жарық коэффициенті 1:8. Қыздырмалы шам арқылы да жарық (300 люкс)беруге болады. Мезгіл-мезгіл ауа тазартылып тұруы керек. Бұл бөлме ем-дом жасайтын бөлмеден бөлек, сондықтан ауасы иондалмауы тиіс. Аурулардың хәл-жағдайын қорғасындалған шыны әйнектен қарап тұрады. Ауру адаммен радио арқылы сөйлеседі.



Дәрігерлер бөлмесі.

Бұл бөлме басқа бөлмелерден бөлек орналасқан. Аумағы бір дәрігерге арналған бөлмеде 10м.2,әр қосымша дәрігерге бұл өлшемге 4м.2 қосылып отырады. Бөлменің биіктігі 3,5м, жарық коэффициенті 1:8, жарықтығы 300 люкс болуы тиіс. Ішінде столдар, орындықтар, рентген, флюросуреттерін оқитын аспаптар (негатоскоп, флюороскоп) тұрады.



Сәуле әсерінен қорғану жолдары.

Дәрігерлік салада қолданылатын сәулелердің әсерінен мамандарды, ауру адамдарды және жұртшылықты қорғау жолындағы шараларға“Радиациядан қорғануережелері”,“Радионуклеидтермен және басқадай иондатқыш сәулелермен жұмыс істеудің негізгі ережелеріне ”сүйене отырып, солардың толықтырылған түрі келтірілген. Бұл ережелер кезінде ВЦСПС-тен А.П.Купчин (13.06-1980ж.,№12\3-4), бас санитарлық инспекциясының орынбасары В.Е. Ковшило (13.06-1980ж.№278-80) мырзалармен бекітілген.

Барлық қорғаныс жүйелерін тұрақты және тасымалды түрлеріне бөледі.

Тұрақты қорғаныс жүйелері.

Тұрақты қорғаныс жүйелеріне ғимараттың, үйдің сәуле өткізбейтін төбесі, қабырғалары, есік терезелері жатады.Олар тікелей және шашыранды сәулелерді іргелес орналасқан бөлмелерге өткізбей ондағы қызмет істеп жүрген адамдарды сәуленің әсерінен қорғауға тиіс. Үйдің төбесі барит бетонмен, ал қабырғалары кірпішпен, барит бетонмен қаланып, қосымша осы бетонмен сыланады.Бариттің құрамында рентген сәулесін өткізбейтін барий қоспасы бар. Есіктері қорғасын, не қорғасын араласқан резеңкемен қағылады, ал бөлме ішіндегі әйнектер қорғасын араласқан шыны. Рентген бөлмесі үйдің бірінші қабатында болса жұмыс кезінде терезелері қорғасын араласқан резеңкеден жасалған қақпақшалармен жабылуы керек.

Тасымалды қорғаныс жүйелері.

1.Үлкен және кіші қалқандар жатады.

2.Рентген түтігінің сауыты. Бұл сауыт тек пайдаланылатын сәулелерді ғана арнайы тесіктен шығарып, қалған сәулелерді ұстап қалады.

3.Экранның дәрігерге қараған жағы қорғасындалған шынымен жабылған. Ол рентгенологтың бет әлпетін сәуленің әсерінен қорғайды.

4.Кеудесін экранның астындағы қорғасын араласқан резеңке жолақтар қорғайды.

5.Кеудеден төмен еденге дейін рентгенологтың алдында кіші қалқан тұрады.

6.Қорғасын араласқан резеңкеден жасалған алжапқыш, қолғаптар, қалқандар және ұрық бездерін жабатын кіші гірім жолақтармен жабдықталған.

7.Тасымалды қорғаныс жүйелерінің рентген сәулесін тежейтін қасиетін екі жылда бір рет тексеріп тұрады.

Рентгенологиялық тексеру рентген бөлмелерінде жүргізіледі. Рентгенологиялық тексеруді рентгеноскопиядан немесе рентгенографиядан бастайды. Рентгеноскопия көмегімен кейбір мүшелердің қимыл- қозғалыс (жүрек, асқазан, ішек және т.б.) функциясын тексереді. Науқас қалпын өзгерткенде немесе пальпация кезінде патологиялық түзілулердің ығысуын анықтайды. Рентгенография – организмнің құрылысын рельефті және анық етіп анықтай алады. Рентгеноскопия және рентгенография жалпы рентгенологиялық әдістер тобын құрайды. Тексерілетін мүшенің құрылысын және функциясын қосымша мәлімет алу мақсатымен жүгінетін техникалық заттар және ерекше әдістерді қолданумен негізделген рентгенологиялық әдістің жеке және арнайы негізіне де жатады. Жеке әдіске жатады: телерентгенография, электрорентгенография, томография және флюорография және т.б. Мүшелердің қимыл-қозғалысын тіркеу үшін (жүрек, өкпе, диафрагма) видеомагнитті баспа көрінісін қолдана отырып рентгеноскопияны қолдану. Жасанды контрасттылауынан кейін мүше немесе оның бөлігін, белгілі бір жүйені зерттеу үшін (бронхография, холеграфия, урография және ангиография) арнайы әдіс тағайындалады.Қарапайым әдістер қажетті диагностикалық нәтижені бере алмағанда көрсеткіш бойынша қолданады. Кейде науқасты тексеруге алдын-ала дайындау қажет, тексерумен байланысты болатын жағымсыз сезімдерді төмендетеді.

Асқынулар жиі кездеседі. Негізі организм жүйесін, мүшеге және қуыстарға жасанды контрастылау кезінде пайда болады және аллергиялық реакциялар, жедел тыныс бұзылысы, коллапс, жүрек қызметінің рефлекторлы бұзылыстары, эмболия, мүше және тканьдерді зақымдаумен өтеді. Тексеруді аяқтағаннан 30мин соң немесе тексеруді жүргізіп жатқан процесс кезінде атап өткен асқынулар болуы мүмкін. Ионизирлеуші сәулеленудің көзімен жұмыс істеу кезінде, жұмыс істеу ережесін қатаң бұзған кезде асқынулар пайда болады. Науқасты және персоналды сәулеленуден қорғау көбінесе рентген кабинетін дұрыс жоспарлаумен байланысты.



Холеграфия.(грекше chole өт +grapho жазу, көрсету, синоним: күре тамырға холеграфия, күре тамырға холангиохолецистография) – бауырдан өт арқылы шығатын гепатотропты рентгеноконтрасттызаттарды күре тамырға енгізу арқылы өт жолдарын рентгенологиялық тексеру.

Тексерген кезде өт қабын, өт жолын, орналасуын, түрін, ұзындығын, тастарды анықтауға және де өт қабының қозғалысын, концентрационды функциясынанықтауға болады.



Көрсеткіш:созылмалы холецистит,өт тас ауруы, өт жолдарының дискинезиясы, постхолецистэктомиялық синдром.

Қарсы көрсеткіш:қалқанша без, бүйрек, бауыр және жүрек қан-тамыр жүй функциясының декомпенсациясы; йодқа организмнің өте сезімталдығы.

Процедура орындау.

Холеграфияны аш қарынға жүргізеді. Науқасқа 2-3 стакан жылы су немесе шәй ішуді ұсынады, бұл процедураны орындау кезінде реакцияны төмендетеді. Рентгеноконтрастты заттың 1-2мл күре тамырға енгізеді, 4-5 мин соң реакция болмаса қалған мөлшерін жайлап енгізеді. Билигност 50% ерітіндісін (20мл) дене температурасына дейін қыздырып қолданады. Балаларға 1кг дене массасына 0,1-0,3г дозада препаратты енгізеді. Науқасты горизонтальді қалпында инъекциядан кейін 15-20, 30-40 және 50-60мин соң рентгенограмманы жасайды.Науқастың вертикальді қалпында бағыттап түсіріп өт қабының функциясын зерттейді.Өт жолдарында тас болуы мүмкін деп күдіктенген кезде томография жүргізіледі. Рентгеноконтрастты затты енгізіп болған соң 20мин кейін түсірген суретте өт жолының бейнесі жоқ болса,(жалпы өт жолы сфинктерінің жиырылуын шақыру үшін) пилокарпин гидрохлорид 1% ерітіндісінің 0,5мл тері астына енгізеді. Холеграфияны жүргізу кезінде кейбір науқастарда мынадай жанама әсерлер кездеседі: басының ысыған сияқты сезімнің пайда болуы, аузына металды дәмнің келуі, басайналу, көңілінің айнуы, кейде ішінің ауырсынуы. Бұларды болдырмау үшін және суреттің анық шығуы үшін қан тамырлар бейім және де бауыр функциясының орта бұзылуы бар науқастарға инфузионды әдісті қолданады.Рентгеноконтрастты затты (1кг дене массасына 1мл дозада 150-200мл 5% глюкоза ерітіндісімен бірге) күре тамырға (15-20мин бойы) тамшылатып тамызу.



Холецистография–(грекше chole өт +kystis қабы +grapho жазу, көрсету, синоним: контрастты холецистография, концентрационды холецистография) – арнайы рентгеноконтрастты заттарды организмге енгізген соң өт қабын рентгенологиялық тексеру әдісі. Өт қабының функциясын және құрылысын анықтайды, ондағы патологиялық өзгерістерді (ісік, қабыну процессі, конкременттер,даму аномалиясы) табады.

Қарсы көрсеткіш: йодқа организмнің өте сезімталдығы және жоғары билирубинемия. Бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылысы және коронарлы жетіспеушілік.

Рентгеноконтрастты заттарды: пероральді, күре тамырға да енгізуге болады және зонд арқылы он екі елі ішекке немесе клизма көмегімен тік ішекке жіберуге болады. Рентгеноконтрастты заттың сапасы-холевид, йопагност, телепак, билимин және т.б. йодты органикалық қосылыстар қолданылады. Арнайы дайындық талап етпейді. 20кг дене массасына 1г дозада рентгеноконтрастты затты тексеру алдында кешкі тамақтан соң қабылдайды, оны сумен және сокпен немесе тәтті шәймен ішеді.

Рентгеноконтрастты зат аш ішекте сіңіріліп қанға түседі, қан сары суының альбуминімен байланысады. Рентгеноконтрастты зат бауырда қан арқылы өтке суда ерігіш метаболит түрінде түседі. Өттегі препараттың концентрациясы жоғары емес, сондықтан рентгенография кезінде өт жолының көлеңкесі жақсы айқындалмауы осымен байланысты. Өттегі препарат концентрирленеді, 3-4 сағаттан кейін рентгенограммада өт көлеңкесі пайда болады. Бейне жайлап анық бола береді, 15-17 сағаттан кейін максимумге дейін жетеді. Балаларда максимальді контрастирлену өте тез болады. Препаратты қабылдаған соң келесі күні 9-10.00 азанда аш қарынға рентгенологиялық тексеру жүргізіледі. Науқасты басында вертикальді қалпы кезінде обзорлы, ао кейін бағыттап түсіреді. Айқын метеоризм кезінде және тазалау клизмасы эффективсіз болғанда томография жасалынады. Өт қабының асқазанмен және он екі елі ішекпен қарым-қатынасын анықтау үшін науқасқа барий сульфатының сулы өлшемін ішуге береді. Сурет бойынша өт қабының көлеңкесінен өттің қалпын, түрін, ұзындығын, контурын, интенсивтілігін және құрылысын анықтайды. Холецистография кезінде ісік, холестеролды полип және тастың болуынан жарық сәулелену тәрізді өт қабы көлеңкесінің дефектілері анықталуы мүмкін. Толу дефектілері анықталмаса өт қабы маторикасын күшейту мақсатымен науқасқа стакан суға ерітілген 20г сорбитті ішуге береді немесе 60мл шикі жұмыртқаның сарысын береді. Өт айдайтын таңғы асты ішіп болған соң 20-45мин кейін, өт қабы жиырылған кездегі рентгенограммада ерте кезде анықталмайтын полиптер немесе майда тастар анықталуы мүмкін. Суреттің сериясы өт қабы қозғалыс функциясын анықтауға мүмкіншілік береді. Холецистокининді бұлшық етке немесе күре тамырға енгізуден кейін өттің тез және өте күшті жиырылуы болады. Құсу және іштің ауырсынуына алып келуімен байланысты бұл препаратты жиі қолданбайды. Холецистография кезінде кездесетін жанама әсерлер: басайналу, көңілінің айнуы, іш өту, эпигастральді аймақта қысымды сезіну. Йодизм симптомы кезінде антигистаминді препараттар тағайындалады.

Ирригоскопия.

Мақсат: тоқ ішек ауруларын диагностикалау: түрін, орналасуын, кілегей қабатын және тоқ ішек бөліктерінің перистальтикалары мен тонусын анықтау.

Қажетті заттар: Эсмарх кружкасы және 1,5л барий сульфаты (36-37.0).

Процедураға науқасты дайындау.

1.Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру.

2.Газ түзетін тағамдарды тағам рационынан алып тастау (көк-өніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері, ашытқы өнімдері, қара нан және жеміс сусындары) яғни тексерілуге дейін 2-3 күн бұрын.

-тексерілу алдында тексерілу күні 12-13.00-де 30-60мл кастор майын науқасқа беру.

-тексерілу алдында 1 сағаттық интервалмен тазалау клизмасын екі рет жасау(кешке және азанда).

-тексерілетін күні азанда науқасқа жеңіл белокты таңертеңгі ас беру.

3.Науқасты рентгенологиялық тексеру бөлмесіне апару.

Процедураны жүргізу.

1.Рентген кабинетте дайындалған 1,5л (36-37.С) барий сульфат өлшемін клизма көмегімен енгізу.

2.Рентген суретіне түсіру.

3.Процедура аяқталған соң науқасқа ескерту: нәжіс түсінің өзгеруі және үлкен дәретке отыруы қиын болады.

4.Науқасты палатасына жеткізіп, тыныштық орнату және қадағалау.

Урография (грекше uron зәр + grapho жазу, көрсету; синоним:контрастты урография, экскреторлы урография) – зәр шығару жүйесін рентгенологиялық тексеру.

Көрсеткіш: бүйрек және зәр шығару жолдарының зақымдалуына күдіктену.

Қарсы көрсеткіш: инсульт, бауыр және бүйрек жетіспеушілігі, миокард инфарктісі.

Енгізетін рентгеноконтрастты зат: йодамид, триомбраст, верографин, урографин.



Пиелография.

Мақсат: бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларын диагностикалау.

Қажетті заттар: 20мл шприц, 30%натрий тиосульфат ерітіндісі тазалау клизмасына барлық қажетті заттар, рентгеноконтрастты зат (урографин, верографин).

Науқасты процедураға дайындау.

1.Тексеруге науқасты дайындау.

2. Газ түзетін тағамдарды (көк-өніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері, ашытқы өнімдері, қара нан және жеміс сусындары) тағам рационынан алып тастау.

3.Метеоризм кезінде дәрігер тағайындауын (активирленген уголь) қабылдау.

4.Тексеруге дейін 18-20сағ бойы тағамдарды қабылдамау және суды да аз ғана мөлшерін қабылдау қажет.

5.Кешкі 22.00 және азанда тексеруге дейін 1,5-2сағ бұрын тазалау клизмасын жасау.

6.Азанда тексеру алдында тағам, дәрі-дәрмекті қабылдамау, темекі тартпау және инъекция жасамау.

7.Тексеру алдында қуықты босату.

8.Рентгенологиялық кабинетіне науқасты апару немесе тасымалдап жеткізу.

Процедураны орындау.

1.Обзорлы сурет жасау.

2.Дәрігер тағайындаған 20-40-60мл рентгеноконтрастты затты күре тамырға енгізу.

3.Рентген суретін түсіру.

4.Процедураның соңында науқасты палатаға апарып тыныштықты орнату және қадағалау.
Бронхография.(бронх+грекше grapho жазу, көрсету) Бронхтарға салыстырмалы салмағы ауыр қоспалар жіберіп бірнеше бағытта рентген суретіне түсіру тәсілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет