Биологиялық өлім белгілері: тыныстың түгел бітуі, тамыр соғуының тоқтауы, көз жанарының сөнуі. Қарашыққа жарықтың сезінбеуі
Мәйітпен жұмыс білу ережесі. Құжаттарды толтыру.
Сырқаттың өлімін дәрігер белгілейді. Ол ауру тарихына өлімінің уақытын дәл жазады. Мәйітті шешіндіріп, аяқ – қолын созып, шалқасынан жатқызады. Аяқтарын байлап, көзін жауып, ақ жаймамен жабады да 2 сағаттай төсекте қалдырады. Тек өлім дақтары пайда болғаннан кейін ғана медбике мәйіттің санына оның аты – жөнін, ауру тариханың нөмірін, диагнозын, өлген мерзімін жазады. Ал мәйіттің аяғына мәйіт туралы мәліметтердің қайда жазылғаны туралы бағыттама жапсырады. Туыстарына қайтыс болғаны туралы хабарлайды, бағалы заттарын туыстарына не кезекші дәрігерге береді.
Өлікті сойып тексеруге патологиялық – анатомиялық бөлімшеге тек мәйіттің дақ пен сіресу пайда болғаннан 1 сағаттан соң жіберіледі.
Егер үйде қайтыс болса, онда бөлімшелік дәрігер келіп, клиникалық диагноз бен өлімнің себебі туралы анықтама жазып беоеді.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)
Жасанды тыныстандыру және жүрекке жанама массаж жасау техникасын, өлімді анықтауды, мәйітпен жұмыс жасау ережелерін үйрену
Достарыңызбен бөлісу: |