Жұмыс бағдарламасы Пән: Зертханалық диагноcтика Мамандық: 5В110100 «Мейірбике ісі»


Атеросклероздың биохимиялық аспектілері



бет56/148
Дата21.12.2022
өлшемі1,66 Mb.
#163596
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   148
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі

Атеросклероздың биохимиялық аспектілері
Гиперлипидемияның кең таралған түрі гиперхолестеринемия болып табылады және ол атеросклероздың дамуына әкеледі.
Атеросклероз – артериялар қабырғаларының (интималар) және жартылай орташа (медии) патологиялық өзгерістері. Атеросклероз – «атере»-ботқа тәрізді (грек.), оның негізгі компоненті тығыздалып склерленген түйіндіктерге (бляшкаларға) қосылған холестерин эфирлері (ХСЭ) болып табылады.
Атеросклероздың клиникалық белгілеріне әртүрлі мүшелердің: жүрек, аорта, бас миы, бүйрек, төменгі бөліктердің әртүрлі тамырларының кең таралған ауруларын жатқызады. Атеросклероздық түйіндіктер қан айналымын қиындатады және мүшенің ишемиясы мен гипоксиясын дамытады, ал тамырдың түйіндемемен толық бітелуінде немесе онымен индуцирленген тромбта миокард инфарктісі, инсульт, төмен бөліктердің гангренасы дамиды.
Тамыр қабырғаларындағы патологиялық процестер адамда қартаюмен бірге дамиды: тамырлардың ішкі бетінде эндотелий астында «көпіршік» жасушалардың жиналып қалу нәтижесінде липидтік дақтар мен жолақтар пайда болады, сонан кейін оның орнында – атеросклероздық түйіндіктер түзіледі, сондықтан басқа жасушалар мен эндотелийдің гетерогендігі ішкі қабықтарында дамиды. Түйіндіктер құрамына ХСЭ, ТАГ, глюкозаминогликандар, коллаген, эластин кальцийі, макрофагтар және өлі жасушалар кіреді. Атеросклероздық түйіндіктерде жиі түрде ДНҚ гермесвируствр (цитомегаловирус және жай герпес) анықталады, сонымен бірге хламидин де анықталады. Бұл микроағзалардың рөлдері әлі толық шешілмеген. Фиброздық капсуланың механикалық және улы факторлар әсерінен жыртылуында холестериндік «ботқа» жалаңаштанады мұндай «қатерлі» түйіндік тромбоциттердің агрегациясының, фибрин түйіршіктерінің және тромб түзілулерінің тұнуының орталығы болып табылады.
Атеросклероз – тамырлардың полифакториалдық ауруы. Эксперименттік берілгендердің жиылуы бойынша мөлшеріне байланысты оның этиологиясы мен патогенезі туралы әртүрлі гипотезалар дамиды: холестериндік немесе инфильтрациялық, тромбогендік, клоналдық («тамырлар миомасы»), аутоиммундық, асқынтотықтық. Барлық гипотезалар ЛП және холестериннің тамырлар қабырғаларына тасымалдануымен байланысты. ХС жоғары деңгейі атеросклероз дамуының бәссіз патогенетикалық факторы болып табылады, ал оның этиологиялық рөлі жас пациенттерде тұқымқуалаушы бірінші реттік патологиялық сипатта айқын байқалады: апо В-100 құрамының (ТТЛП белок) немесе ТТЛП рецептордың мутациялық өзгерісімен байланысты. Екі жағдайда да гепатоциттердің және басқа мүшелердің ТТЛП мен ТТЛП-рецепторының ал сонымен бірге жасушалардың ТТЛП-сының эндоцитоздық рецепторыда комплементарлығы бұзылады және қанда ТТЛП мен ХС құрамы жоғарылайды.
Қарттар мен аз мөлшерде болсада жастарда дамитын атеросклероз ауруының туындау факторлары сан алуан: мысалы, ТТЛП-ның химиялық және физика-химиялық түрленуі (қант диабеті кезіндегі гликозирлену, ХС, ТТЛП полиқанықпаған май қышқылдарының асқын тотығуы және т.б), эндотелийді зақымдаушы факторлар (жұқпалы аурулар, қабыну, гипертония, уландырушы факторлар және т.б.), қанның жоғары ұйығыштығы, гемодинамикалық факторлар (тамырлардың түйіндіктері, стеноздары) және келтірілген этиологиялық және патогенетикалық факторлардың нәтижесіндегі гормондардың құрамының өзгерістері.
Денісау адамның қанындағы ТТЛП эндотелийі мен тамырдың басқада жасушаларында тасымалдайды, олар мембраналардың қалыптасуы үшін қажет. Гиперхолестеринемияда ТТЛП-түрленуіндегі тамырлардың ішкі қабырғасына ХС-нің негізгі ағынын моноциттер атқарады. Соңғылары ТТЛП-мен түрленген ТТЛП, мТТЛП аутоиммундық кешендер антиденелермен бірге фагоциттеледі және ХС-ді интималардың субэндотелиалдық бөлігіне ауыстырады. ТТЛП эндолизосомада ыдырайды, макрофагтар цитозолінде ХСЭ жиналып, жасушалар «көпіршікті» түрінде болады. ХС-ің эфирленуін ацил-СоА-холестерин ацилтрансфераза катализдейді, ол бос ХС мен белсенденеді. «Көпіршік» жасушалар, өлгенде ХС-ді жасушааралық кеңістікке түйіндіктер қалыптасуы үшін бөледі.
Қандағы ХС деңгейі өте көп мөлшердегі тұқымқуалаушы және тұқымқуаламайтын факторларға тәуелді, сонымен бірге оның тағам құрамында көп мөлшерде түсуімен, синтезінің реттелуімен, тасымалдануымен, өт қышқылдарына синтезделіп жұмсалуына және басқа да қосылыстарға айналуына, шығарылуына байланысты. ХС-нің 80 %-ға жуығы бауырда синтезделеді. ХС-ің тағамдағы мөлшерінің жоғарылауы (тәулігіне 300-500 мг жоғары) денісау адамда оның бауырдағы синтезі төмендейді, себебі ХС мен ХС оксидериваттары белсенділікті және ГМГ-СоА-редуктаза реттеуші ферменті синтезін ингибирлейді.
Және, керісінше, вегетариандарда эндогендік ХС синтезі өте интенсивті өтеді. Патологиялық процестерде келтірілген факторлар арасындағы динамикалық тепе-теңдік бұзылады, ол гиперхолестеринемияға және ХС мен ТТЛП айналымының шеңберлік ақауының дамуына әкелуі мүмкін. Экзогендік және эндогендік ХС ішек пен бауырдан ТӨТЛП құрамында қанға түсіп, олар ТТЛП-ға айналады. ТТЛП бір бөлігі олардың артық мөлшерлерінде бауыр жасушалары арқылы ТТЛП рецепторларының қатысуымен „жұтылады“. ХС мен байытылған гепатоциттерде ТТЛП рецепторларының синтезі басылады, сондықтан бауырда ТТЛП мен ХС тасымалдауы төмендейді, бірақ олардың қандағы деңгейлері және айналымының мерзімі жоғарылайды.
Иодтирониндер және эстрогендер тәріздес гормондар, қандағы ХС мен ТТЛП мөлшерін төмендетеді. Иодтирониндер транскрипция деңгейінде ТТЛП-рецепторлардың және 7а-гидроксилазаның (бауырда) түзілуін индуцирлейді. 7а-гидроксилаза өт қышқылдарының ХС-ен синтезделуін реттеуші фермент. Эстрогендер соңғы ферменттердің түзілуін ингибирлейді, бірақ ТТЛП-рецептор мен бауырдағы ГМГ-СоА-редуктазаның (ХС синтезін реттеуші фермент) синтезін белсендендіреді. Сондықтан, гипотиреозда (қалқанша безінің гипофункциясында) гипохолестеринемия және екінші ретте атеросклероз дамиды. Әйелдерде климакстық кезеңге дейін қандағы жалпы ХС деңгейі біршама төмен, ТЖЛП мөлшері біршама жоғары, бұл ерлермен салыстырғанда тамырлардың атеросклероздық зақымдалуының дамуын тежейді. Бірақ ХС –нің гепатоциттердегі мөлшері және оттегі мөлшері әйелдерде жоғары. Сондықтан оларда жиі түрде өт жолдарында холестериндік тастар (өт тасы аурулары) түзіледі. Менапаузадан кейін эстрогендермен орынбасушы терапия өткізбегенде жоғарыдағы келтірілген әйелдер мен ерлер арасындағы айырмашылық нивирленеді.
Атеросклероздық зертханалық диагностикасы қандағы липидтердің анализіне және басқада тәуелділік факторларға негізделген.
Денсаулықты болжау, диагностикалау, профилактикасы мен емдеу үшін пациенттерді зерттеудің алгоритмдерін қолданады. Тәуекелдік факторларды есепке алып өмірсүрудің белгілі бір тәртібін коррекциялауға, емдеуге және зертханалық қайта бақылау кезеңін ұсынуды жасайды.
Қалыпты жағдайда, плазмада, жалпы липидтер (құрамында бейтарап майлар, холестерин, фосфолипидтер, және басқада липидтер табиғатындағы заттар болатын) 3,5-8,0 г/л-ді құрайды.
Олардың қан сарысуындағы мөлшерінің жоғарылауы тағам қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан соң байқалады.
Жалпы липидтердің деңгейлерінің жоғарылауын қамтамасыз ететін негізгі ауруларға – семіздік, атеросклероз, қант диабеті, ішімдікті көп қабылдау және т.б. жатқызылады.
Қан сарысуындағы қалыпты жағдайдағы фосфолипидтердің мөлшері 1,98-4,71 ммоль/л-ді құрайды.
Қан сарысуындағы қалыпты жағдайдағы ХС – ТЖЛП концентрациясы 0,9-1,9 ммоль/л-ді құрайды.
Қандағы атерогендік липопротеиндердің қалыпты жағдайдағы сандық мәні 0,35-0,55 бірлікті құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет