Жоба ұғымының анықтамасы. Жоба



бет29/79
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162835
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   79
Байланысты:
ПРОЕКТ НАКТЫЫ
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Сызықтық басқару құрылымы бойынша басқарушы басқаруға байланысты барлық функционалдарды өзі орындайды. Бұл құрылым абсолютті түрде орталықтандырылған және дара басшылық қағидасымен шешімдер үшін жауапкершілікке негізделген.
Сызықтық басқару құрылымы кішігірім ұйымдарда қолданылады, сатылар саны төртеуден аспайды.
Сызықтық ұйымдастырушылық құрылымның артықшылығы:
- басқарушылықтың бірлігі мен анықтығы.
- орындаушылардың қыймыл бірлігі.
- басқарудың қарапайымдылығы.
- айқын жауапкершілік.
- шешімдер қабылдауда шапшандық.
- өз бөлімінің жұмысының соңғы нәтижесіне дара жауапкершілік.
Сызықтық ұйымдастырушылық құрылымның кемшіліктері:
- басшыға қойылатын жоғары талаптар, ол жан-жақты дайындалған болуы керек және басқарудың барлық функцилары бойынша тиімді басшылықты қамтамасыз етуі тиіс;
- жоспарлау және шешімдер дайындау буындарының жоқтығы;
- ақпараттың шамадан тыс көптігі;
- әртүрлі деңгейлер арасындағы байланыс қиындықтары;
- басшы топтарда биліктің топтасуы.
Функционалды басқару құрылымында мамандар жеке топ болып бөлінбеген. Олар функционалды бөлімшелердің басшылары болады. Орындаушылар олардың тікелей қарамағында болады. Функционалды басқару орталықтандыру және дара басшылық қағидаларына негізделген. Әр осындай тізбек сызықтық басқару құрылымына кіреді.
Функционалдық құрылымның артықшылықтары:
- Нақты функцияға жауап беретін маманның жоғары дәрежедегі білгірлігі;
- сызықтық менеджердің кейбір арнайы сұрақтарды шешуден босату;
- құбылыстар мен процестерді стандарттау, формалау және бағдарламалау;
- басқару функцияларын орындау да қайталау мен қатарласты жою;
- кең профильді мамандардың қажеттілігінің азаюы.
Функционалдық құрылымның кешіліктері:
- Өз бөлімінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға аса құштарлық;
- әр түрлі функционалдық қызметтер арасындағы тұрақты өзара байланыстарды қолдаудың қиындығы;
- шамадан тыс орталықтандыру;
- шешімдер қабылдау процедураларының ұзақтығы;
- өзгерістерді қиын сезінетін ұйымдастыру формасы.
Мұндай басқару құрылымда толық билікті сызықтық басшы өз мойынына алады. Оған нақты мәселелерді шешуге, жоспарлауда басқару шешімдерін дайындауда арнайы аппарат көмектеседі. Ол бас сызықтық басшыны қарамағындағы функционалды бөлімшелерден түрады. Функционалды бөлімшелер өз шешімдерін жүзеге асыруда бас басшы арқылы немесе тікелей орындаушылар қызметтерінің басшылары арқылы орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет