5. Жануарлар жасушалық биотехнологиясында биоэтика
Биоэтика – биомедициналық ғылым мен практикаға жаңа технологиялардың енгізуімен байланысты пайда болған этикалық, философтық және антропологиялық мәселелер бойынша пәнаралық зерттеулер саласы.
Жасушалық биотехнологияның биоэтикасының негізгі мәселелері:
1. Жаңа репродуктивті технологиялар, соның ішінде жасанды ұрықтандыру, сурогатты аналық.
2. Адам діңгек жасушаларымен манипуляциялар.
3. Терапевттік және репродуктивті клондау.
4. Трансплантология мәселелері.
Әдебиеттер:
1. Вечканов Е.М., Сорокина И.А. Основы клеточной инженерии: уч. пос. Ростов-на-Дону, 2012. – 136 с.
2. Тұрашева С.Қ. Клеткалық биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 – 260 б.
3. Р.Адамс. Методы культуры клеток для биохимиков. Москва, Мир, 1983.
4. Р.Фрешни (под ред.). Культура животных клеток. Методы. Уч.пос. Москва: Мир, 1989.
5. Джамалова М.А. Биотехнология животных: учебник. Алматы: Агентство «Маматай», 2004. – 304 с.
ДӘРІС 9. ӨСІМДІК ЖАСУШАЛАРЫН ДАҚЫЛДАУДЫҢ ТАРИХЫ. ӨСІМДІК ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯСЫ
Жоспар:
1. Өсімдік жасушаларын дақылдау тарихы
2. Өсімдік жасушаларын дақылдау биологиясы
1. Өсімдік жасушаларын дақылдау тарихы
Кесте 1. Өсімдік жасушаларын дақылдаудың тарихи сатылары
Жыл
|
Автор
|
Жетістіктері
|
1876-
1893
|
Блоцишевский,
Браун, Моррис,
Боннэ, Сакс.
|
Алғаш өсімдік жасушасының оқшауланған өсірінділерімен жұмыс істеген ғалымдар.Олар тұқымнан ұрықты бөліп алып, оларды жасанды жағдайда өсірді.
|
1893
|
Карл Ррехингер
|
Алғаш экспланттың минималды өлшемін ұсынды. Ол стерильді емес жағдайда бақбақ, қызылша тамырының кесіндісін және терек бұтағының сегментін суқұбыры суын пайдаланып өсірді. Оның зерттеулері каллус тек кесінді қалыңдығы 1,5 ммден аз болмаған жағдайда ғана түзілетінін анықтады.
|
1902
|
Г. Габерланд
|
Алғаш жеке жасушаларды дақылдауды бастады. Ол дақылдауға Lamium Purpureum палисадты паренхима жасушаларынан оқшауланған жасыл жасушалардыжәне жұмсақ балшытыр мен вирджиндік традесканция талшықтарын пайдаланды. Габерландтың қателігі: хлорофиллі бар жасушалар өз өздерін қоректік заттармен толық қамтамасыз етеді дегендігінде. Ол кез келген тірі өсімдік жасушасының тотипотенттілігі гипотезасын ұсынған. Габерландтың фотосинтездеуші жасушаларға жүргізген сәтсіз зерттеулеріне қарамастан, өсімдік мүшесі, ұлпа және жасушалардың өсуіне қажетті жаңа қоректік қосындылар мен жағдайларды іздеуге жол салынды.
|
1903
-1939
|
Ф. Уайт, Р. Готре
|
Ғалымдардың жұмыстары егер өсіріндіні жаңа қоректік ортаға алмастырып отыратын болса оқшауланған мүшелер мен ұлпалар өсіріндіде шексіз ұзақ өсе алатындығын көрсетті. Ф.Уайт ісік жасушаларының мұндай қабілетке ие екенін байқады. Уайт «Өсімдік ұлпаларының өсіріндісі» атты монографияның авторы болды. 1959 жылы in vitro өсірілетін 142 түрі көрсетілетін монография шығады. Қоректік орталардың құрамы өңделді, ұлпалардың қалыпты өсуі үшін өажет макро -, микроэлементтердің маңыздылығы зерттелді, дәрумендердің әсері, өсу ықпалдандырушылары анықталды.
|
1960-
1975
|
Э. Коккинг
|
Қызанақ тамыры мен жемістерінің ұлпаларынан пектолитті және целлюлолитті ферменттердің қоспаларымен өңдеу арқылы оқшауланған протопласттарды алудың жаңа әдістерін алудың негізін қалаушы.
|
Такебе
|
Жасуша қабырғасын түзетін, морфогенезге қабілетті, жасушалар линиясына бастау алатыноқшауланған протопласттарды дақылдау жағдайларын анықтай алды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |