К. К. Карменов 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығына арналған «Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» пәні бойынша дәріс курсы



бет1/9
Дата25.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#26004
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті

Көкшетау техникалық институты

Өрттің алдын алу кафедрасы

К.К. Карменов

5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығына арналған

«Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» пәні бойынша

дәріс курсы

Көкшетау, 2017

ӘОЖ 614.84

КБЖ 51.1(5К)2

К 18
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының өрттің алдын алу кафедрасы әдістемелік комиссия отырысында қарастырылды. 2015 ж. 28 қазаны, № 2хаттама.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіКөкшетау техникалық институтыныңжедел-тактикалық пәндер кафедрасы әдістемелік комиссия отырысында қарастырылды. 2015 ж. 3 қарашасы,№ 2хаттама.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіКөкшетау техникалық институтыныңОқу-әдістемелік қеңесіменмақұлданды. 2016ж. 9 ақпаны № 3хаттама.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіКөкшетау техникалық институтыныңҒылым қеңесіменбасылымға ұсынылды. 2016 ж. 24 наурызы № 8 хаттама.

Карменов К.К.

Өрт қауіпсіздігі мамандығына арналған «Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» пәні бойынша дәріс курсы. / К.К. Карменов. – Көкшетау, 2017. – 86 б.


ISBN 981-601-317-119-7

Дәрістер курсында мемлекеттік өртке қарсы қызмет гарнизондары мен бөлімшелерінде қызметті және дайындықты ұйымдастыру сұрақтары қарастырылған. Оқу-әдістемелік құралының жеке бөлімдері қала, елді мекендер және өнеркәсіптерде өртке қарсы қызметті ұйымдастыру,жедел жағдайдыталдау мәселесімен баланысты.

Осы дәрістер курсы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша оқып жатқан курсанттарға арналған.

ӘОЖ 614.84

КБЖ 51.1(5К)2

ISBN 981-601-317-119-7 © Карменов К.К.. 2017.


Мазмұны




Қолданылатын қысқартулар --------------------------------------------------------

4

Кіріспе -----------------------------------------------------------------------------------

5

Терминдер мен анықтамалар -------------------------------------------------------

6

I-Бөлім. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелерінде қызметті ұымдастыру. ---------------------------------------------------

8


Тақырып 1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде қарауыл қызметін ұйымдастыру. --------------------------------------------------------------

8


Сабақ 1/1. Өрт сөндіру бөлімдерінде қарауыл қызметін ұымдастыру. ----

8

Сабақ 1/2.Өрт сөндіру бөлімдерінде қарауыл ауысымның тәртібі. ---------

20

Тақырып 2. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік өртке қарсы қызметінің ролі. --------------------------------------------

25


Сабақ 2/1. Мемлекетті өртке қарсы қызметтің дамуы. ------------------------

25

Тақырып 3. Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің гарнизон қызметі. ------

32

Сабақ 3/1.Өртке қарсы қызметінің гарнизон қызметін ұымдастыру. ------

32

Сабақ 3/2. Өртке қарсы қызмет гарнизонының лауазымды тұлғалары. ---

34

II-Бөлім. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамның дайындығын ұымдастыру. ---------------------------------------------

43


Тақырып 4. Өрт сөндіру бөлімдерінде жеке құрамның даярлауын ұйымдастыру. --------------------------------------------------------------------------

43


Сабақ 4/1. Өрт сөндіру бөлімдері жеке құрамның алғашқы дайындығы. -

43

Сабақ 4/2. Қызметкерлерді мамандыққа даярлау мектептерінде оқыту, машықтану. -----------------------------------------------------------------------------

45


Сабақ 4/4. МӨҚҚ бөлімшелері тактикалық-арнайы даындығы. ------------

48

Сабақ 4/5. Оқытуға жетекшілік жасау, бөлімшеде жаунгерлік дайындықтын корытындысын шығару. ------------------------------------------

51


Сабақ 4/8. МӨҚҚ бөлімшелерінде үйретулер мен істі ойындарды қолдану. ---------------------------------------------------------------------------------

55


III болім. Мемлекеттік өртке қарсы қызметті ұйымдастыру.-----------------

62

Тақырып 5. МӨҚҚ жедел-тактикалық әрекеті. ---------------------------------

62

Сабақ 5/1. Жедел өрт жағдайы. -----------------------------------------------------

62

Сабақ 5/2. Қаладағы жедел жағдайдың негігі элементтері мен өлшемдерін талдау. -------------------------------------------------------------------

64


Тақырып 6. Қала, ауылдық мекендерде және өнеркәсіптерде өртке қарсы қызметін ұйымдастыру. --------------------------------------------------------------

67


Сабақ 6/1. Қалаларда өрт қауіпсіздік жүйесін жобалауы ұйымдастырудың маңызы. ----------------------------------------------------------

67


Сабақ 6/2. Қала және ауылдық мекендерде өртке қарсы қызметті ұйымдастыру.---------------------------------------------------------------------------

73


Сабақ 6/3. Ұйымдар мен объекттерде өртке қарсы қызметті ұйымдастыру. --------------------------------------------------------------------------

77


Әдебиеттер ------------------------------------------------------------------------------

83


Қолданылатын қысқартулар

МӨҚҚ

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет

«ӨС және АҚЖҚ» ММ

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемесі

ТАМЖҚҚ (ТАОЖҚҚ)

Тыныс алу мүшелерін (органдарын) жеке қорғау құралы

ГТҚҚ

Газ түтіннен қорғау қызметі

ТЖ

Төтенше жағдай

ӨСБОП

Өрт сөндіру байланысының орталық пункті (бекеті)

ББП

Бөлімнің байланыс пункті

ЖЖМ

Жанар-жағармай

ТҚК

Техникалық қызмет көрсету

ӨСЖ

Өрт сөндіру жетекшісі

АҚЖ

Апаттық құтқару жұмыстар

ӨСББ

Өрт сөндіру бөлімнің байланыс бекеті

АКСР

Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы

БМСБ

Біріктірілген мемлекеттік саяси басқарма

МСБ

Мемлекеттік саяси басқарма

ІІХК

Ішкі істер халық комиссариаты

ҚЖХК

Қатынас жолдарының халықтық комиссариаты

ЕХҚ

Еңбектің халықтық комисариаты

КСРО

Кеңес Социалистік Республикалардың Одағы

ІІХКБ

Ішкі істер халық комиссариатының басқармасы

ШІКБ

Шекара және ішкі күзет басқармасы

КСР

Кеңестік Социалистік Республикасы

ӘӨК

Әскери өрт күзеті

ОК

Орталық комитеті

ТМД

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ҚР

Қазақстан Республикасы

МӨҚҚОЖЖ

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы

ТОЖҚҚ

Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғану құралдары

ТҚ

Техникалық қызмет

ШБ

Штаб бастығы

ТБ

Тыл бастығы

ЖУБ

Жауынгерлік учаскесі бастығы

ББ

Байланыс қызметінің бастығы

ТҚ жауапты

Техникалық қауіпсіздігіне жауапты

ЕӨЖ

Ерікті өрт сөндіру жасағы

СӨД

Саптық өрт дайындығы

АҚ ӨҚҚ

Азаматтық қорғанытың өртке қарсы қызметі

КӨСҚ

Кезекшілік өрт сөндіру қызметі

КҚЖБО

Құралдарды жедел басқару орталығы

Кіріспе

Өрт қауіпсіздігі саласында мамандарды даярлауда «Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» курсының орны маңызды.

Осы курстан үйренушілер Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызметінің түрлері мен мақсаттарын, өртке қарсы қызметті ұйымдастыру принциптерін, жеке құраммен қызмет ету тәртібін, жеке құрамның дайындығын ұйымдастыру, өрт сөндіру бөлімдерінде әкімшілік-шаруашылық шаралары мен іс-қағаздарды жүргізу ережелерін оқып біледі.

Пәннің бағдарламасы бойынша теориялық материалдармен бірге топтық жаттығуларды, курстық жұмысты орындау, істі ойындар мен нақты жағдайлардың талдауын өткізу қарастырылған.

Өздік жұмыс әр үренушімен реферат немесе баяндама және сөз сойлеу базисін дайындауды қамтиді.

Курсты зерделеу емтихан және курстық жұмысты қорғаумен аяқталады.

Пәннің жеке бөлімдері боынша дипломдық жұмыстар әзірлеуі қарастырылған.

Пәнді оқып білу нәтижесінде курсанттар мен тыңдаушылар:



  • Қазақстан Республикасы өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында жедел-қызметтік және өрт-профилактикалық әрекеттердің, жеке құрамның дайындығын ұымдастыруын, қала, ауылдық елді мекендерде және өнеркәсіптерде ортке қарсы қызметті ұымдастыру тәртібін білуге;

  • бөлімшелердің жеке құрамның қызмет ету және дайындығы, профилактикалық қызметі бойынша нақты мәселелерді шешуе білу, мемлекеттік ортке қарсы органадарының өрттерді ескерту және сөндіру жұмыстарды ұйымдастыру кезінде құқықтарын қолдана білу;

  • мемлекеттік өртке қарсы органдары қарауылдық, гарнизондық қызметі және есептік-тіркеу қызметі құжаттарын құрастыру бойынша машықтануға тиісті.

Осы пәнді үйрену нәтижесінде курсант өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық, нормативтік-құқықтық базасы; қарауыл және гарнизон қызметін ұымдастыру, бастапқы және жауынгерлік дайындықты өткізу мәселелері; мемлекеттік өртке қарсы қызметіне қатысты кәсіби әрекетшілдіктің барлық аспекттері бойынша білікті болуға тиісті.

Пәнніңпререквизиттері: «Математика», «Информатика», «Мемлекеттік тілде іс-жүргізу», «Психология негіздері».Постреквизиттері:«Өрт тактика негіздері».

Дәрістер жинағында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары гарнизон мен бөлімшелерінде қызметті ұйымдастыру және жеке құрамды даярлау сурақтарына аса көп көңіл бөлінді. Бұл материал оқу орнынан кейін бөлімшелерде орта басшы құрам лауазымдарына орналасқан қызметкерлерге аса қажет.

Оқу-әдістемелік жинағын құрастыру барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылы 1 қыркүйекке сәйкес ресми құжаттар пайдаланды.



1. Терминдерменанықтамалар

Төменде «Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» пәнді түсіну үшін қажеті жеке терминдердің анықтамалары келтірілгіен.



Мемлекеттік өртке қарсы қызмет – өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыруға, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға және өрттерге байланысты қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуге арналған облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының жиынтығы.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметі - өртке қарсы қызметтің Тактикалық-арнайы даярлығын және соған байланысты жүргізілетін бірінші кезекті апаттық-құтқару, гарнизондық және қарауыл қызметі түрінде іске асырылатын басқа шұғыл жұмыстарды (бұдан әрi- өрт сөндіру) қамтамасыз ету әрекеті.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет – ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткен заңды тұлғалар.

Өртке қарсы ерікті құрылымдар – дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылатын қоғамдық бірлестіктер.

Өрт сөндіру-техникалық өнім – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өнім, оның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдық, өрт сөндіру жарақтары, отты сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнайы байланыс және басқару құралдары, бағдарламалық қамтамсыз ету және дерекқорлар, сондай-ақ өрттердің алдын алу мен сөндірудің өзге де құралдары.

Ерікті өрт сөндіруші – ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркелген, өрттердің алдын алу және (немесе) оларды сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде тікелей қатысатын азамат.

Қоныстану аумағы - елдi мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсiптiк объектiлердi орналастыруға арналған бөлiгi.

Жауынгерлiк дайындық - гарнизондардың күштер мен құралдарының, өртке қарсы қызметi бөлiмшелерiнiң, қарауылдарының, кезекшi ауысымдарының, өртке қарсы құрамаларының міндеттерді ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету жағдайы.

Қарауыл қызметi - бөлiм қарауылы және кезекшi ауысымның күштері мен құралдарының жауынгерлiк дайындығын қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет органдарының түрi.

Қарауыл - жауынгерлiк кезекшілікте бөлiмнiң өрт техникасын пайдаланып, қарауыл қызметiн iске асыратын жеке құрам.

Ауысымдық кезекшiлiк - жауынгерлiк кезекшілікте қарауыл қызметiн iске асыратын бөлiмнiң жеке құрамы.

Жауынгерлiк кезекшiлiк - қарауылдың жеке құрамының немесе ауысымды кезекшiлiктiң үздiксiз қызмет атқару кезеңi, олардың өрт сөндiруге қатысуын қоса алғанда.

Тактикалық-арнайы дайындық - күнделікті практикалық қызмет барысында жедел-қызметтікт міндеттерін және функционалдық міндеттерін оңтайлы орындауға бағытталған «ӨС және АҚЖҚ»ММ жеке құрамының бірқатар оқу пәндкрін зерделеуден тұратын біліктілікті арттыру түрі.

Өртке қарсы қызмет гарнизоны – мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің және өртке қарсы ерікті құралымдардың облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан басқару органдары мен бөлімшелерінің жиынтығы.

Гарнизондық қызмет – гарнизондарда өртке қарсы бөлiмдердiң (бұдан әрi - бөлім) жауынгерлiк дайындығын және олардың медициналық, қоғамдық тәртiп күзетi, апаттық және басқа да өмiрлiк маңызы бар қызметтермен әрекет етуiн қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет органдарының түрі.

Өртке қарсы қызмет - белгiленген тәртiппен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада), облыстық маңызы бар қалаларда, аудандарда құрылған, сондай-ақ өрттiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға, олармен байланысты бiрiншi кезектегi апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы.

Өртке қарсы қызметтің күштер мен құралдары - өртке қарсы қызмет органдары жасағындағы жеке құрам, өрт сөндіру техникасы, басқару және байланыс құралдары, өрт сөндiргiш заттар мен басқа да техникалық құралдар.

Шығу кестесi - заңнамаға және осы Жарғыға сәйкес қала немесе елдi мекендерде гарнизонның күштерi мен құралдарын өрт сөндіруге жұмылдыру.

Күштер мен құралдарды қатыстыру жоспары - ауыл аумағында өрт сөндiруге гарнизонның күштері мен құралдарын жұмылдыру тәртiбiн белгілейтін шығу кестесі.

Өрттiң нөмiрi (рангi) - шығу кестесiнде өрт сөндiруге жұмылдыратын гарнизонның күштер мен құралдарының құрамы көрсетілген өрт күрделігінің шартты белгісі.

Өрт – адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретін, зиян келтiретiн, жеке және заңды тұлғаларға, қоғам мен мемлекет мүдделерiне материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану.

Өрт сөндіру депосы – өртке қарсы қызмет бөлімшесінің жеке құрамы мен байланыс пунктіне арналған қызметтік, қосалқы үй-жайларды қоса алғанда, өрт сөндіргіш және арнайы техниканы, өрт сөндіру-техникалық құрал-саймандарды орналастыруға, оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған аумақтар, ғимараттар және құрылыстар.

Жедел жағдай - бөлiмнiң шығу ауданындағы мәселені анықтауға және оның орындалу түріне әсер ететін жағдайлардың және шарттардың жиынтығы.

Төтенше жағдай – адамдардың опат болуына, олардың денсаулығына зиян келуіне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектiлеріне едәуiр материалдық шығын келтiруге және халықтың өмiрлiк деңгейiнiң бұзылуына ықпал ететiн немесе соған апарып соқтыратын апаттың, зілзаланың нәтижесінде пайда болған белгiлi бір аймақтағы жағдай.

I-Бөлім. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелерінде қызметті ұйымдастыру.

Тақырып 1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде қарауыл қызметін ұйымдастыру.

Сабақ 1/1. Өрт сөндіру бөлімдерінде қарауыл қызметін ұйымдастыру.

1. Қарауыл қызметін ұйымдастыру және атқару.

2. Қарауылдың лауазымды тұлғалары.

Дәрісің мақсаты:қарауыл қызметін ұйымдастыру және атқару туралы мағлұмат беру.


1. Қарауыл қызметін ұйымдастыру және атқару.

Қарауыл қызметi басқару дара басшылық негiзiнде жүзеге асырылады.

Қарауыл қызметi өртке қарсы қызметi бөлiмдерiнiң қарауыл құрамымен және ауысымды кезекшiлiктерiнiң ауысымды жауынгерлiк кезекшiлiгі арқылы атқарылады. Жауынгерлiк кезекшiлiктiң ұзақтығын тиісті гарнизонның бастығы Қазақстан Республикасының заңдылық және нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiлейдi.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысындақарауыл қызметiнiң алты басты мiндетi белгіленген:



  • кезекшiлiк уақытында қарауылдардың өрт сөндiру жауынгерлiк iс-әрекетiн жүргiзуге үнемі дайын болуын қамтамасыз ету;

  • жауынгерлiк тапсырманы орындағаннан кейiн қарауыл қызметiнiң бұзылуын тез арада қалпына келтiру үшiн ықпал жасау;

  • шығу ауданында орналасқан көшелерге, байланыс жүйелерiне, өрт су құбырларының жұмысы мен жағдайына бақылау жасау;

  • гарнизон бөлiмдерiнiң жеке құрамының тәртiбiн жоғарғы деңгейде ұстау;

  • гарнизон бөлiмдерiмен, қаланың (ауданның, объектiнiң) өмiрлік маңызды қызметтерiмен сенімді байланыс жүргiзу;

  • бөлімнің жайлары мен аулаларын күзетудi қамтамасыз ету, оларды белгiлi тәртiпте ұстау, әкiмшiлiк шаруашылық жұмыстарын жүргiзу.

Кез келген уақытта және әр түрлі жағдайларда өртті жою жөніндегі жауынгерлік міндетті жоғары Тактикалық-арнайы даярлығы және жауынгерлік қабілеті бар бөлімшелер орындай алады.

Өрт сөндіру бөлімдерінің кезекші ауысым қызметі үздіксіздікпен және тұрақты Тактикалық-арнайы даярлықпен сипатталады. Қызметтің үздіксіздігіне әрқайсысы 24 сағат қызмет атқаратын қарауылдың ауысымымен қол жеткізіледі. Бөлімшенің жауынгерлік қабілеті әр өрт сөндіруші мен командирдің өз қызметтік парызын ұғынуынан, өздерінің күштері мен өмірлерін аямай, кез-келген міндетті соңына дейін орындауға әрдайым ұмтылуынан, өз ісін жетік білуінен, өртті сөндіруде техниканы шебер қолдануынан көрінеді. Кезекші ауысымның Тактикалық-арнайы даярлығы өрт туралы хабарды тез және ұйымдасқан түрде қабылдауын, өрт орнына уақытында шығуын және жетуін, өртті сөндіру кезінде жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындықты қарастырады.

Тұрақты жауынгерлік әзірлік:

а) дабыл бойынша жеке құрамның тез, кедергісіз және қауіпсіз жиналуын, жауынгерлік есепте тұрған барлық автомобилдерді гаражда еркін орналастыруды, кем дегенде екі бағытта өрт сөндіру автомобильдерінің шығуын және шығу қақпалараның кедергісіз және тез ашылуын қамтамасыз ететін кезекші ауысым жеке құрамын және техниканы өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында дұрыс орналастырумен;

б) кезекші қарауылмен қызмет атқрудың үздіксіздігімен;

в) өрт-техникалық жарақтар мен жабдықтарды ұдайы ақаусыз ұстаумен, бұл үшін өрт сөндіру автомобильдеріне жанар-жағар материалдары және су, көбіктүзгіш толық құйылуы тиіс, табель бойынша тиісті жарақтардың толық жинақтамасы болуы тиіс; әр жеке аспап пен аппарат кез-келген жағдайдағы іс-әрекетке, оның ішінде төмен ауа температурасында, қатты желде, су жетіспегенде және т.с.с. дайын болуы тиіс.

г) күзетілетін ауданның ахуалына, яғни су көздерінің, өтетін жерлердің, байланыс құралдары мен сигнализацияның ахуалына жүйелі бақылаумен қамтамасыз етіледі.

Қарауылдың жеке құрамның қатары бөлiмнiң штаты бойынша анықталады, ол қажеттілікке байланысты, белгiленген тәртiп бойынша, басқа бөлiм қарауылдарының жеке құрамымен, сондай-ақ гарнизонның басқа бөлiмдерiнiң жеке кұрамымен көбейтiледi.

Белгіленген нормалармен ережелерге сәйкес жарамды өрт сөндіру техникалары, жабдықтар мен өрт-техникалық жарақтар қарауылдың жауынгерлiк есебiне берiледi. Қарауылдар қызметі тәулікті төрт ауысымды жүзеге асырылады. Қарауылдырдың өрт сөндіру автомобильдерін, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтарын тұрақты Тактикалық-арнайы даярлықта ұстау мен сақталуын қамтамасыз ету қарауылдың барлық жеке құрамына жүктеледі. Қарауыл жеке құрамы жауынгерлік киіммен, жабдықтарымен және ТАМЖҚҚ қамтамасыз етіледі. Әр қарауылда жауынгерлік киімнің резерві болуы тиіс. Жауынгерлік киім мен жабдық заттары әр өрт сөндірушіге (командирге) бекітілуі және бойларына үйлестірілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет