Газ-түтiннен қорғау қызметiнiң бастығы
Газ-түтінен қорғау қызметінің бастығын басшы құрамнан жақсы дайындалған, оттектi оқшаулауыш газқағармен немесе ауасы сығымдалған тыныс алу аппаратында жұмыс iстеуге рұқсаты бар тұлғалар арасынан мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі бастығының бұйрығымен тағайындайды.
ГТҚҚ бастығы:
газ-түтiннен қорғау қызметiне басшылық жасауға, оның қызметiн бақылауға және талдауға, оны жетiлдiру жөнiндегi iс- шараларды көрсете отырып, шолулар мен ақпараттар дайындауға;
мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері бөлімшелері мен газ-түтiннен қорғаушылардың ТОЖҚҚ жұмыс iстеуге даярлық деңгейiн бiлуге;
ГТҚҚ күштерi мен құралдарының есебiн жүргiзуге;
ГТҚҚ базалары мен бақылау бекеттерiнiң сенiмдi жұмысын, оқу-жаттығу кешенінің (түтiн және жылу-түтiн камерларын) тұрақты даярлығын, ТОЖҚҚ-ны дұрыс пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді, қамтамасыз етуге;
бөлімшелерге ГТҚҚ ұйымдастыру жөнiнде көмек көрсетуге;
ГТҚҚ-нiң қызметiндегі және газ-түтiнен қорғаушыларды даярлаудағы озық тәжiрибелерiн зерттеуге және енгiзуге;
ТОЖҚҚ-ын пайдалану және қызмет көрсету кезiнде қауiпсiздiк талаптарын қамтамасыз етуге;
ТОЖҚҚ газ-түтiннен қорғаушылардың жұмыс кезінде бақытсыздыққа ұшырауын арнайы тексеруге қатысуға;
газ-түтiнен қорғаушылардың арнайы алғашқы оқуын, ГТҚҚ-нiң аға шеберлерiн (шеберлерiн) даярлауды жоспарлауға және қамтамасыз етуге;
мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі мен қалалар және объектiлердiң апаттық-құтқару қызметтерi (газдан құтқару, таукен құтқару және т.б.) арасындағы келiсiмдермен айқындалатын iс-әрекетті пысықтау жөнiндегi практикалық сабақтарды ұйымдастыруға;
мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі бөлімшелерінің оқу-жаттығу кешенiн (түтiн және жылу-түтiн камерасын) пайдалану кестесiн әзiрлеуге, олардың оқуға даярлығына, сондай-ақ сабақ берушілердің оны өткiзуге даярлығына тиiстi бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
ГТҚҚ басшысы:
белгiленген тәртiбi бойынша бөлiмшелердiң ГТҚҚ-i жағынан қызмет атқаруын тексеруге;
баасқару органдары мен мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері бөлімшелерінен ГТҚҚ-ның жағдайы жөнінде қажетті ақпаратты сұратып алуға;
жұмыс ережесін бұзған, ТОЖҚҚ-да жұмыс істеуге рұқсаты жоқ, оқшаулағыш газқағары және ауасы сығымдалған тыныс алу аппаратында жұмыс істейтін газ-түтiнен қорғаушыларды жұмыстан шектетуге;
белгiленген тәртiп бойынша өртке қарсы қызметінің басқару органдары мен мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің бөлiмшелеріне ГТҚҚ-нің жеке құрамын мадақтауға және жазалауға, ұсыныс жасауға құқылы.
Техникалық қызметтiң бастығы
Гарнизонның техникалық қызмет бастығы басшы құрамның жақсы дайындығы бар тұлғалары арасынан мемлекеттік өрт сөндіру мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалады.
ТҚ-нің бастығы:
Мемлекеттік өрт сөндіру мекеме бөлімшелерінің қарулануында бар өрт сөндіру техникасы мен оны пайдалану жөнінде нормативті құжаттардың тактико-техникалық сипаттамаларын білуге;
ТҚ-нің жұмысына басшылық етуге;
гарнизондық және қарауылдық қызметті өрт сөндіру техникасының, өрт-техникалық жарақтар мен құралдардың, өрт сөндiру құралдарының жауынгерлiк iс-әрекетке дайындығын бақылауды қамтамасыз етуге;
жаңа өрт сөндiру техникасы мен өрт сөндiру құралдарын игеру сабақтарын ұйымдастыруға және өткiзуге, сондай-ақ ТҚ-нiң лауазымды тұлғаларын даярлауды қамтамасыз етуге;
ТҚ-нiң озық тәжiрибелерiн пысықтауға және таратуға;
бөлiмдердi өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндiру құралдарымен жабдықталғаны жәнiнде ақпаратты болуға, анықталған кемшiлiктердi жою шара қолдануға;
өрт сөндіру техникасының жұмысын талдауға, оның техникалық жағдайын жақсарту шараларын дайындауға және оларды жүзеге асыруға, оның iшiнде өрт сөндіру техникаларын, өрт-техникалық жарақтарын және жабдықтарын, бөлімдердегі өрт сөндiру құралдарын сынақтан өткiзуді бақылауға;
өрт сөндіру техникасының жол-көлiктiк оқиғаларын арнайы тергеуге қатысуға, гарнизонда орнатылған тәртiпке сәйкес осы оқиғалар болған жерге шығуға;
бөлім басшыларына өрт сөндіру техникаларын, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтарын, өрт сөндіру құралдарын техникалық қызметтен өткізуді, жөндеуді және пайдалануды ұйымдастыруға көмектесуге;
өз құзіреті шегінде техникалық қызмет бөлiмшелерінің, жең базаларының және өрт сөндіру техникасының диагностикалық постарының жұмыстарына бақылау жасауға;
ТҚ-нің регламенттiк құжаттарын дайындауды ұйымдастыруға және дайындауға міндетті.
ТҚ-нің бастығы:
белгiленген тәртiп бойынша ТҚ өртке қарсы қызметiнiң атқарылуын тексеруге;
мемлекеттік өртке қарсы мекемелері мен басқару органдарынан ТҚ-нiң жағдайы туралы қажетті ақпараттарды сұратып алуға, өртке қарсы қызметiнде ТҚ-нiң ұйымдастыру сұрақтары бойынша өкiмдерi мен басқа да құжаттарымен танысуға;
өртке қарсы қызметiнiң басқару органдары мен бөлiм басшыларына өрт сөндіру техникаларын, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтарын, өрт сөндiру құралдарын пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді ұымдастыру және кемшіліктерді жою туралы ұсыныс беруге;
белгiленген тәртiп бойынша ТҚ-ті материалды-техникалық жабдықтау ұсыныстарымен келiсуге;
тиiстi лауазымды қызметкерлерден ТҚ-i бойынша Қызмет жарғының талаптарының және басқа да нормативтiк актiлердiң орындалуын талап етуге;
жұмыс тәртiбiн бұзған, өрт сөндіру автокөлiктерiнiң және басқа да мобильдi өрт сөндіру автокөлiктерiнiң жүргiзушiлерiн, сонымен қатар өрт сөндіру автокөлiгiн жүргiзу құқығына рұқсаты жоқ тұлғаларды жұмыстан шеттетуге;
белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттік өртке қарсы мекемелерлер бөлімшелері мен басқару органдарының бастықтарына өрт сөндіру техникасын, өрт техникалық жарақтарды пайдалануға жауапты лауазымды тұлғаларды, бөлiм жүргiзушiлерiн және техникалық қызметтің жеке құрамын мадақтау және жазалау туралы ұсыныс енгізуге құқылы.
Байланыс қызметiнiң бастығы
Өртке қарсы қызмет гарнизонының байланыс қызметінің бастығы (бұдан әрі - БҚ) – басшы құрамның жақсы дайындығы бар тұлғалары арасынан мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі басшысының бұйрығымен тағайындалады.
БҚ-нiң бастығы:
гарнизондық және қарауылдық қызметтi атқару барысында мемлкеттік өрт сөндіру мекемелері мен басқару органдарының өрт сөндіру байланыс құралдарының дайындығын және пайдалануын қадағалауға;
жаңа өрт сөндіру байланыс құралдарын игеру мақсатында сабақтар ұйымдастыруға және өткізуге, сонымен қатар БҚ-ның лауазымды тұлғаларының даярлығын қамтамасыз етуге;
БҚ-нiң озық тәжiрибелерiн пысықтауға және таратуға;
бөлiмдердiң өрт сөндіру байланыс құралдарымен қамсыздандыру жөнiнде ақпаратты болуға, анықталған кемшiлiктердi жою шараларын қолдануға;
өрт сөндіру байланыс техникасының жұмысын талдауға, оның техникалық жағдайын жақсарту шараларын дайындауға және жүзеге асыруға, оның ішінде байланыс сапасын және гарнизондағы радиоалмасу тәртiбiнiң орындалуын тексеруге;
белгiленген тәртiп бойынша өрт туралы жалған хабар берген адамдарды, сонымен қатар гарнизонның радиоалмасуына кедергi жасаушыларды анықтау шараларын қолдануға;
өрт сөндіру байланысының жұмыс iстемей қалу, байланыс құралдарын бұзып алу және жоғалту фактiлерiне байланысты қызметтiк тексеруге қатысуға;
өрт сөндіру байланыс құралдарын пайдалану және уақтылы жөндеуді қамтамасыз етуге;
өрт сөндіру байланыс құралдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызметтің ұйымдастырылуын бақылауға;
өз құзіреті шегінде бөлімдердің өрт сөндіру байланысы, оның ішінде далалық байланыс тораптарының жұмысын бақылауға;
БҚ-нiң регламенттiк құжаттарын әзірлеуді ұйымдастыруға және әзірлеуге міндетті.
БҚ-ның бастығы:
белгiленген тәртiп бойынша бөлiмдердегi байланыс құралдарының есебi мен жағдайын тексеруге;
мемлкеттік өрт сөндіру мекемелері мен басқару органдарынан байланыс қызметінің жағдайы туралы қажетті ақпараттарды сұратып алуға, өртке қарсы қызметтiң байланыс қызметін ұйымдастыру сұрақтары бойынша өкiмдермен және басқа құжаттармен танысуға;
мемлкеттік өрт сөндіру мекемелері мен басқару органдарының басшыларына өрт сөндіру байланысын пайдалануды, техникалық қызметті ұйымдастыру және кемшiлiктерін жою туралы ұсыныс беруге;
тиiстi лауазымды тұлғалардан МӨҚҚҚЖ талаптарының және БҚ-нің басқа нормативтiк актiлердiң орындалуын талап етуге;
белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі мен басқару органдарының басшыларына өрт сөндіру байланыс қызметкерлерiн мадақтауға және жазалау туралы ұсыныс жасауға;
белгiленген тәртiп бойынша өрт сөндіру байланыс құралдарын бөлуге қатысуға, сондай-ақ байланыс құралдары мен пайдалану шығын материалдарына сұраныстармен келiсуге;
белгiленген тәртiп бойынша негiзгi өрт сөндіру байланыс құралдары iстен шыққанда немесе жөндеу кезiнде уақытша байланыс кестесін енгiзуді талап етуге;
ақаулы өрт сөндіру байланыс құралдарымен жұмыс iстеуге тыйым салуға құқылы.
Бақылау сұрақтары:
1. Гарнизонның лауазымды тұлғаларына кімдер жатады?
2. Гарнизон бастығының, гарнизон бойынша жедел кезекшінің, КҚБО аға диспетчерінің міндеттері қандай?
3. Күрделі жедел жағдайла және ерекше жағдайларда гарнизон қызметін ұйымдастыру түрлері қандай?
4. Гарнизонның күші мен құралына не жатады?
5. Гарнизон және қарауыл қызметін тексеру.
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысын бекіту туралы» 2010 жылғы 14 қарашадағы № 266 бұйрығы. 16-18 тармақтары.
II-Бөлім. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамның дайындығын ұйымдастыру.
Тақырып 4. Өрт сөндіру бөлімдерінде жеке құрамның даярлауын ұйымдастыру.
Сабақ 4/1. Өрт сөндіру бөлімдері жеке құрамның алғашқы дайындығы.
1. Бастапқы дайындықтың мақсаттары және тапсырмасы,өткізу тәртібі.
2. Жеке оқыту.
Дәрістің мақсаты: мемлекетті өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамның бастапқыдайындығын ұымдастыру тәртібінеүйрену.
1. Бастапқыдайындықтың мақсаты және тапсырмасы, өткізу тәртібі.
Өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамын даярлау жүйесі өзіне оның үздіксіздігін қамтамасыз ететін оқытудың келесі негізгі түрлерін енгізеді:
- бастапқы дайындық;
- тактикалық-арнайы дайындық.
Қатардағы және басшы құрам лауазымына бірінші рет қабылданған адамдар бастапқы дайындықтан өтеді. Бастапқы дайындық оқу бөлімшелерінде, сондай-ақ қызмет орны бойынша өткізіледі.
Бастапқы дайындықтан өтуден босатылады:
- аға және жоғары басшы құрам басшылық лауазымға тағайындалатын МӨҚҚО қызметкерлері;
- Азаматтық қорғау саласындағы оқу орындарын бітірген түлектері;
- МӨҚҚО-да бұрын қызмет еткен қызметкерлер.
Қызметі өрттер мен өзге төтенше жағдайларды жоюға байланысты
адамдардың бастапқы дайындығы
Қызметі өрттер мен өзге төтенше жағдайларды жоюға байланысты қатардағы және кіші басшы құрамның, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімдері (посттар) (бұдан әрі - ӨСБ) мен өрт сөндірудің мемлекеттік мекемелері жасақтарының арнайы білімі жоқ орта және аға басшы құрам қызметкерлерінің бастапқы дайындығы кезең-кезеңмен үш кезеңде:
1) тікелей бастықтар басшылығымен қызмет орны бойынша жеке оқыту (бұдан әрі – жеке оқыту);
2) оқу бөлімшелеріндегі курстық оқыту;
3) қызмет орны бойынша атқарылатын лауазымдағы тағылымдама өткізіледі.
Білім алушылар құрамы бастапқы дайындық кезіндегі алып отырған лауазымына байланысты үш санатқа бөлінеді:
1) өрт сөндірушілер (өрт сөндіруші, бөлімше командирі, қарауыл бастықтары және лауазымға қабылданған адамдар);
2) жүргізушілер (жүргізуші, жүргізу жөніндегі нұсқаушы, техник, механик және пайдалануға, өрт сөндіру автотехникасына қызмет көрсетуге байланысты өзге лауазымдарға қабылданған адамдар);
3) радиотелефонисттер (радиотелефонисттер, диспетчерлер лауазымына қабылданатын адамдар).
2. Жеке оқыту
Жеке оқыту қызметкерді лауазымға тағайындаған күннен бастап ұйымдастырылады және ол:
1) МӨҚҚО ұйымдастыру және қызмет негіздерімен, қызмет өтудің шарттарымен және тәртібімен, Қызмет жарлығының және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Жауынгерлік жарғысының негізгі талаптарымен және қызметтің бейіні бойынша өзге нормативтік құжаттармен таныстыруды;
2) еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелерін зерделеуді;
3) қызмет атқару кезінде және өрттегі жауынгерлік жұмыстағы негізгі лауазымдық міндеттерді зерделеуді көздейді;
4) негізгі кәсіби дағдыларды қалыптастыру бойынша практикалық сабақтар.
МӨҚҚО бөлімшелерінің бастықтары немесе МӨҚҚО бөлімшелері бастығының басшылығымен тағайындалған адамдарды оқыту жеке тақырыптық жоспар бойынша өткізіледі, олар:
1) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау өткізуге;
2) қабылданған қызметкерді жеке құраммен таныстыруға, жеке оқытуды ұйымдастыруға және тәлімгерді тағайындау туралы бұйрықты жариялауға;
3) қабылданған қызметкердің жұмыс учаскесін анықтауға, оны лауазымдық міндеттерімен таныстыруға;
4) бұл кезеңдегі оқыту шарттары мен тәртібін, құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
5) оқытудың жеке тақырыптық жоспарын бекітуге;
6) жеке оқытудың тақырыптық жоспарын орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асыруға;
7) білім алушы қызметкердің іскерлік және психикофизикалық сапасын зерделеуге міндетті.
Жеке оқыту МӨҚҚО бөлімшелерінде күн сайын 5 жұмыс күні ішінде өткізіледі. Жеке оқыту мазмұны қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін есепке ала отырып оқытудың жеке тақырыптық жоспарымен анықталады. Сабақтың ұзақтығы 30-дан кем емес сағатты (5 күн 6 сағатты) құрайды. Оқытудың жеке тақырыптық жоспарында оқыту күні (датасы) және оқытудың нақты тақырыбына жауапты қызметкерлердің лауазымы көрсетіледі. Бастапқы дайындық жөніндегі сабақтарын есепке алу «Бастапқы дайындық жөніндегі сабақтарын есепке алу журналында» жүргізіледі.
Сынақтарды қабылдау үшін өрт бөлімі бастығының бұйрығымен комиссия құрылады және бөлімше қызметкерлерінің арасынан комиссия төрағасы болып бөлімше бастығы, комиссия мүшелері ретінде білім алушылар қызметінің бағыты жөніндегі мәселелермен айналысатын қызметкерлер тағайындалады.
Білім алушылар жеке оқыту бойынша сабақтардың соңында қызмет атқару және өрт сөндіру кезінде материалдарды және қауіпсіздік техникасы талаптарын зерделенген көлемде сынақ тапсырады (жүргізушілер үшін – өрт сөндіру автомобильдерін жабдықпен және техникалық қару-жарақпен жұмыс кезінде қауіпсіздіктің техникалық талаптары бойынша сынақ; радиотелефонисттер үшін – байланыс құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптары бойынша сынақ). Сынақ тапсыру нәтижелері хаттамада ресімделеді. Содан соң білім алушы өрт сөндіруге шықпай қарауылда тағылымдамадан өтеді (үш кезекшіліктен кем емес).
Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің гарнизон мен бөлімдерінін жеке құрамын бастапқы дайындықтыңөткізу тәртібі қандай бұйрықпен бекітілген?
2. Бастапқы дайындық тізбектеп неше этаптан өткізіледі?
2. Өзіндік оқудың мазмұны.
3. Жеке оқу сабақтарының ұзақтылығы қанша?
4. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет гарнизон мен бөлімдерінін жеке құрамынын дайындау жүйесі оның үздіксіздігін қамтамасыз ететін оқытудын қандай негізгі түрлерін еңгізеді?
5. Өрт сөндірушілердің бастапқы дайындық сабақ есебі қайда жүргізіледі?
6. Жеке оқыту қашан жүзеге асырылады?
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелеріҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 Бұйрығы.2-қосымша. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің арнайы бастапқы оқытудан өтудің қағидалары мен шарттары.
Сабақ 4/2. Қызметкерлерді мамандыққа даярлау мектептерінде оқыту, машықтану.
1. Курстық оқыту.
2. Машықтану.
Дәрістің мақсаты: мемлекетті өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамның алғашқы дайындығын ұйымдастыру тәртібін оқып білу.
1. Курстық оқыту
Жеке оқыту аяқталғаннан кейін оқу бөлімшесін ауыспалы құраммен жинақтаудың жоспар кестесімен анықталатын мерзімде, бірақ қызметке қабылданғаннан күннен бастап 6 айдан кешіктірілмей оқу бөлімшелеріне курстық оқуға жіберіледі. Сонымен қатар бір мезгілде тиісті оқу бөлімшесіне нысан бойынша қажетті бөлімдері толтырылған алғашқы дайындықтан өткендігі туралы куәлік және газ-түтінінен қорғаушының жеке карточкасы жіберіледі.
Өрт сөндірушілерді, жүргізушілерді, радиотелефоншыларды курстық оқытудың нақты мерзімі мен мазмұны дайындық бағдарламасымен анықталады. Жеде жағдайларға, жергілікті жағдайларға, ӨТЖ, өрт техникасының, жабдығының әрі түрлілігіне және оның болуына байланысты тақырыптардың атауын, барлық оқу пәндері бойынша тақырыптарды оқыту ретін өзгертуге, сабақ уақыты мен түрін қайта бөлуді жүргізуге болады. Бұл ретте оқу бағдарламасының мазмұны мен көлемі білімі мен дағдыларының деңгейін, іскерлік, жеке қасиметтерінің даму дәрежесін бағалау негізінде анықталады және өкілетті орган бұйрықтарының, нұсқауларының және өрт техникасы мен жабдығын дайындаушы зауыттың нұсқаулықтарының талаптарына туындайтын кәсіби және біліктілік талаптарына сәйкес болуы қажет. Оқу бөлімшелерінде курстық дайындықты ұйымдастыру кезінде сонымен қатар Оқу бөлімшелері туралы ережені басшылыққа алу қажет.
Тыңдаушылардан (радиотелефонистер, жүргізушілер, өрт сөндірушілер) курстық оқытудың оқу тобын құруға мүмкіндік болмаған жағдайда бөлімшелерде оқытумен ауыстырылады және кейін мемлекеттік өрт сөндіру мекемесінің біліктілік комиссиясында сынақ тапсырылады.Бұл ретте курстық оқу жеке оқу аяқталғаннан кейін (жеке оқу сабағынан кейін тағылымдама өткізу қажет емес). Курстық оқу бөлімшеде күн сайын 15 күн ішінде 6 сағатан өткізледі. Бөлімшедегі курстық оқудың мазмұны тақырыптық үлгі жоспары негізінде тыңдаушылардың әр санаты үшін бөлек-бөлек әзірленген және бөлімше бастығы бекіткен тақырыптық жоспармен анықталады. Курстық оқудың тақырыптық жоспарында нақты оқу тақырыптары үшін жауапты қызметкерлердің лауазымы көрсетіледі. Сабақтарды есепке алу «Алғашқы дайындық сабақтарын есепке алу журналында» жүргізіледі.
«Өрт сөндірушілер» санаты бойынша курстық оқу тек оқу бөлімшелерінде жүргізілуі қажет. Бұл ретте тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдалану ережесін оқытуды өртке қарсы қызмет гарнизонының газ-түтіннен қорғау қызметі саласындағы жетекші мамандарды (өртке қарсы қызмет гарнизоны ГТҚҚ мәселелерімен айналысатын аға шеберлер мен басқа да жұмысшыларды) жұмылдыра отырып, үлгі дайындық бағдарламасы негізінде жүзеге асыруға болады.
Тікелей бастықтар оқуға жіберілген қызметкерлердің сыртқы пішінін, киім-кешек жабдықтарын тексеруге, оларға оқу барысында және жолда жүру тәртібі ережелері туралы нұсқаулық беруге міндетті.
Оқуға жіберілген қызметкерлер оқу орнына сабақ басталар қарсаңда белгіленген киім үлгісінде (оқу бөлімшесі орналасқан орында белгіленген киім нысаны бойынша) келуге міндетті және өзімен бірге мыналар: қызметтік куәлігі, жеке куәлігі, іссапар куәлігі, жолда жүру құжаттары, тамаққа және жатақханаға төлеуге ақшасы (егер тамақ пен жатақхана ақылы негізде жүргізілсе), денсаулық жағдайы туралы анықтама, спорттық киім үлгісі, жеке гигиена заттары мен қажетті жазба құралдары болуы қажет.
Оқуда жүрген қызметкерлер белгіленген үлгідегі киімді киеді. Барлық оқу барысында олар ақысыз жатақханамен (егер жатақхана ақылы негізде берілсе, онда оларға белгіленген тәртіпте шығындары өтеледі) қамтамасыз етіледі.
Оқуға келген қызметкерлер тыңдаушылар қатарына тіркелмес бұрын жеке әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу оқу бөлімшесінде оқытушылардың командалық құрамымен оқытудың алғашқы кезеңі бағдарламасы көлемінде өткізіледі, оның қорытындысы алғашқы дайындықтан өту туралы куәлікте көрсетіледі. Оқу бөлімшелері әңгімелесу негізінде қызмет орны бойынша оқыту сапасын талдайды, біліміндегі кемшіліктерді анықтайды, курстық оқыту барысында оларды қалпына келтіру шараларын қабылдайды, сондай-ақ жинақталған деректер негізінде мемлекеттік өрт сөндіру мекемелеріне алғашқы дайындықтың бірінші кезеңінде қызметкерлерді оқытудың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді.
Курстық оқыту аяқталған соң тыңдаушылар емтихандар мен сынақтар тапсырады. Нәтижелері хаттамамен рәсмделеді.
Біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде емтиханды табысты тапсырған тұлғалардың жекеленген санаттарына қатысты мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі бастығының мынадай:
1) жүргізушілер үшін - өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің біліктілігін беру туралы (өрт сөндіру автомобилінде жұмыс істеуге құқық беретін куәлік бере отырып);
2) радиотелефоншылар үшін – байланыс құралдарын пайдалануға беру туралы;
3) газ-түтіннен қорғаушылар үшін – ТОЖҚҚ жұмыс істеуге рұқсат беру туралы;
4) оқудан өткен және сынақ тапсырған тұлғалардың жекеленген санаттары үшін – нақты авариялық-құтқару және басқа да негізгі жабдықта (техникада) жұмысістеуге рұқсат беру туралыбұйрықтарының бірі шығарылады.
Оқу қорытындысы бойынша оқу бөлімшелері әрбір тыңдаушының кәсіби білімі мен іскерлік қасиеттеріне кешенді баға береді.
Курстық оқу нәтижелері мен түлектің одан әрі кәсіби қызметі туралы ұсыныстар алғашқы дайындықтан өту туралы куәліктің тиісті бөлімінде жазылады, одан кейін қызметкердің қызмет орнына жіберіледі.
Қандай да бір сабақ бойынша бітіру емтиханын тапсырмаған тыңдаушыларға 12 күн бойы өздігінен дайындалуға уақыт беріледі, бұдан соң өз қаражаты есебінен қайта тапсыруға барады.
Емтиханды қайта тапсыру нәтижесі бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған тыңдаушылар белгіленген тәртіпте қызметіне сәйкес еместігі бойынша МӨҚҚО шығарылады.
2. Тағылымдама
Курстық оқудан өткен қызметкерлер бөлімшеге келгенде қарауыл бастығы мен бекітілген тәлімгердің басшылығымен қарауылда 3 кезекшілік бойы (жүргізушілер 5 кезекшілік бойы) тағылымдамдан өтеді. Тағылымдама аяқталғаннан кейін бөлімше бастығының бұйрығымен қызметкердді кезекші қарауылдың құрамында дербес жұмыс істеуге жіберу рұқсаты (радиотелефоншылар мен диспетчерлер үшін – ББП, орталық өрт байланыс бекетінде дербес жұмыс істеуге рұқсат) ресімделеді.
Өрт сөндіру бөлімдері (бекеттері) мен жасақтарының орта және аға басшы құрамы қатарындағы қызметкерлер курстық оқу аяқталған соң мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің жасақтарында, орталық қызметтерінде және басқармаларында тағылымдамадан өтеді. Ерекше жағдайларда, тағылымдаманы ұйымдастыру қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша өткізіледі. Тағылымдаманың жалпы ұзақтығы 8 сағаттан (барлығы 40 сағат) 5 жұмыс күнін құрайды. Тағылымдама аяқталғаннан кейін мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі бастығының бұйрығымен қызметкерді тиісті лауазымда дербес жұмыс істеуге рұқсат беру ресімделеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Курстық дайындықты бітірген тұлғалар қараул бастығы және бекітілген жетекші жетекшілігімен ауысымдық кезекшілікте оқу тәжірибесін қандай мерзімде өтеді?
2. Қызметке қабылданған жұмысшылар курстық оқуға оқу бөлімшелерге қандай мерзімнен кешіктірілмей жіберіледі?
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелеріҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 Бұйрығы.2-қосымша. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің арнайы бастапқы оқытудан өтудің қағидалары мен шарттары.
Сабақ4/4. МӨҚҚ бөлімшелері тактикалық-арнайы даярлығы.
1. Жеке құрам оқытудың мақсаттары, міндеттері, мерзімдері және тәртібі.
2. Тактикалық-арнайы даярлықты жоспарлау құжаттары.
Дәрістің мақсаты: Тактикалық-арнайы даярлықты тапсырмасын және арналуын, өткізу тәртібін түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |