К. К. Карменов 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығына арналған «Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» пәні бойынша дәріс курсы



бет3/9
Дата25.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#26004
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Аға өрт сөндiрушi (өрт сөндiрушi)

Аға өрт сөндiрушi (өрт сөндіруші) бөлiмше командирiне бағынады.



Аға өрт сөндiрушi (өрт сөндіруші):

  • жауынгерлiк кезекшiлiкке түскенде бекiтiлген өрт-техникалық жарақтарды қабылдауға;

  • белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлген оқшаулаушы газқағарларды тексеруге және оған техникалыққызмет көрсетуге;

  • бекеттерде, шолуда және iшкi нарядта қарауылдың қызметiн атқару барысында қарауылдың жеке құрамының мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етуге;

  • өзiнiң кәсiби дайындығын және өрт-техникалыққұрал-жабдықтармен жұмыс iстеу дағдысын жетiлдiруге;

  • жауынгерлiк кезекшiлiк уақытысында техника және өрт қауiпсiздiк ережелерiн сақтауға;

  • бөлiмнiң мүлiктерiн сақтауға, өрт-техникалық жарақтарын және жабдықтарын, жеке саймандарын әрдайым таза және дайындықта ұстауға міндетті.

Аға өрт сөндiрушi (өрт сөндіруші):

бөлiмнiң шығу ауданындағы шұғыл жағдаймен танысуға, қарауыл қызметiн атқаруды жақсарту жөнiнде бөлiмше командирiне ұсыныс енгiзуге құқылы.



Бақылау сұрақтары:

1. Қарауыл деп нені айтады?

2. Қаруылдың лауазымды тұлғалары кім болып табылады?

3. Жауынгерлік кезекшілік деп нені айтады?

4. МӨҚҚ органдарының қызмет жарғысына сәйкес қарауыл қызметiнiң неше басты мiндетi бар?

5. Қарауылдың лауазымды тұлғалары қандай талаптарға сәйкес болуы тиiс?

6. Қарауыл бастығы кімге бағынады?

7. Қарауыл бастығының міндеттері.


Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысын бекіту туралы» 2010 жылғы 14 қарашадағы № 266 бұйрығы. 61-96 тармақтары.


Сабақ 1/2. Өрт сөндіру бөлімдерінде қарауыл ауысымның тәртібі.

1. Қарауылдардың ауысымы.

2. Қарауылдың ішкі кезекшілігі.

Дәрісің мақсаты: өрт сөндіру бөлімдерінде қарауыл ауысымның тәртібі және ішкі қызметті ұйымдастыру туралы мағлумат беру.


1. Қарауылдардың ауысымы.

Қарауылдардың ауысуы қарауылды үзiлiссiз жауынгерлiк дайындықта ұстау мақсатында iске асырылады және оныңқатарына: ауысуға дайындық, қарауылдың ауысуы, кезекшiлiктi тапсыру кiредi.

Кезекшiлiктiң ауысуы және басқа кезекке тапсыру ұзақтығы 30 минөттен аспауы қажет.

Ауысуға, түсiп жатқан және ауысып жатқан қарауылдың барлық жеке құрамы шығарылады.

Қарауылдың ауысуын бөлімшенің бастығы немесе оның қызметін атқарушы тұлға жүргізеді.

Мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің барлық бөлiмшелерiндегi қарауылдың алмасуы гарнизон бастығының орынбасары белгiлеген уақытта өткiзiледi.

Оқу орындарының өрт сөндіру оқу өрт бөлiмдерiндегi (кәсiби дайындық мектептерiндегi, оқу бекеттерiндегi) қарауылдың алмасу уақытын гарнизон бастығының келiсiмiмен оқу орындарының (кәсiби дайындық мектептерiнiң, оқу бекеттерiнiң) бастығы белгiлейдi.

Ауысуға дайындық мезгiлiнде түсiп жатқан қарауыл бастығы бөлiм бастығынан немесе оны алмастыратын тұлғадан-нұсқау, ал тапсырып жатқан қарауыл бастығынан – бөлiмнiң шығу ауданындағы шұғыл жағдайдыңөзгеруi туралы ақпарат алады, содан кейiн қызмет нарядын жасайды.

Бекітілген күн тәртібінің қарауылға келіп түскен уақытында бастық «Ауысымға!» командасын береді». Осы команда бойынша диспетчер үш қысқа белгі береді. Қарауылға келіп түскен және ауыстырған жеке құрам жауынгерлік киімді және жарақтарды киеді (келіп түскен қарауыл қосымша ТАОЖҚҚ киеді, газ-түтіннен қорғаушылар тыныс алу аппараттарын топтық бекіткен жағдайда өздерінде тек жеке маскалары ғана болады) және бөлімше бастығымен белгіленген орындарда сапқа тұрады.

Қарауылға түскен жеке құрам №1 ТАОЖҚҚ тексеруді қарауыл ауысымына дайындық кезеңінде қарауыл бастығының басшылығымен жүргізеді. Тыныс алу аппараттарын топтық бекіту кезінде соңғылары тексеріс жүргізу үшін автомобильдерден алынады және ол аяқталғаннан кейін орнына қойылады, ал газ-түтіннен қорғаушылар өздерінде тек жеке маскаларын ғана қалдырады. Қарауылдар ауысымы және тапсырылатын қарауылдың жұмысы кезінде ТАОЖҚҚ кезекке тұратын қарауылдың жеке құрамы резервті ТАОЖҚҚ алады.

Ауысуға дайындық кезiнде кезекшiлiкке түсетiн қарауыл бастығы:


  • жеке құрамныңқызмет атқаруға дайындығын және бар-жоғын, олардың сыртқы түрлерiнжәне киiм формасын сақтауын, өрт сөндiрушiлердiң жауынгерлiк киiмдерi мен жарақтарының жағдайын сонымен қатар анықталған кемшiлiктердi жою шараларын қарастырады;

  • өрт сөндіру автокөлiктерiне жауынгерлiк есеп құрамын, iшкi наряд тұлғаларын жариялайды және қажеттiлiгiнше жеке құрамды бекеттер мен шолуларға тағайындайды;

  • жеке құрамныңөз мiндеттерiн бiлуiн тексередi;

  • жүргiзушi құрамның жүргiзушi куәлiгiнің барын және өрт сөндіру автокөлiгiн басқаруға құқығы бар куәлiгiн тексередi;

  • жеке құрамға бөлiмнiң шығу ауданындағы шұғыл жағдайды жеткiзедi;

  • техника қауiпсiздiгi жөнiнде нұсқау өткiзедi.

Ауысып жатқан қарауыл бастығы өткен тәулiктегi қызмет барысыныңқорытындысын жасап, қарамағындағылардың жұмысына баға бередi, орын алған кемшiлiктердi ескерiп, оларды жою жолдарын көрсетедi.

Түсiп жатқан қарауыл бастығы қарауылдың ауысуға дайын екендiгi туралы ауысып жатқан қарауыл бастығына ескертедi.

Ауысып жатқан қарауыл бастығы түсiп жатқан қарауылдың ауысуға дайын екендiгi туралы ескертудi алып, жауынгерлiк киiмi мен жабдығы бар қарауылды шығып жатқан қарауыл сапына қарама-қарсы тұрғызады, содан кейiн өз қарауыл сапының оң жаққапталына барып тұрады.

Түсiп жатқан қарауыл бастығы бөлiм бастығына немесе оны алмастырған тұлғаға барып «Майор мырза. Бiрiншi қарауыл жауынгерлiк кезекшiлiкке түсуге дайын. Қарауыл бастығы ішкі қызмет лейтанантыОспанов»,-деп баяндап, содан кейiн сапқа тұрады.

Бөлiм бастығы сапқа жақындаған кезде, ауысып жатқан қарауыл бастығы «Тiк тұр», «Ортаға түзе», командасын берiп,«Майор мырза,төртiншi қарауыл кезекшiлiктi тапсыруға дайын. Қарауыл бастығы ішкі қызмет лейтенанты Жамбылов» деп баяндайды.

Бөлiм бастығы жеке құраммен амандасады және «Еркiн тұр» деп команда бередi, одан әрi түсiп жатқан қарауылдың дайындығын тексередi, шығып жатқан қарауылдыңқызметiне баға бередi, қарауыл қызметiн атқару жөнiнде тапсырма береді, содан кейiн «Қарауылдар, сап түзе, тiк тұрыңдар», «Жауынгерлiк кезекшiлiктi қабылдауға және тапсыруға таралыңдар» деп команда бередi. Осы команда бойынша қарауылдардың жеке құрамы кезекшiлiктi тапсыруға және қабылдауға кiрiседi.

Түсiп жатқан қарауыл бастығы жеке және бөлiмше командирлерi арқылы өрт сөндіру автокөлiктерiнiң жөндi екенiн және өрт-техникалыққұралдарының, байланыс құралдарының, аула мен қызмет бөлмелерiнiң жағдайын тексередi, бөлiмнiң қарауыл қызметiнiңқызметтiк құжаттарын қабылдайды.

Шығып жатқан қарауыл бастығы қарауылдыңқызметтiк құжаттарын тапсырады және анықталған кемшiлiктердi жоюға шара қабылдайды.

Түсiп жатқан қарауылдың жеке құрамы шығып жатқан жеке қарауылдан жауынгерлiк есеп табелi және тiзiм бойынша өрт сөндіру техникаларын, өрт-техникалық жабдықтарын, дабыл және байланыс құралдарын, қызметтiк құжаттарды, жабдық заттарын қабылдап, қызметтiк бөлмелердiң, онда орналасқан жабдықтардың, жиһаздардың, мүлiктердiң және бөлiм ауласының жағдайын тексередi.

Резервтегi өрт сөндіру автокөлiктерiн түсiп жатқан қарауыл бастығы тағайындаған бөлiмше командирлерi, жүргiзушiлер және өрт сөндiрушiлер қабылдайды.

Өрт сөндiрушiлер мен жүргiзушiлер тапсыру және қабылдау қорытындысы туралы бөлiмше командирiне, ал бөлiмше командирi қарауыл бастығына баяндайды. Бекеттерден (шолғындардан) ауысқан өрт сөндiрушiлер, диспетчерлер және iшкiнаряд тұлғалары өз қарауыл бастықтарына тiкелей баяндайды. Мысалы: «Аға лейтенант мырза, техника, өрт-техникалыққұралдары жарамды жағдайда және тiзiм бойынша тапсырылды (қабылданды). Бөлiмше командирi прапорщик Смағұлов».

Қарауыл бастықтары баяндамаларды қабылдап, қызмет кiтабына керектi жазуларды тiркейдi. Қарауыл бастықтары ауысқаны туралы бөлiм бастығына баяндайды. Мысалы «Майор мырза, капитан Мұсаев жауынгерлiк кезекшiлiктi қабылдады(тапсырды)».

Қарауыл бастықтарынан кезекшiлiктi тапсыру және қабылдау туралы баяндама қабылдап, бөлiм бастығы қызмет кiтабындағы тапсырып жатырған қарауылдың жазуын тексередi, түсiп жатқан қарауылдыңқызметтiк наряд парағын бекiтедi және «Тоқтату» белгiсiн беруге бұйрық бередi.

«Тоқтату» белгісінің берілгендігі туралы бұйрықты қабылдаған кезде диспетчер екі қысқа белгі береді. Қарауылды ауыстыратын ГТҚҚ звеноларының жеке құрамы атомобильдерден бекітілген ТАОЖҚҚ алады, ал түсетіні - жауынгерлік есепке өзінікін қояды. Осы сәттен бастап қарауылдан алынған жеке құрам қызмет өткеруден босатылды деп саналады».

Қарауыл бастығы кезекшiлiкке түскеннен кейiн ӨСБОП-не гарнизон бастығы белгiлеген үлгi бойынша қарауылдыңқұрамы туралы мәлiмет бередi.

Ауысу кезiнде «Отбой» белгiсi берiлгенге дейiн «Дабыл» белгiсi берiлген жағдайда, өртке ауысқан қарауыл шығады, ал түсетiн қарауыл бөлiм бастығыныңөкiмiн алғанша қарауыл бөлмесiнде қалады.

Егер, ауысу мезгiлiнде ауысып жатқан қарауыл өрт сөндіруге кеткен болса, түсiп жатқан қарауыл өрт болып жатқан жерге жеткiзiледi және ондағы жұмыс iстеп жатқан қарауылды ауыстырады.

2. Қарауылдың ішкі кезекшілігі.

Iшкi кезекшілік қарауыл қатарынан тәртiп сақтауға, қызметтiк қарауыл бөлмелерiн күзетуге, техникаларды, құрал-жабдықтарды және бөлiм ауласын таза ұстауға тағайындалады.

Қарауылдың iшкi кезекшілікқатары қарауыл бастығына бағынады, ал ол болмаған жағдайда бөлiмше командирiне бағынады.

Қарауылдың iшкi кезекшілігіне, гарнизон бастығының белгiлеген тәртiбiмен жауынгерлiк кезекшiлiк кезеңiне байланысты:



  • қарауыл бойынша кезекшi;

  • гараж кезекшiсi;

  • бөлме кезекшiсi;

  • өрт сөндiру депосы ғимараты алдындағы бекетшiсi тағайындалады.

Барлық iшкi кезекшілік тұлғалары өз мiндеттерiн анық бiлiп, нақты және адал ниетпен орындауы керек.

Iшкi кезекшіліктұлғалары «Дабыл» бойынша қарауыл құрамымен бiрге шығады. Iшкi кезекшіліктұлғаларының ауысу санын, «Дабыл» бойынша қарауылдың шыққан уақытында бөлiмнiңқызметтiк бөлмелерiн қорғау тәртiбiн бөлiм бастығы белгiлейдi.

Iшкi кезекшіліктұлғаларының ауысуы қарауыл бастығыныңқадағалауымен iске асады.

Қарауыл кезекшiсi болып, бөлiмше командирлерi тағайындалады, оларға қарауылдың барлық iшкi кезекшіліктерібағынады.



Қарауыл кезекшiсi:

  • iшкi кезекшіліктұлғаларының мiндеттерiн бiлуге;

  • қарауыл ауысу кезiнде қызметтiк-тұрмыс бөлмелерiн, жабдықтар мен құрал-саймандарды қабылдауға;

  • iшкi кезекшіліккетағайындалған жеке құрамға нұсқау беруге, олардың қызметтік мiндеттерiн бiлуiн тексеруге;

  • iшкi кезекшіліктұлғаларыныңқызметiн тексеруге және кезекшiлiктiң ауысуы туралы қарауыл бастығына баяндауға;

  • қарауылдың жеке құрамының күн тәртiбiн орындауын, жабдықтарды, мүлiк пен құрал-сайманды жөндi ұстауын, тазалықтың, тәртіптің және бөлмелермен төңіректегі аулада техника және өрт қауiпсiздiктерінің сақталуын, сонымен қатар қызмет бөлмелерiнің жарықтандырылуын, ауа температурасын қадағалауға міндетті.

Жүргiзушiлер немесе өрт сөндiрушiлер қатарынан күндiзгi және кешкi мезгiлде гараж кезекшiлерi тағайындалады.

Гараж кезекшiсi:

  • қарауыл бастығыныңөкiмiмен жүргiзушiлерді және қарауылдың жеке құрамын бекiтiлген өрт автокөлiктерге тек қызметтiк мiндеттерiн орындауға жiберуге;

  • гаражда белгіленген өртке қарсы режимнің, тазалықтың және тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етуге;

  • гаражда белгiленген ауа температурасын ұстауды қадағалауға, түнгi мезгiлде кезекшi жарықты қосуға;

  • өрт сөндіру техникасындағы, жылу жүйесiндегi және басқа да анықталған кемшiлiктердi дереу кезек бастығына баяндауға міндетті.

Күндiзгi және кешкi мезгiлге бөлме кезекшiлiгiне өрт сөндiрушiлер тағайындалады.

Бөлме кезекшiсi:

  • қызметтiк-тұрмыс бөлмелерiн таза және тәртiптi ұстауға;

  • тамақтану орындарында санитарлық нормалардың орындалуын қамтамасыз етуге;

  • қызметтiк-тұрмыс бөлмелерiнде өртке қарсы ережелерiнiң сақталуын қадағалауға міндетті.

Өрт сөндiру депосы ғимараты алдындағы бекетшi өрт сөндiрушiлер қатарынан тағайындалады.

Өрт сөндiру депосы ғимаратының алдындағы бекетшi:

  • өртке қарсы қызметi қарауылының жеке құрамын, азаматтарды және көлiктерді бөлiм ауласына жiберу, орналастыру ретiн бiлуге;

  • азаматтардан өрт (апат) жайындағы арыздарын қабылдап, ол жөнiнде қарауыл бастығына хабарлауға;

  • үнемi көзге көрiнетiн жердегi жағдайды бақылап, өрт анықталған жағдайда ол жөненде қарауыл бастығына хабарлауға;

  • өрт депосының гараж қақпасы алдында барлық көлiк түрлерiнiң тоқтап аялдама жасауына және қоюын (бөлiмше ауласында белгiленген жерден басқасына) болдырмауға;

  • бөлiмнiң жеке құрамына қатысы жоқ бөгде адамдарды жiберу тәртiбiн сақтауға;

  • өрт депосы ғимараты алдында тәртiптiң және тазалықтың сақталуын қадағалауға міндетті.

Бақылау сұрақтары:

1. Карауыл бастығының «Ауысымға» бұйрығы бойынша диспетчер қандай сигнал береді?

2. Өрт бөлімдерінің карауыл ауысымы қандай мақсатпен жүргізіледі?

3. Бөлімдерде қарауыл ауысымы кіммен өткізіледі?

4. Қарауыл ауысымның дайындық периодында тыныс алу аппараттардың №1 тексерісін түсетін қарауылдың жеке құрамы кімнің жетекшілігімен өткізеді?

5. Карауыл бастығының «Тоқтату» бұйрығы бойынша диспетчер қандай сигнал береді?

6. Басқа ауысым қарауылына кезекшілікті беру және таратуқанша уақытқа созылады?

7. Қарауыл бойынша кезекші болып кім тағайындалады?

8. Күндізгі және кешкі уақытта гараж бойынша кезекші болып кім тағайындалады?

9. «Дабыл» сигналын бергеннен кейін ауысым кезінде «тоқтату» сигналына дейін өртке қандай қарауыл шығады?

10. Кезекшілік ауыстыру разводына кімдер шығарылады?

11. Қарауылдың ішкі кезекшілік құрамына кім кіреді?

12. Қай уақыттан ауыстырылатын қарауылдың жеке құрамы бос деп есептеледі?

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысын бекіту туралы» 2010 жылғы 14 қарашадағы № 266 бұйрығы. 110-132 тармақтары.


Тақырып 2. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік өртке қарсы қызметінің ролі.

Сабақ2/1. Мемлекетті өртке қарсы қызметтің дамуы.

1. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қалыптасу және даму тарихі.

2. Мемлекеттік өртке қарсы қызметте іріктеу және қызмет атқарудың тәртібі.

3. МӨҚҚ органдары қызметкерлерінің арнайы атақтары.

Дәрістің мақсаты: мемлекетті өртке қарсы қызметтің дамуы, оған үміткерлерді іріктеу және қызметті атқару тәртібін оқып білу.
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қалыптасу және даму тарихі.

Қазіргі заманғы Қазақстан аумағындағы өрт сөндіру командалары туралы алғашқы атап өтулер, қазақтардың отырықшылық өмір салтына көшу үрдісі басталған XIX ғасырдың соңына жатады. Осы кезеңде тұрақты тұрғын үйлер құрылысы жаппай басталған еді, елді-мекендер, кейіннен қалалар пайда бола бастады. Мал өсіру мен егін шаруашылығынан басқа, өнеркәсіп өндірісі де дамыды. Қалаларда өрттер санының өсуімен күресу үшін өртке қарсы қызметтер құрыла бастады. 30-шы жылдардың басына қарай республиканың барлық қалаларында өрт сөндіру командалары бар болды. Көпшілігінің саны аз – 10-нан 30 адамға дейін болуына қарамастан, өрттермен күрестері табысты жүргізді. Шындығында командалардың жабдықталуы өте нашар болған. 1934 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан қалаларында барлығы 18 өрт сөндіру автомобилдері, 102 атты шығу және 220 ат қана болды. 18 автомобилдің тек 9 тікелей зауыттан жаңалай алынды, ал қалғандары қолда бардан жиналды, сол себепті әр шығудан кейін жөндеуді қажет ететін. Тек 7 қалада (Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Петропавловск, Семей, Орал және Шымкент) автомобилді және атты тарту күштері бар аралас шығу мүмкіндіктері болды, қалған 30 қалалар мен қалалық үлгідегі кенттер тек атты керуендерді қанағат қылды. Ауылдық жерлерде осы кезеңде өртке қарсы қызметі тіпті болған жоқ.

Қазақ АКСР БМСБ-де 30-шы жылдардың басына дейін өрттен күзет басқару органының болмағанын атап өтуіміз керек, олардың қызметін жергілікті жерлерде де ешкім үйлестірген жоқ.

Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында бірыңғай өртке қарсы қызметтің құрылған күні болып «Өртпен күрестің мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы» декретке қол қойылған 1918 жылғы 17 сәуір саналады.

Өртке қарсы қызметі өзінің құрылған сәтінен бастап халық шаруашылығын басқару жоғарғы органының басқаруында болды, кейіннен Ішкі істер халық комиссариатына берілді, ІІХК туралы ережеге сәйкес Коммуналдық шаруашылық бас басқармасының құрамына кірді.

Жалпыодақтық ІІХК құрылуымен оның құрамында Өрттен күзет бас басқармасы құрылды.

ҚЖХК, ЕХҚ және Байланыс наркоматы басқаруынан МСБ органы басқаруына берілген жауынгерліклендірілген өрттен күзет басқармасына басшылық жасау және басқару үшін, Қазақстандағы БМСБ Өкілетті өкілдігінің 1932 жылғы 28 мамырдағы бұйрығымен штат саны 7 адам Өрт инспекциясы құрылды.

«Өрттен күзетті Қазақстан бойынша КСРО ІІХКБ-на қабылдау және тапсыру туралы» Қазақстан бойынша КСРО ІІХКБ-ның 1934 жылғы 29 мамырдағы бұйрығына сәйкес, коммуналдық шаруашылық өртке қарсы қызметтері толықтай ІІХК құрылымына көшті, ведомстволық өрттен күзеттің жедел жұмысы мемлекеттік және өрт қадағалау, өрт сөндіру бөлімдерінің және олар күзететін барлық ведомстволар объектілерінің ахуалын бақылау және тексеру функциясын жүзеге асырумен бірге ІІХК-на бағынды.

1934 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан бойынша КСРО ІІХК басқармасының бастығы Каруцкий жауынгерліклендірілген өрттен күзет ШІКБ құрамынан ІІХКБ өрттен күзет бөліміне берілген бұйрыққа қол қойды.

1937 жылы Казақ КСР Өрттен күзет бөлімінің штаты мынадай бөлімшелерден тұрды: басшылық; секрета­риат; жедел бөлімше; кадр және дайындық бөлімшесі; саясат бөлімшесі; материалдық қамтамасыз ету бөлімшесі; қаржы бөлімі; өртке қарсы жабдықтар қоймасы.

1939 жылғы 17 сәуірде республиканың ішкі істер халық комиссары «ІІХК Өрттен күзетінің 21 жылдығы туралы» бұйрыққа қол қойды. Сонымен алғашқы рет республикада өрттен күзет қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ресми түрде атап өтілді және өткізілді.

1939 жылға қарай Казақ КСР ІІХК Өрттен күзет басқармасының құрылымы біраз кеңейді және мыналардан тұрды: басшылық (басқарма бастығы, екі орынбасары, олардың бірі саясат жағынан, аға санитарлық инспектор, тапсырмалар жөніндегі инспектор); секретариат; өрт қадағалау, қызмет және ӘӨК бөлімі; командалық-ұйымдастыру бөлімшесі; дайындық бөлімшесі; саясат бөлімшесі; материалдық қамтамасыз ету бөлімшесі; қаржы бөлімшесі; өртке қарсы жабдықтар қоймасы; қызмет көрсету пер­соналы (тазалаушы, делбеші).

Республика өрттен күзетінің қалыптасуы 30-шы жылдардың аяғында КСРО ІІХК ӘӨК Ленинград мектебінің және өрт техникумының түлектерінің келуі сәтінен басталды. Осы жылдары республика үкіметі тарапынан өрт қауіпсіздігі мәселесіне көп көңіл бөлінді. Қазақ АКСР Халық Комиссарлар кеңесі тек 1939 жылғы бірінші жарты жылдықта өздерінің отырыстарында екі рет республикадағы өрт қауіпсіздігі ахуалының мәселелерін талқылады.

1940 жылы басқарма құрылымы тағы да өзгерді және мына түрде болды: басшылық (басқарма бастығы және оның орынбасары, саяси бөлімнің бастығы, басқарма бастығының материалдық-техникалық бөлімі жөніндегі көмекшісі, аға санитарлық инспектор); секретариат; профи­лактика бөлімі, оған профилактика және тергеу жұмыстары бөлімшесі кірді; қызмет және дайындық бөлімшесі; командалық-ұйымдастыру бөлімшесі; саясат бөлімі; материалдық қамтамасыз ету бөлімшесі; қаржы бөлімшесі.

Республика өрттен күзеті басқармасының жағдайы, елдегі барлық өртке қарсы қызметтердікі сияқты, Ұлы Отан соғысының басталуымен өте қиындап кетті. Орталық аппараттың көптеген қызметкерлері армияға шақырылды, ал қалғандарына екі есе ауыртпашылық түсті. Бұдан өзге, басқарма қызметкерлері ұдайы жауынгерлік қызметке шақырудан жалтарған адамдарды анықтау, жасырынып жүрген дезертирлерді ұстау және т.с.с. ІІХК органдары жүргізген шараларға қатысты.

Соғыстың алғашқы айларында еліміздің батыстағы аудандарынан шығысқа өнеркәсіп кәсіпорындарын эва­куациялау басталды. Олардың едәуір бөлігі Қазақстанға орнықты. Олар дереу іске қосылып, өнім шығара бастады. Жаңа зауыттар мен фабрикалардың іргелі құрылысы үлкен ауқымда жүргізілді. Сондықтан Өрттен күзет басқармасына оларды өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін қосымша ұйымдастыру және практикалық шараларды қабылдауға тура келді.

1941 жылғы шілдеден бастап ай сайын Ішкі істер халық комиссариатымен Өрттен күзет басқармасының ұсынысы бойынша, халық комиссариаттары және облыстар бойынша болған өрттер мен олардан келген шығындар туралы Қазақстан Компартиясы ОК Секретариатына және Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесіне ақпараттық хабарламалар дайындалды.

Атқарылған жұмыстар арқасында, Өрттен күзет басқармасы мен оның бөлімшелері жергілікті жерлерде 1941-1943 жылдары өрттермен жағдайды едәуір жақсартуға қол жеткізді. Осы жылдары өрттер саны мен олардан келген материалдық шығын екі есеге дейін қысқарды.

1941 жылы басталған жақсы бастама Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі кезеңде де жалғасы тапты. 1941 жылы КСР Одағы ІІХК Өрттен күзет бас басқармасының комиссиясы республиканың колхоздары мен совхоздарында шаруашылық аралық ерікті өрт сөндіру командаларын ұйымдастыруды бастауын Қазақ КСР ІІХК ӨКБ жұмысының жақсы жағы деп атап көрсетті.

Соғыстан кейінгі құрылыс жылдары (1946-1951 жж.) Өрттен күзет басқармасының қызметкерлері Теміртау қаласындағы металлургиялық зауытта екі мартен пешін және үш прокат стандарын іске қосқанда, Ақтөбе ферросплав зауытын, Өскемен қоғасын-цинк комбинатын және Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск және Семей қалаларында өзге де көптеген жеңіл және тамақ өнеркәсібінің объектілерін салғанда өрт қауіпсіздігі талаптарының мүлтіксіз орындалуына бақылауды ұйымдастыруға қатысты.

1954-1956 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Қазақстан аумағына жұмыс күшінің, көлік құралдарының және жабдықтардың жаппай келуіне байланысты, республика өрттен күзет орталық аппаратының штаты 2 есе дерлік ұлғайды. Облыс орталықтарында инспекциялар орнына өрттен күзет бөлімдері құрылды, ал орталық аппаратта қосымша құрылымдық бөлімшелер мен топтар ұйымдастырылды.

Республиканың өрттен күзет басқармасының құрылымында және оның штат санында едәуір өзгерістер экономикалық реформа өткізу уақытында 60-шы жылдар ортасында болды. Кәсіби өрттен күзет Ішкі істер министрлігінің басқаруына берілді, бұл өрттен күзет орталық аппаратының штат санын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Техника және байланыс құралдары, нормативтік-техникалық және ұйымдастыру-саптық бөлімшелер, сондай-ақ өрт-техникалық зертхана тәрізді жаңа құрылымдық бөлімшелер ашылды.

КСРО Министрлер Кеңесінің «Елді-мекендерде және халық шаруашылығы объектілерінде өрт қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 1977 жылғы 15 шілдедегі қаулысы шыққаннан кейін, республика өртке қарсы қызметінің штат санында едәуір өзгерістер болды. Осы қаулыға сәйкес, елді-мекендердегі көптеген кәсіби өрт сөндіру бөлімдері жауынгерліклендірілген болып қайта құрылды. Республика Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша «Халық шаруашылығы объектілері мен елді-мекендерді өртке қарсы қорғауды күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 29 мамырда қабылдаған арнайы қаулысын да атап кеткен жөн. Үкімет осы қаулымен министрлік пен ведомстволар басшыларының халық шаруашылығы объектілері мен елді-мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершіліктеріне тағы да назарларын аударды.

Қазақстан астанасы Алматының жаңа сәулеттік келбеті қалыптаса бастаған 70-шы жылдардың басында, республиканың өрттен күзет орталық аппаратының қызметкерлері Республика Сарайы, «Медеу» биік таулы мұз айдыны, «Қазақстан» еңселі қонақ үйі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы тәрізді барлық бірегей ғимараттар мен имараттарды жобалау процесінде де, сонымен қатар құрылысы кезінде де құрылыс нормалары мен ережелерінің өртке қарсы талаптарының орындалуына бақылауды нақты ұйымдастырды.

Кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының, азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға жауапкершіліктері ісінде, соңынан өрт шыққан қауіпсіздік нормаларын бұзғаны үшін санкцияларды қатайту үлкен роль атқарды. Осындай шаралар жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінде де қарастырылған. Оны әзірлеуге өрттен күзет орталық аппаратының қызметкерлері де қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламентімен 1996 жылы қарашада қабылданған «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заң республика өртке қарсы қызметінің дамуындағы жаңа белес болды, бұнда алғашқы рет заңнамалық деңгейде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік басқару органдарының, министрліктер мен ведомстволардың, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелердің, сонымен қатар азаматтардың өкілеттіктері мен міндеттері регламенттелді. Кейіннен осы заңмен Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің құқықтары мен мәртебелері анықталды. Осындай заңды ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып қабылдадық. Мәселен, «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет аттестатталған қызметкерлеріне ішкі істер органдары қызметкерлері үшін заңнамалық актілермен белгіленген қызмет өткеру тәртібі мен әлеуметтік қорғау шарттары қолданыла бастады. Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің құқықтары мен мәртебелері «Нысандық киім кию мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен де қорғалған. Бұдан өзге, осы Заңмен Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қатардағы және басшы құрамының тұлғаларына берілетін арнайы атақтар да белгіленді.

1997 жылғы сәуірде Мемлекеттік өртке қарсы қызмет Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылымына берілді.

МӨҚҚ ҚР Конституциясына, Президент заңдарына және ҚР Үкіметінің қаулыларына, өкілетті органның бұйрықтарына, өзге де нормативтік актілерге сәйкес қызметін жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет