К. К. Карменов 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығына арналған «Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» пәні бойынша дәріс курсы



бет2/9
Дата25.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#26004
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Қарауылдың лауазымды тұлғалары.

Қарауыл қызметін жүзеге асыру үшін қарауылдың келесі лауазымды тұлғалары белгіленеді:



  • қарауыл бастығы, өрт сөндiру кемесiнiң (катерiнiң) командир көмекшiсi, ауысымды кезек жетекшiсi;

  • бөлiм командирi;

  • өрт сөндiру автокөлiгiнiң жүргiзушiсi;

  • бөлiмнiң байланыс диспетчерi(радиотелефонисi);

  • аға өрт сөндiрушi (өрт сөндiрушi).

Қарауылдың лауазымды тұлғалары квалификациялық талаптарға сәйкес болуы тиiс.

Қарауылдағы лауазымды тұлғалар өзіне қойылған міндеттерді дұрыс атқармағаны үшін, берiлген құқықты дұрыс және толық қолданбағаны үшiн жауапкершiлiкке тартылады.

Қарауылдың лауазымды тұлғаларының мiндеттерi жергiлiктi жағдайға сәйкесбөлiм бастығымен өзгертiлiп, толықтырылады.
Қарауыл бастығының (кезекші ауысымның басшысы) міндеттері

Қарауыл бастығы, қарауылдың жеке құрамының тiкелей бастығы болып табылады және штат бойынша бөлім жетекшілеріне бағынады.



Қарауыл бастығы:

  • жеке құрамның қарауылдағы қызметін бақылауға және ұйымдастыруға, оның ішінде ішкі қызметтің кезекшiлiгiн тексеруге;

  • жауынгерлік кезекшiлiкте жеке құрамныңТактикалық-арнайы даярлығын жоспар бойынша орындалуын ұйымдастыруға және сабақты өзі өткізуге;

  • өрт сөндіру техникасының, өрт-техникалық жарақтар мен жабдықтарды, өрт сөндiргiш заттарды жауынгерлiк әрекет жүргiзуге дайындау шараларын, сонымен қатар бөлімнің шығу ауданындағы өрт сөндіру гидранттарының, су қоймаларының, өткелдердiң, кiрер жолдардың жағдайын қадағалауға, анықталған кемшiлiктер мен ақаулар туралы бөлiм жетекшілеріне немесе шұғыл кезекшiге баяндауға;

  • жеке құрамның еңбектi қорғау, техника және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындауын қамтамасыз етуге;

  • қарауылдың жеке құрамының тәртiп сақтауын қадағалауға;

  • ТАМЖҚҚ техникалық қызмет көрсетуін бақылауды жүзеге асыруға (№2 тексеру) және ГТҚҚқұжаттарының дұрыс жүргiзiлуiн қадағалауға;

  • күн тәртiбiнде көрсетiлген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;

  • түнгі мезгілде балалар және емдеу мекемелерінде, басқа объектiлерде адамдардың болуын және мәліметтердің жинақталуын қадағалауға;

  • қарауылдың жеке құрамынан кенеттен ауырған адамдарды жақын орналасқан емдеу орынына жiберуге және ол жөнiнде бөлiм жетекшілеріне, шұғыл кезекшiге баяндауға;

  • мамандығына сәйкес бөлімнің шұғыл-қызметінің бір бағытында жұмыс атқаруға;

  • Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысының талаптарына сай белгіленгенқызметтiк бөлмелерге құқықтылардан басқа бөгде адамдарды жібермеуге;

  • бөлiмнiң жұмыс жоспары бойынша қарауыл қызметiн ұйымдастыруды регламенттейтінк құжаттарын әзірлеуге және түзету енгiзуге;

  • өтінішті тіркеу және қарау кезінде қажетті қатаң есеп беру бланкісі болып табылатын ескерту талондарын қабылдау міндетті.

Қарауыл бастығына:

  • Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысында көрсетiлген жағдайдан басқа қарауылдыңқарамағынан кетуге;

  • қарауыл құрамынан ауыстыруға, жiберуге (қарауыл қызметiн атқарудан басқа жағдайда);

  • Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысында көрсетiлген жағдайдан басқа өрт сөндіру автокөлiктерiн жауынгерлiк есептен шығаруға тиым салынады.

Қарауыл бастығы:

  • белгіленген тәртіп бойынша бөлiмнiң жеке құрамының қарауыл қызметiн атқаруын тексеруге;

  • қарауылдың жеке құрамынан лауазымды мiндеттерiн орындауын талап етуге;

  • өз құзреті шегінде қарауылдың жеке құрамына бұйрық беруге және орындалуын талап етуге;

  • тәртiп және техника қауiпсiздiгi ережесiн бұзған қатардағы құрам тұлғаларын қарауыл қызметiн атқарудан босатуға;

  • белгіленген тәртіп бойынша бөлім бастығына қарауылдың жеке құрамын мадақтау және шара қолдану туралы ұсыныстар жасауға;

  • бөлім жетекшілерінен жеке құрамының қарауыл қызметiн атқаруына барлық жағдайды жасауды талап етуге;

  • шығу ауданындағы шұғыл жағдай туралы қажетті ақпаратты сұратып алуға, қарауыл қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi өкiмiмен және басқа құжаттармен танысуға құқылы.

Өрт-техникалық оқу орнынынң көлемiнде толық дайындығы және өрт сөндіруден практикалық жұмыс тәжірибесі бар, белгіленген тәртіп бойынша қарауыл басында өздігінше кезекшілік атқаруға жіберілген орта және жоғарғы басшы құрамның қызметкерлеріне ғана қарауыл бастығын ауыстыруға рұқсат етіледі.

Бөлім жетекшісі (шұғыл кезекші), қарауыл бастығы кенеттен ауырған жағдайыда, оны жақын маңдағы емдеу орнына жiберу туралы шешiм қабылдайды. Қарауыл бастығының мiндетiн атқару, бөлiм жетекшілерінің бiрiне немесе дайындығы бар басқа лауазымды тұлғаға жүктеледi.


Өрт кемесі командирiнiң(капитанының) көмекшiсi

Қарауыл бастығының жалпы міндеттерін атқарудан басқа, кеме (катер) командирiнiң көмекшiсi:



  • кемедегi (катердегi) жеке құрамның өрт қауiпсiздiгi ережелерін, iшкi кеме жолдарында жүзу ережелерін, сондай-ақ кеме инспекциясының және өзен (теңіз) регистрлiк талаптарын орындаға қамтамасыз етуге;

  • кеменiң (катердiң) техникалық жағдайын бақылауға және қажет кезiнде оның өмiршеңдігі үшін күрес жүргiзуге міндетті.


Бөлiмше командирi

Бөлiмше командирi қарауыл бастығына бағынады және құрамның тiкелей бастығы болып табылады.



Бөлiмше командирi:

  • кезекшілік ауысқанда бекітілген өрт сөндіру техникасын, өрт-техникалық жарақтар мен жабдықтарды, бөлмелердi, құрал-саймандар мен мүлiктердi қабылдауды қамтамасыз етуге;

  • бөлiмшенiң жеке құрамының даярлығын өткiзуге және жауынгерлiк кезекшiлiк мезгiлiнде жауынгерлiк даярлық жоспарын орындау үшiн қарауыл бастығына ықпал етуге;

  • бөлiмшенiң жеке құрамыныңөрт сөндіру-саптық дайындық нормативтерiн орындауын қамтамасыз етуге;

  • бөлiмшеге бекiтiлген өрт сөндіру автокөлiгiнде оқшаулағыш газқағарлардың сақталу тәртiбiне бақылау жасауға;

  • өрт сөндiрушiлердің саптық түзелуiн және дене шыдамдылығын қалыптастыруға;

  • техника қауiпсiздiгi ережесін орындауға және бөлiмшенiң жеке құрамының орындауын қадағалауға;

  • жеке құрамныңөз мамандығын қастерлеуге тәрбиелеуге, сондай-ақөрт сөндіру техникасын, жабдықтар мен мүлiктердi ұқыпты ұстауға;

  • бөлімнің шығу ауданын, су көздерінің және аса маңызды объектілердің (цехтардың) орналасуын, сонымен қатар бөлімшедегі өрт сөндіру автокөліктері мен басқа да өрт сөндіру техникасы туралы тактикалық –техникалық мәліметтерді білуге;

  • постарға, түнгі барлауға, ішкі кезекшілікке және жауынгерлік есепке қойылатын өрт сөндірушілерді дайындауға, олардың қызметтік міндеттерін білуін, қару-жарақтары мен жауынгерлік киімдерін тексеруге;

  • қарауыл бастығына қарамағындағылардың ауруларын, арыздары мен өтiнiштерiн, оларға бекiтiлген өрт-техникалық жарақтар мен жабдықтардың жоғалуы немесе ақаулығы жөнiнде баяндауға міндетті.

Бөлiмше командирi:

  • қарауыл қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi өкімдермен танысуға;

  • қарауыл бастығының келiсiмiмен бөлiмшенiң жеке құрамын тәртiп бұзғаны үшін, шеттетуге;

  • қарауыл бастығы қызметтік дайындық сабақтарында болса немесе басқа да жағдайда бөлімше бастығының нұсқауымен оның міндеттерін уақытша атқаруға;

  • өрт сөндіру автокөліктерінің арнайы агрегаттарымен жұмыс істей білуге;

  • белгiленген тәртiп бойынша қарауыл бастығына бөлiмшенiң жеке құрамын мадақтау және жазалау туралы, сонымен қатар қарауыл қызметiн ұйымдастыруды жақсарту туралы ұсыныс жасауға құқылы.


Өрт сөндіру автокөлігінің жүргiзушiсі

Өрт сөндіру автокөлігінің жүргiзушiсі бөлiмше командирiне бағынады, өзiне бекiтiлген техниканың, сондай-ақ онда орнатылған механизмдердiң жауынгерлiк даярлығына және мүлтiксiз жұмыс iстеуiне жауапты. Бекiтiлген автокөлiктердiң техникалық күтiмi бойынша аға жүргiзушiге (жүргізуші-бригадир) бағынады.



Өрт сөндіру автомобилінің жүргiзушiсі:

  • бекiтiлген өрт сөндіру автокөлігінің тактикалық-техникалық сипаттамасын, құрылымын, әрекет ету принципін, қызмет көрсету тәртібін, оның ақаулықтарын (белгілері, себептері, қаупі, анықтау және жою тәсілдері), сонымен қатар өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданын, су көздерін, жолдар мен айналып өту жолдарын білуге;

  • жол көлік ережелерінің талаптарын орындауға және жүргізуші куәлігіндегі рұқсат ету белгісіне сәйкес бөлімдегі барлық типті өрт сөндіру автокөліктерін әр түрлі жол жіне метеорологиялық жағдайларда жүргізе білуге;

  • барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сонымен қатар арнайы автокөліктерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей білуге, өрттерде және авариялар кезінде жауынгерлік іс-әрекет жүргізу жағдайында олардың техникалық және тактикалық мүмкіндіктерін пайдалана білуге;

  • қызмет өткеру, өрт сөндіру автокөліктерін пайдалану, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету барысында қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін орындауға;

  • бекiтiлген автокөлікке толық көлемде және уақытылы техникалық қызмет көрсетуге, техникалық жағдайын сапалы тексеруге;

  • жанар-жағар май және басқа да пайдалану материалдарын үнемдеуге, оларды қолдану тәртібі мен сақтау ережелерін орындауға;

  • гараж жабдықтарын қолдану ережелерiн орындауға және бекiтiлген техниканы пайдалану бойынша тиiстi құжаттарды толтыруға;

  • жайғасқанға дейінгі қарауыл ішкі кезекшілігі тұлғаларының міндеттерін орындауға;

  • қарауылдың ауысымында бекiтiлген өрт сөндіру техникасын тексеруге, анықталған кемшiлiктердi бөлiмше командирiне баяндауға және оны жою шараларын қолдануға міндетті.

Жүргiзушiлiк құжаты мен оған бекітілген өрт сөндіру автокөлiгiн жүргiзу құқығына куәлігі жоқ жүргiзушi кезекшiлiкке жiберiлмейдi.

Жүргiзушiгебасқа да адамдарға, оның ішінде өзi бағынатын адамдарға автокөлікті жүргiзуге беруге, өрт сөндіру автокөлігінің тұтандыру бөлігінде кілтті қалдырып кетуге тыйым салынады.


Бөлімнің байланыс пунктінің диспетчері (радиотелефонисті)

Бөлімнің байланыс пунктінің радиотелефонисті кезекші қарауылдың бастығына (ауысым жетекшісіне), ал жедел қатынаста ӨСБОП аға диспетчеріне (диспетчеріне) бағынады.



Диспетчер (радиотелефонист):

  • бөлімдегі барлық техникалық байланыс құралдарына келіп түскен өрт, басқа ТЖ туралы хабардың анық қабылдануына, берілуіне және тіркелуіне, кезекші қарауылдардың (бөлімшелердің) шақыру орнына уақытылы және дұрыс жіберілуіне;

  • кезекші қарауылдардың (бөлімшелердің) өрт, басқа ТЖ орнына жіберілгені туралы ӨСБОП және бөлімше басшылығына уақытылы баяндалуына;

  • радиотелефонистің қызметін реттейтін жетекші құжаттар талаптарының орындалуына;

  • жоғары басшылықтың телефонограммалары мен өкімдерінің уақытылы қабылдануына және бөлімше жетекшілеріне жеткізілуіне;

  • ББП техникалық құралдары мен жабдықтарының сақталуына және дұрыс қолданылуына;

  • ББП жедел-қызметтік құжаттамасының сақталуына және дұрыс жүргізілуіне жауапты.

Диспетчер (радиотелефонист):

  • ББП жедел-қызметтік құжаттамасын, оны жүргізу тәртібін, ББП диспетчердің қызметін реттейтін жетекші құжаттарды;

  • бөлімшенің шығу ауданын, бөлімшенің шығу ауданындағы жедел жағдайды, көшелер мен өту жолдарын, бірінші хабарда жоғары дәреже бойынша бөлімшелер жіберілетін объектілерді; жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкалары құрылған объектілердің тізбесін; маңызды, өрт және жарылыс қаупі бар объетілердің орналасу орнын; өртке қарсы сумен қамтамасыз етуді; суы жоқ учаскілерді; бөлімшенің қарулануындағы өрт сөндіру және апаттан құтқару техникасының, өрт сөндіру және апаттан құтқару қару-жарақ пен жабдықтың тактико-техникалық сипаттамасын;

  • кезекші қарауылдардың өрт сөндіру машиналарындағы тактикалық мүмкіндіктерін;

  • ББП орнатылған байланыс құралдардың және басқа жабдықтардың техникалық сипаттамасын, жұмыс істеу негізімен басқару элементтерін;

  • бөлімшелер мен басшы құрамның шақыру белгілерін;

  • байланыстың барлық түрлерін жүргізудің жалпы ережелерін;

  • жоғары басшылықтың телефонограммаларын және өкімдерін қабылдау және беру тәртібін білуге міндетті.

Диспетчер (радиотелефонист):

1) жауынгерлік кезекшілікте тұрғанда бөлімнің байланыс пунктіндегі құжаттаманы, мүлікті және техникалық құралдарды тізімдеме бойынша қабылдауға;



  • ББП техникалық құралдардың, байланыс және жарықтандыру аппаратурасының резервті қуат көздерінің барын, тазалығын, қалпын және жарамдылығын тексеруге;

  • ауысатын диспетчерден (радиотелефонистен) ағымдағы шығулар, бөлімше басшылығының орындау немесе орындалуын бақылауды қажет ететін телефонограммалар, өкімдер мен нұсқаулар туралы мәлімет алуға;

  • «ББП радиотелефонистерінің кезекшілікті қабылдау және тапсыру журналында» кезекшілікті қабылдау туралы жазу жасауға және қолын қоюға;

  • кезекке тұрған кезекші қарауылдың бастығына (ауысым жетекшісіне) кезекшілікті қабылдағаны туралы баяндауға;

  • кезекші қарауылдың бастығынан (ауысым жетекшісінен) нұсқау алуға міндетті.

2) Жауынгерлік кезекшілік кезінде: Кезекші қарауылдың бастығынан (ауысым жетекшісінен) жауынгерлік есептегі жеке құрам, өрт сөндіру техникасы, өрт сөндіру заттары және ЖЖМ, жөндеудегі және ТҚК өрт сөндіру техникасы туралы мәлімет алуға;

  • кезекші қарауылдың бастығынан (ауысым жетекшісінен) алынған мәліметті «Саптық жазба журналына» енгізіп, ӨСБОП беруге;

  • ББП техникалық құралдардың жұмысын жүйелі түрде тексеруге;

  • байланыс құралдарының және техникалық жабдықтың барлық ақаулықтары туралы кезекші қарауылдың бастығына (ауысым жетекшісіне), ӨСБОП диспетчеріне баяндауға және «Байланыс құралдарының ақаулықтарын есепке алу журналына» тиісті жазба енгізуге;

  • өмірді қамтамасыз ету қызметтерімен байланыста болып, қажет болған жағдайда белгіленген тәртіпке сәйкес өрт, басқа да ТЖ аудандарына бағыттауға;

  • «Тәуліктің түнгі уақытында балалар, емдік және басқа да мекемелердегі адамдардың есебін жүргізу журналын» жүргізуге;

  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық-гигиеналық нормаларды, сонымен қатар ішкі еңбек тәртібін орындауға;

  • телефон арқылы барлық қоңырауларға «Өртке қарсы қызметі» деп жауап беруге, ал ішкі телефонға өзінің лауазымы мен фамилиясын атауға, мысалы «диспетчер (радиотелефонист) Ахметова»;

  • өту жолдарының жабылуы, өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің, байланыстың жарамсыздығы, жедел жағдайдың басқа да өзгерістері кезінде кезекші қарауылдың бастығына (ауысым жетекшісіне), ӨСБОП дер кезінде баяндауға және алынған ақпаратты тиісті журналдарға (Байланыс құралдарының ақаулықтарын есепке алу журналы, Өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданындағы учаскелерді, жабық өту жолдарын, көшелерді және жарамсыз өртке қарсы сумен қамтамасыз етуді есепке алу журналы) жазып алуға;

  • кезекші қарауыл бастығының (ауысым жетекшісінің) өкімдерін жеке құрамға жеткізуге;

  • қарауылдық қызметті тексеруге құқығы бар лауазымды тұлғалардың ББП жайына кірген кезінде, «Майор мырза, Байланыс жарамды (байланыстың келесі аппараттары мен аспаптары жарамсыз... Радиотелефонист Ахметова)» деп нұсқа бойынша баяндауға;

3) шақыруларды (ӨСБОП диспетчерінен келіп түскен)өңдеген кезде «... өрт сөндіру бөлімі кезекші қарауылының шығу жолдамасында» және оның жауынгерлік есептегі өрт сөндіру автомобильдерінің саны бойынша көшірмелерінде ақпаратты:

  • шақыру объектісінің мекенжайы;

  • объектінің аты;

  • объектінің орналасуы туралы басқа да мәліметтерді;

  • не және қайда жанып жатқаны (немесе ТЖ туралы басқа мәлімет);

  • нешінші қабатта (немесе төледе) жанып жатқаны;

  • ғимараттың қабаттылығы (немесе биіктігі);

  • адамдарға төнген қауіп;

  • ӨСБОП диспетчерінің фамилиясын тіркеуге;

  • ӨСБОП диспетчеріне қабылданған хабардың мәтінін қайталауға және объектіде жоғары дәрежелі шақыру қарастырылса, оған сол туралы хабарлауға;

  • хабарды қайталағаннан кейін өзінің фамилиясын және ТЖ туралы хабар алынған уақытты атауға;

  • ТЖ туралы хабар алынған уақытты бекітуге және мерзімі мен қолын қоюға;

  • ӨСБОП кезекшісінің күштер мен құралдардың нақты саны туралы бұйрығы болмаса, қабылданған ақпаратты бағалауға және шығу кестесінде қарастырылған шақыру орнына күштер мен құралдарды бағыттау туралы шешім қабылдауға;

  • «Дабыл» белгісін беруге;

  • «Дабыл» белгісі шығу туралы шешім қабылданғаннан кейін бірден жүргізіледі;

  • «... кезекші қарауылдың шығу жолдамасын» және бөлімшенің кезекші қарауылының шығатын бөлімшелерінің аны бойынша оның көшірмелерін және өрт сөндіру жоспарын немесе (бар болған жағдайда) карточкасын кезекші қарауылдың бастығына (ауысым жетекшісіне) беруге. «... кезекші қарауылдың шығу жолдамасының» бір көшірмесін өзіне қалдыруға.

  • «Дабыл» белгісі бойынша (тамақтану, демалу т.б. кезінде) ББП келу кезінде кезекші қарауылдың шақыру орнына шығуын тежемей, ӨСБОП өрт, басқа ТЖ туралы «... кезекші қарауылдың шығу жолдамасында» алмастырмалы радиотелефонистпен тіркелген ақпаратты нақтылауға;

  • кезекші қарауылдың (бөлімшенің) шығуынан кейін, ӨСБОП өрт сөндіру автомобильдерінің борттық нөмірлері және шақыру орнына шығу уақытын беруге;

4) шақыруларды (арызданушыдан тікелей келіп түскен) өңдеген кезде: «... өрт сөндіру бөлімі кезекші қарауылының шығу жолдамасында» және оның жауынгерлік есептегі өрт сөндіру автомобильдерінің саны бойынша көшірмелерінде ақпаратты:

  • шақыру объектісінің мекен-жайы;

  • объектінің атауы;

  • объектінің орналасуы туралы басқа да мәліметтерді;

  • не және қайда жанып жатқаны (немесе ТЖ туралы басқа мәлімет);

  • нешінші қабатта (немесе төледе) жанып жатқаны;

  • ғимараттың қабаттылығы (немесе биіктігі);

  • адамдарға төнген қауіп;

  • арызданушының фамилиясын, телефон № және мекенжайын тіркеуге;

  • ТЖ туралы хабарды қабылдау уақытын;

  • өзінің қолын және мерзімді қоюға;

  • қабылданған ақпаратты бағалауға;

  • Басқа бөлімшенің шығу ауданында орналасқан объектідегі өрт және басқа да ТЖ туралы ақпаратты қабылдаған кезде ӨСБОП хабарлауға;

  • Шығу кестесінде қарастырылған күштер мен құралдарды шақыру орнына бағыттау туралы шешім қабылдауға;

  • «Дабыл» белгісін беруге;

  • «... кезекші қарауылдың шығу жолдамасын» және бөлімшенің кезекші қарауылының шығатын бөлімшелерінің аны бойынша оның көшірмелерін және өрт сөндіру жоспарын немесе (бар болған жағдайда) карточкасын кезекші қарауылдың бастығына (ауысым жетекшісіне) беруге. «... кезекші қарауылдың шығу жолдамасының» бір көшірмесін өзіне қалдыруға.

  • кезекші қарауылдың (бөлімшенің) шығуынан кейін, ӨСБОП және бөлімше басшыларына өрт және басқа ТЖ туралы хабардың алынғандығы туралы, өрт сөндіру автомобильдерінің борттық нөмірлері мен шақыру орнына шығу уақытын беруге.

  • жоғары дәрежелі шығу қарастырылған объектідегі өрт және басқа да ТЖ туралы хабар алғанда, бұл жайында ӨСБОП және бөлімше басшыларына хабарлау қажет.

  • «Дабыл» белгісі бойынша (тамақтану, демалу т.б. кезінде) ББП келу кезінде кезекші қарауылдың шақыру орнына шығуын тежемей, ӨСБОП өрт, басқа ТЖ туралы «... кезекші қарауылдың шығу жолдамасында» алмастырмалы радиотелефонистпен тіркелген ақпаратты нақтылауға;

  1. Шығуларды жанамалау кезінде:

  • өрт, басқа ТЖ, тәжірибелік жаттығуларға, өртке қарсы сумен қамтамасыз етуді тексеруге, т.б. шыққан кезекші қарауылмен (бөлімшемен) радиобайланысты орнатуға және ұстауға;

  • өрт, басқа ТЖ, туралы қосымша (нақтыланған) ақпаратты кезекші қарауылдың бастығына (ауысым жетекшісіне) шақыру орнына бару кезінде, ӨСБОП диспетчеріне және бөлімше басшыларына дереу хабарлауға;

  • қажет болған жағдайда жеке құрамның хабарлануын және өрт, басқа ТЖ орнына жиналуын қамтамасыз етуге;

  • кезекші қарауылдың (бөлімшенің) жұмыс орнынан жағдай туралы уақытылы ақпарат алу үшін қажетті шаралар қолдануға;

  • ақпараттың, хабардың, өкімдердің алыну уақыты мен мазмұнын «Байланыс пунктінің журналына» белгіленген тәртіп бойынша (ақпаратты, хабарды, өкімдерді бергеннің фамилиясын көрсетіп) енгізуге;

  • алынған және «Байланыс пунктінің журналында» тіркелген ақпаратты, хабарды, өкімді ӨСБОП хабарлауға;

  • өрт, басқа ТЖ орнынан қабылданнатын ақпарат:

  • қарауылдың (бөлімшенің) шақыру орнына келу кезінде:

  • қарауылдың (бөлімшенің) шақыру орнына келуі туралы және келген өрт сөндіру автомобильдерінің борттық нөмірлері;

  • сыртқы сипаты бойынша жағдай туралы;

  • ӨСЖ шешім қабылдауы және жауынгерлік әрекеттерді жүргізу бойынша бұйрықтардың берілуінен кейін:

  • өрттің мекен-жайы, АҚЖ жүргізу орны;

  • ғимарат немесе құрылыс туралы мәлімет: жеке тұрған, қоса салынған, ішіне салынған, оның қабаттылығы (биіктігі) мен көлемі, конструктивті элементтері;

  • не жанып жатқаны (немесе жанғаны), жану орны, жану көлемі (өрттің ауданы), қай қабатта (төледе т.б.):

  • адамдарға төнген қауіптің бары және сипаты туралы;

  • электроэнергияны (газды, т.б.) үзу қажеттілігі туралы;

  • барлау, адамдарды құтқару, күштер мен құралдарды енгізу үшін бөгеттерді алу туралы;

  • өмірді қамтамасыз ету қызметтерін шақыру қажеттілігі туралы;

  • қандай күштер мен құралдар әрекетке енгізілді;

  • өрттің таралу қаупі , басқа да ТЖ болуы туралы;

  • қосымша күштер мен құралдар талап етіледі ме;

  • қандай су көздері қолданылады;

  • Өртті, басқа ТЖ жою барысындағы басқа да ақпарат;

  • сонымен қатар өртті, басқа да ТЖ шектеу және жою туралы;

  • шақыру орнынан қайту туралы;

  • өрт сөндіру автоцистерналарын сумен толтыруды жүргізу туралы;

  • Бөлімшеге қарауылдың келуі бойынша қарауыл бастығынан (бөлімше командирінен) күтілетін ақпарат:

  • бөлімшеге келу туралы;

  • шығу қорытындылары туралы;

  • күштер мен құралдарды Тактикалық-арнайы даярлыққа келтіру туралы.

  • ӨСБОП берілетін ақпарат нақты және анық болуы қажет.

Диспетчер (радиобайланысшы) төмендегідей құқықтарға ие:

  • Белгіленген тәртіпте «Дабыл» белгісін беруге;

  • «Кезекші қарауылдың шығу жолдамасын» рәсімдеуге және қол қоюға;

  • ББП байланыс құралдары мен жабдықтарын қолдануды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;

  • қарауылдық қызметті ұйымдардастыру және қарауылдағы өрт сөндіру техникасын ұстауды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;

  • дайындалған тұлғамен осы уақытта оны ауыстыруға жағдай болған кезде төрт сағаттан аспайтын түнгі уақытта демалуға (ұйықтауға);

Диспетчерге (радиобайланысшыға):

  • Қызмет өткеруден алаңдауға;

  • ӨСББ қарауыл бастығының (ауысым жетекшісінің) рұқсатынсыз және ӨСББ жұмысы үшін дайындалған және рұқсат етілген ауыстыратын тұлғасыз кетуге;

  • Қарауылдың өртке, басқа да ТЖ, тәжірибелік жаттығуларға шығу кездерінде демалуға;

  • Белгіленген радиоалмасу тәртібін бұзуға, телефон бойынша өрт сөндіру бөлімі жұмысымен байланысты емес әңгімелерді жеке жүргізуге және оларға жол беруге.

  • ӨСББ үй-жайына горнизонның лауазымды тұлғаларынан, бөлімше басшыларынан, қарауыл бастығынан (ауысым жетекшісінен), қарауыл бойынша кезекшіден және байланыс құралдарының техникалық қызмет көрсетуі үшін жауап беретін тұлғалардан басқа бөтен тұлғаларды кіргізуге тыйымдар салынады.

Диспетчер (радиобайланысшы) өтініштер, шағымдар айтылған және басқа да ақпараттар түскен кезде кез келген дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар туралы, олардың жасалу уақытына, зардаптарына, сондай-ақ берілген мәліметтердің толықтығына қарамастан кешіктірмей қабылдауға және ақпататтарды есепке алу бойынша журналға тіркеуге міндетті. Өтініш беруші тікелей жүгінген кезде мәлімдемені қабылдаған тұлға, оны тіркеу және қараудың уақыты көрсетілген өтінішті тіркеу туралы құжат (талон) беруге міндетті.

Ескерту: гарнизонда ақпараттарды қабылдау және өңдеу автоматтандырылған жүйелерін енгізгенде диспетчер (радиобайланысшының) міндеттері МӨҚҚ қызмет жарғысы талаптарына сәйкес келетін қосымша нұсқауларымен регламент белгілеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет