К. К. Карменов 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығына арналған «Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» пәні бойынша дәріс курсы



бет7/9
Дата25.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#26004
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

1.Тактикалық жаттығуларда негізгі оқыту әдісі

2.Тактикалық жаттығуларда қандай шеберлік және дағды жетілдіріледі?

3. Тактикалық жаттығулардың мақсаттары бойынша қандай түрлері бар?

4. Тактикалық жаттығуларға күштер және құралдар қалай шақырылады?

5. Жаттығулар жетекшісінің міндеттері.

6. Делдалдың міндеттері.

7. Өрт жағдайы имитациясының әдістері.

8. Жаттығулар соңынан талдау жасау реті.
Әдебиет:

1. Повзик Я.С., Панарин В.М.Тактическая и психологическая подготовка руководителя тушения пожара. – М.: 1988. 56-76б.


III болім. Мемлекеттік өртке қарсы қызметті ұйымдастыру.

Тақырып 5. МӨҚҚ жедел-тактикалық әрекеті.

Сабақ 5/1. Жедел өрт жағдайы.

1. Жедел өрт жағдайы түсінігі.

2. Жедел өрт жағдайы түсінігінің негізгі элементтері.

Дәрістің мақсаты:өрттің жедел жағдайы және оны жобалау әдістерінің негізгі түсініктерін жеткізу.


1. Жедел өрт жағдайы түсінігі.

Қаладағы (аймақтағы) жедел (өрт) жағдайы деп ондағы қандай да бір кезеңде (сәтте) қалыптасқан өрттің пайда болуына, дамуына және жойылуына әсер ететін не кедергі келтіретін және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарының көлемін белгілейтін жағдайлар кешенін түсінеміз.

Жедел жағдай - бөлiмнiң шығу ауданындағы мәселені анықтауға және оның орындалу түріне әсер ететін жағдайлардың және шарттардың жиынтығы.

Өртке қарсы қызметін өрттердің алдын алумен және сөндірумен байланысты, белгілі функцияларды орындауға бейімделген, күрделі динамикалық жүйе деп қарастыруға болады.

Өртке қарсы қызметінде осы функциларды орындау үшін тиісті материалдық және еңбек ресурстары (күштер мен құралдар) бар.

Өртке қарсы қызметтің күштер мен құралдары:

- қаруланудағы өртке қарсы қызмет органдарының жеке құрамы,

- өрт сөндіру техникасы,

- басқару және байланыс құралдары,

- өрт сөндiргiш заттар,

- басқа техникалық құралдар.

Өртке қарсы қызметі қандай да бір өрт қауіпті жағдайлар туындайтын, өзін қоршаған ортада өмір сүреді. Өртке қарсы қызметі осы жағдайларды жойып, қоршаған ортаның тиісті элементтерімен өзара әрекетке түседі. Ол кездейсоқ не кездейсоқ емес сипаттағы бірқатар факторларға байланысты (басқарылатын не басқарылмайтын) табысты бола алады.

Осыдан өртке қарсы қызметтің жұмыс істеу тиімділігін, яғни алдына қойған міндеттерді орындауға оның қабілеттілік дәрежесін бағалау мүмкіндігі туады.
2. Жедел өрт жағдайы түсінігінің негізгі элементтері.

Қаладағы жедел жағдай түсінігінің негізгі элементтері мыналар болып табылады:

1. Қала өртке қарсы қызмет гарнизонының мүмкіндіктері (жүйенің сипаттамасы);

2. Қаланың өрт қауіптілік деңгейі (ортаның сипаттамасы);



3. Өртке қарсы қызмет гарнизонының өрт қауіпті жағдайларға жедел ден қою динамикасы (жүйе мен ортаның өзара әрекеті).



1. Қала өртке қарсы қызмет гарнизонының мүмкіндіктері (жүйенің сипаттамасы)

Жеке құрам саны (жедел және профилактикалық)

Жеке құрамныңкәсіби дайындығы

Жедел бөлімшелердің жауынгерлік мүмкіндігі

Профилактикалық қызметтің жұмыс шарты

Өрт автомобильдерде жедел бөлімшелер саны

Өрт сөндіру техникасының сапасы мен жағдайы

Жалпы техникалық жабдықталу

Бөлімшелердің орналасуы

Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің шығу кестесі




2. Қаланың өрт қауіптілік деңгейі (ортаның сипаттамасы)

Қаланың өрт қауіптілік деңгейі

Халықтың саны мен тығыздығы

Қала аумағының ауданы

Жалпы экономикалық әлеует, оны құрайтындар

Қала құрылысының сипаты

Қаланың аббаттандыру дәрежесі (сумен жабдықтау, жылу, жол және т.с.с.)

Шаруашылық жүргізуші объектілердің жалпы саны

Жоғары өрт қауіпті объектілердің бар болуы

Климаттық және ауа-райы жағдайлары




3. Өртке қарсы қызметтің өрт қауіпті жағдайларға жедел ден қою динамикасы (жүйе мен ортаның өзара әрекеті)

Өртке қарсы қызметінің өрт қауіпті жағдайларға жедел ден қою динамикасы

Өрт-профилактикалық жұмыстың орындалуы көлемі мен деңгейі

Шақыру орнынан бірінші көмек пен бөлімшенің келу уақыты

Өртті сөндіру, аварияны жою ұзақтығы

Өртті сөндірудің әр түрлі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын пайдалану деңгейі

Қаланың басқа қызметтермен өзара әрекеттесу деңгейі

Өртке қарсы қызметініңтиімділік сипаттамасы (өрттен келген шығын мен құтқарылған мат.құндылықтар мөлшері


Бақылау сұрақтары:

1. Жедел жағдай түсінігінің анықтамасы қандай?

2. Өртке қарсы қызметті неліктен күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырады?

3. Өртке қарсы қызмет органдарының күш пен құралдарына не жатады?

4. «Қоршаған ортаның тиісті элементтерімен өзара әрекетке түседі» дегенді қалай түсінесіз?

5. Жедел өрт жағдайы түсінігінің негізгі элементтеріне не жатады?


Әдебиет:

1. Брушлинский Н.Н. Системный анализ деятельности государственной противопожарной службы. Оқулық. -М: Ресей ІІМ МӨҚИ, 1998. 111-115 б.


Сабақ 5/2. Жедел жағдайдың негізгі параметрелері.

1. Өрт сөндіру бөлімшелерінің шығу жиілігі.

2. Өртті сөндіру ұзақтығы.

3. Қалада, елді-мекенде және объектіде бір уақытта пайда болуы мүмкін өрттер саны.

Дәрістің мақсаты: жедел жағдайдың негізгі параметрелері туралы мәлімет жеткізу.
1. Өрт сөндіру бөлімшелерінің шығу жиілігі.

Қаланың өрт сөндіру бөлімшесінің (елді-мекеннің, объектінің) жалпы жұмыс көлемін анықтайтын ақпараттық параметр олардың шақыру бойынша шығу жиілігін, яғни уақыт (сағат, тәулік, ай, жыл) біолігіндегі осындай шығулар санын тікелей анықтайтын жедел жағдайдың ақпараттық параметрі болып табылады. Шығу жиілігі көп болса, қалада өрт, жанулар, авариялар жиі болады, өртке қарсы қызмет жедел жұмыстың үлкен көлемін атқарады. Бұдан әрі, қала үлкен, халық саны көп, экономикалық әлеуеті көп болса, жалпы қаланың өртке қарсы қызметі жоюға қатысуы тиіс, авариялар мен өзге де оқиғалардың шығу мүмкіндігі жоғары болады.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі шығу саны кездейсоқ шама болып табылатынын түсіну қажет, ол 0, 1,2, ... кез келген тұтас санды қайшы емес мәнге ие болуы мүмкін, бұл кездейсоқ шама уақытқа байланысты болады. Ал шығу жиілігі шындығында тәуліктің уақыты мен жыл мезгіліне көп байланысты болады. Өртке қарсы қызметтің әр қызметкеріне қалада кешкі сағаттарда таңғыдан гөрі шығу көп болатыны, түнде аз болатыны белгілі. Дәл осылай көптеген қалаларда өртке қарсы қызметтің шығу жиілігі жылу беру маусымының басында, яғни қара күзде, сондай-ақ көктемде өсе түседі, осылай едәуір тәуліктік және маусымдық ауытқулар байқалады. Өзгеше айтқанда, өрт сөндіру бөлімшелерінің шығу ағыны уақыт пен кеңістікте дамитын, күрделі де кездейсоқ процессті білдіреді.

Бірақ онда да өртке қарсы қызметті дамытумен, оның қызметін адан әрі жетілдірумен байланысты, басқару шешімдерін қабылдуаға болатын негіз жататын, қарпайым сандық заңдылықтарды табуға болады.

Бәрінен бұрын белгілі бір уақыт аралығы үшін қаладағы не елді-мекендегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің шығу жиілігі олардағы халық санына (өйткені өрттің, жанудың, авариялардың, жалған шақырулардың пайда болуына көбіне адамдар кінәлі болады) тура пропорциональды болады деп болжау дұрыс:

(1)

мұндағы N — шығу саны, мысалы, жылына; Q — қала халқының саны, мың адам; k — пропорциональдық ко­эффициенті.

Әр түрлі қалалардағы өрт сөндіру бөлімшелерінің шығуы туралы деректер статистикасы формуланың әділдігін растайды, сондай-ақ k — пропорциональдық ко­эффициенті уақытқа тәуелді екенін растайды, яғни,

(2)

k параметрі қала халқының 1000 адамына жылына орташа шығу санын, яғни бір келкілігін анықтайды: шығу/(жыл 1000 адам)

k параметрінің өзгеруін бірнеше онжылдықтардағы Мәскеу қаласының үлгісінде қарастырайық.

1955 ж.-1 1976 ж. -4,1

1965 ж. -2,2 1979 ж. – 5,3

1970 ж. -3,4 1984 ж. - 6

Деректерден көріп тұрғанымыздай, соңғы 30 жылда Мәскеу үшін А параметрінің мәні алты есеге өскен. Таяудағы 10-20 жылда k параметрінің өсу қарқынының мәні сақталады деп болжасақ (әзірге оқиғалар басқаша болады деп болжауға ешқандай негіз жоқ), тиісті болжамдар құру үшін шын және сенімді негіз пайда болады.

Тиісті статистикалық әдістерді пайдалана отыра, мысплы, 1995 жылы Мәскеуде k параметрінің мәні 10-12 болады деп сенімді айтуға болады, бұл жылына 95-115 мың шығуға (Мәскеу халқының саны 9,5 млн. адамға тең болады деп болжанса) тең болады.


2. Өртті сөндіру ұзақтығы.

Өртке қарсы қызмет жедел бөлімшелерінің жұмыс істеу процессі әр түрлі уақытша сипаттамалармен сипатталады, олардың мына үшеуі ерекше қызығушылық тудырады: шақыру орнына бірінші бөлімшенің және барлық келесілерінің бару ұзақтығы (бару уақыты); өртті сөндіру ұзақтығы (яғни күштер мен құралдарды енгізу сәтінен оларды шығарғанға дейінгі уақыт аралығы), бір шығу ұзақтығы, яғни бөлімшенің шақыру бойынша шығу сәтінен келесі шығуға толық дайын болғанша дейінгі уақыт аралығы. барлығының кездейсоқ шамалар және кез келген оң жағдайды қабылдай алатыны (бірақ әр түрлі жиілікпен) осы параметрлердің барлығы үшін жалпы болып табылады.

Тәжірибеде бару уақыты кез келген мәнге бірнеше минуттан (бөлімшелер дұрыс орналасқанда осылай болуы керек) бірнеше ондаған минуттарға дейін (мысалы, қала жағдайында қалыпты деп санауға болмайды) ие болуы мүмкін; екі өзге параметрлер бірнеше минуттан көптеген сағаттарға дейін (соңғысы шын мәнінде сирек кездеседі) – кең көлемде ауытқуы мүмкін.

Барлық осы шамаларды мына түрде зерделеуге болады: өрт сөндіру бөлімшелерінің есеп құжаттарынан (бөлімшенің шығу диспетчерлік журналынан) белгілі сұлба бойынша бізді қызықтыратын параметрдің мәніне сәйкес үлкен санды таңдау керек (кездейсоқ түрде таңдалған 100-ден кем емес). Өйткені барлық мәндер әдетте, әр түрлі болады, оларды топтастырған жөн (яғни, белгілі ұзындықтың тобына не аралығына бөлу).

Мысал ретінде 1989 жылғы Мәскеу қаласының өрттен күзет бөлімшелерінің шығуын шақыру орнына бару уақыты бойынша пайыздық бөлуді келтірейік.

Уақытаралығы,мин

0—5 5—10 10—15 > 15

Шығу үлесі,%

33,8 44,5 15,7 6

Деректерден 1989 жылы Мәскеу қаласында барлық шығулардың 78% бару уақыты 10 минутқа дейін болған, бірақ өрттен күзет бөлімшелері барлық оқиғалардың 6%-да шақыру орнына 15 минут және одан да артық уақытта жеткен. 1989 жылғы барлық шығулардың бару уақытының орташа мәні 7,4 минутты құрады. Шамамен соңғы 10 жылда осы деңгейде тұр, бірақ өсу тенденциясы байқалады.

Шамамен кейбір басқа қалаларда да бару уақытының осындай мәндері шықты. Арнайы әдебиетте өрт орнына өрт сөндіру автосорғысының баруының орташа уақыты 11-12 минут деп көрсетіледі.

Бару уақыты ұзақ болса, бөлімшенің жұмыс істеу уақыты да, егер шақыру өртпен байланысты болса, өртті сөндіру ұзақтығы да ұзарады.

Кеңес мамандарының жұмыстарында өрттегі жанудан бір минутта келетін шығын 70-шы жылдардың басында 250 сомды құрады деген тұжырымдар кездеседі. Бұл бағалаулар шамалық сипатта болған. Бірақ шақыру орнына бірінші өрт сөндіру бөлімшесі (басқалары да) неғұрлым тезірек келсе, өрт сөндіру бөлімшелерінің орналасуы неғұрлым жетілген, олардың қызметінің тиімділігі жоғарырақ.

Осылайша бөлімшелердің жауынгерлік жұмыспен айналысуын зерттеуге болады. Осы жағдайда жалғыз ерекшелік уақытша аралықтардың үлкен ұзақтығы болады. Мысал ретінде 1980 жылы Ереван қаласындағы өрттен күзет бөлімшелерінің жұмыс істеу уақытын бөлуді келтіреміз:

Уақыт аралықтары, с . 0-1 1-2 2-3 3-4 >4

Шығулар саны ..... 1883 375 66 17 17

Барлығы 2358

Ереван қаласындағы бөлімшелердің бір шығудағы жұмыс істеу орташа ұзақтығы 0,57 сағатты құрады, бірақ 1,5% оқиғада шығулардың ұзақтығы 3 сағаттан артық уақытты құрады. Осы тәрізді картина көптеген қалалар үшін тән.

Көптеген жағдайларда жұмыс істеу уақытының орташа мәні 1 сағаттан асады. Бұндай салыстырмалы кішкен мән tср аз уақыт алатын жалған және қате шақырулар саны қосылған, шығулардың (оқудан өзге) барлық жиынтығын қарастырғанымызбен түсіндіріледі. Сондықтан әр түрлі санаттардағы шақыруларға қызмет көрсеткенде өрттен күзет бөлімшелерінің жұмыс істеу уақытын талдау қызықтырады.

Өртті сөндіру есептік ұзақтығы туралы міндетті шешуге ста­тистикалық көзқарас барлық кемшіліктерімен қазіргі бар өрт сөндіру тәжірибесін көрсетеді. Өрт сөндіру қызметін ұйымдастыруды жақсарту, өрттен күзет жеке құрамының кәсіби даярлық деңгейін және жауынгерлік қабілеттілігін арттыру өрттің әр түрін сөндірудің орташа ұзақтығын азайтуға, нормативтік шамасын төмендетуге мүмкіндік тудырады.


3. Қалада, елді-мекенде және объектіде бір уақытта пайда болуы мүмкін өрттер саны.

Қала, елді мекенде, объектте уақыт бірлігінде мүмкін болатын өрттердің орташа саны мен олады сөндірудің орташа ұзақтығын ескере отырып есептеу арқылы анықталады немесе «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптары» техникалық регламенті талаптары бойынша.


Бақылау сұрақтары:

1. Өрт сөндіру бөлімшелерінің шығу жиілігі дегені не?

2. k — пропорциональдық ко­эффициенті нені анықтайды?

3. k параметрі Мәскеу қаласы бойынша қалай өзгереді?

4. Өрттердің есептік ұзақтығы дегені не?

5. Қалада, елді-мекенде және объектіде бір уақытта пайда болуы мүмкін өрттер саны қалай анықталады?


Әдебиет:

1. Брушлинский Н.Н.,Микеев А.К., Бозуков Г.С. және т.б.; Брушлинский Н.Н. редакциясымен.Совершенствование организации и управления пожарной охраной. - М.: Стройиздат, 1986. 49-56б.


Тақырып 6. Қала, ауылдық мекендерде және өнеркәсіптерде өртке қарсы қызметті ұымдастыру.

Сабақ 6/1. Қалаларда өрт қауіпсіздік жүйесін жобалауы ұйымдастырудың маңызы.

1. Қалалар мен елді мекендер өрт қауіпсіздігін ұйымдық жобалаудың негізгі принциптері мен маңызы.

2. Ұйымдық жобалау процессінің кезеңдері.

Дәрістің мақсаты: Қалалар мен елді мекендер өрт қауіпсіздігін ұйымдық жобалаудың негізгі принциптері мен маңызын, ұйымдық жобалау процессінің кезеңдері туралы жалпы мағлұмат беру.


1. Қалалар мен елді мекендер өрт қауіпсіздігін ұйымдық жобалаудың негізгі принциптері мен маңызы.

Ұйымдық жобалау деп әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелердің ұйымның жобасын әзірлеуі түсініледі (оларға өрттен күзет те жатады). Ұйымдық жобалау нәтижесінде негізгі ұйымдық сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, жүйені қалыптастырудың мен оны басқарудың принциптерін белгілейтін, тиісті құжаттамалар (нормативтік, жобалау және т.б.) құрылады. Оларға жалпы жүйенің және кіші жүйенің ұйымдық құрылымы, жүйеге шын қажетті кіші жүйелер, блоктар мен жекелеген элементтер; жүйенің барлық компоненттерін кеңістікте орналастыру нұсқалары; жүйенің барлық құрылымын ақпараттық, кадрлық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету; басқару рәсімдерінің барлық түрлерін орындау тәртібін қоса алғандағы жүйенің барлық иерархиялық деңгейіндегі басқару технологиясының мәселелері; құжаттардың ұтымды формаларын пайдалану, ұйымдастыру және есептегіш техникаларын қолдану жатады.

Ұйымдық жобалау объектісі тек өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру саласындағы іс-шаралар кешені ғана бола алады. Бұнда осы мәселелерді қарастырмаймыз.

Ұйымдық жобалаудың маңызды кезеңі мыналар болып табылады: біріншіден жобалау процесін толық және сенімді бастапқы деректермен, қажетті нормативтік құжаттамалармен қамтамасыз ету; екіншіден, қандай да бір жобалау шешімдерін алудың әдістері мен әдістемелерін әзірлеу; үшіншіден, ең бірінші ұйымдық жобалаудың әдісін таңдап, жобалау процессінің өзін ұйымдастыру.

Жобалау тәсілдерінің барлық жиынтығын мына түрде топтастыруға болады:

мақсатты құрылымдау тәсілі;

ұқсастық тәсілі;

сараптық талдау тәсілі;

ұйымдық модельдеу тәсілі.

Тәжірибеде барлық осы тәсілдер бірін бірі толықтырып, кешенді түрде қолданылады.

Шешілетін проблеманың сипатына байланысты және оны шешудің түрлі кезеңдерінде ұйымдық жобалау тәсілінің бір тобы шартты басымдылық алуы мүмкін, бірақ олардың бірде-бірі проблеманы толық шеше алмайды, яғни ұйым жобасын әзірлей не қандай да бір жүйені қайта ұйымдастыра алмайды.

Шындығында, жаңа жүйенің ұйымдық жобасын әзірлеуге кіріскенде, осы жүйенің мақсатының жиынтығын әзірлеу, оларға ұсынылған ұйымдық құрылымдар осы мақсаттарға сай болуы үшін сапалық және сандық баға беру қажет. Осы кезеңде, мақсатты құрылымдау тәсілі маңызды рөль атқарады.

Бұдан әрі осы тәрізді жүйелерді жобалаған кезде пайдаланылған табысты шешімдерді анықтау және пайдалану маңызды (ұқсастық тәсілі). Сараптық талдау тәсілі осы тәрізді жүйелер мен оны жобалау тәсілдерін білетін білікті сарапшылардың ұйымдық жобалауға қатысуын көздейді. Бұл топ жүйеге алдына ала тексеру жүргізе алады (оны қайта ұйымдастыру қажет болғанда), жүйенің жұмысында, оны басқаруды проблемелардың, тар орындардың болуын анықтай алады, оны шешу үшін бар резервтерді көрсете алады (сараптық талдау тәсілі).

Ұйымдық жобалаудың тәсілдерінің барлық аталған топтары белгілі мөлшерде былайша айтқанда ұйымдық модельдеу, яғни оқулықтың адындағы тарауларында тоқталған модельдеудің түрлі тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік тударыды. Осы тәсілдердің көмегімен бірінші жобаланатын жүйенің жұмыс істеу прцесіне тән заңдылықтарды зеределейді (не болжайды), соңынан осының негізінде процесс пен жалпы жүйені тиімді ұйымдастыруға не жетілдіруге мүмкіндік беретін, модельдер кешенін құрады.


2. Ұйымдық жобалау процессінің кезеңдері.

Өрттен күзеттегі ұйымдық жобалау жалпы өрттен күзеттің, жеке гарнизондардың, органдардың, бөлімшелердің, басқару аппаратының ұйымдық құрылымын әзірлеуді және жұмыс істеуін ұйымдастыруды білдіреді.

Өрттен күзеттің негізгі құрылымдық буындары қалалардың өрттен күзет гарнизондары болып табылады. Қалаларда өрттердің көбі болады және оларда кәсіби өрттен күзеттің негізгі күштері мен құралдары шоғырланған. Өрттен күзет қаланың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі маңызды бірақ жалғыз буын болып табылмайды.

Қаланың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі деп өрттердің болу және даму мүмкіндігін азайтуға, сондай-ақ оларды барынша аз әлеуметтік-экономикалық салдарымен жоюға бағытталған, ұйымдастыру және инженерлік іс-шаралардың, сондай-ақ техникалық құралдардың жиынтығын түсінеміз.

Өртке қарсы нормалармен ретке келетін инженерлік іс-шараларға мыналар жатады: жалпы қаланы, қала кварталдарын жоспарлау, өртке қарсы су құбыоымен, түтін шығару жүйесімен жабдықталған, өрт жағдайында адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ететін отқа төзімді ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу және пайдаланупроектирование. Қысқаша айтқанда, өрт қауіпсіздігі тұрғысынан қарағанда қала өрттердің пайда болуы мен таралуын қиындататын және оны жоюды жеңілдететін тарлық жағдайлар жасалып, жоспарлануы және салынуы тиіс. Осы барлық инженерлік іс-шаралар сәулетшілермен, жобалаушылармен, құрылысшылармен, пайдаланушылармен жүзеге асырылады, бірақ мемлекеттік өрт бақылаудың (МӨБ) бақылауында болады.

Инженерлік іс-шараларға, бұдан өзге, өрт қауіпсіз аспаптарды, бұйымдарды конструкциялау мен дайындауды, өрт қауіпсіз технологиялық процесстерді әзірлеуді жатқызу керек. Бұл іс-шаралар түрлі профильдегі инженерлермен, оның ішінде өрт қауіпсіздігі инженерлерімен, МӨБ органының бақылауында жүзеге асырылады.

Инженерлік іс-шараларды жүзеге асыру жалпыұлттық, мемлекеттік сипатта болатын, ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мен нормативтік реттеуді қажет етеді. Біздің елді олардың орындалуын бақылауды мемлекеттік органдар, оның ішінде МӨБ органдары жүзеге асырады.

Қаладағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі іс-шараларға өрттен күзет пен оның қызметін, өртен күзет бөлімшелерінің қаланың басқа шұғыл және арнайы қызметтерімен (полиция, жедел медициналық көмек, инженерлік қызметтер және басқалары) өзара әрекеттесуін, өртердің алдын алу мен жою жөніндегі халықпен жұмысты ұйымдастыру жатады.

Барлық осы ұйымдастыру іс-шараларын (бір бөлігіне кейінірек толығырақ тоқталамыз) өрттен күзет қызметкерлері қала әкімшілгімен бірлесіп атқарады.

Қаланың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету техникалық құралдарына өрт сөндіру техникасының, өрт-техникалық жарақтар мен жабдықтардың, өрт автоматикасы жүйесінің, арнайы байланыс және т.б. барлық түрлері жатады. Барлық осы техникалық құралдар әр саладағы инженерлермен, оның ішінде өрт қауіпсіздігі инженерлерімен, әдетте, өрттен күзет тәжірибелі қызметкерлерінің қатысуымен және кеңесімен әзірленеді.

Қаланың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі ұйымдық жобалаудың басқа мәселелерді байланыстаратын, біріктіретін және мұқият, өздігінен қарастыруды көздейтін орталық мәселесі қаланың өрттен күзет гапнизонын жобалау болып табылады.

Қаланың өртке қарсы қызметінің негізгі құрылымы түрлі және жеткілікті өрт сөндіру техникалары орналасқан, қала аумағында тиімді бөлінген өрт сөндіру деполарының желісі болып табылады. Проблема қалаға қажет өрт сөндіру депосы мен барлық түрдегі өрт сөндіру техникасының санын негіздеуде болып тұр.

Қаланың өртке қарсы қызметінің ұйымдастыру құрылымын жобалаудың негізгі принципі мынада жатыр: қалада кез келген уақытта қандай да бір өрттен күзеттің қатысуын талап ететін оқиғаға оқиғаға ол осы жағдайдың сипатына сәйкес күштер мен құралдардың жиынымен дереу ден қоюы тиіс.

Бұнда екі шектеу орындалуы тиіс:

1) шақыру орнына өрттен күзеттің күштері мен құралдарының келуі уақытында болуы тиіс (яғни өрттің дамуының физика-химиялық заңдылықтырымен белгіленетін, шекті уақыт аралығына үлгеру);

2) қаладағы өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының жалпы саны экономикалық дәлелді болуы қажет.

Осы талаптарға сай болу үшін, қаланың өртке қарсы қызметінің жалпы жұмыс көлемін, оның уақыттағы өзгеру тенденциясын бағалай білуі, сондай-ақ өрттен күзет жұмыс істеу процесінің негізгі парметрлері мен заңдылықтарын білуі қажет. Қалада өртке қарсы қызметті және оның жұмыс істеу процесін ұйымдастыруға басқарудың мемлекеттік және жергілікті органдары ғана емес, қала тұрғындары да, меншік, сақтандыру фирмаларының иелері мен акционерлері, сондай ақ өрттен күзеттің жеке құрамы да белгілі әсер етеді. Бұл әлеуметтік топтардың әрбірінің өртке қарсы қызмет гарнизонын ұйымдық жобалағанда ескеретін және келісетін мүдделері бар.

Шындығында, қала тұрғындары барлық аудандарындағы өртке қарсы қызмет көрсету деңгейінің бірдей болуына мүдделі болады (бұл жерде өрт сөндіру бөлімшелерінің «өз» ауданындағы қызмет көрсету шақыру орнына баруының орташа уақыты өлшем бола алады); сақтандыру фирмаларының иелері сақтандырылған объектіде өрттен келген шығын мен зардап шеккендер санының барынша аз болуына мүдделі (өлшемі - өрт орнынан өрттен күзеттің күштері мен құралдарының жеткілікті санының келу орташа уақыты); меншік объектілерінің иелері мен акционерлер де өрттен келген шығынның барынша аз болуына және сақтандыру өтемақысының барынша көп сомасының төлеуіне мүдделі (оларға объектіге бірінші өрт сөндіру бөлімшесінің келуінің барынша көп уақытын азайту жақсы); ең соңында өрттен күзеттің жеке құрамы бөлімшелер арасындағы жұмыс күшінің дәрежесінің деңгейін теңдестіруге мүдделі (жедел бөлімшеге жауынгерлік шығулардың орташа есебі).

Басқару органына келсек, мемлекет өрт қауіпсіздігінің мемлекеттік нормативтерінің сақталуына мүдделі, (ең алдымен, қала халқына келетін өрт сөндіру депосы мен өрт сөндіру автомобильдерінің саны), ал жергілікті басқару органдарына қала бойынша жалпы өрттен келген шығын мен зардап шеккендер санының барынша аз болуына мүдделі (өлшемдердің бірі – қала бойынша шақыру орнына орташа бірінші өрт сөндіру бөлімшесінің келуінің орташа шекті уақыты).

Айтылғандардан өртке қарсы қызмет гарнизонының ұйымдық жобалауы күрделі де көп өлшемді екенін, ал оны шешу әрқашан қаланың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі субъектілерінің түрлі мүдделерін ескеретін және келісетін, белгілі компромисті байқатады.



Ұйымдық жобалау процессін мына кезеңдерге бөлуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет