К. К. Карменов 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығына арналған «Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» пәні бойынша дәріс курсы


Мемлекеттік өртке қарсы қызметте іріктеу және қызмет атқарудың тәртібі



бет4/9
Дата25.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#26004
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Мемлекеттік өртке қарсы қызметте іріктеу және қызмет атқарудың тәртібі.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметке жасы кемiнде он сегiздегi, кәсiби даярлығы, денсаулық жағдайы, дене дамуы және бiлiм деңгейi бойынша өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарында оқу үшiн орта бiлiмi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкiн. Бұл орайда аталған оқу орындарына түскен адамдармен өрт-техникалық оқу орнын бiтiрген соң мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында одан әрi қызмет өткерудiң талаптары мен тәртiбi көзделетiн келiсiм-шарттар жасалады. Казарма жағдайындағы өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етiледi.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орнындағы оқу уақыты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мерзiмдi жауынгерлік қызмет мерзiмiне есептеледi.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамға отыз бес жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда аталған жас мөлшерi қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi бар және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн адамдарға қатысты уәкiлеттi орган басшысының шешiмiмен өзгертiледi. Кiшi және орта басшы құрам лауазымына - қызмет түрi бойынша орта кәсiптiк немесе жоғары кәсiптiк бiлiмi бар адамдар, аға басшы құрам лауазымына қызмет түрi бойынша жоғары кәсiптiк бiлiмi бар адамдар тағайындалады.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған немесе кадрына есепке алынған жауынгерлік мiндеттiлер белгiленген тәртiппен жауынгерлік есептен шығарылады және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында арнайы есепте тұрады.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органына қызметке алғаш алынған адамдар мiндеттi түрде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының кәсiби даярлау мектептерiнде және оқу пункттерiнде арнайы бастапқы оқытудан өтедi. Көрсетiлген оқу орындарында алғашқы дайындықтан өтудiң тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi органның басшысы белгiлейдi.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органына алғаш қабылданған адамдар үшiн үш айға дейiнгi сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi сынақтан өтпеген адам ретiнде жұмыстан босатылуы мүмкiн. Нәтижесi оң болған жағдайда сынақ мерзiмi қызмет стажына есептеледi.

Бұрын сотталған және ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себеппен жұмыстан босатылған адамдар мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылданбайды.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Өрт-техникалық оқу орындарының күндiзгi бөлiмiн бiтiрген мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында кемiнде бес жыл жұмыс iстеуге мiндеттi.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органының қызметкерi өрт-техникалық оқу орнын бiтiргеннен кейiн одан әрi бес жыл бойы қызметiн өткеруден бас тартқан не басқа, заң бойынша көзделген негiздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда, ол өзiнiң оқу кезеңiндегi стипендия төленуiне, тамағына, заттай жабдықталымға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұстап қалуға жататын сома келiсiм-шарт мерзiмi аяқталғанға дейiнгi қызмет өткермеген әрбiр толық ай үшiн барабар есептеледi.

Өрт-техникалық оқу орны күндiзгi бөлiмiнiң әскерге шақырылу жасына жеткен және сабақ үлгермегенi, тәртiп сақтамағаны үшiн, сондай-ақ өз еркiмен оқудан шығарылған курсанттары, егер олар оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi жауынгерлік қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермесе, арнайы есептен шығу үшiн тұратын жерi бойынша жауынгерлік басқарманың жергiлiктi органдарына жiберiледi.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтi тоқтату негiздерi:

1) Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен босату;

2) Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту;

3) мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiн Заңмен белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану;

4) мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы;

5) лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысу;

6) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi немесе ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстiң тоқтатылуы болып табылады.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi:

1) зейнетақыға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша;

2) қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;

3) денсаулық жағдайы бойынша - тиiстi комиссияның қызметке жарамсыз немесе шектеулi жарамды екендiгi туралы қорытындысының негiзiнде;

4) штаттың қысқаруына байланысты;

5) өз еркi бойынша;

6) келiсiм-шарттың бұзылуына байланысты;

7) аттестаттау тәртiбiмен қызметке сай келмейтiндiгi анықталуы бойынша;

8) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;

9) беделiн түсiретiн қылық жасаған жағдайда;

10) қызмет тәртiбiн үнемi бұзғаны үшiн жұмыстан шығарылады.
3. МӨҚҚ органдары қызметкерлерінің арнайы атақтары

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар белгiленедi және берiледi:



қатардағы құрам:

  • өртке қарсы қызмет қатардағы жауынгерi;

кiшi басшы құрам:

  • өртке қарсы қызмет кiшi сержанты;

  • өртке қарсы қызмет сержанты;

  • өртке қарсы қызмет аға сержанты;

  • өртке қарсы қызмет старшинасы;

орта басшы құрам:

аға басшы құрам:

  • өртке қарсы қызмет майоры;

  • өртке қарсы қызмет подполковнигi;

  • өртке қарсы қызмет полковнигi;

жоғары басшы құрам:

  • өртке қарсы қызмет генерал-майоры.

Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.

Кiшi, орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын беру, төмендету (одан айыру) тәртiбi мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады.



Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдардардың қатардағы және басқару құрамының қызметті өту тәртібі қандай құжатта белгіленген?

2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кіші басқару құрам тұлғаларының арнайы шендері қандай?

3. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта басқару құрам тұлғаларының арнайы шендері қандай?

4. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының аға басқару құрам тұлғаларының арнайы шендері.

5. КСРО аумағында бірыңғай өртке қарсы қызметтің құрылу күні.

6. Қазақстанның аумағында өрт командалары қашан пайда болды?

7. Өрт-техникалық оқу орындарының күндізгі оқу бөлімшелерін бітірген, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің міндеті қандай?



Әдебиет:

1. Х. Корганов. Огненная летопись. - Алматы: ТОО «Қағанат-ҚС», 2001. 16-31 бет.

2. Құқық қорғау қызметі туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.2-тарау, 6-бап. 4-тарау, 22-бап.

Тақырып 3. Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің гарнизон қызметі.

Сабақ 3/1. Өртке қарсы қызметінің гарнизон қызметін ұымдастыру.

1. Гарнизон қызметін ұымдастыру және атқару, гарнизон шекаралары, негізгі міндеттер.

2. Өрт сөндіруге гарнизонның күш пен құралдарын тарту тәртібі.

Дәрістің мақсаты: өртке қарсы қызмет гарнизондарында қызметті ұйымдастыру және атқару туралы мағлұмат беру.


1. Гарнизон қызметін ұйымдастыру және атқару, гарнизон шекаралары, негізгі міндеттер.

Гарнизондар Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана және Алматы қалаларының аумағында (аумақтық), қала және ауылдық аудандарда (жергiлiктi) құрылады.

Қала және ауылдық гарнизондар Қазақстан Республикасының облыстық гарнизондарының тиісті құрамына кiредi.

Өртке қарсы қызметтің аумақтық гарнизонының және оның құрамына кіретін барлық жергілікті гарнизондардың шекаралары жергілікті атқарушы органмен келісіледі және тиісті аумақтық азаматтық қорғау органның бастығымен бекңітіледі.

Гарнизондық қызметтiң негiзгi мақсаттары:

гарнизонның күштер мен құралдарын өрт сөндiруге тиiмдi пайдалану үшiн қажетті жағдай жасау;

гарнизонның күштерi мен құралдарын басқарудың біртұтас жүйесін құру;

өмiрлiк маңызы бар қызметтермен өзара әрекеттерді ұйымдастыру;

бүкiл гарнизондық iс-шараларды ұйымдастыру және жүргiзу болып табылады.

Гарнизондық қызметтiң мақсатын орындау үшiн:

гарнизонның күштер мен құралдарының жай-күйін бақылау және есепке алу;

гарнизонның күштер мен құралдарын өрт сөндiру үшiн қолданылуын, оның iшiнде күштер мен құралдарды жұмылдыру тәртiбiн жоспарлау, шығу кестесi және басқа да өрт сөндiру қызметiн анықтайтын құжаттарды дайындау;

жеке құрамның, оның ішінде гарнизонның лауазымды тұлғаларының, кәсіптік және басқа да әр түрлі дайындығын гарнизондық өрт-тактикалық жаттығулар, жарыстар, жиындар және басқа да гарнизондық iс-шаралар жүргiзу арқылы қамтамасыз ету;

өрт байланысын ұйымдастыру, өртке қарсы қызметiн басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру;

шақыруды қабылдау және тiркеу жүйесiнiң, сонымен қатар өрт сөндiру қызметiнің ақпараттық қамсыздандыру жүйелерiнiң жұмысын қамтамасыз ету;

гарнизон бөлiмдерiнiң гарнизондық және қарауылдық қызметтердi атқарудан бос жеке құрамын ірі өрттерді сөндіруге және төтенше жағдай зардаптарын жоюға қатыстыру бойынша iс-шараларды дайындау;

өмiрлiк маңызы бар қызметтермен бiрлесiп қимыл жасау бойынша келiсiмдер (нұсқаулар) жасау және бекiту;

гарнизондық қызметтiң мақсатын орындауға қажетті басқа да iс-шараларды iске асыру керек.

Гарнизондық қызметтi қамтамасыз ету мен жетілдіруді реттеу мақсатындагарнизон бастығы бекіткен гарнизондық iс-шаралар жоспары жасалады.
2. Өрт сөндіруге гарнизонның күш пен құралдарын тарту тәртібі.

Өртке қарсы қызметтің көршілес гарнизондарының аумағында өрт сөндіру жөнінде өзара көмек көрсету тәртібі азаматтық қорғау саласындағы өкілетті органмен, өкілетті орган ведомствасымен бекітілген, бірлескен күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарымен анықталады.

Басқа мемлекеттердiң өртке қарсы қызметiнiң күштер мен құралдарын қатыстыру мемлекетаралық келiсiм негiзiнде iске асырылады.

Өртке қарсы қызмет гарнизонына кіретін күштер мен құралдарды пайдалану тәртібі гарнизонның бастығымен әзірленіп, тиісті жергілікті атқарушы органмен бекітілетін және тиісті аумақтық орган басқармасы бастығының бұйрығымен жарияланатын өрт сөндіру бөлімдерінің шығу кестесі, ал ауылды мекен аудандарында – күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарымен (кестесімен) анықталады. Гарнизонда автоматтандырылған басқару жүйесі болғанда шығу кестесінің электронды нұсқасы да қолданылады (күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспары).

Шығу кестесіне оқу орындары және азаматтық қорғау органдарының басқа бөлімшелері де қосыла алады.

Оқу орындарының жеке құрамы оқу жоспарында көрсетілген уақытқа байланысты гарнизон бөлiмдерiнде қарауыл қызметiн атқаруға қатыстырылады.

Оқу орындарының жаттықтыру өрт сөндіру бөлімдері гарнизондық қызмет атқарады. Оларда қарауыл қызметi ұйымдастырылады.

Азаматтық қорғау аумақтық органдарының, мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің, өрт сөдіру-техникалық оқу орындарының басшылары басқармаға бағынышты органдар мен бөлімшілірінде МӨҚҚ органдары Қызмет жарғы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.


Бақылау сұрақтары:

1. МӨҚҚ гарнизоны, гарнизон шекарасы: анықтауларын келтір.

2. Ауылдық жерлерде өрттерді сөндіру үшін гарнизон күштері мен құралдарын тарту тәртібін белгілейтін құжаттарды атаңыз.

3. Ауылдық жерлерде өрттерді сөндіру үшін гарнизон күштері мен құралдарын тарту жоспарын құрудың ерекшеліктері қандай?

4. Гарнизондық қызметтiң негiзгi мақсаттарын атаңыз.

5. Гарнизондық қызмет дегені не?

6. Өрттiң нөмiрi дегені не?

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысын бекіту туралы» 2010 жылғы 14 қарашадағы № 266 бұйрығы.8-15, 59-60 тармақтары.



Сабақ 3/2. Өртке қарсы қызмет гарнизонының лауазымды тұлғалары.

1. Гарнизон лауазымды тулғаларының тізімі.

2. Гарнизон лауазымды тулғаларының міндеттері.

Дәрісің мақсаты: өртке қарсы қызмет гарнизонының лауазымды тулғаларының міндеттері туралы мағлумат беру.


1. Гарнизон лауазымды тулғаларының міндеттері.

Гарнизонның лауазымды тұлғаларына:



  • гарнизон бастығы;

  • гарнизон бастығының орынбасары;

  • жедел кезекшi;

  • гарнизон аға диспетчерi, диспетчерi;

  • газ түтiннен қорғау қызметiнiң бастығы;

  • техника қызметiнiң бастығы;

  • байланыс қызметiнiң бастығы жатады.

Гарнизонның лауазымды тұлғалары өздерiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына, берiлген құқықтардың дұрыс және толық пайдалануына, белгiленген құпия тәртiптi сақтауға, өртке қарсы қызметтiң мүлiктерiнiң сақталуына жауап бередi.

Гарнизонның лауазымды тұлғаларының мiндеттерi олардың негiзгi қызмет орынында орындайтын функционалдық мiндеттерiне енгiзiледi.


2. Гарнизон лауазымды тулғаларының міндеттері.
Гарнизон бастығы

Гарнизон бастығы – азаматтық қорғау саласындағы аумақтық органының бастығы гарнизондық және қарауылдық қызметті ұйымдастыру мәселері бойынша басшылық етеді.

Гарнизон бастығы:


  • гарнизондық қызметтi ұйымдастыруға және бақылауға;

  • қызмет атқарудың, дайындық пен өрт сөндiрудiң озық тәжiрибелерiн енгiзуге;

  • гарнизондық қызметтi атқару кезiнде еңбектi қорғау, техникалық және өрт қауiпсiздiгi ережелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және қадағалауға;

  • МӨҚҚОЖЖ талаптарына және туындаған жағдайға сәйкес өртке, апатқа және зілзалалар болған жерге шығуға;

  • өрт сөндiрудi басқаруға;

  • сумен жабдықтаудағы, байланыстағы, жедел бөлiмдердiң өмiрлік маңызды жүйелеріндегі кемшiлiктердi жою, сондай-ақ гарнизон аумағында өрт техникаларының өту мүмкiндiктерiн қамтамасыз етуге ұсыныс енгiзуге міндетті.

Гарнизон бастығы:

  • белгiленген тәртiп бойынша гарнизондық және қарауыл қызметтерiн ұйымдастыру туралы шешiм қабылдауға, соның iшiнде гарнизон шекарасын, шығу кестесiн белгiлеуге, күштер мен құралдарды жұмылдыру тәртібін анықтауға және шығу кестесін бекітуге ұсынуға;

  • белгiленген тәртiп бойынша гарнизон қызметiнiң тапсырмаларын орындауға қажетті мәлiметтер мен жедел ақпараттарды сұратуға және алуға;

  • гарнизон бөлiмдерiнiң жауынгерлiк дайындығын тексеруге;

  • ірі өрт кезiнде, күрделi жедел өрт жағдайларында немесе айрықша жағдай туындағанда мемлекеттік өрт сөндіру бөлiмшелерiнiң қайта орналасуын жүзеге асыруға;

  • өрттi сөндiрудiң штаттан тыс штаб құрамын және оларды өрт сөндiруге қатыстыру тәртiбiн, сондай-ақ гарнизон бойынша жедел кезекшiлiктiң кестесiн бекiтуге;

  • гарнизондағы лауазымды тұлғалардың өзара келiспеушiлiгiн шешуге;

  • белгiленген тәртiп бойынша ерекше көзге түскен қызметкерлердi Мемлекеттік марапаттауға және құрметтi атаққа ұсынуға,

  • белгіленген тәртіп бойынша өртке қарсы қызмет гарнизонының қызметтерін анықтайтын құжаттарды бекітугеқұқылы.

Мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерімен, министрлік пен ведомстволардың авариялық және арнайы қызметтермен өрт сөндіруге дайындық жөнінде өзара әрекеттестік нұсқаулар мен келісімдер әзірлейді.
Гарнизон бастығының орынбасары

Гарнизон бастығының орынбасары - өрт сөндіру мемлекеттік мекемесінің жетекшісіне гарнизонның барлық өрт бөлімдері және лауазымды тұлғалары бағынады.

Гарнизон бастығының орынбасары:


  • гарнизонда өрт-тактикалық дайындықты ұйымдастыруға;

  • гарнизонның айқындама құжаттардың жүргізілуін ұйымдастыруға;

  • МӨҚҚОЖЖ талаптарына және туындаған жағдайға сәйкес өртке, апатқа және зілзалалар болған жерге шығуға;

  • өрт болған жерге гарнизон бастығы келгенге дейін өрт сөндіруге басшылық жасауға;

  • сумен жабдықтаудағы, байланыстағы, жедел бөлiмдердiң өмiрлік маңызды жүйелеріндегі кемшiлiктердi жою, сондай-ақ гарнизон аумағында өрт техникаларының өту мүмкiндiктерiн қамтамасыз етуге ұсыныс енгiзуге міндетті.

Гарнизон бастығының орынбасары:

  • белгіленген тәртіп бойынша гарнизонның лауазымды тұлғаларын тағайындау бойынша шешім қабылдауға, сонымен бірге олардың қызметтері бақылауды жүзеге асыруға;

  • белгіленген тәртіп бойынша өрт сөндіру мемлекеттік мекемесі филиалының бөлімшелері мен гарнизонның лауазымды тұлғаларына міндетті түрде орындау үшін бұйрықтар беруге, сондай-ақ ол бұйрықтардың орындалуын талап етуге;

  • белгіленген тәртіп бойынша гарнизондық қызмет тапсырмаларын орындауға қажетті жедел ақпараттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

  • ірі өрт кезiнде, күрделi жедел өрт жағдайларында немесе айрықша жағдай туындағанда мемлекеттік өрот сөндіру мекемелері бөлiмшелерінің қайта орналасуын жүзеге асыруға;

  • белгіленген тәртіп бойынша гарнизондағы өрт сөндіру техникасы есебіне бөлімшенің жауынгерлік есебіндегі өрт сөндіру техникалары құрамын өзгертуге;

  • өрт-тактикалық сабақтарын, байқаулар, жарыстар мен басқа да бүкіл гарнизондық іс-шараларң өткізілуін ұйымдастыруға;

  • гарнизондағы өрт сөндіру техникаларын пайдалану мазмұны мен дұрыстығын бақылауға және қамтамасызетуге;

  • гарнизондағы лауазымды тұлғалардың өзара келiспеушiлiгiн шешуге;

  • өз құзіреті шегінде гарнизон бөлімшелерінің жеке құрамын жауапкершілікке тартуға және ынталандыруға құқылы.


Гарнизонның жедел кезекшiсi, жедел кезекшінің орынбасары

(өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары, аға көмекшісі)

Гарнизонның жедел кезекшiсi мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі жетекшісіне бағынады.



Жедел кезекшi:

  • гарнизондағы шұғыл жағдайларды бiлуге, қызмет атқару кезiнде анықталған кемшiлiктердi жоюға, шараларын қолдануға, оның iшiнде оқиға болған жерге шығуға;

  • гарнизондық және қарауыл қызметiнiң атқарылуын бақылауды қымтамасыз етуге;

  • гарнизондық iс-шаралардың дайындығын қамтамасыз етуге және оларды өткізуге жеке басымен қатысуға;

  • өрт-тактикалық сабақтарды және жаттығуларды ұйымдастыруға және өткiзуге, кәсiби және басқа дайындық түрлерi бойынша сабақтардың ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылауға;

  • қызмет атқарудың, дайындықтың және өрт сөндiрудiң озық тәжiрибелерiн пысықтауға;

  • өмiрлiк маңызы бар қызметтермен бiрiгiп қимыл жасауға;

  • өрт сөндіру автокөлiктерi мен басқа да мобильдi, оның ішінде бөлімге өрт сөндіруден келген техникаларды жауынгерлiк есепке дер кезiнде қоюды қамтамасыз ету, өрт сөндіру техникасының жауынгерлік есептен алынуын қарастыруға және дұрыс шешiм қабылдауға;

  • гарнизонның регламенттiк құжаттарын әзірлеуді ұйымдастыруға және өзiдігінше дайындауға;

  • МӨҚҚОЖЖ талаптарына сәйкес өрт сөндіруге, апат және зілзала орындарына шығу және орын алған жағдайға қарай өрт сөндiруді басқаруға немесе бірінші кезектегі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге қатысушы қарауыл жұмысына басшылық жасауға;

  • газтүтінен қорғау қызметі бөлімшелері мен звенолары жеке құрамының демалуға қолайсыз ортада жұмыс істеу дайындығын, тыныс алу және көру органдарын жеке қорғану құралдарының техникалық жағдайын, газтүтінен қорғау қызметі бақылау бекеттері мен базаларының жабдықтары мен қамтылуын бақылауға;

  • өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде уақиғалар болған жағдайда, уақиға орнына дереу жетіп, қажетті шаралар қолданып ол туралы гарнизон бастығының орынбасарына хабарлауға міндетті.

Жедел кезекшi:

  • белгіленген тәртіп бойынша бөлiмдерде қарауыл қызметiнiң атқарылуын, кәсіптік және басқа дайындық сабақтарының өтiлуiн тексеруге;

  • гарнизондағы шұғыл жағдайлар жөнiнде қажетті ақпараттарды сұратып алуға, қызметтi ұйымдастыру, дайындық және өрт сөндіру, сұрақтары бойынша басқаратын және де басқа құжаттармен танысуға;

  • жауынгерлiк кезекшiлiк кезiнде бөлiм басшыларына (қарауыл бастығына) және гарнизонның лауазымды тұлғаларына өз құзіреті шегінде, гарнизондық және қарауыл қызметiнiң сұрақтары бойынша, оның iшiнде мобильдi өрт сөндіру техникаларының уақытша орын ауыстыруы туралы, соңынан гарнизон бастығына баяндай отырып, орындалуы міндетті өкім беруге;

  • кейінге қалдыруды күттiрмейтiн жағдайларда қатардағы және басшы құрамын жауынгерлiк кезекшiлiктi атқарудан дереу босатуға және осы туралы гарнизон бастығына немесе оның мiндетiн атқарушыға бiрден баяндауға;

  • белгіленген тәртіп бойынша өртке қарсы қызметiнiң басқару органдары мен бөлiмдерiнiң бастықтарына жеке құрамды мадақтау және шара қолдану туралы ұсыныс беруге құқылы.


Аға диспетчер (диспетчер), ӨСБОП радиотелефонисі

«101» телефон байланысы бойынша өрт және басқа төтенше жағдайлар туралы хабарларды қабылдайтын және шақырған жерге өрт бөлімдерінің шығуын, олардың өрт орнындағы және төтенше жағдайды жою барысындағы байланыс пен жұмысын қамтамасыз ететін, ӨСБОП кезекші ауысымының аға лауазымды тұлғасы гарнизон диспетчері болып табылады, ал ӨСБОП болмаған жағдайда өрт сөндіру мемлекеттік мекемесі филиалы бөлімінің кезекші диспетчері (радиотелефонист) болады.

Гарнизон диспетчерi жедел қатынас бойынша жедел кезекшiге, ал техникалық байланыс құралын күту, пайдалану бойынша - байланыс қызметiнiң бастығына бағынады.

Гарнизон диспетчерi:



  • гарнизондағы жедел өрт сөндіру жағдайларын, өрт сөндіру бөлімдерінің шығу ауданын, ірі көлемді өрттерді сөндіру орталықтарын, шұғыл өрт сөндіруге шақырту хабарламасы бойынша аса маңызды объектілерді, сусыз аудандарды (учаскелер), қарауылдың техникалық мүмкіншіліктері мен техникалық жабдықтары, өрт сөндіргіш заттардың орналасқан негізі қорын, сондай-ақ өрт сөндіру қызметі гарнизоны бөлімшелерінің орнын білуге;

  • гарнизондағы ақпарат аппараттары мен жазуға қажетті байланыс құралдарының жұмысы мен оларды пайдалану тәртібін бақылауға;

  • «101» телефон байланысы арқылы мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері бөлімшелерін шақырулар туралы хабарламаларды қабылдауға;

  • шығу кестесіне сәйкес шақырылған жерге гарнизонның күштер мен құралдарын жiберуге;

  • белгіленген тәртіп бойынша гарнизон бөлiмi қарауылдарының, бөлiмшелерiнің орын ауысуын қамтамасыз етуге;

  • гарнизонның күштері мен құралдары туралы мәлiметтерді жинақтауға;

  • гарнизон бөлiмдерiмен және өмiрлiк маңызы бар қызметтермен байланыстың болуын тексеруге;

  • белгiленген тәртiп бойынша гарнизонның лауазымды тұлғаларына бөлiмiнiң шығуын және олардың жұмыс орынындағы жағдайын баяндауға;

  • жедел кезекшiге, сондай-ақ гарнизон бөлімдеріне жедел жағдайдың өзгергені туралы түскен мәлiметтi жеткізуге;

  • жедел кезекшiнiң және мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері бөлімшелерінің басқа лауазымды тұлғаларынан түскен ақпараттар мен жедел кезекішінің өкiмдерiн гарнизон бөлiмдерiне жеткiзуге, регламенттiк құжаттарды жүргiзуге міндетті.

Гарнизон диспетчерi:

  • гарнизон бөлiмдерiнде күштер мен құралдардың болуы және олардың жағдайы туралы ақпаратты сұрауға;

  • өртке қарсы қызметi бөлiмдерiндегi күштер мен құралдар, өрт сөндіруге қатысу салдарынан, шығу ауданында жетiспеген жағдайда қарауылдың сабаққа, өрт-тактикалық тапсырмаларды шешуге тыйым салуға;

  • гарнизонның лауазымды тұлғаларынан гарнизондағы жедел жағдайды қиындататын, анықталған кемшiлiктердi жоюды талап етуге;

  • гарнизон бөлiмдерi арасындағы радио алмасудың дұрыс жүргiзiлуiн қадағалауға құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет