1. Жеке құрам оқытудың мақсаттары, міндеттері, мерзімдері және тәртібі.
Өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамын даярлау Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бұйрықтары мен нұсқауларының, жарғылар, тәлім және Даярлау ережесі негізінде ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің алғашқы бастама және жауынгерлік даярлығының міндеттері мен маңызы Қазақстан Республикасы білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау, азаматтық қорғау саласында қолданылып жүрген заңдарының, нормативтік-құқылық актілер талаптарымен, сондай-ақ Даярлау ережесімен анықталады.
Өртке қарсы қызметінде қауіпсіздік техникалар мәселелері оқытушыларды даярлаудың кез-келген санатының аса маңызды құрамды бөлігінің бірі болып саналады. Олар әр сабақта қаралуға тиісті.
Жауынгерлік даярлық – жедел-қызмет тапсырмалар мен қызметтік міндеттерді табысты орындау мақсатында, күнделікті практикалық қызмет барысында өртке қарсы қызметінің қызметкерлеріне оқу пәндері қатарын оқытуға енгізілетін біліктілікті арттырудың түрі.
Оқу жылы үстіміздегі жылдың 3 қаңтарынан басталады және – 10 желтоқсанда аяқталады, оқушыларға каникул демалысы шілденің 1-нен 30-на дейін беріледі. Оқу жылы оқытылған барлық пәннен сынақ тапсырумен аяқталады.
Кезекті оқу жылын аяқтағаннан келесі оқу жылын бастағанға дейінгі уақыт оқытудың қорытындысын шығаруға, бөлімшетұлғаларымен қосымша сабақ өткізуге, оқу материалын нашар меңгергендерге, өрт сөндірудің жоспары мен карточкасын қосымша өңдеу мен түзетуге, оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, спорттық-жаппай іс-шараларды жүргізуге, кезекші қарауыл жеке құрамының тұрмыстық құрылымын, апаттарды жою барысында арнайы жұмыстарды орындауға жеке құрам дайындығына беріледі.
Кезекші қарауыл жеке құрамымен Тактикалық-арнайы даярлық сабағы күніне 4 сағат жүргізіледі, азын-аулақ бөлімшелерінде (бір кезектегі саны 5 адамға дейін) және жеке постарда – күніне 3 сағат жүргізіледі. Өрт-тактикалық даярлығы, өрт-құтқару даярлығы бойынша практикалық сабақтар жоспарланбағанда міндетті түрде оқу уақытының бір сағаты ГТҚҚ, өрттен-құтқару даярлығы бойынша нормативтерді машықтауға беріледі. Машықталған нормативтер тізілімі осы басқа сабақ түрін жүргізу барысында жеке құрамның алған даярлығы мен дене жүктемесін ескере отырып бөлімшенің бастығымен анықталады. Жеке құрамы мүлде аз бөлімшеде, одан басқа, айына бір рет 4 сағаттан сабақ өткізіледі. Бұл сабаққа барлық жеке құрам, оның ішінде кезекшіліктен бос тұлға да барады. Олар өндірістік оқу ретінде қарастырылады, және осы сағаттарға қосымша ақы немесе демалыс түрінде өтемақы төленбейді.
Күзетілетін объектілерде постық және шолғын қызметін атқаратын және қарулануға шығатын өрт сөндіру техникалары жоқ бөлімшелер сабақтарында келесі мәселелер оқытылсын: объектінің технологиялық өндірісінің өртке қауіптігі, күзетілетін объектілерде бар өрт сөндіру автоматикаларының құрылымы мен жүйесін техникалық сақтау талаптары, өрт сигнализациясының құрылы мен жүйесі; объетінің қызметі мен қызмет көрсету персоналдарының өзара қатынас тәртібі; өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуі және өрт сөндіру жоспары бойынша іс-әрекетті машықтау; тікелей поста немесе шолғында постық және шолғындық атқару қызметін оқыту.
Сабақтың өткізілу уақыты жергілікті жағдайға байланысты мемлекеттік өрт сөндіру мекемесның бастығы анықтайды. Оқу (академиялық) сабағының ұзақтығы 45 минут.
Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды есепке алу «Жауынгерлік даярлығын есепке алу журналында» жүргізіледі.
Бөлімше бастықтары мемлекеттік өрт сөндіру мекемесінің келісімі бойынша қажетті жағдайларда күзетілетін объектілердегі қызметке кері әсерін тигізбейтіндей, нақты сабақтар (пәндер) үшін қарастырылған кезекші қарауылдағы күнделікті сабақтың сағат санын және олардың өткізілу уақытын өзгертуіне болады.
Тактикалық-арнайы даярлық тақырыбы бойынша сабақтар (оның ішінде нормативтерді машықтау) мемлекеттік (ұлттық) мереке күндері өткізілмейді және бір айдың ішінде басқа күнге (резервтік уақытқа) ауыстырылады (өткізу мерзімі мен уақыты сабақ кестесінде көрсетіледі).
Тактикалық-арнайы даярлық жүйесіндегі сабақ нормативтерді практикалық түрде машықтауды, өрт техникаларымен авариялық-құтқару және өрт-техникалық жабдықтарымен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін, жедел өрт сөндіру жоспарларымен карточкаларын машықтауды, өрт-тактикалық сабақтары мен жаттығуларды өткізуді, ірі өрттерді сөндіруді талдауды қамтиды.
Өртке қарсы қызмет гарнизоны жеке құрамы Тактикалық-арнайы даярлығының негізін гарнизон бөлімшелерін тарта отырып (ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) өткізілген өрт-тактикалық жаттығуын (сабақтарын) құрайды.
Өрт-тактикалық сабақтарын: мемлекетік өрт сөндіру мекемесінің бастығы және оның орынбасарлары, мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі басқарма аппаратының басқа да лауазымды тұлғалар (аумақтық гарнизонның басшылғымен анықтаталатын), күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы мен оның орынбасарлары, жасақ бастығы мен оның орынбасарлары (жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасарынан басқа), кезекшілік өрт сөндіру қызметі өткізеді.
Өрт-тактикалық сабақтарын КӨСҚ, бөлімше бастығы мен оның орынбасарлары (оның ішінде жеке құраммен жұмыс істейтін орынбасар) өткізеді.
2. Тактикалық-арнайы даярлықты жоспарлау құжаттары.
Тактикалық-арнайы даярлықты жоспарлаудың негізгі құжаттары:
1) аумақтық өртке қарсы қызмет гарнизонында - Тактикалық-арнайы даярлықтың 1 жылға арналған жоспар-кестесі болып табылады, ол аумақтық гарнизонның басқару аппаратының басшылығы мен қызметкерлері өткізетін күндізгі және түнгі уақытта өткізілетін өрт-тактикалық жаттығуды (сабақтарды), ТОЖҚҚ-да жеке құрамның жаттығуын, от жолағында психологиялық дайындықты өткізуді, бөлімшелер мен гарнизондарда Тактикалық-арнайы даярлықтың жүргізілуін бақылауды, жиын, семинар, тағылымдамаларды және Тактикалық-арнайы даярлықтың басқа мәселелерін жүргізуді ұйымдастыруды қамтиды. Әзірленген құжаттарды мемлекеттік өрт сөндіру мекемесінің бастығы бекітеді Тактикалық-арнайы даярлықтың жоспар-кестесін мемлекеттік өрт сөндіру мекемесінің келесі жылға арналған жұмыс жоспарының бөлімдері түрінде беруге болады.
2) жасақта өрт сөндіру бөлімінде (оның ішінде мамандандырылған жасақтарда, бөлімдерде) пәндер мен оқыту айлары бойынша уақытты бөлудің жылдық жоспары, мемлекеттік өрт сөндіру мекемесінің бастығы бекіткен оқу жылына арналған Тактикалық-арнайы даярлықтың тақырыптық жоспары, бөлімше басшылығы өткізетін күнгізгі және түнгі уақытта жоспарлы өрт-тактикалық сабақтарын (жаттығуларын), ТОЖҚҚ-да жеке құрамды жаттықтырудың, отты жолақта психологиялық дайындық өткізудің, сондай-ақ авариялық-құтқару жабдығымен және қару-жарақпен (авариялық-құтқару жабдығы мен қару-жарағы бар бөлімшелер үшін) жұмыстар болып табылады.
Кезекті оқу жылының басталар алдында бөлімше бастығы өткен жылғы оқу қорытындысына талдау берілген бұйрық шығарады, сабақтың өткізілу тәртібі, оқу тобының құрамы және олардың жетекшілері анықталады, сондай-ақ жоспарлау-тіркеу құжаттарының жүргізілуіне жауапты тұлға тағайындалады.
Тактикалық-арнайы даярлықтың жоспарлануын жедел-қызметтік жұмысының ерекшелігін, (объектінің) шығу аудандарын, техникалар саны мен материалдық-техникалық оқу базасын, өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің санын, бөлімшелердің дайындық дәрежесі мен жеке құрамдарының жинақылығын, қызметтік тапсырмаларды мен шешім нәтижелерін ескере отырып, міндетті түрде жүзеге асыру қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Қараул жеке құрамынын Тактикалық-арнайы даярлықтын оқу жылының өту аралығы қандай?
2. Тактикалық-арнайы даярлықпен оқып жатқан қараулдарға демалыс қашан беріледі?
3. Тактикалық-арнайы даярлықпен кезекші қараулдар жеке құрамымен сабақтар күнде неше сағаттан өтеді?
4. Өрт тактикалық оқулар өткізу кезеңділігі.
5. Тактикалық-арнайы даярлықты жоспарлайтын негізгі құжаттар.
6. Өртке қарсы қызмет гарнизонының жаунгерлік дайындық негізін не құрайды?
7. Өрт сөндіру жоспар мен карточкалардың түзетүлері қашан жүргізіледі?
Әдебиет:
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының тактикалық-арнайы даярлығы, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетiтөрағасының2015 жылғы 22мамырдағы№ 120 бұйрығы.
Сабақ 4/5. Оқытуға басшылықету, бөлімшеде жаунгерлік дайындықтын корытындысын шығару.
1. Оқытуға басшылықету.
2. Бөлімшеде жаунгерлік дайындықтын корытындысын шығару.
Дәрістің мақсаты: Оқытуға жетекшілік жасау, бөлімшеде жаунгерлік дайындықтын корытындысын шығару тәртібін түсіндіру.
1. Оқытуға басшылық ету.
Мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің бөлімшелеріндегі жеке құрамының Тактикалық-арнайы даярлығына басшылық жасау олардың бастықтарына жүктеледі. Тактикалық-арнайы даярлық бойынша сабақтарды өткізу сапасын бақылау өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармаларына (бөлімдеріне), сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің жасақтары мен кезекшілік қызметтеріне жүктеледі.
Бөлімше бастықтары Тактикалық-арнайы даярлықтың тікелей басшылары болып саналады және жеке құрамның тәрбиесіне және оқыту бағдарламасының орындалуына жауап береді.
Бөлімше бастығы:
1) жеке құрамының жауынгерлік даярлығын дер кезінде және нақты жоспарлануын қамтамасыз етуге;
2) әр сабақтың өткізілуіне басшы құрамның даярлығын тексеруге және сабақ жоспары мен қысқаша жазбасын бекітуге;
3) жеке сабақ өткізуге;
4) өткізілген сабақтардың сапасын жүйелі тексеруге, жеке құрамның жаттығуын, бөлімшелер мен қарауылдардың Тактикалық-арнайы даярлығын, дайындық жағдайын талдауға және оны жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеуге;
5) бөлімдерде әскери дайындықтың қорытындысын шығаруды басқаруға міндетті.
Қарауыл (ауысым) бастығы кезекші қарауылдың жеке құрамымен сабақты конспект-жоспарды өзі әзірлеген сабақ кестесіне сәйкес ұйымдастырады және өткізеді, Тактикалық-арнайы даярлыққа және қарауыл жеке құрамының тәрбиесіне жауап береді.
Бөлімше командирі әр өрт сөндірушінің жауынгерлік біліміне және бөлімше жұмысына араласуына жауап береді, жоспарды (конспект) өзі әзірлеп, бөлімшеге сабақ өткізеді. Ол әр өрт сөндірушінің оқу дәрежесін, жаттығуын және жеке ерекшелігін білуге міндетті.
2. Бөлімшеде жаунгерлік дайындықтын корытындысын шығару.
Бөлімше жеке құрамы Тактикалық-арнайы даярлығының қорытындысы қарауылда тоқсан сайын, бөлімшелерде – жылына 2 рет (жартыжылдық және күнтізбелік жылдық комиссия хаттамасын дайыдап) өткізіледі.
Қарауылдарда тоқсандық жауынгерлік жайындық қорытындыларын шығару тыңдаушының есептік тоқсан ішінде алған бағаларының негізінде әрбір оқу пәні бойынша қорытынды баға шығару арқылы жүзеге асырылады. Штаттық радиотелефоншылар, диспетчерлер міндетті түрде өзіндік дайындық қорытындысы бойынша сынақ тапсырады немесе тест тапсырады. Әрбір пән бойынша тоқсандық қорытынды бағаны есептік тоқсан ішінде нақты пәннің басшысы болып табылатын қызметкерлердің қатарынан аға лауазымды тұлға шығарады. Тоқсандық қорытынды шығару кезінде практикалық нормативтерді қосымша машықтау жүргізілмейді.
Жартыжылдық және оқу жылының Тактикалық-арнайы даярлық қорытындыларын шығару құрамында бөлім бастығы мен орынбасарлары бар комиссия хаттама жазып жұрзіледі. Бөлімшенің басшы құрамының саны жеткіліксіз (толық жинақталмаған, штат саны аз және т.б.) болса, қорытынды шығару комиссиясына мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі басқарма аппаратының немесе тиісті аумақтағы төтенше жағдайлар басқармаларының, бөлімдерінің жауапты қызметкерлерін қосуға болады. Қорытынды шығару бір күнде (бөлімнің барлық жеке құрамын жинау) немесе бірнеше күн (бірақ 4 күннен аспайтын) ішінде (кезекшілік ауысыммен, қарауылмен) ұйымдастырылуы мүмкін. Қорытынды шығару кезінде болмаған тұлғаларда (демалыста болу, науқас болу және т.б.) қызметке шыққаннан кейін комиссияның қатысуымен қосымша хаттама дайындалып, тиісті сынақтар алынады.
Сынақ қабылдау хаттамасында әрбір оқу пәні бойынша (7 пән), соендай-ақ арнайы дайындық санаты бойынша (әр санат бойынша – кестенің жеке бағанында) қорытынды бағалар (5 балдық көрсеткішпен) қойылады және оның негізінде міндетті түрде әрбір қызметкерге қорытынды жеке баға қойылады. Жартыжылдық және жылдық Тактикалық-арнайы даярлық қорытындысын шығару кезінде пәндер бойынша бағалар оқу журналының 1-бөлімнде қойылады.
СӨД, ГТҚҚ бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері тиісті оқу пәні («СӨД») бойынша қорытынды шығару кезінде ескеріледі, қорытынды баға оқу журналының 2-бөлімінде және оқу қорытындыларын шығару хаттамаларына қойылмайды.
Жартыжылдық және жылдық қорытындыларды шығару кезінде СӨД бойынша мынадай нормативтер міндетті түрде қабылданады:
1) жауынгерлік киімді жәна жарақты кию (жеке немесе бөлімше құрамында);
2) дабыл бойынша жиналу және шығу;
3) жылжымалы (шабуыл) сатымен жаттығу немесе автосатымен көтерілу;
4) қос құтқару лмегімен оны құтқарылушыға кигізу арқылы байлау;
5) құтқару арқанын құрылымға бекіту;
6) жауынгерлік қанат жаю (бір түрін).
СӨД бойынша орындау үшін міндетті нормативтердің тізбесі мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі басшылығының шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
СӨД бойынша басқа нормативтер бөлімше (комиссия) басшылығының қалауымен қабылдануы мүмкін немесе олардың бағалары алдыңғы тапсырылған нормативтердің нәтижелері (журналдың 2-бөліміндегі жазбаларға сәйкес) негізінде ескеріледі.
Тактикалық-арнайы даярлыққа қойылатын жеке баға:
1) өрт-тактикалық дайындығы бойынша – бағдарламаның теориялық сұрақтары мен Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысының негізгі ережелерін білуі, өрт-тактикалық жаттығуларда, өрт сөндіру кезінде сабақтарда практикалық іс-қимылдарды орындай білуі үшін қойылған бағалардан;
2) өрт-техникалық дайындығы бойынша – бағдарламаның теориялық сұрақтарын білуі және өрт-техникалық қару-жарағымен жұмыс істеу кезінде оларды практикада қолдана білуі үшін, құрылғыларды және жұмыс қағидаларын, сондай-ақ бекітілген ТОЖҚҚ мен техниканы тиісті қамтылуын білуі үшін қойвлатын бағалардан;
3) өрттен құтқару дайындығы бойынша – теориялық сұрақтарды және өрт-техникалық жабдығымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын білуі үшін, сонда й-ақ жаттығуды практикалық түрде орындау үшін қойылатын бағалардан тұрады. Бұл ретте өрттен құтқару дайындығы бойынша жалпы баға нормативтерді (практикалық жұмыстарды) орындағаны үшін қойылатын бағалардан және бағдарламаның оқу (тақырыптық) сұрақтарын білуі үшін қойылатын бағалардан тұрады және былай анықталады: «үздік» - тыңдаушы міндетті практикалық нормативтерді жақсы деген бағадан төмен емес орындайды, бұл ретте оның кемінде жартысы үздік деген бағаға орындауы қажет, басқа нормативтер – қанағаттанарлықтан төмен емес, теориялық білімі үшін жақсы деген бағадан төмен емес баға алған; «жақсы» - тыңдаушы міндетті практикалық нормативтерді үздік орындайды, қалғандарын – қанағаттанарлықтан төмен емес, теориялық білімі үшін қанағаттанарлық деген бағадан төмен емес баға алған; «қанағаттанарлық» - екі бағасы да «қанағаттанарлықтан» төмен емес.
4) өрттің алдын алу дайындығы бойынша – теориялық сұрақтарды және бекітілген учаскеде, секторда, цехта, тұрғын үй секторында және т.б. өрттің алдын алу жұмысының жай-күйін білуі үшін қойылатын бағалардан;
5) жеке жайындығы бойынша – жас ерекшелік тобын ескерре отырып, бес және одан астам жаттығу орындағаны үшін қойылатын бағлаардан;
6) медициналық дайындық бойынша – төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың теориялық мәселелерін білуі және әр түрлі зақым алған кезде зардап шегушілерге практикалық алғашқы медициналық көмек көрсете білуі үшін қойылатын бағалардан;
7) АҚ ӨҚҚ бойынша – бағдарламаның теориялық сұрақтарын білуі және нормативтерді парктикалық орындай білуі, сондай-ақ жеке қорғану құралдарының болуы үшін бағалардан тұрады.
Оқу пәндері бойынша оқу (теориялық) мәселелерін білуі үшін қойылатын баға келесі үлгіде анықталады:
«Үздік» - сынақ өтуші қойылған сұрақ көлемінде бағдарлама материалы бойынша терең білім көрсеткен, білімді, терең ойлай, практикада теориялық білімін қолдана біледі.
«Жақсы» - сынақ өтуші бағдарлама материалын жақсы біледі, білімді, сұраққа толық жауап береді, практикада теориялық білімін дұрыс қолдана біледі.
«Қанағаттанарлық» - сынақ өтуші қойылған сұрақ бойынша негізгі материалдан білімі бар, бірақ толық меңгермеген, жауап бергенде біршама қателер жібереді.
Егер сынақ өтуші қойылған сұраққа жауап беруде үлкен қателіктер жіберсе, практикада алған білімін қолдана алмаса, онда «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.
Сынақ өтушіге жалпы жеке баға келесі үлгіде анықталады:
«Үздік» - 50 және одан астам пайыз пәндер бойынша (оның ішінде арнайы дайындық дайындықтан) «үздік» баға, ал пәндер бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес;
«Жақсы» - әрбір оқу пәні бойынша қорытынды бағалар (оның ішінде арнайы дайындықтан) «жақсы» деген бағадан төмен емес;
«Қанағаттанарлық» - әрбір оқу пәні бойынша қорытынды бағалар (оның ішінде арнайы дайындықтан) «қанағаттанарлық» деген бағадан төмен емес;
«Қанағаттанарлықсыз» - тым болмаса бір пәннен қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған кезде (оның ішінде арнайы дайындықтан).
Жергілікті және орындалатын тапсырмалардың ерекшеліктерге
Бөлімшені (бөлімше, қарауыл) оқыту пәні бойынша баға жеке құрамның алған жалпы жеке бағасы бойынша шығарылады және төмендегідей анықталады:
«Үздік» - егер сынақтан өтушілердің 100 %-ы «үздік» және «жақсы» баға алса, оның 50 % әне одан астамы– «үздік» баға болса,
«Жақсы» – егер сынақтан өтушілердің 100 %-ы «үздік» және «жақсы» баға алса, оның 50 % – «жақсы» баға болса,
«Қанағаттанарлық» - егер сынақтан өтушілердің 100 %-ы оң баға алса.
Бақылау сұрақтары:
1. Тактикалық-арнайы даярлық бойынша сабақтарды өткізу сапасын бақылау кімге жүктеледі?
2. Тактикалық-арнайы даярлық бойынша бөлімше бастығының міндеттері қандай?
3. Қарауыл жеке құрамының Тактикалық-арнайы даярлыққа және тәрбиесіне кім жауап береді?
4. Әр өрт сөндірушінің жауынгерлік білімінекім жауап береді?
5. Қарауылдарда Тактикалық-арнайы даярлықтың қорытындысын шығару мерзімдері, Тактикалық-арнайы даярлықты бағалау өлшемдері.
Әдебиет:
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының тактикалық-арнайы даярлығы, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетiтөрағасының2015 жылғы 22мамырдағы№ 120 бұйрығы.
Сабақ 4/8. МӨҚҚ бөлімшелерінде үйретулер мен істі ойындарды қолдану.
1. МӨҚҚ бөлімшелерінде үйретулер мен істі ойындардықызмет жүзіндеқолдану.
2. Істі ойындар мен үйретулердің маңызы.
Дәрістің мақсаты: МӨҚҚ бөлімшелерінде үйретулер мен істі ойындарды өткізу тәртібін түсіндіру.
1. МӨҚҚ бөлімшелерінде үйретулер мен істі ойындардықызмет жүзіндеқолдану.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өртке қарсы қызмет басшы құрамының тактикалық дайындығының жоғарғы формасы және жауынгерлік дайындықтың жоғарғы деңгейіне қол жеткізудің маңызды құралы болып табылады. Олар өрттегі шын жағдайға жақындатылған жағдай мен қарқында, шаруашылық жүргізуші нақты объектілер мен елді-мекендерде өткізіледі. Оқу-жаттығуға бір қарауылдан артық күштер мен құралдар, арнайы қызметтер (су құбыры, энергетикалық, газ авариялық және т.б.) және өрт сөндіруге ыңғайланған және басқа да техника тартылады. Оқу-жаттығуларда өрттегі жедел штаб құрылады, имитациялық құралдар кең қолданылады, бірақ шарттылықтар барынша азайтылуы тиіс.
Тактикалық оқу-жаттығулар ұзақтығы әр түрлі болады. Олар түндіз де түнде де өткізіледі.
Тактикалық оқу-жаттығуларда нақты объектіде өрт сөндіруді ұйымдастыру мен тактикасының барлық мәселелерін басшы және қатардағы құраммен практикалық шыңдау үйретудің негізгі тәсілі болып табылады. Қажетті жағдайларда оқу-жаттығу басшысы практиканы көрсетумен және ауызша жеткізумен ұштастырады.
Оқу-жаттығуларда өртте түрлі лауазымды адамдар (ӨСЖ, ШБ, ТБ, ЖУБ) міндеттерін атқарған кезде өрт сөндіру бөлімшелерінің іс-әрекеттерін басқару жөніндегі басшы құрамның тактикалық ойлауы жетілдіріледі, жедел штабтың, тылдың, өрттегі байланыстың жұмыс мәселелері, өрт сөндіру бөлімшелерінің объектінің инженерлік-техникалық қызметкерлерімен және арнайы қызметтермен өзара әрекеттесуі, сондай-ақ өрт сөндірудің түрлі әдіс-тәсілдері шыңдалады, жеке құрамның дене дайындығы мен моральдік-жігерлік сапалары, олардың ауыртпалықтар мен мұқтаждықтардан қабырғалары қайыспау қабілеттері жетілдіріледі.
Тактикалық оқу-жаттығулар өткізген кезде барлау жүргізудің тактикалық сауаттылығына, өрттегі жауынгерлік іс-әрекеттердің шешуші бағытын дұрыс анықтауға, адамдарды құтқару мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыруға, өрттегі (тылдағы) жедел штабтың жұмысына, ерекше және күрделі жағдайларда өрттерді сөндіруге, өрт сөндіру бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндігін пайдалануға, өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының қаланың (объектінің) арнайы қызметтерімен өзара әрекеттесуіне, өрттегі жағдайды дұрыс бағалауға, өртке өрт сөндіру кезінде қажетті, бөлімшелер мен техниканы дер кезінде шақыруға, жеке құрамның техника қаупсіздігі ережелерін сақтауларына назар аудару қажет.
Тактикалық оқу-жаттығулармақсаты бойынша тына түрлерге бөлінеді: жаттығу, тексеру,көрсету, кешенді және тәжірибелі.
Жаттығу оқу-жаттығулары күрделі жағдайлардағы өрттер мен аварияларды жою бойынша іс-әрекеттерге өртке қарсы қызметтің басшы құрамы мен бөлімшелерін жаттықтыру мақсатында өткізіледі. Оқу-жаттығудың бұл түрі басшы құрамды тактикалық дайындаудың жалпы жүйесінде негізгі болып табылады.
Тексеру оқу-жаттығулары өртті сөндіруді басқаруға басшы құрамның дайындық деңгейін анықтау, сондай-ақ өрт сөндру кезінде жауынгерлік іс-қимылдар жүргізуге жалпы гарнизон мен жекелеген бөлімшелердің дайындық дәредесін анықтау мақсатында өткізіледі. Олардың кезеңділігі гарнизон бастығымен белгіленеді.
Көрсету оқу-жаттығулары өрт сөндру кезінде бөлімшелерді басқару жөніндегі жаңа әдіс-тәсілдерді, өртті сөндірудің жаңа әдіс-тәсілдерін, жаңа техниканы, өрт сөндіретін құралдарды көрсету мақсатында саны МӨҚҚБ бастығымен белгіленетін, жылына кем дегенде екі рет (қысқы және жазғы кезеңде бір оқу-жаттығудан) өткізіледі.
Көрсету оқу-жаттығуларының өзге түрі өртті сөндірудің жаңа әдіс-тәсілдерін, жаңа техниканы, өрт сөндіретін құралдарды зерттеу, сынау (тексеру) мақсатында өткізілетін оқу-жаттығу болып табылады.
Олар тиісті басшылармен келісім бойынша полигондарда, нақты объектілерде (әдетте, бос үйлерде, баланстан шығарылған басқа да ғимараттарда), әр түрлі қондырғыларда (резервуарларда), шаруашылық жүргізуші объектілерде өткізіледі. Осындай оқу-жаттығуларда шындыққа барынша жақындатылған, жағдай жасалады.
Осындай оқу-жаттығуларға дайындық ерекше көзқарасты талап етеді, тартылатын күштер мен құралдардың барлық іс-әрекеттері алдын ала келісіледі, жауаптылар анықталады.
Кешенді оқу-жаттығулар жаттығу, тексеру, көрсету оқу-жаттығуларын өткізу кезінде шешілетін міндеттер біріктіріледі. Бұдан өзге, шаруашылық жүргізуші объектілердің өртке қарсы тұрақтылық деңгейін кешенді бағалау мақстында өткізіледі.
Тәжірибелі, көрсету және кешенді оқу-жаттығулар дайындау және өткізуге қызмет және дайындық бөлімінің, Мемөртбақылаудың, өрт сөндіру техниксы, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы бөлімдерінің басшы құрамы тартылып, жұмыс қызметінің бағыттары бойынша оң жақтары мен кемшіліктерін талдайды, кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және оқу-жаттығу басшысына баяндайды. Оқу-жаттығу басшысының шешуі бойынша олар сонымен қатар басқа да міндеттерді орындай алады.
Көрсету және кешенді оқу-жаттығуларға қызмет атқарудан бос, гарнизон басшы құрамының барлығы тартылады.
2. Істі ойындар мен үйретулердің маңызы.
Тактикалық оқу-жаттығулар өртке қарсы қызмет аппараты мен бөлімшелері бастықтарымен, гарнизон бастығы және оның орынбасарларымен, қызмет және дайындық бөлімінің (бөлімшесінің) қызметкерлерімен, өрт сөндіру кезекші қызметтерімен, жедел кезекшілермен, сондай-ақ гарнизонның жедел-жұмыс қызметін тексеру тапсырылған адамдармен өткізіледі.
Тактикалық оқу-жаттығулар өткізу өртке қарсы қызмет гарпнизонының жұмыс жоспарымен және жауынгерлік дайындықтың жоспар-кестесімен қарастырылады.
Тактикалық оқу-жаттығулар өткізу уақыты мен орны алдын ал объектілер басшыларымен келісіледі.
Тактикалық оқу-жаттығуларға күштер мен құралдарды шақыру шығу кестесіне не өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Оқу-жаттығулар басшысы мен делдалдарды дайындау. Әр тактикалық оқу-жаттығуларға оқу-жаттығулар басшысы мұқият дайындықпен келеді және ол мыналарға міндетті:
- оқу-жаттығудың тақырыбы мен мақсатын анықтау;
- объекті таңдау;
- оның жедел-тактикалық ерекшеліктерін зерделеу;
- объекті әкімшілігімен оны өткізу датасы мен уақытын келісу;
- осы тәрізді объектілерде өрттің дамуын және сөндіруді ұйымдастыруды талдау;
- ықтимал шартты өрт жағдайын ескеріп, тактикалық ниет пен имитация тәртібін әзірлеу;
- өрттің бірінші байқау уақытындағы, бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келгендегі ықтимал өрт жағдайын, өртті оқшаулау және жою сәтіндегі аға жедел бастықты анықтау;
- оқу-жаттығу өткізу уақыты мен ұзақтығын анықтау, оқу-жаттығуға тартылатын күштер мен құралдарды белгілеу.
Оқу-жаттығу басшысы алдын ала дайындықтың негізінде жалпы бөлімнен және әдістемелік әзірлемеден тұратын жоспар-конспекті әзірлейді.
Жоспар-конспекті әзірлеп, оқу-жаттығу басшысы делдалдар мен имитаторлар дайындығын ұйымдастырады.
Делдалдарды оқу-жаттығуды дайындау мен өткізуде басшыға көмек көрсету үшін өрт сөндіру тәжірибесі бар басшы құрам арасынан тағайындайды. Делдалдар санын желгілікті ерекшеліктерді, тактикалық ниеттің күрделілігін, оқу-жаттығуға тартылатын күштер мен құралдарды ескеріп оқу-жаттығу басшысы белгілейді.
Оқу-жаттығу басшысы делдалдарды дайындаған кезде міндетті:
- олармен оқу-жаттығу өткізілетін объектіні жедел-тактикалық зерделеуді ұйымдастыру, оларды жұмус учаскелері бойынша (ӨСЖ, ШБ, ТБ, ЖУБ, ББ жанындағы делдалдар, ТҚ жауапты) бөлу және міндеттерін айқындау;
- оларды тактикалық ниетпен және оны шешудің ықтимал нұсқаларымен таныстыру, оларға жоспар-конспектіден үзінді беру, жағдайды жариялау тәртібін белгілеу, шартты өрт жағдайын өзгерту үшін имитация құралдарын қолдану тәртібі туралы нұсқау беру;
- оқу-жаттығу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауға делдалдардың назарын аудару.
Делдал міндетті:
- оқу-жаттығу мақсатын, тактикалық ниетін және жасалатын жағдай бойынша басшы құрамның күтілетін шешімін зерделеу;
- оқу-жаттығу басшысы белгілеген тәртіпке сәйкес, оқу-жаттығу барысында жағдайды имитациялау және уақытында және белгілеген жерде кіріспені жариялау;
- объектіде технологиялық процесстің не белгіленген режимнің бұзылуына, аварияға, жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін, басшы және қатардағы құрамның іс-қимылдарындағы қателіктердің алдын алуға шаралар қабылдау;
- бекітілген учаскеде басшы құрамның іс-қимылдарын сипаттайтын, уақыты бойынша қажетті жазбалар жүргізу.
Оқу-жаттығуда өрт жағдайын мына шартты белгілермен еліктетуге болады:
- өрт ошағы – қызыл жалаулар;
- шамалы түтіндеулер — көк жалаулар;
- қатты түтіндеулер, зиянды газдар мен булардың шығу орындары (оқшаулағыш газқағарларсыз жұмыс істеуге болмайды) — сары жалаулар.
Өрт белгілерін толық көрсету үшін өрт факторларына тән түтін шашкаларын, жарық аспаптарын (проекциялық шамдар, прожекторлар және т.с.с.), жазбалар фонограммаларын пайдаланған дұрыс. Адамдарды эвакуациялау әдістері мен тәсілдерін шыңдау үшін манекендер мен имитаторлар пайдаланылады.
Имитация үшін өрт шығуы не үй-жайлар мен жабдықтарды бүлдіруі мүмкін құралдарды қолдануға тыйым салынады.
Өрт имитациясын оқу-жаттығу басшысы, делдалдар және арнайы дайындалған адамдар өткізеді.
Оқу-жаттығуда өрт имитациясы белсенді және қозғалыста, оқу-жаттығу барысында басшының ниеті мен өрт сөндіру бөлімдерінің жұмыс учаскелеріндегі іс-қимылдарына сәйкес болуы тиіс.
Оқу-жаттығу өткізу әдістемесі.
Белгіленген күн мен сағатта басшы, делдалдар мен имитаторлар оқу-жаттығу өткізу объектісіне барады, басшының сағаты бойынша уақытты салыстырады, бірінші бөлімше келіп жеткенше дейін объектінің қызмет көрсетуші персоналына, жергілікті өрт сөндіру құрамаларына сәйкес бастапқы жағдайға имитация жасайды.
Бірінші кіріспе объекті әкімшілігі өкілінің, ЕӨЖ мүшесінің, күзет қызметкерлерінің алдына қойылуы тиіс. Осы кіріспе бойынша әкімшілік, объектінің өрттен күзеті жұмысқа кіріседі, өртке қарсы қызметке хабарланады, өртке қарсы қызметтің бірінші бөлімшелерін қарсы алу ұйымдастырылады.
Бірінші келген бөлімшенің аға бастығы жағдай туралы ақпарат алғасын, оны бағалап шешім қабылдайды. Жағдай туралы ақпарат объекті қызметкерлерінен де, сонымен қатар оқу-жаттығу басшысынан да түсуі мүмкін. Барлық оқу-жаттығу барысындағы одан әрі жағдай әзірленген тактикалық ниетке сәйкес, жұмысты орындау учаскелеріндегі делдалдармен (ӨСЖ, ШБ, ТБ, ЖУБ, ББ, ТҚ жауапты) жасалады.
Делдалдар оқу-жаттығудың жалпы тактикалық ниетін біліп, басшы құрамның, ӨСЖ, ШБ, ТБ, ЖУБ, ББ міндетін атқарушылардың, ТҚ жауаптының алдына кіріспені қояды.
Басшы құрамға қажет болғанда жағдай туралы жекелеген ахуалды делдалдардан анықтауларына және нақтылауларына болады. Делдалдар шешім қабылдауға түрткі болып табылатын (оқу-жаттығу басшысының ниетін ашатын) нақтылауларға жол бермеуі тиіс.
Учаскеде жақсы имитацияланған жағдай болғанда делдалдар кіріспе қоймауларына болады, жағдай туралы жекелеген ахуалдарды нақтылап, қандай жағдайлармен кездескендері туралы басшы құрамнан сұрауларына болады.
Оқу-жаттығу басшысы оқу-жаттығуға тартылатын күштер мен құралдарды жаюдың бастапқы кезеңінде, ӨСЖ бірге болады, штаб, жауынгерлік учаскелер ұйымдастырылғаннан және барлық делдалдардың жұмысқа кірісуінен кейін кез келген учаскеде бола алады.
Оқу-жаттығу басшысы мен делдалдар оқу-жаттығу өткізілу барысында магнитофон және басқа да құралдарды пайдаланып, берілетін өкімдер мен бұйрықтардың, қабылданған шешімдердің қысқаша жазбасын жүргізе алады, сонымен қатар қабылданған шешімдердің орындалу барысына және бөлімшелер жеке құрамының іс-қимылдарына бақылауды жүзеге асырады.
Бұл жазбалар жинақталады және оқу-жаттығуды талдау кезінде оқу-жаттығу басшысымен пайдаланылады.
Объектіде белгіленген режимді, техника қауіпсіздігі ережелерін бұзуға алып келетін оқу-жаттығу барысындағы ӨСЖ және басқа да орындаушылардың дұрыс емес іс-қимылдары, авариялар мен адамдармен жазатайым оқиғалар болдырмау мақсатында, дереу оқу-жаттығу басшысымен не делдалдармен түзетілуі тиіс.
Оқу-жаттығу басшысы делдалдардан бөлімшелердің іс-қимылдары туралы ақпарат алып, оқу-жаттығудың белгіленген жоспарының орындалуын қадағалайды, қажет болғанда жалпы өзгертпей тактикалық ниетіне жекелеген өзгертулер енгізеді.
Оқу-жаттығу барысында басшы құрам жедел құжаттаманы пайдалануға (өрт сөндіру жоспарлары, су көздерінің анықтамалығы және т.с.с.), күштер мен құралдарды анықтау жөніндегі қажетті есептерді құрастыруға, оқу-жаттығуға тартылған қаланың (объектінің) су құбыры, медициналық, энергетикалық және өзге де қызметтермен өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға, олардың алдына тиісті кіріспелерді қоюға міндетті.
Оқу-жаттығу барлық мәселелер толық көлемде шыңдалған кезде аяқталған болып саналады. Оқу-жаттығудың аяқталу уақыты басшысымен анықталады, оның өкімі бойынша «тоқтату» сигналы беріледі.
Көрсету оқу-жаттығуларын өткізген кезде оқу-жаттығу басшысының, ӨСЖ-нің қабылдаған шешімдері, бөлімшелердің іс-қимылдары туралы түсінік беретін, басшы құрам есебінен арнайы адамды бөлу ұсынылады.
Ақпарат берушіоқу-жаттығу ниеті және мақсатымен жақсы таныс болуы, өз түсінігінде оқу-жаттығу басшысынан алынатын оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттерін шешу барысы туралы ақпаратты дұрыс пайдалана білуі тиіс.
Оқу-жаттығу қорытындысын шығару.
Қорытынды шығару тактикалық оқу-жаттығудың аяқтау бөлігі болып табылады. Қорытындыны оқу-жаттығу басшысы шығарады. Талдауға дайындық оқу-жаттығу ниетін әзірлеу кезінде басталуы тиіс. Оқу-жаттығу басшысы жарғылардан қажетті баптарды, бұйрықтар мен директивтік нұсқаулардан ережелерді, осы тәрізді объектілердегі өрттерді сөндіру үлгілерін таңдайды. Бұдан әрі оқу-жаттығуды талдаку жоспары белгіленеді.
Оқу-жаттығу қорытындысы оған қатысқан басшы құраммен тікелей объектіде, жеке құраммен әдетте – бөлімшелерде шығарылады.
Оқу-жаттығуды талдау мына кезекпен өткізіледі:
- басшы оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттерін ескертеді, тактикалық ниеттің қысқаша мазмұнын ашады;
- объекті өкілі оқу-жаттығу барысында объекті қызмет көрсетуші персоналының іс-қимылдары туралы баяндайды;
- бірінші ӨСЖ өртке келген сәттегі жағдайды, қабылданған шешімдерді және алға қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы баяндайды, жеке құрам жұмысындағы оң жақтары мен кемшіліктерді атап өтеді;
- бірінші ӨСЖ іс-қимылын жанындағы делдалы нақтылайды, ол оған өзінің бағасын береді;
- басшының шешімі бойынша келесі ӨСЖ не тек олардың делдалдары, ӨСЖ, ШБ, ТБ, ЖУБ, ББ, ТҚ жауапты және олардың делдалдары баяндайды, сонымен қатар оқу-жаттығуға қатысқан басшы құрамның адамдары ескертулері және ұсыныстарымен сөз сөйлейді. Оқу-жаттығу басшысы қажет болғанда талдауға қатысушы кез келген адамнан түсінік беруді сұрай алады.
Оқу-жаттығу басшысы оқу-жаттығуға барлық қатысушылардың жұмысына баға береді, басшы құрам мен бөлімшелердің жұмысы туралы жалпы қорытынды шығарады, оқу-жаттығу барысында анықталған кемшіліктерді жою және жұмысты жақсарту туралы, жеке құраммен оқу-жаттығуға талдау өткізу туралы нұсқау береді.
Оқу-жаттығуға қатысатын гарнизон, бөлім мен қарауылдар бастықтары, қорытындыны шығарған кездегі және өзінің жеке бақылауларының негізінде бөлімге қайтап келгеннен кейін, бөлімшелер жеке құрамының жауынгерлік іс-қимылдарының қорытындысын шығарады.
Тексеру оқу-жаттығуының жаттықтыру оқу-жаттығуынан негізгі айырмашылығы оқу-жаттығудың өту датасы, объекті, тактикалық ниеті туралы гарнизон басшы құрамының ешқайсысы білмеуі тиіс.
Оқу-жаттығуды өткізу әдістемесі қаралғандікіне ұқсас, ал оқу-жаттығуға дайындалуда өткізу мақсатымен байланысты кейбір ерекшеліктер бар (делдалдар санының аздығы, оқу-жаттығу өткізу күнінде объектідегі жүріс-тұрыс туралы нұсқаулық).
Оқу-жаттығу өткізу күні мен сағатында басшы мен делдалдар объектіге келеді және объекті әкімшілігі өкіліне, күзетке, қызметкерлерге бірінші кіріспені жариялайды.
Көрсету оқу-жаттығуларын өткізуге оқу-жаттығу қатысушылары мұқият дайындықпен келеді (штабтық жаттығулар, іскерлік ойындар өткізу). Бұндай оқу-жаттығулар алға қойылған мақсатқа байланысты әзірленген бағдарламаға сәйкес өткізіледі.
Егер оқу-жатығу алға қойған мақстына жетпесе, бөлімшелер басшылары алға қойған мақсаттарды шешуді қамтамасыз етпесе, бұл жағдайда осы не басқа объектіде осы бөлімшелер тартылып, қайтадан оқу-жаттығу өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |