К. М. Мырзағалиева Махамбеттану



бет2/11
Дата18.11.2019
өлшемі328,47 Kb.
#51985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Мырзағалиева К.М. Махамбеттану

Теңсіздік, ауыртпалық зардабын тек кедей шаруалар ғана емес, байлар да, старшындар да, билер де тартты. Хан рулық старшындарды тыңдамай шекаралық әкімдердің нұсқауларын пайдаланды. Әділ билер шеттетіліп, олардың орнына ханның сөзін сөйлейтін, ханның сойылын соғатындар сайланды. Қалыптасқан салт-дәстүр бұзылып, орыс заңы кіре бастады. Отаршыл өкіметтің саясаты елді жерден, тұрмыстан қысып алауыздыққа, бірліктен гөрі бөлінуге, берекесіздікке апарды.

Орысшыл болып өскен Жәңгір хан елдегі жиындардың өзіне басына қоқайтып папах киіп, полковниктің киімімен баратын болады. Хан сарайында би биленіп, арақ ішілетін әдет шығады. Хан енді нөкерлерімен тамақты үстелге отырып ішіп, қазақша тағамдардан гөрі орыс тамағына әуестік таныта бастайды.


Мұның бәрі отарлау саясаты идеологтарының ойлап тапқаны еді. Сол жүзеге аса бастады. Бұл арам пиғыл “Ішкі Бөкей Ордасын басқарудың тәртібі” деген құжатта анық көрсетілген:

“Хан басшылығынан басқа басшылықты білмейтін қазақтар біз ойлаған шұғыл, тосын өзгерістерге дайын емес, асығыстық – жартылай жабайы халық арасында орталық әкімшіліктен жырақ шекаралық далаларда соңы неге апарып соғары белгісіз жайсыздықтар туғызуы мүмкін. Сол себепті Ішкі Орда жағдайындағы дайындық яки өтпелі кезеңнің ерекшеліктерін ажырата білген жөн. Сондықтан төмендегідей іс-шара ұсынылады:

  1. Хан басшылығы Астрахандағы бөтен ұлттарға қамқорлық басқармасына тәуелді болуға тиісті, оны ханға көмек, халық тұрмысына қамқорлық деген бүркемемен хан мен Ордаға қолайлы қалыпқа түсірген жөн: ханның іс-қағазын жүргізу үшін орыс кеңсесі құрылсын.

  2. Қазақтардың орысқа бойын үйрету үшін мерзімдік Жәрмеңкелермен бірге хан Ордасында үзбей сауда жасайтын мекеме болған жөн. Онда біртіндеп орыс халқының көбейюі – біздің уездік әкімшілік пен гильдиялық саудаға тірек боларлық уездік қалаға айналдыруға жағдай туғызары сөзсіз.

  3. Жерді ру-руларға бөліп беріп, қазірден отырықшылықты құнттаған жөн, келешекте оларды болыстарға, ауылдарға бөлшектеуге болады.

  4. Ордада орыс тілін орнықтыру үшін училище ашу керек.

  5. Ордада дәрігер, малдәрігер, акушер ұстау керек.

Жоғарыда айтылғандарды біртіндеп жүзеге асыру - Ордада орыс

әкімшілігін орнықтыруға алғы шарт болмақ, ал ол орыс әкімшілігінің ел басқару ісіндегі артықшылығына халықтың көзін жеткізер еді” /7/.

Қазақта жер дауы, жесір дауы дегеннің үлкен әлеуметтік мәселе екені белгілі. Малдың өрісі тарылып, шұрайлы жерлердің Жәңгір ханның жақын-жуықтары мен жаңа қоныстанушыларға – орыс- казактарға берілуі бүкіл саяси-әлеуметтік мәселелердің өзекті буынына айналды. Онсыз да ашу-ызаға булығып, кектеніп жүрген бұқара халықтың ханға қарсы тұрып, қолдарына қару ұстауына осы жер мәселесі үлкен әсер еткені анық.

Өйткені:

Арғымақтың баласы

Аз оттар да, көп жусар.

Азамат ердің баласы

Аз ұйықтар да, көп жортар –

Дұшпанға кеткен ары мен

Талауға түскен жері бар.

(Махамбет)

Махамбет бұл әділетсіздікке қылыш, найзамен бірге өткір де уытты өлеңдерін де қару етіп қарсы тұрды. “Махамбет музасын соғыс, шайқас, күрес поэзиясы деп атауға болады. Бұл орайда ақын шайқас даласын біреуден естіген сыңайда, сырттай бақылаушы ретінде емес, осынау ұлағатты істі өзінің қаны мен тері арқылы бейнеледі” /8/.

Оның жырлары – сол өзі өмір сүрген дәуірдің бет- бейнесі, замандастарының ой-мақсаты, қуаныш-қайғысы, шындық.Бірақ өмірде болған оқиғаның, құбылыстың көшірмесі ғана емес, шығармашылық құштарлық (тенденция) пен қиялдың да жемісі.

Кеңес үкіметі тұсында барлық болған оқиға, құбылысқа, жаңалыққа, марксизм-ленинизм қағидаларына сүйеніп, таптық көзқарас негізінде қарау қалыптасты. Осыдан келіп шынайы тарих бұрмаланып, жалғандық үстемдік алды.

Кім-кімді де, барлық жетістік – бақыт та, байлық та, мәдениет те, тарих та, әдебиет те, өнер де тек қана Ұлы қазан революциясынан кейін пайда болды, гүлдене түсті деп жазуға мәжбүр етті. Бұл методологиямыздың, зерттеу әдістеріміздің ілгерілеуіне кедергі болып келді.

Қазір енді еліміз егемендік алғалы өткенге бүгінгі күн биігінен қарап, кезінде кеткен қателіктердің орнын толықтыру үстіндеміз.

Исатай, Махамбет басқарған ұлт-азаттық көтерілісі де бұрмаланып, “шаруалар көтерілісі, қазақтың кедей шаруалар тобының патша саясатына хан, старшын, сұлтандарының, байларының қанауына қарсы топтың көтерілісі” делініп келді. Қазір де біраз еңбектерде солай айтылып жүр.

Мәселен, 1979 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрген Махамбеттің “Жыр-семсер” деп аталатын кітабының алғы сөзінде “Махамбет Өтемісовті тудырған ондай кезеңді шақ – патша отаршылдығы мен хан өкіметінің езгісі мен қысымына қарсы бұрынғы ішкі Орда шаруаларының 1836-1837 жылдардағы көтерілісі” /9/ делінсе, “Қазақтың көне тарихы” кітабында “...Исатай-Махамбетбастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі” /10/ деп көрсеткен. Осы секілді 1997 жылы жарық көрген “Қазақстан тарихы” /11/ оқулығында да “Қазақстан тарихындағы ең ірі көтерілістердің бірі 1837-1838 ж.ж. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар қозғалысы”, – деп жазылыпты. Барлық еңбектерде дерлік “шаруалар көтерілісі” делінеді.

“Патша саясатына қарсы”, “Отаршылдыққа қарсы” дегендердің сыртында “Шаруалар көтерілісі”, “Шаруалар қозғалысы” деген сөз біздіңше артық сияқты.

Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс бір күнде бұрқ ете түскен жай ашу-ыза емес, Қазақ халқы – шыдамды халық. Бұл – ұзақ жылдар бойы тепкі, теңсіздік, әділетсіздік көрген елдің бойындағы жиналған кек, бодандық бұғауынан шығуға деген ұмтылыс, қажеттілік еді.

Мұны Махамбет Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінде:

Хан баласы ақсүйек

Ежелден табан аңдысқан,

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім, – деп өзі де ашық айтқан.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Қажым Жұмалиев те “Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі”,- дейтін ұзақ өлеңі даңқты халық көтерілісінің алдарына қойған негізгі нысанасын айқындауға болсын, көтерілістің туу себептерінің тамыры тереңде жатқандығын, хан-сұлтандарға халық наразылығы арғы заманнан келе жатқандығын көрсетуде болсын – мәні зор” /12/, -деп, бұл толқудың халық көтерілісі екенін, оның түп тамыры өте тереңде жатқанын дәл айтқан болатын.

Көтерілістің мақсатын да:

Еділдің бойы ен тоғай

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім.

Еңсесі биік ақ орда,

Еріксіз кірсем деп едім.., - деп Махамбет шынайы көрсеткен.

Исатай да, Махамбет те ханның қолшоқпары Қарауылқожа Бабажанов, Төлеген Тыныштықұлы дегендердің елге көрсеткен зорлық-зомбылығын айтып бірнеше рет сұлтан Зұлқарнайынға, хан Жаһангер Бөкейханұлына, сұлтан депутат Медет Шәкісұлтанұлына, Орал әскерінің әскери атаманы полковник Василий Осипович Покатиловке “арыз-хат” жазады. Бірақ ешқандай нәтиже шықпайды. Бұл хаттарды оқығанда да, Орынбор шекаралықкомиссиясындаподполковник шенінде қызмет атқарған, орыс тілінің түсіндірмесөздігінің авторы Владимир Иванович Дальдің жазғандарынанда Жәңгір ханның, оның қолшоқпарларының елді аяусыз тонағанын, халықтың әл-ауқатының мүлде нашарлап, аштыққа ұрынған бейшара халін көресіз.

Владимир Иванович Даль: “Шекара бойындағы қайсақтар өте кедей тұрады:Гурьев пен Звериноголовскінің арасын, ұзындығы 1850 шақырымжерді қыстайтын жиырма мың үйдің әрқайсысында орта есеппен бес жаннан бар, ал он үйге шаққанда жеті мүйізді ірі қарадан, бес жылқыдан, бір түйеден, жүз қойдан келеді. Бірақ, ондаған мың қой, жылқы біткен байлар мен жалғыз ешкіге қарап отырған тақыр кедейлер бар: олар бүкіл ауыртпалығын осы жалғыз ешкіге артып,сүтін күнәра, тіпті үш күнде бір кезек-кезек қорек қыльш отыр..Бұл ойдан шығарылған ертегі емес, таза шындық” /13/, -деп жазады. Ол “Северная пчела” деп аталатын газетте де “Шекара бойындағы қайсақтар (қазақтар – К.М.)осы қыста тағы да өз балаларын сата бастады” (1834. №101),-деп жазыпты.

Мұндай озбырлық, мұндай ауыр азап, басқа түскен киындық халықтың ашу-ызасын тудырмай қоймайтыны белгілі. Бұл көтеріліс Сырым батыр (1783-1797), Арғынғазы сұлтан, Есет Көтібаров (1853- 1858), Жанқожа (1856-1857), Кенесары (1837-1847) бастаған ұлт- азаттық қозғалысымен іштей ұласып жатыр. Біздіңше, “шаруалар көтерілісі ” деген сөз Кеңес үкіметі тұсында саясат үшін, болған оқиғаны жұмсартып, халықтың назарын, ойын басқа жаққа бұру мақсатында айтылған құйтырқы іс-әрекет. Саясаттандырылған сөз. Әйтпесе, бұл шындығында да таптық жіктелуден туындаған шаруалар көтерілісі емес, саяси-әлеуметтік қайшылықтар мен шиеленістерден бастау алған патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына, оларды қолдау, қолпаштау арқылы өз өктемдіктерін нығайта түсуге тырысқан хан, сұлтандар мен старшындарға, байларға, олардың жандайшаптарына қарсы күрес еді.

Исатай, Махамбет көтерілісінде батырлар қолдарына айыр, күрек, кетпен емес, үстеріне сауыт, дулыға киіп, алмас қылыш, садақ алып шықты.

Оны Махамбеттің “Дулығалы бас кесіп” (“Исатай деген ағам бар”), “Исатайдың сол күнде ақтабан аты астында, дулығасы басында” (“Соғыс”), “Күмісті мылтық қолға алып” (“Күмісті мылтық қолға алып”), “Толғамалы найзамен” (“Мен едім”), “Балдағы алтын құрыш болат” (“Беркініп садақ асынбай”) деген жолдарынан да байқауға болады.

1836-1838 жылдардағы бұл Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің себептерін анықтау үшін оның қоғамдық, саяси- әлеуметтік мән-мағынасына көңіл аудару ләзім.

Бұл ру мен рудың немесе бай мен кедейдің арасындағы шатақ емес, өйткені, бір рудың адамдарының өзі екіге бөлініп, біреулері Исатай-Махамбет жағында енді біразыЖәңгір хан төңірегінде топтасты. Олардың бір-біріне қарсы шығусебептері – кімді қолдағандықтарында: азаттық жолына түсті ме,әлде патша саясатын ұстанған хан, сұлтандар мен билердің шылауындакетті ме?!

Халел Досмұхамедұлының мына бір пікірін оқиықшы: “...кіші жүздегі еңкөп болған он екі ата байұлынан тек төрт рудың он адамының қол қойғаны, қалған сегіз рудан бір адамның болмағаны, кіші жүздекөптік жағынан екінші орын алған Әлімұлынан тек екі адамның болғаны, қалың қара қазақтың патша өкіметіне бағынуға риза болмағандығын көрсетеді” /14/.

Одан әрі автор одақтастыққа ант берген, қол қойған кісілердің қай рудан екендігін көрсете отырып, терең талдау жасайды. Сөйтіп Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің бұқара халықтың патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі екенін дәлелдейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Манаш Қозыбаев та еліміз егемендік алғаннан кейін (1994) жарық көрген “Жауды шаптым ту байлап” деген кітабында “Исатай, Махамбет бастаған 1836-37 жж. ұлт-азаттық қозғалысы қазақ халқы тарихының келелі бір кезеңі... Хан үкіметінің, оның қазыналық функциясының күшеюі чиновниктік озбырлықты туғызды. Бюрократиялық аппарат елді сүліктей сорды. Міне, осы кезде аса көрнекті қалың елдің ортасында қайнап шыққан ел қайраткері Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов халық көтерілісін басқарды” /15/, -деп жазады.

Нақты, тұжырымды айтылған ғой. “Халық көтерілісі” десек те, “ұлт-азаттық көтерілісі” десек те олардың арасында шаруалардың да, басқалардың да болғаны белгілі емес пе?!

Исатай бастаған көтеріліс таптық мақсаттағы қозғалыс емес, жалпы халықтық қозғалыс. Бұл – бодандыққа, рухани құлдыққа қарсылық. Бай, кедей, старшын, би болып бөлінбей оған азаттық аңсаған елдің бәрі қатысқан. Мұны Н.Савичев “Таймановтың қорлық көрген халықты қорғап, көтеріліске шығуына бір ғана адамның жеке мүддесі емес, шетке шығарылған жалпы қазақтар мүддесі де себеп болғанын сипаттайды” /16/ деген сөзі де айғақ.

Тарих – шындық болуы керек. Оқиғаның неліктен, нендей себеппен, қашан, қайда, қалай болғаны анық көрсетілуі тиіс. Саясаттанған сөздерді алып тастау - шындықтың бетін ашып, бүркемеленген оқиғалардың мән-мағынасын түсінуге жол ашарын туғызған қоғамдық, тарихи жағдай әлеуметтік қайшылық, күйзеліс XIX ғасыр басында күшейе түсіп, Махамбеттің буырқанған ашу- кекке толы, еркіндік аңсаған поэзиясының өмірге келуіне негіз болды” /6/.

Әр ақын көбінесе өзі өмір сүрген кезеңнің тыныс-тіршілігін, көзімен көріп, басынан өткергенін жыр етеді. Оның өлеңдері - өз өмірбаяны да іспетті. Сондықтан да ақын, жыраулар өлеңдерін оқи отырып ықылым замандарда болған небір ғажайып оқиғаларға жолығасың, сол дәуірдегі тарихи тұлғалармен танысып, олардың қуанышы мен қайғысына ортақтасасың, шығармашы өмір сүрген кезеңнің болмысын, елдің тұрмыс-тіршілігін көз алдыңа әкелесің.

Сонау V-VІІІ ғасырларда тіршілік еткен түркі тайпаларының тасқа ойып жазып кеткен “Орхон-Енисей” жазуларынан сол тұста болған соғыстар мен қақтығыстар, Күлтегін сияқты қолбасы мен Тонүкүк секілді мемлекет қайраткерлерінің батырлығы мен біліктілігі әңгіме болса, 1069 жылы жазылған Юсуф Хас Хаджибтің өлеңмен жазылған “Құтты білік” (“Қүтадғу біліг”) атты түркі тектес халықтарға ортақ трактатынан да халқымыздың рухани жан дүниесі мен рухани байлығын терең ұғынып, сол дәуірдің тыныс-тіршілігін де сезінеміз. 1505-1530 жылдар аралығында жазылған хорезмдік Нүрсейіт баласы Мұхамед Салықтың “Шайбанинама” дастанынан ХV-ХVІ ғасырлардағы қазақ, өзбек ұлысының тарихын, Бұхара соғысын, Бұхара әмірі Бақи тарханды Шайбанидің жеңгенін, тағы да басқа оқиғаларды оқып білеміз.

“Хандық дәуірде өмір сүрген Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздер көбіне ноғайлы ұлысының бүлінуін жырлаған болса, XVII ғасырдағы Жиембет, Марғасқа поэзиясынан көбіне Кіші жүз ханы Есімнің жорықтарына, қазақ-ойрат соғысына қатысты деректер табамыз”, /5/

Ақтамберді (1675-1768), Тәтіқара (XVIII), Үмбетей (1706-1778) жыраулар жоңғар басқыншыларының шабуылдарын айтып, ерлікті, өрлікті жырлайды.

Махамбет өмір сүрген XIX ғасырдың бірінші жартысы қазақ тарихында қайшылығы мен қақтығысы мол кезең болатын. Қазақ елінің бодандыққа кіргеніне ғасырға жуық уақыт өтіп, патша үстемдігі қазақ даласын түгелқамтып тұрған дәуір еді. Қазақ елінде хандық билік жүйесі Батыс өңірде ғана сақталғанымен, хан патшаға тәуелді болып, оның айтқанынан шыға алмайтын күйге жеткен.

“Бастау бұлағы – Бұқар жырау, белді өкілдері Шортанбай, Дулат, Мұрат болған әдебиеттегі зар-заман деп аталған ағымға кіретін ақындардың өлең-жыр, дастандарындағы өзекті сарын отаршылдыққа наразылық идеясы болғаны белгілі. Соларды туғызған қоғамдық, тарихи жағдай әлеуметтік қайшылық, күйзеліс XIX ғасыр басында күшейе түсіп, Махамбеттің буырқанған ашу- кекке толы, еркіндік аңсаған поэзиясының өмірге келуіне негіз болды” /6/.

Бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі” /10/ деп көрсеткен. Осы секілді 1997 жылы жарық көрген “ Қазақстан тарихы” /11/ оқулығында да “Қазақстан тарихындағы ең ірі көтерілістердің бірі 1837-1838 ж.ж. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар қозғалысы”,– деп жазылыпты. Барлық еңбектерде дерлік “шаруалар көтерілісі” делінеді.

Исатай, Махамбет көтерілісінде батырлар қолдарына айыр, күрек, кетпен емес, үстеріне сауыт, дулыға киіп, алмас қылыш, садақ алып шықты.

Оны Махамбеттің “Дулығалы бас кесіп” (“Исатай деген ағам бар”), “Исатайдың сол күнде ақтабан аты астында, дулығасы басында” (“Соғыс”), “Күмісті мылтық қолға алып” (“Күмісті мылтық қолға алып”), “Толғамалы найзамен” (“Мен едім”), “Балдағы алтын құрыш болат” (“Беркініп садақ асынбай”) деген жолдарынан да байқауға болады.

1836-1838 жылдардағы бұл Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің себептерін анықтау үшін оның қоғамдық, саяси- әлеуметтік мән-мағынасына көңіл аудару ләзім. Бұл ру мен рудың немесе бай мен кедейдің арасындағы шатақ емес, өйткені, бір рудың адамдарының өзі екіге бөлініп, біреулері Исатай-Махамбет жағында,енді біразыЖәңгір хан төңірегінде топтасты. Олардың бір-біріне қарсы шығусебептері – кімді қолдағандықтарында: азаттық жолына түсті ме,әлде патша саясатын ұстанған хан, сұлтандар мен билердің шылауъндакетті ме?!

Халел Досмұхамедұлының мына бір пікірін оқиықшы: “...кіші жүздегі еңкөп болған он екі ата байұлынан тек төрт рудың он адамының қол қойғаны, қалған сегіз рудан бір адамның болмағаны, кіші жүзде көптік жағынан екінші орын алған Әлімұлынан тек екі адамның болғаны, қалың қара қазақтың патша өкіметіне бағынуға риза болмағандығын көрсетеді” /14/.

Одан әрі автор одақтастыққа ант берген, қол қойған кісілердің қай рудан екендігін көрсете отырып, терең талдау жасайды. Сөйтіп Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің бұқара халықтың патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі екенін дәлелдейді.

1.Исатай, Махамбет басқарған ұлт-азаттық көтерілістердің тууына себеп болған жағдайлар

Жоспар:

1. Махамбет өмір сүрген ХIХғасырдағы тарихи кезең.



2. Исатай – Махамбет бастаған көтеріліс.

Бақылау сұрақтары:

1. Жәңгір ханның бұқараға жасаған қиянаты.

2. Махамбеттің хан ордасынан кетуі.

3. Ішкі Бөкей ордасындағы басқару тәртібі.

4. 1836-38 жылдардағы Исатай – Махамбет көтерілісінің шығу себептері.

5. Исатай – Махамбеттердің қол жиып, шайқасқа әзірленуі.
Өзіндік тапсырмалар:

1. Махамбет – жауынгер ақын.

2. Исатай – Махамбет бастаған халық көтерілісі туралы.

3. Тастөбе түбіндегі шайқас.

4. Қ. Жұмалиев – Махамбеттанушы.

5. «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі» .



Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы тарихи шындық

пен көркем шындықтың ара-қатынасы
“Көркемдік шындық жазушы қиялы арқылы екшелген, сұрыпталған, идеологиялық мақсат тұрғысынан бейнеленген шындық. Бұл өмірлік шындықтың көшірмесі емес. Ол – шашылып жатқан, араласып жатқан, жүйесіз, үзік-үзік құбылыстардың басын біріктіреді, соны сұрыптайды. Бұл орайдағы ең шешуші фактордың бірі – суреткер қиялы” /17/.

Көркемдік шындықтың шырайын кіргізетін басты компоненттер – кейіпкерлердің мінез-құлқын ашып, толыққанды типтік бейнесін (көркем тұлға) жасау, көркемдік шешім, образдар, бейнелі де бедерлі сөз, образ шындығы. Қандай да болмасын қоғамдық, тарихи, философиялық-социологиялық, моральдық-этикалық, т.б. мәселелер образдар арқылы дәлелді де шынайы көркемдікпен шешімін тапқан жағдайда ғана оқушы санасына жетіп, әсер, ықпал ете алады. Көркемдік шындықтың қуат күші де, міне, осында жатыр. Өмірде болған жайлардың бәрі де көпшілікті сендіре бермейді. Ал, көркемдік шындық өзінің логикалық кисынымен, дәлелділігімен оқушы санасына жетіп, жүрегіне жол тастары сөзсіз. Бұл, әрине, жазушының суреткерлігіне, сезім-түйсігі мен тәжірибесіне, қиял ұшқырлығына, қолданған әдіс-тәсілдеріне де байланысты.

“...Махамбет поэзиясының тақырыбы біреуі – майдан. Не үшін болып жатқан майдан? Әлгі айтқанымыз: қазақ елінің елдігі, еркіндігі мен егемендігі үшін болып жатқан ерлік майданы . Махамбет тек осы тақырыпты ғана толғады. Оның барлық өлеңі бір жерге топтағанда “Жорық жыры” болып шығатыны сондықтан. Бұл тақырыпты ол және қаламын тістеп отырып ойдан-қырдан ізденіп келіп, саусақ арасынан сауып алған жоқ” /18/, -деп академик Зейнолла Қабдолов айтқандай, Махамбет өлеңдерінің әрі өмірде болған, көзімен көріп, қолымен ұстаған, бар жан-дүниесімен сезінген болмыс. Бірақ сол шындық ақын аузымен айтылғанда ерекше құлпырып, түрленіп, қуаттанып, әр сөз алаулаған отқа, жан балқытар шоққа айналып сала береді. Бұл толғауларды Махамбеттен өзге адам дәл осындай әсерлі де әсем етіп образға орап бере алмасы хақ. Өйткені сол от пен судың арасында қолына қару алып, елінің болашағы жолында жүрген батырдың бірі – Исатай да екіншісі – Махамбеттің” өзі.

Махамбет “Есіл ер” деген өлеңінде: «Алдияр тақсыр ханымыз! Исатай батыр кеткелі кеміді біздің сәніміз, тілімді алсаң тақсыр-ай, шайтанның мойнын жұлдырып, Ордаңа қайтып алыңыз», дейді.

Өлеңде өткірлік те, өрлік те бар. Ағаға деген сағыныш, көңілде жүрген мұң-шер, өкініш нөсердей құйылған. “Шайтанның мойнын жұлдырып” дейді. Шайтан деп отырғаны Қарауылқожа екені айтпаса да түсінікті.

Арыстан еді-ау Исатай!

Нетерсің, тақсыр, табалап?

Қүрттайымда өсіп ем,

Бауырына паналап, –

десе, тағы да арыстандай айбатты Исатай келеді көз алдына. Исатай – қолбасшы, батыр, ел қамқоры, Махамбеттің “алдындағы асқар тауы, соңынан ерген ағасы,” “Қүрттайынан бауырына паналап өскен” Махамбеттің ғана емес, ел ағасы! Жаналғыш емес ‘бауырына паналатар” бауырмал”, “бір мінезі келгенде жібектей жұмсақ есілетін есіл ер”, бірақ “жолдасы жау қолында қалса ер несіне мақтанады?!”

Автор шындықты шынайы шығармашылық құштарлық арқылы айқын мазмұнға орап, әдемі көркемдік шешім табады:

Тастай қатты тағдырың

Исатаймен шешілер.

Айтып-айтпай немене –

Қор болды-ау, қайран, есіл ер!

Өлеңнің ішкі, сыртқы ұйқасы, динамикасы, ерекше екпін, өкініш, іштегі шемен болып қатқан шер – бәрі-бәрі бір-бірімен үндесіп, бірігіп, кірігіп, жымы, жігі білінбей, тұтас дүние болып, өлмес, өшпес өнер туындысына айналған.

Махамбет ойлы да отты, шымыр да шындыққа толы толғауларында “атадан туған аруақты ер”, “арғымақтың баласы”, “ханның бір туын қайтарған” Исатай ағасының түлғасы одан әрі де сомдай түседі:

Исатай - басшы, мен – қосшы,

Исатайдың сол күнде

Ақтабан аты астында,

Дулығасы басында,

Зығырданы қайнайды...

(“Соғыс”)

“Халық 1837 жылдың өзінде көтерілгісі келген, бірақ оларды күреске алып шығатын көсемнің болмағаны жөнінде аға сұлтанның айтқаны шындық сөз болатын. Ондай көсем ішкі ордадан табылды. Табылғанда да, күл-талқан болып жеңіліп, әбден есі кеткен соғыстан соң келді. Бірақ оның жеке басының тұлғасы әлі де орасан зор еді, оның көксеген мақсаты да маңызды әрі соншалықты ортақ болатын. Сонысымен де ол қысқа мерзім ішінде бәрін аузына қаратып, кең байтақ даланың көшпенділерінің басы біріктіріп, соңынан ертіп әкетті.

Бұл ерің Исатай еді. Бірақ Исатай ерлікпен қаза тапты, онымен бірге ұлт-азаттық күресі де қоса кетті” /19/ А.Ф.Рязанов осылай десе, осы тарихи шындықты Махамбет:

Тайманның ұлы Исатай

Ағайынның басы еді,

Алтын ердің қасы еді,

Исатайды өлтіртіп

Қырсық та шалған біздің ел, –

(“Тайманның ұлы Исатай”)

деп образға орап, айтар ойын әсерлі етіп жеткізеді. Бұл – дидактикалық-философиялық тұрғыдағы шешендік толғау жыр.

“Толғау – қазақ әдебиетіндегі сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі, белгілі тақырып бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіру пішіні” /20/. Толғау туралы анықтамалар көп. Толғаудың басты шарттарының бірі – белгілі авторы болуы керек, қоғамдық-әлеуметтік ірі мәселелерді қозғайды, поэтикалық құрылымы әртүрлі, күреске үндейді, онда жыраудың немесе ақынның өмірге, өмірдегі маңызды оқиғаларға көзқарасы, философиялық ой-толғанысы. “Жыраудың ең сүйікті жанры – толғау. Толғау – “толғану”, “толғаныс” деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ойға да, сезімге де қатысы бар. Сондықтан да толғаудың өзін ойға құрылған толғау, сырға құрылған (лирикалық) толғау деп жіктеуге болар еді.

Ой толғауларда жырау – ең алдымен философ. Мұндай толғаулар нақыл, тақпақ, афоризм түрінде келеді. Ал сыр толғаулардағы негізгі жүкті көтеретін – сезім, эмоция. Бұл топтағы шығармаларда жалпы жырау поэзиясына тән үгіт, насихат, дидактика мүлде дерлік ұшыраспайды. Мұндай толғаулардан жыраудың өзіңдік “мені” де бой көрсетеді” /21/.

1834 жылғы би, старшын сайлауында Махамбет Жәңгір ханның 9 маусым, №572 жарлығына сәйкес старшын болып бекітілді. “Хан Исатайды кемсіту үшін ордадағы он екі бидің біреуі қылып беріш деген рудан халық қалаған Исатайдың орнына Балқы деген кісіні би қылады” /14, 59 б./. Балқы қайтадан старшын сайланып, Исатайдың халық алдында Жәңгірмен сілкілесіп қалуы Махамбетке қатты әсер етеді. Махамбеттің “Атасы беріш болса да, артық пайда көрмедім Егіз бенен Балқыдан” деуінің бір себебі осында жатыр. Әрі оның үстіне Балқы Құдайбергеновтің туысы Егіз Құдайбергенов көтерілісті қолдаушылардың бірі болып жүріп іс жүзінде тыңшылық жұмыс атқарған. Хан жағында болған кісі /12, 51 б./.

Махамбет Исатайдың ханнан қаймықпай сөйлеп, айылын жимағанына, ерлігі мен өрлігіне, әділдігі мен шешендігіне бұрынғыдан да бетер тәнті бола түседі. Жаны күйзеліп, әділдік іздеп аһ ұрған Исатай ағасына көмектесе алмағанына күйінеді, 1835 жылы оқып жатқан Зұлқарнайын демалысқа келгенде сол арқылы Исатай мен Жәңгір арасындағы кикілжіңді басуға тырысады. Алайда бұл ісінен де түк өнбейді.

Хан Орданың қам-қаракетінен хабардар, әділетсіздік пен жалдаптықты, өтірік пен өсекті көріп-біліп ішқұса болып жүрген Махамбет шыдай алмайды. Халық қамын жеген арыстандай айбатты Исатай ағасына қайткен күнде де ара түсуді көздейді.

“Асанқайғының Әз-Жәнібек, Шалкиіздің Темір, Жиембеттің Есім,Марқасқаның Тұрсын, Бұхардың Абылай алдында шімірікпей сөйлеуі, Әйтеке би мен Қожаберген жыраудың күллі төре әулетіне шүйлігуі халқымыздың ежелден рухани басыбайлыққа мойын ұсынбайтын рухани ерлігін танытады” /22/, -деп белгілі мемлекет қайраткері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы айтқандай, қипақтау, сипақтауды білмейтін әрі Хан Ордасында Исатайға құрылып жатқан тордан хабардар Махамбет те Жәңгір ханға тіке қарап “Есіл ер” деген толғауын айтады. “Тастай қатты тағдырың Исатаймен шешілер” деп оған үлкен баға береді.

1834 жылғы би, старшын сайлауында Қарауылқожаның қарсылығымен, Ханның оны қолдауымен Исатай старшындыққа сайланбай қалғаны, басқа да қитұрқы әрекеттері бар Қарауылқожаны Исатай ғана емес, бүкіл халық ұнатпайтын.

Өлең шымбайына батқан, әрі Исатайға әбден жауығьш алған Жәңгір ашу шақырып, Махамбетпен екеуі салғыласып қалады.

Басынан сөз асырьш көрмеген қырғи тілді, асқақ үнді Махамбет айылын жимай, жыр нөсерін тағы да төгіп-төгіп жібереді:

Мен ақсұңқар құстың сойы едім,

Шамырқансам, тақсыр, кетермін.

Кетпей де нешік етермін?

Бұл барғаннан барармын,

Қиядан орын алармын.

Отын алып, от жақпан

Дұшпанға қылыш ұрармын.

Жазға бір ай қалғанда,

Аласапыран болғанда,

Бөліне көшкен елдерді,

Бөріккен қойдай қылармын.

Мен кеткенмен, тек кетпен,

Сізден артық табармын.

Ашуыма көп тисең,

Өзекті жанға бір өлім,

Ордаңды талқан қылып шабармын, –

(1835)

деген жолдар Махамбеттің “Баймағамбет сұлтанға айтқаны” емес. Олай дейтін себебіміз Махамбет Баймағамбет сұлтанға “Шамырқансам, тақсыр, кетермін, кетпей де нешік етермін” деуі мүмкін емес. Өйткені ол оның қасында бірге жүрген жоқ, қызметте болған жоқ.

“Бұл барғаннан барармын, Қиядан орын алармын’’, “Мен кеткенмен тек кетпен, Сізден артық табармын” деген жолдардан да оның хан сарайынан кетіп бара жатқаны нышан береді. Сондықтан да бұл өлең Жәңгір ханға айтылған деп білеміз. Ханға арналыпайтылып тұрғанын “Ордаңды талқан қылып шабармын”, “Ханым, ханым дегенге” деген жолдар айқындай түспей ме?!

Бала жастан Ағатай Беріштердің арасында болып, Исатай, Махамбет көтерілісі туралы әңгімелерді құлағына құйып өскен көрнекті жазушы Әнес Сарай да “Исатай мен Махамбет тарихы” деген зерттеу кітабында “Мен ақсұңқар құстың сойы едім” деп басталатын толғау ұзақ жылдар ақынның “Баймағамбет сұлтанға айтқаны” топтамасына қосылып келді,– деп жазады. Тарихи қисындарға нақтылап үңілсек, “адасқан үйректей” болған Махамбетті қаншама өр десек те Баймағамбетке “Бөліне көшкен еліңді бөрліккен қойдай қырармын” деп сес көрсетуге жағдайы жоқ еді, сонсоң “Шамырқансам тақсыр, кетермін”, “Сізден артық табармын” дейтіндей Баймағамбеттің қызметінде болған ештеңесі жоқ еді. Бұл Махамбеттің Жәңгірмен кетіскендегі сөзі” /23/.

Махамбет хан сарайынан кетерде осылай деп айтарын айтып, сес көрсетіп кетеді. “Жаралы қойдай қылармын”, “Сізден артық табармын” деуі ол сол тұста Исатайдың қол жиып жатқанынан, әрине, жақсы хабардар еді. “Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады” /24/ дегендей, Исатай ағасын, кеңдікті, еркіндікті, шындықты аңсап жүрген оның негізгі мақсаты халықпен бірге болу болатын. Сондықтан да ол:

Он екі төбет, шұнақ хан,

Шабатының ел екен,

Күндейтінің мен екен.

Хан ұлына қас болу,

Қара ұлына бас болу –

Мендей ерге жөн екен! –

(“Махамбеттің ордадан кетерде ханға айтқаны”, 1835)

деп шындықты бетке айтты.

Исатайға көмектесе алмай, хан, сұлтандардың өтірік көлгірсуі мен арам пиғылдарын, дүниеқоңыздықтары мен шен-шекпенге таласын, еңбекші елдің хал-ахуалын күнде естіп, көріп, іштей шерменде болып жүрген Махамбеттің ішіндегі ашу-ызасы әйтеуір бір бұрқ етіп шығары анық еді. Ол осылайша от-жалынға оранып, ханға, хан айналасындағыларға заһар шашып, толғау болып құйылды. Кейін сол бір ыза-кек:

Хан емессің – қасқырсың,

Қара албасты басқырсың.

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын!

Хан емессің – ылаңсың,

Қара шұбар жылансың

Хан емессің-аянсың,

Айыр құйрық шаянсың.

(“Жәңгірге айтқаны”, 1835) деген уытты, өткір өлеңге ұласты. Ханның еліне жасап отырғанылаңымен аярлығын бетіне басты. Сөйтіп, Хан Ордасымен қош айтысып,Жәңгір ханнан бір жола кетісті:

Кетіп едім елімнен,

Атаңа нәлет Жәңгірдің

Бір ауыз айтқан сөзі үшін,–

(“Айныман”)

деп Махамбеттің өзі жыр еткендей, ашуға мінген ол мақсаттас ағасы – Исатай ауылынан бір-ақ шығады. Бұл – намыс туын биік көтеретін шынайы ақындығы, қайтпас-қайсар батырлығы еді. Оның өлеңдері халық арасына тарап, Махамбет аты мен батырлығы аңызға, Жәңгір мазаққа айнала бастады.

Махамбет дегеніне жетіп, енді Исатай бастаған көтерілісті насихаттауға, жасақ жинауға ашық кірісті:

Ат – жігіттің майданы,

Қылыш – жанның дәрмені,

Өлім – хақтың пәрмені.

Атақты ермен бірге өлсе,

Жігіттің болмас арманы.

Өте шыққан қызыл гүл –

Бұл дүниенің жалғаны,–

(“Арғымақ, сені сақтадым”)

деп, “өзекті жанға бір өлім” дегенді мегзеп, қолдарына қылыш алды. Жігіттерді атқа қонуға шақырады. Дүниенің қысқалығын айта отырып, атақты ермен бірге өлудің өзі жігіттің арманы болуы керек деп жастық жігерді жанып, намыс отын тұтатады.

Махамбеттің хан сарайынан кетуі, жай кетпей, жай оғындай өлеңдерімен Жәңгір ханды түйреп, жер етіп кетуі, халықты толқытпай қоймады. Бұл оқиға жайында айыздары қана әңгімелеп, Махамбет ісіне риза көңілде болды. Сөйтіп онсыз да хан ісін- озбырлығын, жемқорлығын, орысшылдығын көріп наразы болып жүрген халық Исатай, Махамбеттер жағына шыға бастады.

Махамбет ісімен де, айбынды, асқақ жырларымен де ел махаббатына бөленді.

“Жауынгер ақын Махамбет Өтемісов жырларымен рухтанған Исатай жасағы Хан айналасына айтарлықтай қауіп төндіріп, орасан күшке айналды” /25/, -деп тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қасымбаев жазғандай, ереуіл Махамбет талантын ашып, жігеріне жігер, жанына күш-қайрат берді. Ол намыс отына қайралып,азаттықтыжан-тәнімен, жанқиярлықпен жырлады.

2. Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы тарихи шындық пен көркем шындық.

Жоспар:

1. Тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы.



2. Махамбет поэзиясының тақырыбы.

Бақылау сұрақтары:


1. Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы тарихи шындық пен көркем шындық.

2. Махамбеттің хан сарайынан кетуі.

3. Махамбеттің Исатай бастаған көтерілісті халыққа насихаттаған өлеңдері.
Өзіндік тапсырмалар:

1. Тарихи оқиғаларға байланысты туған Махамбет өлеңдерін талдау.

2. «Ереуіл атқа ер салмай », «Беркініп садақ асынбай», «Арғымақ сені сақтадым» өлеңдеріне теориялық талдау.

3. Махамбет поэзиясының тақырыбы.

4. Ақын өлеңдеріндегі Исатайды суреттеуі.

5. Махамбет жырларындағы өз жайын баяндауы, өз бейнесін суреттеуі.



Махамбет өлеңдерінің шыққан жылдары мен кезеңдері
Қажым Жұмалиев “Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері” еңбегінде “Соңғы жылдарда Махамбет өлеңдерімен шүғылданушы кейбір жолдастар (Б.Аманшин) мұрағат материалдарын әлі де тексеріңкіресек, тарихи жазылған еңбектерді салыстыра отырып мұқият қарастырсақ, өлеңнің даталарын дәл, не дәлге жақын анықтауға болады, - деген пікірлер ұсынып жүр. Бұл пікір дұрыс, бірақ қиын, қиын да болса келешек зерттеушілер осы бағытта ізденулеріне мұрындық боларлық, оқушыларды ойландырарлық пікір” /12, 323 б./, -деп жазды.

Біз сыншы, ұстаз ғалымның осы бір пікірін темірқазық етіп ұстана отырып, мұрағаттар мен Исатай, Махамбет көтерілісі жайында жазылған зерттеу еңбектерді (жеке кітап болып шыққан, ұжымдық жинақтарға енген, газет-журналдарда жарық көрген) қарай, зерттей, зерделей келіп бұл жолда М.Әуезовтің “алғашқы кезде бұлар соғысып жүреді. Ол кездегі көңіл екпіні, сөз тасқыны да бір алуан, өзгеше. Одан кейін жеңіледі. Бұдан туатын көңіл-күйі екінші түрде. Ең аяғында қашқын-пысқын болып, жүдеп-жадап жүріп хан, төреге жәй-күйін айтып, жәрдем дәмететін халге келеді. Ондағы күй-қалып тағы бір басқа. Міне, Махамбет шығармаларының осындай үш кезең, үш дәуірі бар. Тексеруді де осы ізбен беттету керек” /26/ деген сөзін бағыт-бағдар етіп, ақын өлеңдерін төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады деген ой түйдік. Біріншісі – 1822-1829 жылдардағы алғашқы албырт кездегі балғын жырлары, екіншісі – 1829-1835 жылдардағы көтеріліс алдындағы, қол жинау кезіндегі ұранды өлеңдері, үшіншісі - 1836-1838 жылдардағы ереуілтұсындағы дауылды туындылары, төртіншісі –1838-1846жылдардағы көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі лирика-элегиялық жырлары.

Ақын өлеңдерінің тақырыбына, мазмұнына, өлеңдерде кездесетін жер аттары мен кісі есімдеріне, оқиғаға, ел аттарына, сондай-ақ өлең характеріне қарай хронологиялық жағынан бұлай бөлу туындылардың қай жылдары жазылғанын анықтауымызды жеңілдете түскендей болды. Одан кейінгі Тарихи жазылған еңбектерді салыстыра отырып мүқият қарастыру көздеген мақсатымызға біршама жеткізген де тәрізді.

Ақынның алғашқы өлеңдерінен бізге жеткені “Еңіреу ұлы емшек боз”, “Жалған дүние”.

Олай дейтініміз бұл өлеңдерде жастық шаққа тән албырт сезім басым:

Дұшпаны қарсы келгенде,

Ер дініне берік болсын!

(“Еңіреу ұлы емшек боз”)

Ішелік те желік,

Мінелік те түселік,

Ойнайық та күлелік –

Ойласаңдар ,жігіттер,

Мынау жалған дүние

Кімдерден кейін қалмаған?!

(“Жалған дүние”)

Жауығушылық та, налу да, өкініш те байқалмайды. Жігерлі болғанымен, ерлікке шақырғанымен, балаңдық, жастық желік аңғарылады.

“Жалған дүние” алғашқы туындыларының бірі болғанымен, Махамбет өлеңдерінің ішіндегі өте көркем жазылған жауһарларының қатарына жатады. Бұл да өзінен бұрынғы жыраулар дәстүрімен айтылған дидактикалық-философиялық толғау. Оған алда да тоқталып, айтқан пікірімізді дәлелдей түсерміз. “Арғымақ, сені сақтадым”, 1835 пен 1836 жылдар аралығында халықты күреске шақырып, қол жинау кезінде шығарған деп білеміз. Оны өлеңнің өзі-ақ дәлелдеп тұр. Соғыста жүрген адам “Ат – жігіттің майданы, қылыш – жанның дәрмені, өлім – хақтың пәрмені” екенін жақсы білсе керек. Оларға оның айтып түсіндірудің қажеті де жоқ. Сондықтан қолына қару алып, атқа қонбаған, әлі майданда болмағандарға арнайы айтылған. Бұл ойымызды “Атақты ермен бірге өлсе, жігіттің болмас арманы” деген келесі жолдар дәлелдей түседі. Ақын жігіттерді Исатай батырмен бірге болуға, керек болса, бірге өлуге шақырады. Өлеңнің халықты көтеріліске үндеп тұрғаны айдан анық емес пе?!

Орай да борай қар жауса,

Қалыңға боран борар ма?!

Қаптай соққан боранда

Қаптама киген тоңар ма?!

Туырлығы жоқ тұл үйге

Ту байласаң тұрар ма?!

Ту түбінен тұлпар жығылса,

Шаппаған нәмәрт оңар ма?

Халықты нартәуекелге шақырған бұл дидактикалық-философиялық толғау Қиялымола қақтығысының кезінде айтылған. Ал бұл қақтығыс 1836 жылы болғанын Ығылман Шөреков:
Бір мың жылда сегіз жүз

Және бір отыз алты да

Ашуланып Жәңгір хан

Жарлық салды халқына.

Соғыс пәрмен бұйырды

Өзіне ерген жалпыға /27/,деп көрсеткен.
Қажым Жұмалиев те Ығылманның осы жолдарын ала отырып “Бұл да тарихқа дәл келеді. 1836 жылы 17 мартта, Жәңгір хан, Исатай, Махамбеттерді ұстау үшін Қарауылқожа Бабажанұлын бас етіп, 522 адам қарулы әскер аттандырады. Исатай, Махамбет 200-дей қаруланған жасақпен Қарауылға қарсы шығады. Бұлар 4 сәуір күні Қиялымола деген жерде кездеседі. Поэмада ақын тарихи датаны дәлме-дәл күйінде алған” /12, 92 б./, -дейді.

Қ.Жұмалиевтің бұл пікірін Беріш руының старшиналары Исатай Тайманұлы, Уса Төлегенұлы, Тінәлі Тайсойғанұлының 1836 жылғы Жәңгір ханға жазған арызы дәлелдей түседі:

Арызда Қарауылқожа мен Байтудың, оның старшындарының (бәрінің аты аталады) көрсетіп отырған жәбір-жапасы айтыла келіп, “...Жоғарыда зікір етілміш әр рудың старшина, би, төре, қожалар жамиғы өзінің қарамағына алған жасауылымен жар салып жоғарыдан пәрмен ертіп, өз білуінше ғали келбетті хұзіретіне айыпты болған старшиналар Исатай, Уса, Тінәлі дегендердің өзін өлтіріп, малын шауып алып, үшбу ерткен кісілерге олжа етіп беремін деп жоғары жар етілген тайпалардан сегіз жүз мыңдай кісі әскер жасап, 1836 жылы 24 хамалда (наурызда – К.М.) найза, мылтық бір ствол, қылыш, балта, қалжан әр неки адамдарға қырғын таптыратын жау қаруларын асынып, өлтірмекке құждымлық қылғанының бағытында біздер хабар алған соң, управитель Қарауыл Қожа Бабажанұлынан қорқып, нақақ өлтірмекке қас еткенін білдік” /7, 297 п./.

Исатай, Махамбет қолы Қарауылқожаның шабуыл жасағалы жатқанын естіп, біліп, ор қазып дайын отырады. Алайда Қарауыл Қожа Исатай, Махамбет бастаған көтерілісшілерді торуылдағанымен, лап қоюға бата аламай, кері қайтады. Бұл көтерілісшілердің құлағына жетіп, мерейлері өсіп қалады. Көтерілісшілерге Махамбет отты өлеңімен рух бере жоғарыдағы “Орай да борай қар жауса” жырын толғайды.

Толғаудан шаттық, марқайыс лебі еседі. “Біріндеп жауды қашырғаннан” кейін қуанбасқа не шара?!

“Орай да борай қар жауса, қалыңға боран борар ма” дейді. Қалың қолға қарсы тұру оңай емес, оның ішіне кіріп, айқасу үшін жүректілік, батырлық керек! “Қаптама кигеннің тоңбайтыны” сияқты сауыт кигендерге оқ өте қоймайтыны да белгілі. Көтерілісшілер ту байлайтын туырлығы жоқ жандар емес, нәмәрт емес, мәрт жігіттер, тұлпары ту түбінде жығылса, қарап отыра алмайды, жауына шапқан қабыландай атылып, қарсы ұмтылады.

Толғаудың өн бойында үгіт-насихат атойлап тұр. Ақын айтқан сайын ширығып, өлеңін де ширықтырып, қынулы да қызулы жолдарды нөсерше төгілтеді:

Беркініп садақ асынбай,

Біріндеп жауды қашырмай,

Білтеліге оқ салмай,

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жауырын оқ алмай,

Атқан оғы жоғалмай,

Балдағы алтын құрыш болат

Балдағынан қанға боялмай,

Қасарысқан қарындасқа

Қанды көбік жұтқызбай,

Халыққа тентек атанбай,

Үйде жатқан жігітке

Төбеден тегін атақ болар ма?! –

(“Беркініп садақ асынбай” 1836)

деп жігіттерді ерлікке шақырып ұрандайды. “Үйде жатқан жігітке төбеден тегін атақ келмейтінін айтып, намыстарын жанып, қамшылайды. Махамбеттің мінезін де, ақындығын да, батырлығын да, ереуілшілердің үгітшісі, насихатшысы, ұраншысы екендігін де осы толғаудан айқын аңғаруға болады.

Толғауда “тентек” деген сөз кездеседі. Хан маңайындағылар көтерілісшілерді төмендету үшін “тентек” деп атаған екен. Алайда Махамбет осы сөздің өзін ойнатып, аса мән беріп “халыққа тентек атанбай” деп, “тентектіктің” өзін батыр деген сөздің баламасындай етіп жіберген.

Махамбеттің бұл шығармасы – толғау. “Толғау, қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі. Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуінде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында” /4, 407 б./.

Ахмет Байтұрсынов толғауға осындай анықтама береді. Махамбеттің жоғарыдағы өлеңі осында айтылған шарттардың бәріне жауап беріп тұрған жоқ па?!

Жалпы, Махамбет шығармаларының бәрі дерлік толғау түрінде болып келеді. “Арғымақтың баласы”, “Аймақ көл”, “Аспандағы бозторғай”, “Ұл туса”, “Пыр-пырлап ұшқан қасқалдақ”, “Жалғыздық та” – дидактикалық-философиялық тұрғыдағы шешендік толғаулар. “Бұлар шешендік сөз, шешендік толғау өлеңдер сияқты белгілі бір формалармен ғана келіп отырады. Сол сияқты бұлардың лексикасы да бір топтағы сөздер, ал өлеңге обьекті болған нәрсе табиғат құбылыстарына тән шарттылық, заңдылық” /28/. Тіпті, бір өлеңін Махамбет “Толғау” деп атаған ғой. Оның себебі де түсінікті. Ақын жырлары күрес үстінде, қан майданда жорықта жазылған. Толғай-толғай атпаса, садақтың оғы да діттеген нысанасына не жетпей, не тимей қалары анық. Шамырқанбай, шаттанбай, күйінбей, сүйінбей, ашу-ызаға булықпай, шабытсызайтылғанжыр дахалық жүрегіне жетпесі шындық. Махамбет туындылары оның өзегін жарып шыққан өшпес, өмірлі, өжет жырлар. Олардың бір жолы қылыш, бір жолы найза, бір жолы мылтық, бір жолы шоқпар, бір жолы жай оғындай, бір жолы Махамбеттің “Ұл туса” деген толғауындағы:

Күнқақты ердің астында

Көп жүгіретін күлік бар.

Көн садақтың ішінде

Көбе бұзар жебе бар, –

өзі жырлаған көбе бұзар көн садақтың жебесіндей. Осы “Ұл туса” былайша жалғасады:

Қарайғанның, жігіттер,

Бәрін кісі демеңіз,

Көпе-күндіз тайраңдап,

Түзге шықпас ерлер бар.

Тауда болар тарғыл тас,

Тарықса шығар көзден жас.

Ордалыға көз салма,

Оғы қалса, жоғалмас.

Топтан озған тарлан боз,

Турасынан айырылса,

Тасты басып тұра алмас.

Асылдан болат ұл туса,

Екі жақ болып тұрғанда,

Егескен жерде шарт кетер.

Жауырынынан өтін алса да

Жамандарға жалынбас!

Алғашқы жолдарда мал-мүлкіне байланып үйлерінен шыға алмай, әліптің артын бағып ереуілшілерге қосылмай отырған “үйкүшіктерді” түйреп намысын жаныса, одан кейінгі жолдарда күреске үндейді: “Ордалыға көз салсаң, оғы қалса, жоғалмас” дегенде ақынға көпшілік жерде ештеңе жоғалмайды, қалың қол керек, “қалың қолды жау ала алмайды” дегенді мегзейді. “Ұл туса” деген аты айтып тұрғандай, асылдан ел қамын жер ұл туды ма” деп жігіттерге жігер беріп, кеуделеріне намыс отын жағады. Сөйтеді де ‘ “асылдан болат ұл туса, егескен жерде шыдап тұра алмайтынын, шарт кетіп, тіпті жауырынынан (ішінен, не бүйірінен, не қабырғасынан емес!) өтін алса да, жамандарға жалынбайтынын” айтып елді мәрттікке, батырлыққа шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет