К. М. Мырзағалиева Махамбеттану



бет1/11
Дата18.11.2019
өлшемі328,47 Kb.
#51985
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Мырзағалиева К.М. Махамбеттану

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


К.М. Мырзағалиева

Махамбеттану
Оқу құралы

Қостанай, 2017

ӘОЖ 821.512.122.0

ҚБЖ 83.3(5Каз)я 73

М91


Автор: Мырзағалиева К.М., Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты.
Пікір жазғандар:

С.Сүтжанов – филология ғылымдарының докторы, профессор.

Б.О. Мамиева. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Мырзағалиева К.М.

М 91 «Махамбеттану»: оқу құралы / К.М. Мырзағалиева. – Қостанай: ҚМПИ, 2017. – 139 б.
ISBN 978-601-7839-76-5
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент К.М. Мырзағалиеваның оқу құралында ақынның көтерілістің көркем шежіресі болған жауынгерлік жырларына әдеби-теориялық талдаулар жасалған. Әр тарауға байланысты бақылау сұрақтары, өзіндік тапсырмалар жүйелі түрде берілген.

Бұл еңбекті «Махамбеттану» арнайы курсына және ХІХ ғ. әдебиетінде студенттердің өздік жұмыстары мен оқытушымен бірлесіп атқаратын тапсырма түрлерін орындауда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Оқу құралы филологтарға, жоғары оқу орындары студенттері мен махамбеттанушыларға арналған.
ӘОЖ 821.512.122.0

ҚБЖ 83.3(5Каз)Я 73

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды.


ISBN 978-601-7839-76- 5
© ҚМПИ, 2016

© Мырзағалиева К.М.



Мазмұны




Кіріспе …………………………………………………………...

4




Исатай, Махамбет басқарған ұлт-азаттық көтерілістердің тууына себеп болған жағдайлар ..................................................

6




Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы тарихи шындық пен көркем шындықтың ара-қатынасы ...........................................

13




Махамбет өлеңдерінің шыққан жылдары мен кезеңдері ......

19




Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі ..................................

50




Махамбет поэзиясындағы ақынның өз бейнесі ..........................

59




Махамбет өлеңдеріндегі психологизм ........................................

66




Махамбет поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық көрінісі

71




Махамбет өлеңдеріндегі көркемдік айшықтары ........................

91




Қазақ поэзиясындағы Махамбет дәстүрі ...................................

105




Қорытынды ....................................................................................

115




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................................

124




Студенттергеоқуға ұсынылатын Махамбет шығармашылығы жайындағы кітаптар мен мақалалар ............

129




Қосымша .......................................................................................

131


Кіріспе
Қазақ тарихында, қазақ мемлекетінің ғұмырнамасында бүкіл ғұмырын ел азаттағы үшін жұмсап, жалын боп жанып кеткен біртуар тұлғалар аз емес. Солардың бірі еркін ойдың иесі, ақиқаттың ақ алмасы – Махамбет Өтемісұлы. Қазақ әдебиетінде соның ішінде ХIХғасыр поэзиясында Махамбет ақынның алатын орны ерекше қадірлі.

Махамбет – телегей теңіздей түпсіз жырау. Жырау болу үшін ол өзіне дейінгі ақын-жыраулардың өлеңін жатқа білетін, өз жанынан өлең шығаратын суырып салма арқалы ақын, ел басына күн туғанда ақыл айтар абыз, қара қылды қақ жарып турасын айтар әділ би, от ауызды, орақ тілді шешен, ел үшін еңбек етіп, қол бастаған айтулы батыр болуы керек болса, Махамбеттің басында осы қасиеттердің бәрі бар. Ол сонымен бірге жорық жаршысы, ақ алмастай өткір жырларымен халықтың рухын көтеріп, күреске бастаушы, дәулескер күйші-композитор, ән де шығарған.

Дегенмен де Махамбет поэзиясының құдіретті болу себебін жеке басынан, төңірегінен, өзі өмір сүрген дәуірден ғана емес, одан әріден іздеген абзал, өйткені ол ғасырда бір келетін қайталанбас тұлға.

М.Әуезов: «... өнер атаулының барлығында қай елде, қай түрде туса да, сол ортасының шартынан өз топырағының қалпынан туады» , - (Әуезов М. Уақыт және әдебиет. Қаз. Мем.көркем әдеб. Баспасы, А, 1962.26-б) дейді.

М.Өтемісов поэзиясын қарастырғанда, зертегенде оның ұлттық, халықтық тегін сырттан емес, өзіміздің төл ауыз әдебиетімізден, халықтың бай поэзиясынан іздеуіміз де сондықтан. Оған өзінен бұрынғы бір топырақта жаралып, бір өзеннен су ішкен қандастары Қамбар, Ер Тарғынның батырлығы, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз (Шалгез), Жиембет, Доспамбет мұралары әсер етіп, қиялын қозғап, қияға самғатқаны анық. Ол солардың, олардан кейінгі Сырым батырдың заңды жалғасындай еді. Сондықтан да оның ішкі ойының көрінісі – жырлары қалай жасық, қалай жігерсіз, қалай отсыз, қалай мән-мағынасыз болады?!

Махамбет дана ақын. Даналық – адамның ойлау қабілеті мен әрекетінің үздік нәтижесі. Оның даналығы тек өлеңдерінен ғана емес, өмірінен де, іс-әрекетінен де байқалады. «Айтса дағы айныман көлденеңің сөзіне » , - деп өзі айтқандай, ол мақсат-мүддесінен, алған бағытынан табан тайдырмады, биік зерде, зор парасат тұғырында қалды. Өйткені оның ойлағаны қара басының қамы емес, халықтың қамы, елінің болашағы.

Еліміздің, ерлеріміздің тарихи желісін пайымдасақ, ұлт-азаттық күресінің мән-мағынасы ашыла түседі.

Еліміз ғасырлар бойы өзгеге тәуелді болып, тағдыр тепіреші мен тепкісін көріп келді. Еліміз тәуелді болғанымен, азаттық аңсаған ойымыз еркіндікте еді. Еркін ой ертеңге – еркіндікке бой ұрды, бұлқыныстар тудырды. Бір толқын екінші толқынға жалғасып, дауылға, нөсерге ұласты. Қашаннан-ақ қапасты бұзып, бостандыққа шығуды армандаған ата-бабаларымыздың бұл ісі кейінгіге үлгі-өнеге болып қалды.



Оқу құралының мақсат-міндеттері:


  • М.Өтемісұлы өлеңдеріндегі тарихи шындықты, яғни шығармаларының тууына негіз болған нақты өмір құбылыстарын анықтап, шеберлігінің ұшталуына, ақын болып қалыптасуына ықпал еткен сол тұстағы қоғамдық-тарихи жағдай мен алғы шарттардың мән-маңызына, дәуір тынысына талдау жасау;

  • М.Өтемісұлы жырларындағы ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясы дәстүрінің көрінісін пайымдау;

  • Ақын өлеңдерінің негізігі кезеңдері мен оның шеберлік ерекшелігіне назар аудару;

  • Батыр ақынның өлеңдері арқылы сол дәуір шындығын, оның поэзиясы замана шежіресінің айнасы екендігін көрсету;

  • Махамбет туындыларының қоғамдық-саяси, мәдени- рухани өміріндегі тарихи маңызына назар аудару;

  • М.Өтемісұлы өлеңдерінің табиғаты мен ерекшеліктерін, жыраулар поэзиясы дәстүрінің көрінісі мен жаңашылдықты, ақын тыңдаушы халық арасындағы байланысты, сөз құдіреті мен оның тартымдылық сипатын зерделеу;

  • Жауынгер ақынның өмір шындығынан көркем шындық тудыру жолындағы шығармашылық шеберлігін, даралығын сараптау;

  • М.Өтемісұлы дәстүрінің қазақ поэзиясындағы көрінісін зерделеу.



Исатай, Махамбет басқарған ұлт-азаттық

көтерілістердің тууына себеп болған жағдайлар
Әр ақын көбінесе өзі өмір сүрген кезеңнің тыныс-тіршілігін, көзімен көріп, басынан өткергенін жыр етеді. Оның өлеңдері - өз өмірбаяны да іспетті. Сондықтан да ақын, жыраулар өлеңдерін оқи отырып ықылым замандарда болған небір ғажайып оқиғаларға жолығасың, сол дәуірдегі тарихи тұлғалармен танысып, олардың қуанышы мен қайғысына ортақтасасың, шығармашы өмір сүрген кезеңнің болмысын, елдің тұрмыс-тіршілігін көз алдыңа әкелесің.

Сонау У-ҮІІІ ғасырларда тіршілік еткен түркі тайпаларының тасқа ойып жазып кеткен “Орхон-Енисей” жазуларынан сол тұста болған соғыстар мен қақтығыстар, Күлтегін сияқты қолбасы мен Тоныкөк секілді мемлекет қайраткерлерінің батырлығы мен біліктілігі әңгіме болса, 1069 жылы жазылған Юсуф Хас Хаджибтің өлеңмен жазылған “Құтты білік” (“Құтадғу білік”) атты түркі тектес халықтарға ортақ трактатынан да халқымыздың рухани жан дүниесі мен рухани байлығын терең ұғынып, сол дәуірдің тыныс-тіршілігін де сезінеміз. 1505-1530 жылдар аралығында жазылған хорезмдік Нұрсейіт баласы Мұхамед Салықтың “Шайбанинама” дастанынан ХУ-ХУІ ғасырлардағы қазақ, өзбек ұлысының тарихын, Бұхара соғысын, Бұхара әмірі Бақи тарханды Шайбанидің жеңгенін, тағы да басқа оқиғаларды оқып білеміз.

“Хандық дәуірде өмір сүрген Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздер көбіне ноғайлы ұлысының бүлінуін жырлаған болса, XVII ғасырдағы Жиембет, Марғасқа поэзиясынан көбіне Кіші жүз ханы Есімнің жорықтарына, қазақ-ойрат соғысына қатысты деректер табамыз”, /5/ Ақтамберді (1675-1768), Тәтіқара (XVIII), Үмбетей (1706-1778) жыраулар жоңғар басқыншыларының шабуылдарын айтып, ерлікті, өрлікті жырлайды.

Махамбет өмір сүрген XIX ғасырдың бірінші жартысы қазақ тарихында қайшылығы мен қақтығысы мол кезең болатын. Қазақ елінің бодандыққа кіргеніне ғасырға жуық уақыт өтіп, патша үстемдігі қазақ даласын түгел қамтып тұрған дәуір еді. Қазақ елінде хандық билік жүйесі Батыс өңірде ғана сақталғанымен, хан патшаға тәуелді болып, оның айтқанынан шыға алмайтын күйге жеткен.“Бастау бұлағы - Бұқар жырау, белді өкілдері Шортанбай, Дулат, Мұрат болған әдебиеттегі зар-заман деп аталған ағымға кіретін ақындардың өлең-жыр, дастандарындағы өзекті сарын отаршылдыққа наразылық идеясы болғаны белгілі. Соларды туғызған қоғамдық, тарихи жағдай әлеуметтік қайшылық, күйзеліс XIX ғасыр басында күшейе түсіп, Махамбеттің буырқанған ашу- кекке толы, еркіндік аңсаған поэзиясының өмірге келуіне негіз болды” /6/.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет